А.ш.ғ.д. Төрешев О. Т., а.ш.ғ.д. Қожабаев Ж.І.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Талдықорған филиалы, Қазақстан

 

Суармалы алқаптардағы аралық  егістіктердің топырақ  құнарлылығын түзудегі  рөлі

 

 

 Суармалы жерлердің өнімділігін түбегейлі көтеру үшін  республикамыздың оңтүстік облыстарындағы ауыл шаруашылығының негізгі құралы ретінде қабылданатын аталған жерлерді тиімді пайдалануымыз қажет. Бұл мәселені шешу мақсатында суармалы егіншіліктің өнімін арттырудың  ұтымды жолдарының бірі аралық дақылдарды себу болып есептелінеді. Мұндай егістіктер бір танаптан алынатын жемшөп және астық өндірісін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді, өйткені олар ауыспалы егістегі негізгі дақылдар жиналған соң өсіріледі.

Қазіргі жағдайда бұл өте маңызды шараға айналып отыр, себебі суармалы жерлердің көпшілік бөлігі өзін-өзі ақтай алмай, нәтижесінде тәлімі жерлердің қатарына еніп, тіпті соңында егіс айналымынан еріксіз шығып қалуда. Осындай келеңсіз құбылысқа шамалы жері және ескі техника-құрал жабдықтармен құрылған мыңдаған шаруа қожалықтарының да үлесі жоқ емес.

Аралық егістіктердің өз құрамындағы дәнді-бұршақтыларды ғана емес, сонымен бірге  бір жылдық  екпе дақылдарды пайдалана отырып, жемшөп қорын еселей нығайтумен қатар, суармалы егіншіліктегі жасыл тыңайтқыш ретінде атқаратын маңызы өте зор. Аралық дақылдар бағытында пайдалынылатын бұршақты және дәнді-бұршақтылар тамырларында пайда болатын түйін бактериялардың арқасында атмосфералық азотты топырақта жинақтап, оны табиғи жолмен байыта алатын жағымды қасиеттері бар. Мұндай қасиеттер, әлем деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарай өз кезегінде бағасы қымбат химиялық құралдарды шектеп пайдалануға үлкен жағдай жасайды.

Топырақ құнарлылығын түзудегі негізгі рөльді органикалық заттар атқаратындығы белгілі, ал ол бір жылдық және көп жылдық дақылдардың топырақта жиналатын аңыздық және тамыр қалдықтарымен анықталады. Сол себепті, топыраққа енетін қалдықтарды реттеу мақсатында биомасса жинау ерекшеліктеріне сәйкес өсірілетін дақылдарды таңдай білуіміз керек. Бұл тұрғыда бұршақты және дәнді-бұршақты дақылдар, әсіресе жоңышқа ерекше орын алады. Көп жылдық тұрақты тәжірибелердің деректері бойынша, үш жылдық жоңышқа топырақтың 0-30 см қабатында құрамында 280 килограмға дейін азоты, 75 кг фосфоры және 80 кг калий бар 17 т/га тамыр қалдықтарын түзген. Осындай аяда егілген дақылдардың өнімі кейінгі 2-3 жылдың ішінде де төмендемейді (кесте).

 

Жасыл тыңайтқыш ретінде өсірілген аралық дақылдардың биомассасы және түзілген қоректік элементтердің мөлшері

 

Дақыл

Сорт

Топыраққа еңгізілген құрғақ биомасса, т/га

Оның ішіндегі қоректік элементтердің мөлшері, кг/га

азот

фосфор

калий

Бұршақ

Рамонский 77

11,7

132,0

46,0

100,0

Жаздық сиыржоңышқа+ сұлы қоспасы

Омичка+Мирный

12,8

116,0

57,0

135,0

Аңқа

Краснокутский 123

6,5

62,0

42,0

144,0

Қытай бұршағы

Эврика 357

5,3

80,8

21,6

104,6

Үрме бұршақ

Меркуре

4,4

 

 

 

Эспарцет

Песчаный

4,8

 

 

 

Жаздық рапс

Золотонивский

7,3

    120,0

66,0

180,0

Көкшіл қыша

Рушена

8,5

    60,0

36,0

101,0

Егістік ноғатық

Кинельская 7

6,1

143,0

 

 

 

Бұл жердегі ескеретіні, жоңышқаның барынша оң әсері оның жоғары өнімділігіне байланысты, өйткені жиналатын тамыр қалдықтары мен өсімдіктердің жер бетіндегі массаларының арасында әрдайым тікелей тәуелдік байқалады.

Демек, танаптық ауыспалы егістерде өсірілген үш жылдық жоңышқа тұрақты өнімділікті қамтамасыз ете отырып, кейінгі дақылдарға құнарлылық бойынша қолайлы аяны қалыптастырады. Мұндай ая болмаған жағдайда оңтайлы алғы дақыл үшін жасыл тыңайтқыш ретінде бұршақ тұқымдастардың аралық егістіктерін пайдалану керек.

Кестедегі деректерден байқағанымыздай, жасыл тыңайтқыш ретінде себілген аралық егістіктер арқылы топырақтың жыртылатын қабатына құрамында 140 килограмға дейін азоты, 66 кг фосфоры және 180 кг калийі бар 11,7 т/га тамыр қалдықтары қосымша енгізіледі. Осы органикалық массаның 70% бірінші жылы, ал екінші жылы 80% шіритіндігі байқалады. Яғни, минерализациялау процесінің арқасында өсімдіктер екінші жылы да минералды қорекпен ойдағыдай жабдықталып, белгілі бір деңгейде қосымша өнімді қамтамасыз етеді.

Жасыл тыңайтқыш үшін өсірілген сидералдық егістерден кейін бірінші және екінші дақыл ретінде орналасқан күздік бидайдың орташа қосымша өнімі гектарына 4,8-6,5 ц, қант қызылшасының тамыржемісі 120-150 ц, жүгері 9,0-15,0 ц құраған. Бұршақты дақылдарды жасыл тыңайтқыш ретінде пайдалану кейінгі себілетін егістіктердің өнімділігін көтерумен қатар, үлкен санитарлық қызмет атқарады, себебі маусым бойынша бір танапқа биологиялық ерекшеліктері сәйкес келмейтін екі дақылды орналастыру аурулардың жұқпалы дәрежесін айтарлықтай төмендетеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қазіргі даму кезеңіндегі шешуші мәселелерінің бірі ауыспалы егістерді жедел игеру болып табылады, яғни ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстар арқылы егістік танаптарында экономикалық жағынан әрі минералды қорек элементтеріне биологиялық талабы бойынша тиімді дақылдарды дұрыс орналастыру. Сондықтан биологизацияланған ауыспалы егісте минералды тыңайтқыштар мен химиялық құралдардың пайдалануын міндетті түрде шектейтін жасыл тыңайтқыш ретінде өсірілген бұршақ тұқымдастардың танаптары болуы қажет. Ал, алғашқы уақытта болмашы төмендейтін өнімділік деңгейінің орнын топырақ құнарлығын төмендетпей, бағасы 10-12% жоғары сатылатын сапалы өнім есебінен толтыруға әбден болады.

 

Түйін

Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы билогизацияланған ауыспалы егістерде аралық дақылдарды жасыл тыңайтқыш ретінде өсіру қажеттілігі көрсетілген.

Резюме

В статье показана необходимость возделывания промежуточных культур в качестве зеленого удобрения в билогизированных севооборотах на юго-востоке Казахстана.

Summary

In article necessity of cultivation of intermediate cultures as green fertilizer in biologization crop rototions in a southeast of Kazakhstan is shown.


А.ш.ғ.д. Қожабаев Ж. І., а.ш.ғ.к. Қонысбеков К. Т.

 

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Талдықорған филиалы, Қазақстан

 

Қант қызылшасының тұқым  өндірісін  оңтайландыру жолдары

 

Аналық қызылшаны өсіру технологиясының талаптарын қажетті деңгейде бұлжытпай сақтап, оңтайлы жағдайлар қалыптастырғанда тұқым өнімінің  мол  болатындығы және  ол тұқымның егістік сапасының артуына да игі ықпал ететіндігі көптеген зерттеулерде дәлелденген.

 Егістік танапта аналық қант қызылшасын өсірудегі басты шараларға тұқым себу, өркендер жер бетіне көктеп шыққаннан  кейін тиімді жиілігін қалыптастыру, мезгілінде суару,  үстеп қоректендіру ,  уақытында жинап алу және аналық тамыржемістерді сұрыптап қоймаға салу жатады. Тұқымдық қызылшаның өнімділігі  көбінесе оның осы жоғарыда айтылған агротехникасына ғана емес, сонымен бірге қысқы мезгілде аналық тамыржемістердің қоймада қалай сақталатындығына да байланысты келеді.

Біздің тәжірибеде тұқымдыққа арналған аналық қызылшаның өнімділігін зерттеу жұмыстары егістікте өсіріп алынған тамыржемістердің қыс мезгіліндегі сақталу дәрежесін анықтаудан басталды. Жаншылған және ұштары сынған тамыржемістердің барлығы дерлік шірікке бой алдыратындығы байқалды. Бұндай жағдайда тамыржемістердің демалысы күшейеді, зақымданған жерлері ылғалдылығын тез жоғалтады, нәтижесінде жасушалардың бөлінуі жеделдеп, ферменттердің қышқылдану белсенділігі арта түседі. Осындай үдерістердің барлығы қосыла келе  тамыржемістердің қанттылығын төмендетіп, түрлі шірік ауруларына төзімсіз етеді. Қоймадағы температураның жоғары болуы да  көп жағдайда зақымданған тамыржемістердің ауруларын тіптен үдетіп жібереді.

Аналық қызылшаның фитопатогендік аурулармен зақымданған тамыржемістерінің басым бөлігін, яғни 22,5% көктемгі егістіктен алынғандардікі, ал жазғы аналық қызылшаның тамыржемістерінікі - 4,3% құрады. Жазғы егістіктен алынған тамыржемістердің көктемге сақталу дәрежесі жоғары болатындығы осыдан-ақ көрініп тұр. Тамыржемістерді траншеялардан алып іріктегенде,  көктемгі егістіктерден алынған отырғызуға техникалық жарамды тамыржемістердің көрсеткіші 77,5% құраса, ал жаздық егістікте  бұл көрсеткіш  - 95,7%, яғни 18,2 % жоғары болды.

Тәжірибе үлгісіне сәйкес салмақтары 50-150 г аралығындағы жаздық ұсақ тамыржемістер 60 х 25см қоректену ауданымен, ал 151 г және одан  жоғарылары 60х35см  сызбада отырғызылды. Тамыржемістер нұсқаларда көрсетілген тәртіп бойынша 3; 5 және 7 см қалыңдықта топырақпен жабылды. Өсу кезеңіндегі бақылаулар көрсеткендей, жаздық ұсақ тамыржемістер мен көктемгі ірі  тамыржемістердің даму көрсеткіштерінде ешқандай   айырмашылық байқалмады. 

Фенологиялық бақылаулар ірі және орта фракцияда отырғызылған тамыржемістердің  түп жапырақтанып  көктеуі 3-4 күнге, ал осы  тұқымдықтардың сабақтануы, гүлденуі және пісіп жетілуі ұсақ аналық тамыржемістермен отырғызылған тұқымдықтарға  қарағанда 2-4 күн ерте

басталатындығын көрсетті.

Сорттық  агротехниканы қалыптастырудағы ең басты фактор – тұқымдық өсімдіктің габитусы және оның өнімділігі. Жиын-терін алдында өсімдіктің биіктігін өлшеу тұқымдық қызылшаның қалай өсіп дамығандығының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Атап айтсақ, ұсақ тамыржемістермен  егілген тұқымдықтардың бойлары басқа фракциялармен отырғызылғандарға қарағанда анағұрлым биік болып шықты.

Аналық қызылшаның салмақтық өлшемі де тұқымдықтың архитектоникасына айтарлықтай әсер етті. Мәселен, тамыржемістердің салмақтарының өсуіне орай III топқа жататын тұқымдық түптердің  үлесі біршама өсімін тапқан.

Ұсақ тамыржемістерден жақсы жетілген бірсабақты тұқымдық өсімдік қалыптасып, егістік сапасы жоғары ірі тұқымдар алынды. Танапта отырғызылған аналық тамыржемістердің салмағы артқан сайын тұқымдық


1–кесте

Тамыржемістерді топырақпен жабу қалыңдығына  байланысты тұқымдықтардың өнімділік көрсеткіштері

Тамыр

жемістердің салмағы,г

Қоректену ауданы,  см2

Топырақпен жабылу қалыңдығы,

см

Сиреуі,

%

Тұқымдықтардың ору алдындағы жиілігі,

мың/га

Түптің түрі, %

Өнімі,

ц/га

Тұқымның өнгіштігі, %

I

II

III

>350

60х60

3

6,3

26,0

8

41

51

22,3

82

5

6,0

26,1

5

40

55

22,9

82

7

18,5

22,6

8

39

53

16,7

81

151-250

60х35

3

6,7

44,4

44

42

14

19,5

82

5

9,8

42,9

41

41

16

18,2

82

7

18,1

39,0

49

40

11

15,8

78

50-150

60х25

3

13,2

57,9

55

37

8

15,9

80

5

18,0

54,7

52

38

10

15,7

82

7

29,7

46,9

59

35

6

12,4

77

 

НСР05 = 2,6 ц/га                      

 


өсімдіктердің өнімділігі молая түсті. Топырақпен 7см қалыңдықта жабылған тамыржемістердің барлық нұсқаларында тұқым өнімі айтарлықтай төмен кетті (1- кесте).

Тұқым өнімін  есептеу барысында анықталғаны, ол бір тереңдікке отырғызылса да аналық  қызылша тамыржемістерінің орташа салмағы төмендеген сайын, олардың жиілігі сиреп сұйыла бастайтындығы. Топырақпен 5 см қалыңдықта жабылған нұсқаларда отырғызылған ірі, орташа және ұсақ аналық тамыржемістерден жоғарғы жиілікте тұқымдық қалыптасып, мол өнімге қол жетті.  Ал, 7 см және одан да көп қалыңдықта жабылған тамыржемістердің тұқымдықтарының өнімділігі төмендеп, егістік сапасы нашар ұсақ тұқым жиналды.