Абжанова А.Е. – қаржы магистрі, аға оқытушы
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Жергілікті бюджетті қалыптастыру мәселелері
мен оларды шешу жолдары
Қазіргі экономикалық ғылым мен
тәжірибе аймақтық даму мәселелерінің
жаңадан шешімін іздестіру мен ойластыру қажеттілігі алдында
тұр. Көптеген мемлекеттерде соңғы жылдары
экономикалық және әлеуметтік үдерістерді
аймақтандыру байқалады. Көптеген жағдайларда осы үдерістерді
реттеу қызметтері мемлекеттік биліктің орталық
деңгейінен жергілікті деңгейіне өтеді. Сондықтан
жергілікті қаржының рөлі күшейеді, ал оларды
қолдану сферасы ұлғаяды. Аймақтың барлық
даму тарихы орталықтандыру және орталықтандырмау
кезектілігімен сипатталады
Қазақстаннның экономикасында
құрылған жаңа шаруашылық жағдайы келесідегідей
жаңа мәселелерді зерттеп, қарастыруды талап етеді, мысалы,
еліміздің барлық аймағының дамуы, қазіргі
заңдылық базалары, отандық өндірушілерді
қолдауға протекционизмнің мемлекеттік саясатының
бағыты және т.б. Осы аталған мәселелердің
барлығы терең, ал аймақтық деңгейде –
бүгінгі күн үшін жеке зерттеуді талап етеді.
Аймақтық саясаттың әдістемелік қатынасында
мемлекеттің экономикалық қызметін есептеуге болады. Күрделі
әлеуметтік – экономикалық жүйе бола отырып, әр
аймақ көпмақсатты даму бағытына ие болады.
Аймақтың дамуының есебі мен
стратегиясын өңдеу мен құрылуы келешекте
аймақтың даму есебі мен мақсатына жетуі, әлеуметтік – экономикалық
мәселелерді шешу жолында көзқарасының жиынтығы – аймақтық
дамудың шоғырлану негізінде жүзеге асырылады.
Аймақтың даму мақсаты сыртқы ортаның факторлары
мен жағдайы есебінде анықталады [1].
Қазақстанның Бюджеттік
заңдылықтарына сәйкес бюджеттің екі деңгейі
болады, өз бетінше - республикалық бюджет және жергілікті
бюджет. Жергілікті бюджет – облыстық бюджеттері Астана және Алматы
қалалары, өз кезегінде аудан және облыс мәніндегі
қалалар бюджеттерін бекітеді [2].
Көлденең және тігінен теңестіру үдерісінде
түсімдермен қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттің
шығыс уәкілеттілігі, оның ішінде халықты
әлеуметтік қызметімен қамтамасыз етуімен байланысты және
республикалық бюджетке олардың кірісін аяқталмаған
бөлігін алу, тек нақты уақытқа жасырады немесе
мәселені жабады, бірақ оларды шешпейді. Аймақтың бюджет жүйесіндегі
бюджетаралық қатынастар жергілікті мемлекеттік басқарудың
әр деңгейінің арасындағы өзара қарым -қатынасты
реттеу арқылы айқындалады: бір жағынан, облыстық бюджет
аралығында, екінші жағынын- аудан және қалалар бюджеті
аралығында. Осы деңгейдегі бюджетаралық
қатынастардың арнайы артықшылығы, қаржылық
қаражаттың қозғалысы мемлекеттік қаржы сферасында
өтпейді, тек жергілікті қаржының ерекшеленген нысаны
жөнінде сөз қозғайды. Бюджетаралық
қатынастардың ішкіаймақтық жүйесі еліміздегі
басқару және биліктің барлық деңгейіндегі
қаржылық бюджеттік ресурстардың түпкілікті
қалыптасатын бюджеттік үдерістің кезеңін білдіреді [3].
Қазақстанның бюджет
жүйесінің ең бір негізгі қағидаты бюджеттің
дербестік қағидаты болып табылады, өз бетінше бюджеттік
үдерісті жүзеге асырудағы мемлекеттік басқарудың
барлық деңгейіндегі құқығын реттейді.
Осылайша, нақты мемлекеттік басқару деңгейіне Бюджеттік
кодекспен сәйкес келетін бюджет деңгейі орнатылған: республикалық
бюджет, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері, облыстық,
облыс көлеміндегі қала бюджеті және ең соңында
аудандық бюджет.
Аталынған бюджеттік жүйенің қағидаттарына
сәйкес, біздің елімізде бюджеттің барлық деңгейі
өз бетінше қарастырылады, уәкілетті органдарға,
әкімияттарға, маслихаттарға, ал республикалық
деңгейде- Үкімет және Парламентке сәйкес орындалады
және бекітіледі. Әдетте жергілікті бюджет дербестігінің шегін
реттейтін шамаларды тәжірибеде қолданылуымен пайдалану қатаң
шектелген [4].
Мемлекеттік реттеу шегіндегі бюджетаралық
қатынастардың негізгі мақсаты бюджеттің барлық
деңгейіндегі бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру
және Қазақстанның барлық территориясында орындаушы
биліктің біркелкі мемлекеттік қызмет деңгейін беру болып
табылады.
Осы мақсатқа жету бюджет деңгейлері
аралығында кіріс және шығысты бөлу, мемлекет
мүддесіне жеке алынған аудан немесе облыс мүддесін бағындыруға
негізделген орталықтандыру арқылы мүмкін болады. Осындай
бюджетаралық қатынастарды реттеу тетігі болады: республикалық
және жергілікті бюджеттерге тіркелетін кіріс түрлері, сондай-ақ
мемлекеттік қызметтің барлық бағыты бойынша
жүзеге асырылатын шығыстар заңдылықпен
анықталған. Осылайша, шығыстарды тапсыру немесе
бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне түсімдер түрлері
бюджеттік заңдылықтарға қосымша өзгертулер мен
түзетулер енгізген жағдайда мүмкін болады және
облыстық (аудандық) маслихат тексерілген территорияда
бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің сапалы
өзгерісі жөніндегі сұрақтарын дербес шешуге
уәкілетті емес. Одан әрі. Егер салықтық және салықтық емес
түсімдер бойынша, сонымен бірге мемлекеттік реттеудің негізгі
капиталын сатудан түсімдер нақты сомасы көрсетілмеген
тізімдерді орнатумен шектелсе, онда бюджеттік субвенция мен алымының
көлемі үшжылдық мерзімге абсолюттік белгіде орнатылады. Ол
үшін республикалық және облыстық бюджеттер
арасындағы трансферттер көлемі заңмен, ал облыс және
аудан аралығында- облыстық маслихат шешімімен бекітіледі. Облыстың
аудандарына трансферттер көлемін жеткізу, облыста орнатылған жалпы
трансферттер көлеміне тікелей байланыста болуында. Толық
анықтама алуда атап өткен жөн, есептеу
әдістемесінің, салық салынатын базаның салықтар
мен жинағының тізімінің бар болуы абсолютті сомада олар
үшін болжамдау көрсеткіштерін анықтауға
мүмкіншілік береді. Бюджетаралық қатынастарының келесі
кезеңіне - төменгі бюджет іс - әрекетінің нақты
шектелуін бекітетін, мемлекеттік басқарудың әр түрлі
деңгейіндегі бюджетіне сәйкес келетін бекіту мен қарастыру
мерзіміне назар аударған қажет. Республикалық бюджет жобасы 15
тамыздан кешіктірілмей Үкіметке қарастырылуға
ұсынылады; Үкімет, өз кезегінде -15 қыркүйектен
кешіктірілмей; облыстық бюджет жобасы облыстық
әкімиятқа - 1қазаннан кешіктірілмей; облыстық
әкімият областық маслихатқа - 15 қазаннан кешіктірілмей;
аудандық бюджет жобасы аудандық әкімиятқа - 15 қазаннан
кешіктірілмей; аудандық әкімият маслихатқа - 1қарашадан
кешіктірілмей. Аудандық бюджет облыстық бюджет бекіткеннен кейін
екі аптадан кешіктірмей аудандық маслихатпен - соңғысы
республикалық бюджет бекіткеннен кейін екі аптадан кешіктірмей
бекітіледі.
Бекітілген республикалық бюджеттің бар болуы
кезінде, облыстық немесе аудандық бюджеттің бекітілмеуі
техникалық себептері болған жағдайда да мүмкін емес,
осындай жағдайда бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті
орган және оның территориялық бөлімшелері бюджеттер
деңгейі аралығында түсімдер мен шығыстар сомасын
бөлуді жүзеге асыруға, жергілікті бюджеттердің
орындалуына қызмет етуге және уақтылы республикалық
бюджетті орындауға мүмкіншілігі болмайды [4].
Осылайша қорытынды жасасақ, облыстық
бюджет республикалық бюджет көрсеткіштеріне, сонымен бірге
Парламент және Үкіметпен бекітілетін нормативтік
құқықтық актілер ережесімен нормасына байланысты
болады. Жергілікті бюджетті басқару органдарының міндеті,
әдетте құқығы бөлінген бюджеттік
қаражатты мақсатты пайдалану мен тиімділігі арқылы
мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуін және бюджет
кірісіне орнатылған көлемдегі түсімдерді қамтамасыз
етуден аяқталады.
Түбегейлі тәжірибе көрсеткендей,
бюджетті бекіту, өңдеу және қарастыру осы үлгі
бойынша жүзеге асырылады, өтпелі экономика жағдайында
мемлекеттік қызметке қоғам қажеттілігін
қанағаттандырудағы басқалай тетігі, еліміздің
жетекшілігімен белгіленген есебімен республика және аймақтарда
әлеуметтік -экономикалық даму басымдылықтары
болмайды. Осыған ұқсас мемлекеттік органдардың бар болуына
мысал ретінде дәйектер келтіруге болады, республикалық және
жергілікті бюджеттердің орындалуын облыстық және
аудандық территориялық бөлімшелерімен бюджетті орындау
бойынша орталық уәкілетті орган жүзеге асырады [4].
Ұсынылатын әкімшіліктің қайта
құрылуы іс - ірекеттегі заңдылықтарға
өзгерістер енгізуді талап еткенмен де, бюджетаралық
қатынастарды реттеу облысындағы мемлекеттік басқару
тиімділігін арттыруға әкеледі, ең бастысы еліміздің
Конституциясына сәйкес келетін болады, Қазақстан унитарлық
мемлекет, ал облыс және аудандар мемлекеттің дербес субьектісі
болмаса да, әкімшілік территориялық бірлігі статусына ие болады.
Әдебиеттер:
1
Закон
РК «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике
Казахстан» от 10.01.2006г., с изменениями, от 09.02.2009г.
2
Бюджетный
кодекс РК (с изм. и доп. по состоянию на 29.01.2013 г.) статья 49 [Электронный
ресурс] // URL: http://www.
zakon.kz
3
Шамшаева
3.М. Планирование и расходование бюджетных средств с учетом индикативных
показателей // Альпари, 2011. - №2-3. - С.82-86
4
Плясунова
О. Анализ динамики субвенций и изъятий местных бюджетов Республики Казахстан //
Банки Казахстана, 2013. - №1. – С. 21-25