Жунисбек Жулдызай,
КО-31 тобы,
Мажитаева Ш.
КарМУ, Казакстан
ОРАЛХАН БӨКЕЙ
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АВТОРЛЫҚ
ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ
ҚОЛДАНЫСТАР
Қай
тілдің болмасын құрамында дәстүрлі норма болып
қалыптасқан, жалпыхалықтық деңгейде
қолданылатын, баршаға ұғынықты әдеби
сөздермен қатар түрлі өңірде жергілікті
ерекшеліктер деп аталатын диалектизмдер
кездеседі [1,9]. Диалектизмдер, негізінен, әдеби тіл лексикасына
жат сөздер. Диалектизмдердің көркем
әдебиетте атқаратын стильдік қызметі кейіпкерлер тілінде
қолданылып, шығарманың тілдік бояуын (колоритін)
күшейтумен байланысты. Кейбір жазушылар сипаттап отырған кейіпкері
айтатын сөздерде диалектизмдерді әдейі қолданады. Бұл –
жазушының кейіпкерін неғұрлым нанымды, жан-жақты
сипаттауына мүмкіндік береді.
Жергілікті халық тіліне көрші
қырғыз, әзірбайжан, түрік, өзбек тілдерінің елеулі
әсерінен қазақ тілінде жергілікті қолданыстар пайда
болып, ұғымда болмаған жаңа сөздер қалыптасады.
Диалектизмдердің маңызына тілде жоқ ұғымдар пайда
болуы, халық тілін байытуы жатады. Кейбір диалектизмдер тілді шұбарлайтын қасиетке ие
болады:
Мақалада О.Бөкейдің
шығармаларындағы авторлық және жергілікті
қолданыстардың жасалу жолдарын, пайда болу ерекшеліктерін
және танымдық сипаты мен лингвомәдени табиғатын
анықтап, зерттеуге талпыныс жасалды.
Оралхан Бөкеев
(1943-1993)
1970 жылы «Қамшыгер» атты алғашқы
жинағы жас жазушының атағын шығарды. Оның
«Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа
құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975),«Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып
барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984)
әңгімелер мен повестері, 1986 жылы оның «Құлыным
менің» драмалық
шығармалары,1987 жылы «Ұйқым келмейді» творчестволық
әңгімелері жарық көрді.
О.Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал
жазушы. Оралхан Бөкейдің шығармалары дүние
жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз,
неміс, жопан, араб, қытай және басқа да ұлы
халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық
көрген шығармалары - «След молний» (М, 1978); «Поющие барханы» (М,
1981); «Чағылған» (Фрунзе,
1981); «След молнии» (Болгария, 1981);
«Кербұғы» (Эстония, 1981); «Крик» (М, 1984); «Үркер ауып
барады» ( Берлин, 1982).
О. Бөкейдің шығармалары «Кісікиік»
(1985), «Сайтан көпір» (1986) көркем фильмдер және «Кербұғы» (1986) балеті
қойылды.
Көркем туындыларда
диалектизмдердің қолданылуы туралы ғалым Р.Сыздық оларды орнымен
жұмсау тәсілі бірден бой көрсетпегендігін айта келіп,
диалектизмдерді көркем прозада алғаш рет әдейі
жұмсаған Мұхтар Әуезов деген тұжырым жасайды [2,197].
Мақалада Оралхан Бөкей
шығармаларындағы этномәдени сипаты айшықты
көрініс тапқан диалектизмдер
жеке алынып қарастырылды.
Талдау негізінде көркем
мәтіндегі әр аймақтағы қазақтардың
тіліндегі диалект сөздердің пайда болу себептері, олардың
әдеби тілден ерекшеленуі анықталды.
Көркем мәтіндегі кездесетін диалектілік
сөздердің симантикалық, тақырыптық топтары
анықталып, топталып берілді.
Жазушының қолданған
ұлттық мәдениетке
қатысты диалектизмдері талданып, материалдық мәдениетке
қатысты жұмсалуында кездесетін диалектизмдердің ерекшеліктері
көрсетілді.
Қазіргі кезде күнделікті
тұрмыста қолданылатын бұйымдардың атауларына байланысты
диалект сөздер адам баласа күнкөріс кәсібімен,
оның техникасын игеріп жетілдірумен байланысты пайда болып, толығып
отырады. Үйге байланысты күнделікті тұрмыста
қолданылатын бұйымдар атауын – үй бұйымдары,
құрал жабдықтары, көрпе -төсек атаулары деп
қарастырдық.
Күнделікті тұрмыс-тіршілікке
қатысты қолданылатын мал шаруашылығы мен өсімдік,
жер-су атауларына байланысты кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері де
сараланады.
Көркем мәтіндегі
диалектизмдер прозалық шығармаларда жиі қолданылады, әр
аймаққа тән диалектілік сөздердің
тұрақты тіркес, кірме сөз, біріккен сөз, қос сөз
түріндегі, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
қолданыс авторлар шығармаларында талданып, ерекшеліктері
көрсетілді және осы фонетикалық, грамматикалық
ерекшеліктеріне қарағанда, лексикалық ерекшеліктері көбірек
кездесетіні көрсетілді.
Жұмыста көркем мәтінде
кездесетін жергілікті халық тілі ерекшеліктерінің жалпы
қазақ тілі говорларына қатысты анықталып, диалектілік
сипаты жағынан қазақ тілінің солтүстік,
оңтүстік, шығыс, батыс говорлар тілімен салыстырылды.
Мәселен, кейбір қолданыстарға мысал келтірейік: Оның бетін мен тілейін,
кездігіңді берші, әни. О.Бөкей.
Өз отыңды өшірме. 158-б. Әни
(Қост., Об.; Рес., Омбы) шеше
деген мағынада қолданылады.
Диалект. сөздік, 118-б.) Шырпыны
жел үрлеп, тұтана қоймаған соң, Дүрия
қойнынан сойдақ-сойдақ жазуы бар үш бүктеген
шұбар ала қағаз шығарды. О. Бөкей. Өз
отыңды өшірме. 158-б. Шырпы
1. (Қ.орда, Арал; Ақт.: Ойыл, Ырғ.; Қост., Жанг.;
Рес., Орын.) сіріңке. 2. (Түрікм.:Таш.,
Көнеүр., Тахта, Тедж., Байр.; Қ.орда; Қарақ.;
Алм., Қарат.) сексеуілдің шабылып
алынған жас кезі. 3.
(Қост.: Жанг., Семиоз.) ағаштың майда бұтақтары. 4.
(Алм., Шел.) жаңқа. Диалект.
сөздік, 756-б.) . Маған салса соғыс кезінде, арып-ашып не Жан
қызығын, не жар қызығын көре алмай өзегі
өртеніп жүрген зауал
шақта қойнымызға қол салған бірде-бір еркекті
айыптамас едім! О. Бөкей. Өз отыңды өшірме. 375-б. Зауал (Жамб.: Тал., Сар.) жүрек, көңіл. Зауал
2. (Қ.орда, Арал; Орал, Орда; Гур., Маңғ.; Ақт.:
Шалқ., Қараб.; Түрікм.: Таш., Мары) тал, түс. Диалект. сөздік,
311-б). Мен дірілдеп қорқып кеттім де, от боп жанған бетімді
сенің иығыңа басып ұзақ жыладым... сен шашымды
сипап уаттың... О.
Бөкей. Өз отыңды өшірме. 374-б. Уату (Рес., Орын.; Шығ.Қаз., Больш.; Сем., Абай)
ақшаны ұсақтау, майдалау, айыру. Диалект.сөздік, 661-б.). –Аға,
мыналарды бастап келдім,-деді, жерден жеті қоян тапқандай жінігіп. О. Бөкей. Атау-кере, 124
бет. Жінігу (МХР)1. Ет қанталап босау. 2. Әуре болу, әурелену,
асығып-үсігу. Диалектологиялық сөздік, 308-б.). Көлік болмай тұр
ғой, әмбесінде қол
да тимейді. О.Бөкей. Атау-кере, 136-б.). Әмбесінде (МХР) және. Диалект.сөздік, 115- б.).
Ілгері қарай жедеғабыл
тарта жөнелді. О. Бөкей.Қайдасың, қасқа
құлыным. 177- б.). Екі иығына екі кісі мінгендей, атан
жілікті жар тастай боп біткен сом тұлғасы елең-алаңда
бұрынғысынан да әлдеқайда абажадай болып көрінеді. Абажа (Гур., Маңғ.) үлкен. Диалект. сөздік, 19-
б.).
Сонымен шығармаларда жергілікті тіл
ерекшелітерінің қолданылуы сол өңірдің колоритін
беріп, шығарманың шынайылығы үшін қызмет етеді.
Ол, ең алдымен, шығарманың тақырыбына, мазмұнына,
суреттелетін оқиғаларға, автордың мақсатына,
эстетикалық идеалы мен шеберлігіне байланысты. Орынды, мақсатты
түрде қолданылған жергілікті ерекшеліктер тілдік
экспрессияның тиімді құралы болып табылады.
Жергілікті халықтың бір зат
немесе құбылысты тану деңгейіне қатысты туындаған
атау (зат есім) немесе сипаттама атау (сын есім) яғни ддиалектизмдер сол
заттың әдеби вариантын білмегендіктен емес, оған берген
өзінің бағасы мен сол заттың қасиеті мен
қолданымдық қызметі үстемдікке ие болуына байланысты
жаңа атаудың (диалектизмдерді) туатыны – заңды
құбылыс. Халық берген атау басым түсіп жатса, жалпы
адамзаттық деңгейге жетіп жатса, әдеби сөздік қор
енетіні де дағдылы жағдай.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Айтбайұлы
Ө., Әбдірахманов С. Қазақ тілінің диалектологиялық
сөздігі. – Алматы, 2007. Арыс баспасы.
2. Сыздық
Р. Сөз құдіреті. Алматы: Санат, 1997.
Көркем
әдебиет:
1. Оралхан Бөкей. Қайдасың, қасқа
құлыным, повестер мен әңгімелер. –Астана: Елорда, 1999.
2. Оралхан Бөкей. Өз отыңды
өшірме. – Алматы: Өнер, 2010.
3. Оралхан Бөкей. Алтын қалам. –Алматы, 2010.
4. Оралхан Бөкей. Қар қызы. –Алматы: «Рарикет»,
2008.