ӘОК
004.9
Оқу үрдісінде вебинарларды қолдану
Г.Ж. Жетимекова1, Б.Ж. Аханова2, Н.А. Кенежанова2
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті1,
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп интернаттың
қазақ тілі пәні мұғалімі2,
Қарағанды қаласының №6 жалпы
білім беру орта мектебі3
Соңғы он-он бес жылдан астам
уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру
жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып
жатыр.
Оқу мен білім технологиясы
қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің,
нарықты өркендету жолында күресудің тиімді
құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы
технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан
білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша
қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты
мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер,
колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша
оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай
еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын
ауыстыруларына іріктеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі
көзқарастар жүйелерінің бір арнаға
тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын
өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді
өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық
каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді
ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
Қашықтан оқытудың
білім саласындағы мақсаты – білім берудің біртұтас
ақпараттың жүйесін құру арқылы
оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтан оқытудың
білім саласындағы міндеттері:
–
бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік
(республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан
оқытудың құрамына енуі;
–
құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын
сақтау.
Қашықтықтан
оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және
жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады,
оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана
емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай
жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы
сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды
пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске
асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу
орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып,
шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде
әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Оқытудың ауқымды
және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің
нәтижесінде білімнің базалық және деректердің
банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді
оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға,
оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан
оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып
келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде
кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері
бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін
кіруге болады.
Осындай сан қырлы, әрі
күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының
атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты
міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының
құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру
жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын
қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен
бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде
ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан
оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей,
көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой
көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша
жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа
технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық
жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Қашықтықтан оқыту
тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе
мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
–
Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты
жұмыс істей білуі қажет.
–
Қашықтықтан оқытудағы
мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта
ақпараттық технология және коммуникация
құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
–
Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік
білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды
таныстыра білуі қажет.
–
Оқытушының ақпараттық
құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы
қажет.
–
Оқытудың телекоммуникациялық
құралдарын қолдану ісіне дағдылануын
қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар
алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды
пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
–
Жинақталған түрде оқу бағдарламасын
құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың
әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді
ұйымдастыра білуі қажет.
–
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту
шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау,
қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ
өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
Бүгінгі таңда
ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән
бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын,
дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және
бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды
қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы
арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық
саланың алға басуы мүмкін емес.
Республикалық білім беруді
ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы
ақпараттық қарым-қатынастық
технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін
зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады
және онымен бірге қашықтықтан оқытудың
спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.
Қазіргі кезде білімнің көптеген
салаларында қашықтан оқыту жүйесі қарқынды
дамуда. Уақыт аз болса да барлық пәндер бойынша толық
білім алу енді қиын емес. Бірақ оның басқа білімдер
сияқты жағымды және жағымсыз жақтары бар.
Көптеген мамандар квалификацияларын
жоғарылату немесе қайта квалификациялауды қажет етіп,
бірақ іштей формада толыққанды білім алу үшін
уақыты аз болғандықтан қашықтан оқытуға
сұраныс өсуде.
Сонымен қоса, қашықтан
оқытудың бағасы төмен, сондықтан осындай
көзқарас бойынша ол білім алудың ең тиімді әдісі
болып саналады.
Қашықтан оқыту тағы бір
мәселе бойынша да жұмыс атқара алады, ол – негізгі білім
орталықтары облыс орталықтарында орналасқандықтан
Қазақстанда тұратын немесе жұмыс істейтін
мамандардың білімдерін жоғарылатуға ықпал етеді.
Қашықтан оқытуда қолданылатын
технологияларды үш түрге бөледі.
Бірінші технология – қағаз және
аудио тасымалдаушылар негізінде өтетін қашықтан оқыту.
Бұған аудио және видео кассеталар, оқу
әдістемелік кешендер, кітаптар және т.с.с жатады. Осындай
оқыту формасында студентпен поштамен жіберілген жұмыстарды
тексеретін, сонымен қоса консультация беріп, сұрақтарға
телефон арқылы жауап беретін оқытушы жұмыс істейді. Сонымен
қоса, кейде сабақтар арнайы оқу орталықтарында
өтеді.
Екінші технология – теледидармен байланысты
қашықтан оқыту. Теледидарлы-спутинкті технология деп аталады.
Ол қымбат және қиын болғандықтан оған деген
сұраныс аз.
Үшінші технология – интернет –
технологиялық қашықтан оқыту.
Интернет-оқытуға біздің өмірімізге интернет толық
және нақты енген сәттен бастап сұраныс өсуде
және актуалды болды. Бұл технология жоғарыда айтылып кеткен
барлық формаларды әр түрлі қатынаста қамтиды.
Сондай үйрену интернет – технологиялардың біреуі –вебинарлар.
Вебинарларды өткізу
және электрондық оқытуда қолдану маңызды
мәселелердің бірі.