PhD. Нұржан Д.Ж., т.ғ.м.
Жаппарбеков Н.М.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Автомобильді техникалық пайдаланудың тиімділік
көрсеткіштері үшін жылжымалы құрамның мәні
Аңдатпа. Мақалада жылжымалы құрамның
техникалық пайдалану көрсеткіштерінің тиімділігіне
әсерін бағалау кезінде жылжымалы құрамға
және тұтас алғанда автомобиль көлігіне тән, кейбір
аспектілер мен даму бағыттары келтірілген.
Кілт
сөздер: жылжымалы құрам, автопарк, пайдалану
көрсеткіштері, жұмысқа қабілеттілігі, сыйымдылық.
Парктердің жас шамалық құрылымын басқару
мәселелері және оның автомобильдерді техникалық
пайдалану көрсеткіштеріне әсерін профессор Кузнецов Е.С.
терең зерттеген [1].
Оның сапасын құрайтын жылжымалы
құрамның техникалық-пайдалану қасиеттері
техникалық пайдалану көрсеткіштерінің көпшілігіне, атап
айтқанда, жылжымалы құрамның жұмысқа
қабілеттілігі деңгейіне, пайдалануда жұмысқа
қабілеттілікті қамтамасыз етуге жұмсалған
шығындарға, персонал еңбегінің өнімділігіне,
автомобильдердің техникалық күйінің
қоршаған ортаға әсеріне әсер етеді [1].
Автомобильдерді техникалық пайдалану жүйелерінде жылжымалы
құрам шешуші факторлардың бірі болып табылады. Сонымен, салалық
деңгейде жылжымалы құрамның парктердің
жұмысқа қабілеттілігіне әсері жүйелер тармағының
барлық қалған факторларымен салыстырғанда 25%
артық, ал оның парктің жұмысқа
қабілеттілігін ұстап тұру және қалпына келтіру
бойынша шығындарға әсері 21% жуық шаманы құрайды.
Жылжымалы құрамның техникалық пайдалану
көрсеткіштерінің тиімділігіне әсерін бағалау кезінде
жылжымалы құрамға және тұтас алғанда автомобиль
көлігіне тән, кейбір аспектілер мен даму бағыттарын есепке
алу қажет [2].
Біріншіден, жылжымалы құрамның конструкциялық
көрсеткіштері АТП-ға, және ең алдымен оның нормативтеріне
қалай әсер ететінін қарастырамыз. Мұнда меншікті
еңбек сыйымдылықтарын, ТҚ және жөндеу
жүргізу, ӨТБ-ға күрделі салымдар құнын,
жүріске жатқызылған қосалқы бөлшектер
шығынын қысқарту, сондай- ақ қуатының,
жүк көтергіштігінің және сыйымдылығының
арту шамасына қарай ұзақ мерзімділігінің өсу заңдылықтары
байқалады (1,2-суретте).
Екіншіден, парк құрылымының болып жатқан және
болашақтағы өзгерістері АТП-ға қалай әсер
ететіндігі. Тізбекті жылжымалы құрам паркіндегі меншікті
салмақ ұлғаюының бақыланатын даму бағыты,
сондай-ақ әр түрлі типті автомобильдерді пайдалану
қарқындылығы еңбек сыйымдылығының
және паркті жұмысқа қабілетті күйде ұстау
құнының өсуіне келтіреді және техникалық
қызмет пен жөндеуді ұйымдастыруды күрделілендіреді (1-кесте)
[3].
Үшіншіден, жылжымалы құрамның конструкциялық
өзгерістері қандай бағыттарда болатындығы. Бұл
бағыттар ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:
а) жүк автомобильдерінде және үлкен сыйымдылықты
автобустарда дизельдік қозғалтқыштарды кеңінен
қолдану;
б) отын ретінде қысылған және сұйытылған
табиғи газды қолдану;
в) автомобиль конструкциясында отынның үнемделуін және
пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ететін, қосымша
жабдықты қолдану;
г) тасымалдау қолайлылығын арттыратын, сонымен бірге ТҚ
және жөндеуді күрделілендіретін және олардың
еңбек сыйымдылығын ұлғайтатын, агрегаттар мен
механизмдерді қолдану;
д) автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігіне және
қоршаған ортаға әсер ететін тораптары мен агрегаттарын
жетілдіру;
е) солтүстік, оңтүстік, тропиктік және тау-кен
саласына арналған, жоғары өтімділікті автомобильдерді
және арнайыландырылған автомобильдерді кеңінен қолдану.
Жылжымалы құрамның жұмыс
көрсеткіштері
Кесте 1
|
Жылжымалы құрам
типі |
Орташа
тәуліктік жүріс,% |
Техникалық
әзірлік коэффициенті, % |
ТҚ
және жөндеудің жылдық еңбек сыйымдылығы, % |
|
Жүк көтергіштігі
орташа жүк автомобилі |
100 |
100 |
100 |
|
Орташа класты
автобус |
111-124 |
95-97 |
212-215 |
|
Жеңіл
автомобиль-такси |
135-148 |
100-102 |
130-140 |
1-жартылай тіркемелі тартқыш;
2-екі тіркемелі немесе тіркемелі және і тіркемелі
тартқыш
Сурет 1 - АҚШ-тың қалааралық
автопоездарының толық массасының G ТҚ және
жөндеу бойынша меншікті шығындарға С әсері
2 -сурет –
Автомобильдердің жүк көтергіштігінің q меншікті
күрделі салымдар коэффициентінің К өзгеруіне әсері
Төртіншіден, автомобильдердің барлық типтерін пайдалану
қарқындылығының даму бағыты
(өнімділіктің, жүк көтергіштігі мен
жүрістің артуы, көлік құралдарын көп
ауысымдық пайдалану және т.б.) АТП экстенсивті дамуы
жағдайларында бұл даму бағыты жұмыс күшіндегі
қосымша қажеттілікті, ҚТЕ дамуын, қосалқы
бөлшектер мен басқа ресурстар өндірісінің кеңеюін
тудырады.
АТП көрсеткіштеріне автомобильдердің жеткіліксіз зауыт
аралық бірыңғайлануы елеулі әсер етеді, ол АКК-да
бірыңғайланбаған бұйымдар бойынша ТҚ және
жөндеу бойынша бағдарламалардың қысқаруына, еңбек
өнімділігінің төмендеуіне және еңбек сыйымдылығының
ұлғаюына әкеледі. Мысалы, ПАЗ автобустары бойынша зауыт
аралық бірыңғайлану деңгейі мүмкін болатын
30-40%-ға қарсы 7-10% құрайды [4].
Әдебиеттер
1. Кузнецов Е.С.
Управление технической эксплуатацией автомобилей. – 2-е изд. Перераб. И доп.М.:
Транспорт, 2000-272с.
2. Воронов В.П.
Управление качеством технических обслуживаний и ремонтов автомобилей на автотранспортных
предприятиях. М.: МАДИ, 1997.-85.
3. Техническая
эксплуатация автомобилей: Учебник для вузов / Под ред.Е.С. Кузнецова – 3-е
изд., перераб. и доп. М.: Транспорт, 2001.-413с.
4. Карпекина Т.П.
Экономия топливно-энергетических ресурсов на автомобильном транспорте. М.:
МАДИ, 1998.-85с.