ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ БИОЛОГИЯ МАМАНДЫҚТАРЫН ТАҢДАУШЫ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

 

Акуов Амантай,Тайжанов Ерсайын Байдуллаұлы,

Танкишева Шолпан Калыбекқызы 

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ                                      

Резюме

     В данной статье рассматривается в обучении биологий как связывать медициной и дать слушателем профориентаций к медицинском специальности

Summary

     In this article it is considered in training of  biology how to connection medicine and to give the listener of professional orientations to medical specialties

 

         І. Бағдарламаның мақсат- міндеттерімен таныстыру, іске асыру.

     Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту және елдің әлеуметтік- демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру. Бағдарлама мақсатын жүзеге асыруда мынадай міндеттерді орындау қажет: халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомоствоаралық өзара іс- қимылды күшейту арқылы сырқаттанушылықты төмендету және халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;

         Әлеуметтік бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықты дамыта отырып, бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын, азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін арттыру;

         Маман әлеуетінің қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағдарланған медицина ғылымын дамыту.

         Бағдарламаны іске асыру кезеңдері:

         2011-2015

Бірінші кезең: 2011-2012

Екінші кезең: 2013-2014

Үшінші кезең: 2015

2013 жылға қарай Қазақстан Республикасы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылады.

         2015 жылға қарай:

- халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;

- ана өлім- жітімін 1,5 есеге дейін төмендету;

- нәрестелер өлім- жітімін 1,5 есеге төмендету;

- жалпы өлім- жітімді 15% дейін төмендету;

- туберкулезбен сырқаттанушылықты 10% төмендету;

- дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 25% дейін ұлғайту;

-  дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын жасөспірімдерді қамту 12% дейін ұлғайту;

-   халықтың арасында темекі шегу, нашақорлық және алькаголді шектен тыс тұтынуды 15% төмендету;

-  халықты сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және еліміздің дәрілік препараттарға қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін отандық өндірістің есебінен 50%-ға жеткізу;

- барлық деңгейде халықаралық этика, диетология және пациенттер (тұтынушылар) құқықтарын қорғау;

- дәрігер қателіктерін, олардың жіктегішігімен жеке пациенттердің денсаулығына зиян келтірудің ауырлық деңгейімен дербестендіру жүйесін құру және енгізу;

- тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы және халықтың дұрыс тамақтануын қалыптастыру;

-  халықтың тамақтануын зерттеу мониторингі және бақылау;

- темекісіз салауатты өмір салтын насихаттауда еліміздің көшбасшылары мен атақты адамдарын тарта отырып, қоғамда темекі шегу әлеуметті қолайсыз имиджін құру;

- алькаголді тұтыну салдарлары денсаулыққа активті және пассивті темекі шегу, есірткіні тұтыну туралы халықтың ақпараттануын арттыру;

-  халықтың спорттық- бұқаралық іс- шаралармен қамтылуын көбейту;

ІІ. Биология мамандығын таңдаушы, келешек медицина маманы болуға талапкер тыңдаушылармен жүргізілетін жұмыстар, кәсіби бағдар беру.

- тыңдаушылармен медициналық мамандықтар жайлы әңгіме өткізу, сұрақ- жауап алу (анкета);

- маман дәрігерлермен кездесу өткізу (кардиолог, терапевт, педиатр, нарколог, стоматолог, СЭС мамандары т.б.);

-  халық арасында, балалар жиі ауыратын ауру түрлері, олардың алдын алу, емдеу тәсілдері туралы түсініктемелер беру;

-  қабырға газеттерін шығару;

- Қазақстан Республикасындағы дәрігерлер дайындайтын оқу орындары жайлы деректер беру, т.б.

    Біз тыңдаушыларға дәрістер сарамандық жұмыстар жүргізу барысында                    тақырыптарға сәйкес мынадай жұмыстар жүргізіп отырамын.

7 сыныпта Ағзалық әлем, Вирустар дүниесі тақырыптарын өткенде Ағзалық әлем дегеніміз не?, оларды қалай жіктейміз? деген сұрақтарды қоя отырып, сабақты медицинамен былай байланыстырамыз.

Бүкіл жер жүзінде тіршілік етіп, өмір сүретін барлық ағзаларды (тіршілік иелерін) ағзалық әлем дейміз.

Тірі табиғат дегеніміз- биологиялық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Тірі ағзаларды 5 дүниеге жіктейміз. Олар: вирустар, бытыранақтар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар дүниесі [1].

Вирус латынша «у» деген сөз. Вирустар өз алдына тіршілік ете алмайды, ол тек тірі жасушаға орнықса ғана көбейе алады. Вирустар адамдар мен жануарларда, сондай-ақ өсімдіктер ағзаларына еніп көптеген ауру түрлерін тудыруға себепші болады. Зерттеулер вирустардың өсімдіктерде 400 және жануарларда 500-ге тарта ауру түрлерін тудыратынын анықтап отыр. Сондай ауруларға тұмау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ұшық, ИТИС т.б.

Өсімдіктерде бидай теңбілі, алхоры теңбілі, мақта жапырағының ширатылуы, қызылша теңбілі.

Жануарларда: сиырда- қарасан, жылқыда- жамандат, қойда- топалаң, ешкіде- кебенек, түйеде- ақ шелек т.б.

Өсімдіктерде темекі теңбілі деген аурудың неден пайда болатынын зерттеп, 1892 жылы орыс ғалымы Д.И.Ивановский темекі теңбілі вирусы деген вирусты алғаш рет ашты.

Ал нидерландия ботанигі және микробиолог М.В.Бейерник вирус деген терминді ғылымға енгізді [2].

І.Вирустар тарататын аурулардың ең қауіптісі – тұмау.

Тұмау ауруы өршіген кезде:

-  Отбасында немесе жұмыс орнында тұмау орын алса міндетті түрде маска тағып жүріңіз;

-   Адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеңіз;

- Балаларды, жүкті әйелдерді және қарттарды алдын-ала вакцинадан өткізіңіз;

-   Отбасы мүшелерінің бірінде тұмау белгілері білінсе, дер кезінде дәрігерді немесе жедел-жәрдемді шақыртыңыз. Өз бетіңізше емделмеңіз [3].

ІІ.Конго–Қырым қанды безгегі – негізінен көктем, жаз мезгілдерінде вирус арқылы тарайтын өте қауіпті жұқпалы ауру.

Ауру қоздырушысы: Конго-Қырым қанды безгігінің вирусы. Вирус жайылымдағы кененің кейбір түрлері арқылы адамдардың немесе малдың қанның сору арқылы жұғады. Жасырын аурудың (инкубациялық) кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады. Ауру белгілері :

- ауру бірден басталып, дене қызуы 39-400 С дейін көтеріледі;

- ысынуы мен  қалтырауы сезінеді;

- бастың қатты ауруы, әлсіздік, ұйқышылдық байқалады;

- бұлшықеттері мен буындары сырқырайды;

- жүрегі айнып, іші түйнеп ауырады;

- аурудың 2-5 күндері мұрыннан, тістің еттерінен, асқазаннан, ішектерден, ал әйелдердің жатырынан қан кетеді.

Қауіптен қалай сақтануға болады?

Табиғатқа шыққанда:

- ашық, біртүсті матадан тігілген киім киіңіздер, себебі онда кенені тез байқауға болады. Жейдені шалбарға, шалбарды шұлыққа салыңыз. Киімдеріңіздің жағасы тік, қонымды, тығыз жең ұшы, ілгектері сырмалы болғаны дұрыс. Бас киімді міндетті түрде киіңіз;

- дәріханаларда, дүкендерде кең көлемде сатылатын, киімге және дененің ашық жерлеріне репеленттерді (кенеге қарсы зат) қолданыңыздар;

- пәтерге келген соң, душқа түсіп, денеңіздің үстін жақсылап қарап шығыңыз;

- қауіпті кезең өткенше, табиғатқа шығуды, серуендеуді шектеген дұрыс.

         Есте сақтаңыз!

         Кенені қолмен езуге болмайды! Кене шаққан жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну керек [4а].

         ИТИС (иммунитет тапшылығын иемденген синдром). Бұл ауру көпшілікке СПИД деген атпен белгілі. СПИД ауруы әзірге өте қауіпті, емделуі көп уақытты қажет етеді. Қазір бұл аурумен ғаламшарымыздағы 20млн- ға жуық адамдар ауырады.

         ИТИС- тен құтылу үшін не істеу керек? Оның бірден- бір жолы өзіңізді және сүйіктіңізді қорғаңыз.

         ИТИС қалай жұғады?

         ИТИС ауруымен ауырған адаммен жыныстық қатынасқа түскенде

- қан арқылы (қырынғанда, ине шаншығанда);

-жүктілік кезінде ВИЧ инфекциясын жұқтырғанда, балаға беріледі;

         Вирус мына жағдайда тасымалданбайды:

- сәлемдескенде;

- сүйіскенде;

- бунақденелілер шаққанда;

-сілекей, жас арқылы;

         Ауру белгілері:

- лимфатикалық каналдар (түйіндер көбейгенде) ауыра бастағанда;

- арықтау (салмақ жоғалту);

- бірнеше күн жөтел тоқтамаса;

- бірнеше уақытқа дейін дене температурасының көтерілуі байқалса тез арада дәрігер шақырту керек.

         ВИЧ инфекциясынан қалай сақтануға болады?

- жыныстық қатынасқа ерте бастап түспеу;

- мүшеқапты үнемі әрі дұрыс пайдалану;

- стерильденген бір реттік шприц, инені пайдалану;

- бір ғана еркекпен (әйелмен) жақындасу.

         ВИЧ ифекциясын жұқтырған жағдайда қайда хабарласуға болады?

         Алматы- ЖИТС-ке қарсы және алдын алу жөніндегі орталыққа. Мекен жайы: Алматы қаласы, М.Әуезов 54.

         Ал ОҚО- да Шымкент қаласы, Красноярская көшесі 1 үй [4д].

 

       Бытыранақтар дүниесі тарауын өткенде Ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары деген тақырып бар. Осы тақырыпты өту барысында медицинамен былай байланыстыру керек. Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактерияларды ауру тудыратын бактериялар деп атайды. Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзегі, баспа, топалақ және т.б. ауруларды туғызатын ерте бастан-ақ белгілі болған. Ауру тудыратын бактериялар адам денесіне енгеннен соң оның ағзалық заттарымен қоректеніп, тез көбейе бастайды. Сөйтіп, өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды. Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тағамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жайылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаң мен бірге ауаға таралады. Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия)  дейді.

      Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р.Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады.

                                          ІІІ.Бронх демікпесі. [4б]

    Бронх демікпесі – бұл әртүрлі деңгейде, әртүрлі ұзақтықпен дамыл-дамыл тұншығу ұстамасы түрінде болатын бронхтардың аллергиялық созылмалы қабыну сырқаты. Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде тыныс алу жолдары тыныс алуды қиындатып, ауаның тыныс жолдарының бойымен дұрыс айналуына  мүмкіндік бермей, қатты тарылады.

Бронх демікпесінің белгілері :

-         тұншығу ұстамасы (жөтел ұстамасы түрінде болады);

-         дене жүктелімі кезінде ентігу;

-    ысқырып дем алу; 

-    жөтелу (құрғақ немесе қақырықпен);

-    көкірек тұсының сыздап ауыруы;

-    әлсіздік, тершеңдік, жұмыс қабілетінің төмендеуі.

 

Бронх демікпесін дамытатын қауіптілік факторларына :

-    тұқым қуалаушылық бейімділігі;

-         емделмеген аллергиялық ринит, мұрын паталогиясы;

-         тұрмыстық химия (жуғыш заттар, детергенттер, косметикалық заттар);

-         темекі шегу;

-         суық тиіп сырқаттану, ЖВИ, тұмау;

-         өндірістегі химиялық тітіркендіргіш заттар;

-         атмосфералық ауаның ластануы.

 Ересектер мен балалар бронх демікпесінен және аллергиядан қалай    қорғануына болады?

- Салауатты өмір салты, шынығу, таза ауада серуендеу, дұрыс тамақтану, дене салмағын қалпына келтіру, дене шынықтыру және спортпен айналысу, күйзелістерге жол бермеу;

-    тыныс жолдары ауруларын, әсіресе аллергиялық ринитті дер кезінде анықтап, емдеу;

-  зиянды әрекеттерден бас тарту(темекі, қор қор шегу);

- жұмыс орнындағы кәсіптік зияндылық әсерлерін жою (шаң, химиялық уландырғыш заттар);

-  кем дегенде баланы 6 айдай емшекпен емізу;

-  жүктілік кезінде дұрыс тамақтану, дәрі-дәрмектерді пайдаланбау;

- жоғары аллергенді тағамдарды аз пайдалану (бал,шоколод,тауық жұмыртқасы, жаңғақ, цитрус өнімдері);

- таза ауада серуендеу, бөлмелерді жиі желдету, еріксіз темекі шегуге жол бермеу.

                           ІV. Жедел ішек инфекциясы және оның алдын-алу. [4г]

    Жедел ішек инфекциясы – жұқпалы аурулардың үлкен шоғыры болып табылады.

             Оның ең көп тараған түрі – қантышқақ ауруы. Қантышқақ ауруының  қоздырғышы  ластанған тағамдар, су, кір қол, ойыншықтар және басқа заттар арқылы ағзаға түседі. Екі жасқа дейінгі балаларда бұл негізінен  диарея болып, жиі іші өтеді. Диария ағзаны сусыздандыруы мүмкін. Сусыздану – ағзадағы су мен минералды заттарды көп мөлшерде жоғалтуға әкеліп соқтырады. Бұл нәрестелер үшін өте қауіпті, тіпті соңы өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

                   Бала диария болмас үшін мынандай алдын-алу жолдарын сақтау керек.

-   Баланы 2 жасқа дейін емшек сүтімен тамақтандыру;

-   Қосымша тамақты дұрыстап, ішер алдында дайындау;

- Гигиеналық мақсатта пайдаланатын су қайнатылған, таза, жеткілікті мөлшерде болады;

- Балаға тамақ дайындау алдында, емізерде және жуындырғаннан кейін міндетті түрде қолды жуу;

- Дәретхананы мұқият тазартып отыру.

 

                          Медициналық қызметке қашан жүгінуге болады ?

- Егер балада аурудың басталуының белгісі болып табылатын әлсіздік,             мазасыздық байқалса;

- Егер бала су іше алмаса, емшектен бас тартса немесе жиі шөлдеуі байқалса;

- Егер дене температурасы 370 С және одан жоғары көтерілсе;

- Егер жиі құсуымен ішінің өтуі байқалса;

- Егер үлкен дәретіне қан арласқан болса.

 

         Міне, біз бұл мақаламызда медицина мамандығын таңдағысы келетін талапкерлерге биологияны оқыту барысында пән тақырыптарымен медицинаның байланысын  сабақтан тыс уақытта да қалай жүргізуге болатынын баяндадық. Бұдан басқа, неге медицина мамандығын таңдайсың ?

деген тақырыпта төмендегідей сұрақтар арқылы анкета (сұрақ жауап алу), қабырға газеттерін шығару (санбюллетень) жұмыстарды жүргізіп келеміз.

         

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ж.Қожантаева.  «Биология 7 сынып». Алмат, 2007.

2. Т.Қасымбаева, К.Мұхамеджанов «Биология 10 сынып»     Алматы «Атамұра» 2007ж [1-12 бет].

3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың               2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы материалдары.

 «Саламатты Қазақстан»   [85-91 бет].

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырысы бойынша көпшілікке арналған ақпараттық кітапшалары. а) Конго-Қырым қанды безгегі; ә) Сүт безі – раг; б) Тек қана өз арамызда; в) Бронх демікпесіз өмір сүру; г) Жедел ішек инфекциясының алдын алу; д) Тұмау мен ИТИС-тен сақтаныңыз.

5. Кәсіптік бағдар (кәсіпке баулу) Түркменұлы. ЖОО студенттеріне арналған оқулық. Түркістан, 2008 ж.