Экономические науки”/ 4.Инвестиционная деятельность и фондовые рынки.

Бұхарбаева Акмарал Жетібайқызы

Статистика мамандығының магистрі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

 

Республикамызға шетелдерден тартылған инвестицияларды тиімді пайдалану мәселелері

 

Қазақстанның қазіргі инвестициялық саясаты шетелдік және сонымен қатар отандық инвестицияларды тарту қажеттілігінен туындайды. Негізгі назар аударатын мәселенің бірі – бұл маңызы бойынша  олардың бір ғана нақты көзі болып табылатын шетелдік инвестицияның қолданылуы мен тартылуында болып отыр.

Инвесторларға жеткізілген толығымен экономикалық мүмкіндіктер, сонымен қатар жүзеге асырылған заңдар мен келіссөздер жүргізуге қатысты қолайлы процедуралар және республикадағы саяси тұрақтылық елдің халықтық экономикасының инвестициясын ұсынуда үлкен жетістіктерге қол жеткізуде негіз болып саналады.

Стратегиялық  түрде  дами отырып,   Қазақстан инвестициялық жобалар үшін күресте өзінің негізгі бақталастарын анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ бұл үшін тек ғана иілмелі қаржылық және фискальды жеңілдіктерді қолданып қана қоймай, сонымен қатар инвестициялық саясаттың өңделуі мен оның жүзеге асырылуына жауап бере алатындай  арнайы  инфрақұрылымды  формалау үшін  үлкен  күш  жұмсауына тура келеді.

Сонымен  қатар, қазақстандық заңгерлер мен үкімет  органдарының инвесторларға  жақсы түсіністікпен   қарағанына  қарамастан, инвестициялау туралы шешім бірден қабылдана қоймайды, ал есептеулер болса, жақын орналасқан бақталас елдермен салыстырыла отырып қабылданады.

Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Сондықтан, оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша көздерін ашу – еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Оны шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғысындан негізделген инвестициялық саясат жүзеге асырылуы керек. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталған жөн. Инвестициялық саясат негізделген болуы үшін қаржыны тиімді пайдалануды, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын қатесіз анықтау керек. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, шыққан әрбір теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.

Инвестициялық саясат экономиканың даму дәрежесіне байланысты өзгеріп тұрады. Ол санымен қатар өндірістің техникалық дәрежесіне де байланысты. Қазіргі кезде инвестицияны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға бағыттаған тиімді. Болашақта өндірістік салаға жұмсалатын инвестицияның ара салмағын өсіре беру орынды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде инвестициялық саясат машина жасау өнеркәсібін дамытуға, халықтың тұтыну бұйымдарын көбірек өндіруге, сұранысты отандық тауарлар есебінен қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.

Біздің елімізге отандық инвестицияға қарағанда шетелдік инвестиция көзі көп тартылады. Себебі елімізде отандық инвестиция көзі жетіспейді. Елімізге жыл сайын шамамен 1,3 млрд. доллар инвестиция көзі тартылады. Яғни, көптеген мөлшерде біз шетелге үстеме пайыз төлеудеміз. Осы ретте біз қор нарығын жандандырып, иемденуші еңбектен, өндіруші еңбекке ауысқанымыз елімз үшін тиімді. Бұл біріншіден, жұмыссыздық деңгейін төмендетсе, екіншіден ел экономикасына оң әсерін тигізеді.

Бүгінде мал шаруашылығы өндірісінің 75% және егін шаруашылығы өнімдерінің 30-85 пайызға дейінгі жеке меншік қосалқы шаруашылықтарға тиісті. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеу көлемінің құлдырауы және олардың рынокта бәсекеге түсе алмауы азық-түлік импортын қажет етті. Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлу мардымсыз. Қазіргі кезде бұған банк құрылымдары да, шетелдік инвесторлар да барып отырған жоқ.

Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлудің өз ерекшеліктері болуы тиіс. Инвесторлар салықтардың барлық түрінен босатылғаны жөн.

Сол сияқты шетел инвестициясын ғылым мен білімді, ғылым жетістіктерін көбірек керек ететін шаруашылық салаларын дамытуға, жаңа технологияны енгізуге жұмсаған тиімді. Тәжірибеден байқалып жүргендей, инвестицияны ұзақ өндірістік циклды дамытуға немесе шетел тауарлары көп тасымалдуынан бәсекелестік кең өріс алған салаларға жұмсау керек.

Жоғарыдағы мақсаттарды жүзеге асыру үшін республикамызда қаржылық саясатты  тәртіпке келтіру керек. Ол үшін бюджеттің табыс түсетін бөлігінің жұмысын жақсартып, шығынды өз табысымызбен жабатын дәрежеге жеткізуге тиіспіз. Осы мәселені шешуде өндіріс орындарын салықтың өз уақытында толықтай түсуінде көп мән жатыр. Әсіресе, ірі кәсіпорындар, оның ішінде шетелдіктерге басқаруға берілген кәсіпорындар бюджеттің табыс бөлігін негізгі толтырушылар болуы керек. Алдағы уақытта шетел инвесторларына салық жеңілдігін беру мәселесін қайта қарап, бұл жөніндегі дүниежүзілік өркениетті елдер тәжірибесін пайдаланған жөн. Тіпті болмағанда, отандық және шетелдік инвесторларды салық жөнінен бір дәрежеге қойып, олардың арасында өзара бәсекелестік туғызуға жағдай жасау – басты шарт.