Османова З.Ж. – Абай андағы ҚазҰПУ,

Филология ғылымдарының кандидаты

 

Болашақ мамандардың кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру технологиялары

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Қазіргі кезеңдегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы мәселелерді өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі». Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - делінген [1, 16].

Болашақ кәсіби мамандардың кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шартының бірі – оқу үдерісін оқытудың интерактивті әдістері мен технологиялары негізінде ұйымдастыру. Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі  адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Коммуникацияның төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этникааралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық,  мәдениетаралық және басқалары.

А.А. Вербицкийдің пайымдауынша, кәсіби білім берудің негізгі мақсаттарының бірі – студенттердің жоғары оқу орнында оқуы кезеңінде болашақ кәсіби қызметінің толықтай құрылымын қалыптастыру [2]. Бұл маманның тұлғасын қалыптастыруда мақсатқа жету үшін әрекеттің бір түрінен (танымнан) талаптары мен мотивтері, мақсаты, құралы, пәні және нәтижесі де өзгерген кәсібилікке көшуді қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру. Сондықтан болашақ кәсіби мамандардың кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда оқытудың белсенді әдістері мен технологияларын қолданудың маңызы ерекше. 

Қазіргі кезде үздіксіз білім беру үдерісінде білім беру технологияларын қолдану ең өзекті мәселеге айналды. Сөйтіп, коммуникация, тіл, қоғам, мәдениет сияқты ұғымдар түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста тілдік сәйкессіздік туу тұрғысынан мәдениетаралық коммуникациясын маңызын ашу үшін теориялық негіз жасауға ықпал етті. Тілдің қоғам коммуникациясының негізгі құралы болып табылатынын нақтыладық. Тілдің байлығы мен маңызы жеке халықтың мәдени факторлары арқылы ашылады. Мәдениетаралық коммуникациясының мәнін қолданбалы сипаттағы жеке ғылым ретінде анықтадық. Коммуникацияда қатынас стилінің маңыздылығы оның көмегімен түрлі жағдайда түсіністік орнауында, коммуникация бойынша серіктестік қатынастың қалыптасуы. Білімнен құзыреттілік қағидасына негізделген жаңаша оқыту технологиясы оқыту технологиясы білімалушылардың танымдық қызметінің заңдылықтарына оқудағы құндылық бағдарға, яғни, болашақ маманның зерттеушілік, шығармашылық және рухани адамгершілік қызметтеріне негізделген технологияға айналуы тиіс. Коммуникативтік құзіреттіліктің міндеті:

        Ø ауызша және жазбаша қарым-қатынасын қалыптастыру;

        Ø сөйлеу дағдыларын дұрыс меңгерту;

        Ø жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылыған жүзеге асыру.

Құзыреттіліктер – адамның  белгілі бір салада беделге, танымға, тәжірибеге ие сұрақтар мен құбылыстар шеңбері. Коммуникативтік құзыреттілік төмендегідей компоненттерден тұрады:

  коммуникативтік тәртіп аймағындағы білімі (қажетті тілдерді білуі, педогогика және психология, конфликтология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі).

   коммуникативтілік және ұйымдастырушылық қабілеті (іскерлік қатынастарды нақты және жедел орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау және түсіну негізінде психологиялық әсер ету, қоршаған ортамен және оқшауланған адамдармен біріккен іс-әрекет кезінде белсенді әрекет жасау);

   эмпатияға қабілетті болу (түсіне білу іскерлігі, өзгені сезіне білу, т.б.).

   өзіндік бақылауға қабілеттілігі (көршісінің және өзінің мінез-құлқын реттеу алу іскерлігі, әңгімелесушіні моделдей алу, жағымды психологиялық климатты тудыру, субъектаралық қарым-қатынасты болжай алу);

   вербальды және вербальды емес қарым-қатынас мәдениеті (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, аргументация техникасын және келісім-шарттарды жүргізу, кәсіби педагогикалық әдеп ережелерін сақтау, ұғымдық категориялық ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру, вербальды емес құралдарды қолдану).

Коммуникативтік құзыреттілік бойынша сөйлесудің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгеру: ауызша және жазбаша тілде, сөзді таңдау тәсілдерін ұстану, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру және де тақырыпқа сай сөздерді қолдана білу талаптарын кешенді меңгеру.

Ғалымдар оқу үдерісінің технологияландырудың негізгі ұстанымдарын:

 заңдылығы (осы технологияның негізі болып табылатын белгілі бір ғылыми тұжырымдамаға сүйенуі);

 тұтастығы (технологияның сапасын анықтайтын педагогикалық құрылымдық бөліктерінің өзара байланыстылығы);

 басқарылымдығы (диагностикалық мақсат қою, оқу үдерісіне мониторинг жүргізу, қажетті түзету енгізу);

 тиімділігі (білім беру стандарттарымен сәйкестігі, мақсатқа жетудің мүмкіндігі, уақыттың және экономикалық шығындардың үнемделуі);

 өзгелердің де қолдануға мүмкіндігінің болуы [3] көрсетеді.

Оқытудың қызметі (функциясы) адами, технологиялық және ізгіліктілік. Оқытудың технологиялық қызметі – бұл «өмір сүру үшін база жасау»; еңбекте, кәсіби қызметте, қоғамдық өмірде, дағды қалыптастыру; адамдармен қарым-қатынас мәдениетін дамыту т.б. Кәсіби педагогикалық мәдениет аксиологиялық, технологиялық, эвристикалық және тұлғалық компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Кәсіби педагогикалық шеберлік педагогикалық қызметтің жоғары дәрежеде дамуы, педагогикалық технологияларды қолдана білуі, педагогтың адами тұлғасы, тәжірибесі, азаматтық және кәсіби көзқарасы арқылы анықталады. Педагогикалық шеберлік арнайы білім, дағды, әдет, өз қызметінде әртүрлі негізгі әдіс-тәсілдер, амалдарды меңгеруі арқылы қалыптасады.

Интерактивтік технологиялар оқытудың әдістері мен түрлерінің, бағдарламаларының интерактивті мүмкіндіктері кері байланысты іске асыра отырып, студенттің белсенділігін арттыруға, дәстүрлі оқыту жүйелерінің көбінде орындалмайтын диалог пен тұрақты көмекті де іске асыруға мүмкіндік береді. Демек, бір-бірімен бетпе-бет кездесусіз-ақ студент пен оқытушы арасында интерактивті қарым-қатынас орнату және пән бойынша білім мен дағдының белгілі бір мөлшерін өз бетінше игеру.

«Интерактивтік» термині ағылшынның өзара белсенділік мағынасындағы «interaction» сөзінен шыққан. Интерактивті дәріс педагог жетекшілігімен ұйымдастырылатын дәстүрлі оқыту тәсілі мен жекелей компьютерлік оқытудың ұтымды жақтарының үйлесімінен тұрады. Компьютер мұғалімнің белсенді көмекшісіне айналды. Ақпараттық–танымдық мазмұнмен қатар, интерактивті дәріс мазмұндау барысында компьютерлік слайдтарды қолдану арқасында эмоционалдық сипатқа ие.

Ойындық оқыту технологиясы белсенді оқыту технологияларының бірі. Ойындық оқыту әдісі имитациялық және имитациялық емес болып бөлінеді.

Имитациялық емес әдіске проблемалық лекция, дөңгелек үстел, лекция – конференция, алдын – ала жасалған конспект бойынша лекция, шолу лекциясы, коллоквиум, бағдарламалап оқыту, семинар, тақырыптық дискуссияға арналған көшпелі сабақ, топтық консультация, олимпиада жатады. Имитациялық әдіс ойындық және ойындық емес болып екіге бөлінеді.

Ойындық имитациялық әдіске тиімді шешім таңдаудың көп нұсқалылығы, «миға шабуыл», іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, жеке технологиялық үдерісті ойын арқылы жобалау, ал ойындық емес имитациялық әдіске ситуациялық шешімдер, жекелеген міндеттерді шешу, сабақтың қорытындысын шығару және оқытушының бағалауы, ұсынылған нұсқаларды талқылау, семинар өткізу, жеке тренажер жатады.

Ойынның міндеттері маман дайындау мазмұнын және мамандықтың сипаттамасын ескере отырып, ойын барысында маманнан талап етілетін кәсіби құзыреттілік белгілері байқалатындай  тұрғыда анықталады. Оларды орындау модельде көрсетілгендей маман ретіндегі білік, дағды және тұлғалық  сапалар қалыптастырады. Іскерлік ойын өткізілгеннен кейін оны міндетті түрде талдау қажет, себебі талдау кезінде оның барысында кездескен қиыншылықтар, қатысушылардың пікірлері, қорытындылардың пайдасы мол. Іскерлік ойындар шешім қабылдау техникасына үйретеді, теориялық білімді практикада қолдана білуге машықтандырады.

Оқытуда қолданылатын оқыту әдістері, технологиялар, сабақтың түрлері, білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың орындалысы т.б. мәселелердің көрініс беруі қадағаланады, студенттерде кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің қалыптасуына ықпалы тиетіндей етіп ұйымдастыруға назар аударылады. Болашақ мамандардың кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуының бір көрінісі практикалық сабақтарда оқытудың технологияларын қолдана білуі. Сондықтан оны меңгерту «Қазақ тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдану» тақырыбында типтік бағдарламаға негізделіп оқыту. Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындық, яғни, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды. Ал, құзыреттілік – білім алушының іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Болашақ маманның тұлғалық сапаларының кешенін дамытуға, білім беруден күтілетін нәтижелер. Қорыта келгенде коммуникативтік  құзыреттілік студенттерді бақылаудан өзіндік бақылауға, әлеуметтік дамытудан өзіндік дамуға, монологтан диалогқа, түсіндіруден түсінуге ауысудың негізін құрайын тұлғалық-бағдарлы педогогикалық технология шеңберінде білім беру парадигмасының өзгеруімен байланысты жүзеге асырылады.

 

Әдебиеттер тізімі

1        Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы. –Астана, 2007.–16 б.

2                    Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: Контекстный подход. –М., 1993. – 273 с.

3  Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория и практика: Монография. Усть-Каменогорск: ВК ИЦРО ХХІ век, 1997.  242с.