Биология магистрі Утебаева Б.Х.

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

Кіші шабақты  көлі моллюскаларының паразитологиялық зерттеулердің нәтижелері

Университеті

 

       Зерттеу жұмысының өзектілігі биологияның теориялық және практикалық мәселелерін шешуде өте маңызды. Сондықтан бұл жануарлар тобына зоологтардың, паразитологтардың және палеонтолог ғалымдардың үлкен тобы жануарлардың бұл тобын терең үйренуге белсене кіріскен.

Бұл жұмыстың мақсаты – Кіші Шабақты көлінде кездесетін моллюскалардағы паразит ететін сорғыштардың түр құрамы  мен экологиясын зерттеу. Кіші Шабақты көлі территориясында жасайтын үлкен тоспа ұлуын паразитологиялық жақтан тексеру барысында біз өзіміздің алдымызға төмендегідей міндет қойдық:

1.Үлкен тоспа ұлуында паразиттік етуші партениттердің       (церкариялардың) түр құрамын анықтау;

2. Иенің залалдануының әртүрлі экологиялық факторларға ( маусымға, иенің жасына) тәуелді екендігін көрсету;

3. Үлкен тоспа ұлудың құстармен басқа омыртқалыларда кездесетін трематодоз ауруларын таратудағы рөлін анықтау;

   Ғылыми жаңалығы

  Кіші Шабақтыкөл территориясындағы су қоймаларынан сорғыш құрттардың дернәсілдерінің 8 түрі табылып, олардың морфологиясы анықталды. Осы паразиттерменен тоспаұлудың залалдану жағдайының иенің жасына, жыл маусымына тәуелділігі зерттелді.   

  Практикалық маңызы

  Жұмыс қорытындысын – Көкшетау аумағындағы су қоймалардағы гельминтологиялық  жағдайын білу үшін СЭС те қолдануға болады. Моллюскалардың жас ерекшеліктеріне байланысты трематодтардың дернәсілдерімен зақымдануы және тіршілік ортасының әсері жалпы және экологиялық паразитологияда қолдануға болады.

  Гельминтология совет үкіметі кезеңінде пайда болып,  көп ұзамай дербес ғылыми пәнге айналды, оның жетістіктері мал дәрігерлік және денсаулық сақтау салаларында кең қолданыла бастады. Гельминтологиялық зерттеулердің нәтижелері жалпы биологияның проблемаларын, сонымен қатар  гельминттердің иелері қызметін орындайтын жануарлардың биологиясын үйренуде  де табыстарға қол жеткізеді /7/.

Трематодтардың тіршілік цикліне арналған жұмыстарда келтірген церкариялардың сипаттамасына қарап, оларды дәл анықтау мүмкін емес. Дегенмен тоспа ұлулары мен қошқар мүйіз моллюскаларында табылған трематодтардың түр құрамы әралуан. 

1.1 Айырқұйрық церкариялар

Бұл сорғыш құрттардың ересек дараларына құрсақ сорғышының кейінгі жағында орналасқан безді – бекіну қызметін орындайтын “Брандес органының ” болуы тән. Бездердің секреттері ішектен тыс асқорыту процесіне қатысады. Брандес органының болуы екінші реттік зәр шығару жүйесінің күшті дамуымен байланысты. Мариталарда бұл орган көлемді саңылау пішінді болып келеді. Бұл орган стригеид тұқымдасының өкілдеріне тән. Стригеид тұқымдасының церкариялары айырқұйрықты. Құйрық бағаны мен фуркалары ұзындығы бойынша теңбе тен болып келеді. Туыстық өзгерістер  ену бездерімен зәр шығару жүйесі элементтерінің орналасуына байланысты. Сонымен қатар тері жабынының қарулануы, сенсорлық аппарат және бірнеше басқа белгілерде маңызға ие.

1.2 Стилетті церкариялар

Ксифидиоцеркариялар деген атауды алғаш рет неміс ғалым Люэ енгізген. Бұл дернәсілдердің денесінің алдыңғы ұшында сттилетті ( инесі) болады, көзі жоқ, қарапайым құрылысқа ие құйрығы болады, оның ұзындығы дене ұзындығына тең болады /9/.

1.3 Эхиностоматидті церкариялар

  Эхиностоматидті церкариялардың денесі сопақ- ұзынына созылған пішінде болады. Сорғыштары жақсы дамыған. Ауыз сорғышы құрсақ сорғышына едәуір кіші болып келеді. Жыныс аппаратының дамуы дененің кейінгі бөлімінің үлкеюіне жағдай жасайды, осыған байланысты құрсақ сорғышы алға қарай ығысқан болады /10/.

 Церкариялардың құйрығын жақсы дамыған, кейбір түрлерінде гигант құйрықтар кездеседі.

 

Зерттеу материалдары және әдістері

         Ақмола облысының территориясында табиғаты көркем - Бурабай Мемелекеттік Ұлттық Табиғи Паркі орналасқан. Мемлекеттік Табиғи Парктің ауданы 83511 га құрайды. Парк территориясында мөлдір, суық таза көлдер орналасқан. Онда тұқы, қара балық, алабұға, шортан, шабақ, сазан және тағы басқа балықтар өмір сүреді. Ол 2000 жылы тамызда құрылған, бірақ орманды қорғау 1989 жылдан бастап қорғауға алынған.

Зерттеу жүргіген көлдердің ішіндегі негізі болып Кіші Шабақы көлі болып келеді.   Жекебатыр жотасының солтүстік батысында орналасқан. Орташа ауданы шамамен 21,5шаршы шақырым. Көлдің орташа тереңдігі 6,6м.

2.1.2 Лебяжье көлшігі

   Айнакөл мен Шабақкөлі көлдерінің арасында Щучье қаласының солтүстігінен 21,0 км орналасқан. Осы көлде шағалалар, құтандар келіп қонақтайды.   2.1.3 Шәкікөлі

   Шәкікөлі- Қызыл-ағаш ауылының оңтүстігінен 1,0 км жерде орналасқан. Көлшіктің ауданы 1га. Көл пішіні эллипске ұқсайды.   Көлшіктің орташа тереңдігі  2 м. Көктемде су толысып, күзге қарай кеуіп кетеді. Көлшік жауын суы мен қармен қоректенеді.

Көлшікте кездесетін құстарға үйректер тұқымдасынан сүңгіш үйректер кең тараған.Олар қамыстың арасына ұя салады.  Жыл сайын көлге бір жұп аққу және тырналар тұқымдасынан ақшылт тырналар келіп кетеді.

1.4 Иманай өзегі

  Иманай өзегінің бастауы Көкше тауының етегіндегі ауданы 2 шаршы шақырым болатын батпақтан басталады.Өзектің ұзындығы 7,1 км.

    Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша материалды біз 2008 жылдың маусым, шілде және тамыз айларында Бурабай Мемелекеттік Ұлттық Табиғи Паркі ауданында орналасқан көлдерден жинадық. Объект есебінде тұщысу моллюскалары- өкпелілер класс тармағының өкілі болатын үлкен тоспа ұлуын - Limnaea stagnalis ті алдық.Үлкен тоспа ұлуы көлдің солтүстік батыс бөлігінде 1шаршы – метр кеңістікте 2-3 данадан кездесті, оңтүстік шығыс жағында сиректеу 0,2-1,0 дана маңында болды.

Кездескен ұлулардың дене өлшемі 12-42 мм аралығында болды  (бақалшағының  ұзындығы). Жас даралары маусым айында, ересек даралары шілде, тамыз айларынды жиірек кездесті. Жалпы көлден 22-дей сынама – материал ( проба) алдық. Зерттелген моллюскалардың жалпы саны 142 болды.

Кездескен ұлулардың дене өлшемі 12-42 мм аралығында болды  (бақалшағының  ұзындығы). Жас даралары маусым айында, ересек даралары шілде, тамыз айларынды жиірек кездесті. Жалпы көлден 22-дей сынама – материал ( проба) алдық. Зерттелген моллюскалардың жалпы саны 142 болды.

Кездескен ұлулардың дене өлшемі 12-42 мм аралығында болды  (бақалшағының  ұзындығы). Жас даралары маусым айында, ересек даралары шілде, тамыз айларынды жиірек кездесті. Жалпы көлден 22-дей сынама – материал ( проба) алдық. Зерттелген моллюскалардың жалпы саны 142 болды.

Сорғыш құрттардың партениттері ( спороцисталар және редиялар) церкарияларын алып үйрену үшін әрбір ұлуды бір-бірден 75-100 куб.см суы бар стакандарға орналастырдық. Церкарияларды бөліп шығармаған моллюскаларда бинокуляр микроскоп астында үйренілді.

Бұл ретте олардың бақалшағы денесінен ажыратылды да, қалған былқылдақ денесі  екі компрессор шынының арасында қысып үйренілді.

кәдімгі зат шынысына құрамында церкариялары бар біртамшы су тамызылды да, тамшының бетіне жабын айнасын қойып, тірі церкарияларды биолам микроскобының  үлкейткіші астында үйрендік. Церкариялардың суреттері әлденеше рет салынған суреттердің синтезі болып есептеледі.

Тірі церкариялардың ішкі органдарын көру үшін бейтарап – қызыл, ниль көгісінің сульфаты тәрізді бояулар қолданылды

Жиналған церкариялардың өлшемін анықтау үшін 25 дана ересек церкария 10% қайнатылған формалинге салынды. 25 дананы өлшеу арқылы, белгілі бір түрдің дене мөлшерінің орташа өлшемін табамыз.

Церкариялар ересек сорғыш құрттардың систематикасымен орналастырылды. Үлкен тоспа ұлудан сорғыш құрттардың 8 түріне кіретін церкариялар табылды.

Зерттеу жұмысының нәтижелері және оларды талқылау

    Кіші Шабақты көлінің әртүрлі үлескілерінен 142 дана үлкен тоспа ұлуын паразитологиялық  тәсілмен зерттедік. Зерттеген ұлулардың сорғыш құрттар класының 5 тұқымдасына кіретін 7 церкария 1 метацеркария табылды. Сонымен қатар әрбір церкарияға өз материалымыз бойынша сипаттама беруге тырыстық. 

 

Notocotylus attenuatus Rud 1809

 

Echinostoma  revolutum

Cotylurus sp.

 

Diplostomum chromatophorum Brown, 1931

 

Tylodelphys clavata Fuhrmann, 1916

 

 

Trichobilharzia ocellata La Val., 1854

 

Opisthioglyphe ranae Frohl., 1791

Xiphidiocercaria sp.4 Odening, 1962

 

   Экологиялық паразитологияның негізгі қағидалары  омыртқалы жануарлардың паразитофаунасын үйрену нәтижесінде қалыптасты. Кіші Шабақты көлінде үлкен тоспа ұлуды паразитологиялық жақтан зерттеу процесінде осы қағидалардың кейбіреулерімен біз бетпе-бет келдік. Ол үлкен тоспа ұлуы паразитфаунасының жылдың маусымына, иенің жас ерекшеліктеріне, ақырғы иелердің шоғырлануына  тәуелді екенін зерттеу барысында анықталды.

Үлкен тоспа ұлу паразит фаунасы Кіші Шабақты көлінде 8 түрді құрайды.

1 Үлкен тоспа ұлуының паразиттермен залалдануының жыл  маусымына тәуелділігі

 Кіші Шабақты жағдайында ұлудың паразитфаунасына жылдың барлық маусымдары бойынша үйрену мүмкіндігі  болған жоқ. Зақымдануындағы кейбір өзгерістердің  айырмашылығын 2008 жылдың маусым, шілде, тамыз айларында байқадық. Жаз айларында байқалған залалдану дәрежесіндегі өзгерістер жайында материалдар   кестеде көрсетілген.

  Солай етіп ұлулардың жаз айларындағы сорғыш құрттардың дернәсілдермен зақымдануы шілденің аяғы мен тамыздың басында ең үлкен көрсеткішке ие болады. Маусымда үлкен тоспа ұлудың церкарияның 4 түрі, шілде де 6, ал тамызда 5 түрі табылды. Біздің зерттеу барысында алған мәліметтеріміз әдебиеттегі деректерге толық сай келеді.

2 Үлкен тоспа ұлуының паразиттермен залалдануының  иенің жасына тәуелділігі

моллюскалардың жасы өскен сайын олардың залалдану дәрежесінің көрсеткіші де жоғары болады.

Біз зерттеген үлкен тоспа ұлуын бақалшақтарының өлшемі бойынша үш топқа бөлдік. Бірінші топқа бақалшағының өлшемі 12-20 мм болған даралар кіррді. Екінші бақалшақ өлшемдері 21-30мм болған даралар құрды. Үшінші топқа бақалшақ өлшемдері ірі болған (31-42) ұлулар кірді.

 3 Суда жүзетін құстар гельмиттерін таратудағы үлкен тоспа ұлудың маңызы

    Үлкен тоспа ұлудан табылған 8 паразиттің 6 есейген кезеңінде суда жүзетін және балық жеуші құстардың паразиттері болып есептеледі. Ұлудан табылған паразиттердің барлығы жергілікті фаунаның жиі кездесетін өкілдері. Систематикалық жақтан бір түрдің қандай туысқа кіретінін анықтау мүмкін емес. Ол Xiphidiocercaria sp.4 Odening, 1962 церкариясы. Біздің материалымыздағы дернәсілдер өздерінің әралуандығы бойынша төмендегі тұқымдастарға жатады. Echinostomatidae,  Diplostomatidae. Демек үлкен тоспа ұлуы құс гельмиттерінің инвазиясын таратуда үлкен қызмет орындайды екен.

Паразит ұрпақтардың алмасуы, иелердің алмасуымен дамиды. Аралық иенің қызметін тоспа ұлулар орындайды. Ұлудан суға тарқалып шыққан церкариялар тікелей суда жүзетін құстарды, көбіне үйректердің қан айналу жүйесінде паразиттік етеді.Қазақстанның су қоймаларында жасайтын құстардың кәдімгі паразиттері болып есептеледі/18/. Осы шистозоматидтің көп мөлшердегі церкариялары суда жүзіп жүреді. Егер осы кезде адам суға шомылса, церкариялар шапшаң адамның денесіне енеді. Церкариялар енген жердің терісі қызарады және аздап қышиды. 10-12 сағат өткен соң күшті қышитын бөртіктер пайда болады. Бөртіктің айналасы қызарып тұрады, тырнаса суланады. 2-3 күннен соң шистозомалық дерматиттен адам айығады. Егер адам терісіне церкариялар көп мөлшерде енсе, адамның температурасы көтеріліп қалтырай бастайды. Адам екінші рет зақымданса, реакция ауырлау өтеді.

Зерттеу барысында біз үлкен тоспа ұлу паразитфаунасының паразиттердің ақырғы иесінің шоғырлануына тәуелді екені тәрізді құбылыстың куәсі болдық.

Кіші Шабақты көлінің оңтүстік- шығыс бөлігі сайыз – сулы боп, көбіне шағалалардың дем алатын биотобы болып есептеледі. Осы жерден теріп, зерттелген тоспа ұлуларынан шағалаларға тән паразит Diplostomum chromatophorum сорғыш құртының церкарияларын таптық.

Керісінше, көлдің солтүстік батыс жағынан жиналған ұлулардан үйрекке тән паразиттер - Echinostoma  revolutum, Trichobilharzia ocellata, Cotylurus sp табылды. Себебі көлдің бұл участігі биік қамыс, қоға тәрізді макрофиттермен көмкерілген.

Шәкікөлінен бақаларға тән паразит Opisthioglyphe ranae табылды.

Қорытынды

1. Кіші шабақты көлінде паразитологиялық әдіспен 142 дана үлкен тоспа ұлуы Limnaea stagnalis зерттелді.Үлкен тоспа ұлудың паразитпен залалданыуының жалпы көрсеткіші 40,84% -ті құрады.

2. Паразиттердің фауналық құрамына 8 түр кіреді. Олардың бес тұқымдасқа кіретін 7 церкария, 1 метацеркария табылды. Бір церкарияның систематикалық жағдайын анықтау мүмкін болмады.

3. Үлкен тоспа ұлудан табылған 6 церкария Notocotylus  attenuatus, Echinostoma  revolutum, Diplostomum chromatophorum, Tylodelphys clavata, Trichobilharzia ocellata ержеткен сатысында балықжеуші және суда жүзетін құстардың  паразиттері болып табылады.

4. Церкариялар фаунасында бір түр (Opisthioglyphe ranae) есейген сатысында қосмекенділер организмінде өз дамуын аяқтайды.

5. Үлкен тоспа ұлуына назар аударып қарасақ оның паразитфаунасында маусымдық залалдану көрсеткіштерін байқауға болады. Ұлудың паразиттермен ең жоғары залалдану дәрежесі шілдеге сай келеді (51,06%). Осы кезеңде оның паразитфаунасы 6 түрді құрайды. Маусымда залалдану дәрежесі 30,76% ке тең болып, церкариялардың түр құрамы 4 түрден аспады. Тамызда Limnaea stagnalis тең 5 түр дернәсіл табылып, иенің инвазиясы 39,28% құрады. Тамыз айында зерттелген моллюскадан сорғышқ ұртының метацеркариясы жиірек кездесіп отырды.

6. Үлкен тоспа ұлуы паразитфаунасының иенің жас өзгешелігіне де тәуелді екені  анықталды. Ең жас даралардың залалдану  дәрежесі 9,52 %-ды құраса, орташа  жастағыларда бұл көрсеткіш 34,7%, ал ең үлкен дараларда 72,5% ке тең  болды.

7. Үлкен тоспа  ұлуы Кіші Шабақты көлі жағдайында эхиностомоз, диплостомоз, шистозоматоз, котилюроз сияқты аурулардың қоздырғыштарын таратуда да белгілі рөл атқарады.

8. Үлкен тоспа ұлуды зерттеу барысында алынған паразитологиялық материал тоған-балық шаруашылығында өршітілетін балықтардың зілді ауруларымен күресте және олардан сақтандыруда биологиялық негіз болып есептеліп, балық инспекциясы  мен ветеринар қызметте белгілі маңызға ие.

                                                                            

  Қолданылған әдебиеттер

    1. Гинецинская Т.А. К фауне церкарий моллюсков Рыбинского водохранилища.І. Систематический обзор церкарий. // Экологическая паразитология. Л. : Изд- во ЛГУ, 1959.

    2. Гинецинская Т.А. Трематоды, их жизненный цикл, биология и эволюция. М. – Л. : Наука, 1968.

    3. Догель В.А. Курс общей паразитологии Л.: Учпедгиз, 1947.

    4. Гинецинская Т.А., Штейн Г.А. Особенности паразитофауны беспозвоночных и применение основных правил экологической паразитологии к характеристике их зараженности. //  Вестник ЛГУ, 1961, № 15 – с.60-72.

     5. Фролова Е.Н. Личинки трематод в моллюсках озер Южной Карелии. // В кн.: «Фауна озер Карелии. Беспозвоночные.» М.- Л.: Наука, 1965- с.311 – 324.

     6. Арыстанов Е. Влияние экологических факторов на зараженность моллюсков партенитами трематод в водоемах дельты Амударьи. // Паразитология. – Л. 1970.Т-1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексты докладов, объемом до 4х полных страниц в 2-х экземплярах должны быть набраны в текстовом редакторе Winword, формат RTF, шрифтом Times New Roman, межстрочный интервал 1, размер символа 12, все поля — 25 мм, сверху - название доклада заглавными буквами, ниже, после просвета в 2 интервала - фамилия и инициалы автора; ниже, 1 интервал название организации, электронный адрес (е-mail), ниже, через просвет в 3 интервала - текст с красной строки; нумерация страниц проставляется карандашом. Материалы, представленные позднее указанного срока или оформленные не в соответствии с требованиями, не рассматриваются и обратно не возвращаются. Авторам, не имеющим ученую степень, к статьям приложить рецензию с подписью доктора или кандидата наук, работы студентов не рассматриваются. Расходы, связанные с прибытием на конференцию, осуществляются за счет участников.

Доклады высылаются вместе с дискетой. Доклады на казахском языке должны быть высланы вместе с дискетой, содержащей казахский шрифт KZ Times New Roman.