Жантугулов
Т.Ж., Болат Е.Б.
Қазақстан Республикасы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Астықты өте қатты өңдеу -экструдирлеу
үрдісі
Экструдирлеу әдісімен астықты өңдеу тәсілі
бұрыннан белгілі, алайда, өкінішке орай, біздің елде ол
көп қолданылмады. Экструдирленген азықтар замануаи мал
шаруашылығына енгізу үшін қажетті басымдықтарға
ие. Осы әдісті кеңірек
қарастырамыз.
Экструдирлеу негізінде үш үрдіс жатыр: азықтық құралды
қысыммен температуралық өңдеу; өнімнің
механика-химиялық формасын өзгертуі: соққылы разряд
аймағында өнімнің «жарылуы».
Жылулық өңдеуден кейін азықтық
құралдардың дәмдік сапасы жақсарады, себебі
әртүрлі хош иісті заттектер және т.б. түзіледі, және
азықтардың қорытылуында ферменттердің белсенділігі, ал
кейбір уыттардың бейтараптануы және олардың
продуценттерінің өлімі айтарлықтай өседі.
Астық нығыздаушы-экструдерде 40 атмосфералық
қысымға дейін және 200
градус С-ге дейін өңделеді. Бұдан кейін экструдерден
көлемдік салмағы 100-120 г/см3 және
ылғалдылығы 7-9%-ға жуық, 20-30 мм диаметрлі бұрау
(стренг) түрінде қопсығыш, кеуекті өнім шығады.
Термиялық өңдеумен қатар нәрлі
заттектерде терең қалыпты құрылымының
өзгеруі жүреді. Крахмал декстриндер мен қанттарға ыдырайды,
протеиндер денатурацияға ұшырайды.
Мұндай кешенді өңдеу нәтижесінде жағымды,
нанның дәмі мен иісі бар экструдант алынады. Оның
крахмалының декстризациялану деңгейі 55%-дан кем болмауы керек,
ылғал жұтқышты емес, бұзылу коэффициенті 4-тен кем
емес, сонымен қатар кристалдану (бөрту) деңгейі 35%-дан кем
болмауы керек.
Құрамына 20% экструдирленген бидай мен 20% экструдирленген бұршақ
кіретін құрама азықпен азықтандырудан кейін жақсы
нәтижелер алынды, сонымен бірге торайлардың-төлдердің
рационында жануар текті азықты 50%-ға дейін алмастыруға болады. Ғылыми
тәжірибелер негізінде үлкен жастағы бұзаулар үшін
қаймағы алынған сүт орнына қаймағы
алынбаған сүтті алмастырушыға экструдирленген
бұршақты 30%-ға дейін қолдану ұсынылды.
Жоғарыда айтылғандардан түсінгеніміздей, мұндай бірегей
өңдеу кезінде астықтың нәрлі
құңдылығы шын мәнінде екі еселенеді. Бұдан
басқа, экструдациялау үрдісіне өңдеуден өтуші
өнімнің ылғалдылығы мен басқа
дақылдардың тұқымдарымен және арамшөптердің
тұқымдарымен ластануы сияқты факторлар әсер етпейді
–бәрі өз орнында. Басқаша айтқанда, кептіру мен іріктеу
үрдісін кеміте отырып, мал үшін керемет азық
шығарылады. Экструдирлеу кезінде шикізатқа қойылатын
жалғыз талап астықта құм, тастардың, сабандар мен
басқа механикалық қалдықтардың болмауы. Тіпті
аммиактың иісі бар, жатып қалған ылғал астықты
өңдеу астық қоспасын ғажайып азыққа
айналдырды. Экструдирлеу кезінде «өлі қалдықтар» деп
аталатын, ондаған жылдар бойы қырманға
жинақталған –қарақұмық
қабығынан, қой мен шошқаларға арналған
азық алынды.
Қазір жануарларды қорғасын қабықшадағы
кәмпиттермен азықтандырумен салыстыруға болатын жағдай
өтіп жатыр –түгелге жуық энергия «орауышты»
қорытуға кететіндіктен жануарлар тек жартысын қорытып
үлгереді.
Нәтижесінде, біз жануарлардың болмашы қосылған
салмағы мен сауынын ала отырып, тіршілік әрекетін жалғастырамыз.
Астықты және астық қалдықтарын жаңаша
өңдеуде асқазан жұмысының жартысы экструдермен
орындалады және және сол себепті азықтың энергиясы
тұтасымен жануардың ағзасының құрылысына
кетеді.
Әлбетте жоғарыда айтылғандардан көріп
отырғанымыздай, экструдирленген азық
жануарлардың төлдерін: шошқаларды, жылқыларды, ірі
қара малды, үй қояндарын және т.б. бордақылауда
таптырмайды. Тәжірибе жасаушы мал дәрігерлері мен зоотекхниктерге,
төлдердің өлімінің 90%-ы ішек-қарын
ауруларынан,не ас қорыту жүйесі арқылы енгізілген
инфекциялардан болатыны құпия емес. Жануарлар жас кездерінде осы жерде ең аз
қорғалған. Экструдирленген азықты бірнеше қайтара
зерттеу кезінде –азықтың кәдімгі қоймалық
жағдайда 3-4 ай сақталғаннан кейінде шын мәнінде
зарарсыз екеніне көзіміз жетті.
Төлдерді экструданттармен (стренгалармен) азықтандыруда
жануарлардың ішекті асқазан ауруларынан өлуі 1,5-2 есеге
төмендейді. Бірақ ары
қарай қатқыл азыққа көшкенде ішекті
бұзылулардан азап шекпеген жас жануар өсуде өзінің тетелестерін айтарлықтай басып озады.
Құрама азықтың 12 -14% ылғалдылығында
дәрумендердің табиғи ыдырауы стренгке (7-9%)
қарағанда, айтарлықтай қарқынды жүреді.
Экструдирлеу кезінде жоғары температуралардың әсері 10-12 сек.
ұзақтық бойынша өтеді, бұл уақыт мезгілінде
дәрумендер бұзылуға ұшырамайды. Бұдан
басқа, экструдант жақсы
сіңіргіштік қасиетке ие, сондықтан ол асқазанды-ішек
бұзылуларында профилактикалық құрал бола алады.
Біріншіден, экструдант құрама азыққа
қарағанда салмағы бойынша екі есе кем қажет. Екіншіден,
азықты булау қажет емес, жай ғана салқын су
құйса жеткілікті. Ал, үшіншіден –стренгтермен
азықтандырудан кейін жапалары, онда дәнді дақылдардың
қоқымы мен арам шөптердің тұқымы
болмағандықтан, бірден шын мәнінде керемет органикалық
тыңайтқыш болып табылады.
Бұршақты дақылдар (бұршақ,
сиыржоңышқа, нұт, соя және т.б.)
ақуыздарға, аминқышқылдарға және
дәрумендерге бай. Экструдирлеуден кейін бұршақтардың
сіңімділігі 10 есеге артады және оларды азықтандыру рационына
80%-ға дейін енгізуге болады.
Ауыл шаруашылығының өндірушілеріне арналған
экструдирлеу бойынша қоңдырғы мәселердің біразын
шешеді.
Мұндай әдісте еңбекті көп қажет ету және
қымбат тұратын амалдардың қажеттілігі болмайды.