Курманова Дана Султанхановна

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДАҒЫ ШЕТЕЛ ТӘЖІРБИЕСІ

 

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды.

Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікті қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді.

АҚШ – ғы шағын бизнес.

Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп. Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.

АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.

Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік.  Экономиканы жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 %  қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. Шағын бизнес әкімшілігі өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі.

 Шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың     бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.

Ұлыбританиядағы шағын бизнес.

Ұлыбритания тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.

Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды.  Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.

Франциядағы шағын бизнес.

Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар.  Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.

Израильдегі шағын бизнес.

Технопарктердің қызмет ету қағидалары бойынша технологиялық «жылы жайларды» құру және дамыту. Технологиялық «жылы жай» тәуелсіз заңды тұлғаны, фирма немесе ассоцияцияны білдіреді. Ол қажетті инфрақұрылымы, ғылыми – зерттеулер құралдары, жұмыс жасау орындары бар кішкентай ұжымдар біріктіреді. Оның қызметі жарғы немесе қоғамдық комитетпен реттеледі. Технологиялық «жылы жайлар» жаңадан құрылған фирмаларды қолдайды. Кейде өнім өткізу кезеңіне дейін жеткізеді. Ғылыми зерттеулерді сонымен бірге өнеркәсіпте дайын өнім өндіруді қаржыландыратын ғылыми зерттеу ұйымдары мен қорларын құру. Көптеген Израилдік банктерге шағын бизнеске қолдау көрсететін арнайы бөлімшелер бар. Олар банкілік жеңілдіктер, маркетингтік жеңілдіктер, менеджерлік, консалтингтік қызметтер көрсетеді, кәсіпорындардың бизнес жоспарларын дамыту жобаларын қарастырады және бағалайды.

Жалпы Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, компаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе инновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:

·     бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;

·     құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.);

·     бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар.

Қазір бүкіл әлемде бизнес – инкубаторлар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды әдісі болды.

Байқап отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер тәжірибесі кәсіпкерлерге жағдай жасауда үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын бизнесті қолдау және дамытудың тиімді саясатын жүргізеді.

Олардың басшылыққа алған негізгі қағидалары келесілер:

1.Құқықтық және әкімшілік құрылымдарға негізделген нарықтық экономикалық саясат.

2.Жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерді оқыту жобалары.

3.Кіші жаңа кәсіпорындар үшін капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

Қазір шағын және орта бизнес экономиканың қозғаушы күші болып табылады. Шағын бизнес қазіргі қоғам назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Осылайша, шағын және орта бизнестің болашағы өте жарқын, бастысы – оны басқара білу.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.       Власова В.М. Основы предпринимательской деятельности. Москва 2009 г.

2.       Р.Қ.Елшібаев кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру. Оқу құралы.–Алматы.– 2009 г.

3.       Предпринимательство: учебник./В.Я.Горфинкель, В.Б. Поляк, В.А. Швандар, М:ЮНИТИ-ДАНА, 2009 г.

4.       Сейдахметов А.С., Елшибекова К.Ж. Предпринимательство: Учебное пособие. Алматы: Экономика 2010 г.

5.       Токсанова А.Н. Основы предпринимательской деятельности. Астана: 2010 г.

6.       Токсанова А.Н. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход с позиций менеджмента. – Алматы: Ғылым 2010 г.