Казахстан
, Алматы қ.
Т. Рысқұлов
атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
доцент
Примбетова Ерсинай Умиралиевна
АДАМ
КАПИТАЛЫН ИНВЕСТИЦИЯЛАУ
Еліміздің егемендік
алып,жаңа белеске көтерілуі көптеген міндеттерді алға
тартты.Оның бірі-
инновациялық өнімдерді ұсына алатын инттелектуалды капитал- ұлттық маман дайындау мәселесі. Адам капиталын
инвестициялау болашақтың экономикасын сомдап,Қазақстанның
бәсекелестік ортада өзіне тиесілі орынға ие болуына
ықпалын тигізері белгілі.
Капитал дегеніміз – ақша,
жер, активтегі мүліктер, ал адам капиталы дегеніміз – оның
өмір сүру сапасының көрсеткіші болып табылатын білімі,
біліктілігі, ден-саулығы, еңбек қабілеті. Инттелектуалды
капиталдың қалыптасуы жеке адамның санасына оның
қабілетіне, қоршаған ортасына,тіпті сыртқы факторды
ескерер болсақ, мемлекет тарапынан өз азаматтарына жасалатын
қамқорлықпенде байланысып жатыр.Өйткені,
ұлттық маман дайындау мемлекеттік іс-шараның басты
мақсаттарының бірі. Маман өзінің зор
ден-саулығының арқасында білімі мен біліктілігі, кәсіби
шеберлігі арқылы қоғамға қызмет етерлік жағдайға
жетуі тиіс. Алғаш рет адам капиталын ХХ ғасырдың екінші
жартысында американ ғалымы Теодор Шульц өз еңбектерінде
қолданды.
Ал,К.Макконел және С.Брю
адам капиталына салынатын инвестициялардың мынадай түрлерін
белгіледі:
1 Білім беруге кететін
шығындар.
2 Денсаулық
сақтауға кететін шығындар.
3 Икемділікке кететін
шығындар.
Білімге кететін шығындар
балалық шақтан басталады оның өзін бірнеше
кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. Өйткені, біліктілігін арттырғысы
келген адам үнемі ізденіс үстінде. Ізденісі арқылы
өзінің рухани капиталын
қалыптастырады,дамытады,қызметінде немесе қоршаған ортада
тиімді пайдалану арқылы өзінің қоғамдағы
орнын айқындауға мүмкіндік туғызады.
Денсаулық
сақтауға кететін шығындарға арнайы медициналық
бөлімшелердің ашылуы, денсаулық сақтау
ұйымдарының жұмысы мен тамақ т.б. өндірістегі
тазалықты қамтамасыз ететін шығындар жатады.
Икемділікке кететін
шығындар деп, яғни жұмысшы шағын кәсіпорыннан,
үлкен кәсіпорынға ауысқан кездегі оның сол
жұмыс орнына тез бейімделіп, жұмысты одан әрі алып кетуіне жұмсалған
шығын. Көрсетілген шығындардың ішіндегі
ең маңыздысы – білім беруге кететін шығындар. Ол туралы
Кембридж университетінің профессоры, экономист Л.Туроу өз пікірін
былай келтірген еді: «Білім беруге салынатын инвестиция бұл
инвестицияның өзгеше түрі». Бұдан білімге салынатын
инвестиция адам капиталының қайнар көзі екендігін
көреміз.
Қазақстанның
қазіргі әлемге танылуы адам капиталының сапасына,
азаматтарының білімділік деңгейіне және ғылым мен
техниканы өнеркәсіпте пайдалану дәрежесімен
айқындалады. Технологияның дамуы мемлекеттің
бәсекелестіктегі орнын белгілейді.Бүгінгі таңда
алдыңғы қатарлы мемлекеттер
постиндустриялдық
қоғамға аяқ басты, оны шешудің
бағыттары айқындалды, оның ішінде білім мен ғылым және қызмет
көрсету саласының маңызы артты. Адам капиталын дамыту
елдің тұтастай әлеуметтік-эконокмикалық дамуын және
жарқын болашағын қамтамасыз ететін басты көрсеткіш.
Уақыт талабына сай
әлемдік экономиканың жаһандануы мен өндірістік
қатынастардың ақпараттануы – адамның ішкі
қабілетіне: оның біліміне, творчествалық жігеріне,
ден-саулығына, жалпы мәдениеті мен бойына сіңірген
құндылықтық принциптеріне баса назар аударуды талап
етіп отыр.
«Елдің орнықты дамуын
қамтамасыз ететін Адам капиталын дамыту институты енді біздің
елімізде де кеш болса да ашылып отыр. ...Жалпы институт
тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ашылуы керек еді.
Әлемде дамыған елдердің шикізаттың қоры болып
қалмай, озық елдердің қатарында болу үшін
мемлекет табиғат байлықтары емес, адам капиталына арқа
сүйеуі керек» - дейді академик Н. Надиров. Академик Н.Надировтың
айтуынша, адам капиталына арқа сүйеп, экономикасы қарыштап
дамып келе жатқан Израиль,
Жапония сияқты елдердің тәжірибесі үлгі бола алады.
Бүгінгі таңда білім,
ден-саулық саласындағы елімізде қабылданған
реформалардың жиілеуі өмір талабы. ХХІ ғасырдың басынан
бастап Қазақстанда да басқа мемлекеттердегідей саяси
және әлеуметтік бағыттардың жаңа
түрлерінің қалыптасуы білім сапасын жетілдірудің
қажет екенін алға тартты.
Жыл сайынғы Ел
басының Жолдауында ең бастысы – халықтың өмір
сүру сапасы, оның ішінде Қазақстан Республикасы
азаматының өмірі деп көрсетілсе, оның ішінде
«Қазақстан - 2050» Стратегиясында «Білім және кәсіби
машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен
қайта даярлаудың негізгі бағдарында: «Бәсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы
жоғары елге айналуымыз керек» екендігін атап кетті. Сонымен
қатар, «Стартегия - 2030»
қабылданғаннан бері 15 жылдан астам уақыт ішінде
ден-саулық және білім саласындағы
атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе,
соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар
саны 182%-ға ұлғайғандығы, 1993 жылы біз
«Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылданып, соның
арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы
университеттерінде озық білім алғандылығы аталып өтті.
Демек,елімізде қазіргі таңдағы нарықтық
ортаның талабына сәйкес білікті мамандарды дайындауға ат
салысарлық қомақты іс-шаралар атқарылды.Әрине
бұл тұста әлемдік бәсеселестік жағдайды
есепке алар болсақ,
Қазастандағы барлық жоғарғы орындарының
алдында үлкен міндеттер тұр. Қоғамдық даму
жоғарғы оқу орындарының бітірушілердің санына емес,
сапасына мән беруін басты назарда ұстауды талап
етеді.Өйткені,өндірістің барлық саласын дамытушы маман,
оның біліктілік дәрежесі.Адам капиталын инвестициялауда білімге
көп көңіл бөлу қажеттілігі осында. Бұдан
«Білім-ғылым-инновация» сабақтастығы өзінен –өзі
туындайды,олар өзара тығыз байланысты.
Мемлекетімізді дамытуға
арналған кез-келген саладағы жүзеге асыруға
ұсынылғалы жатқан реформаларды ғылыми негіздеу тиімді
нәтижелерге жеткізері сөзсіз.Ғылымды басшылыққа алу
арқылы тарихымызда орын алған солақай қателіктерді
болдырмауда халықты –адамды қорғаудың бір жолы.
Қазақстан
тәуелсіздігі қоғамға үлкен серпіліс әкелді,
жүріп жатқан жаһандану нәтижесінде әлемдік
ақпарат еркіндігіне қол жетіп, интеллектуалдылықты арттыруға
мүмкіндіктер көбейді. Қазақстан жастарына жеке
тұлға ретінде қалыптасып, жоғары мәдени
деңгейге жетуге , жан-жақты білім алуға, дамуға
кеңінен жағдайлар жасалуда. Ұлт болашағы өз
арасынан шыққан өнегелі азаматтарының қабілетіне,
біліктілігіне, санасына байланысты. Қазіргі таңда білгісі келіп
ұмтылыс жасаған азаматтарға кітапханалар, баспадан шыққан
әдебиеттер, журналдар мен газеттерді былай қойғанда
электрондық оқулықтар, әдеби шығармалардың
өзі жеткілікті. Сонымен
қатар ғаламтордағы материалдарды іріктеп, дұрысы мен
бұрысын ажыратып оқи алғанның өзі біліктілікті
көтеруге үлкен мүмкіндіктер жасайды.Оны баса айтып
отырған себебіміз, Қазақстан экономикасының
бүгінімен ертеңін шешетін инттелектуалды капитал.
Білім саласын ұтымды
жетілдіру мемлекетті нығайтуға тетік бола отырып, адам капиталы мен
экономикалық өсімге жол ашатынына көз жетерлік уақыт
өтті.Қазақстанның бұл саладағы
жетістігінің бір көрінісі ретінде «Болашақ»
бағдарламасын алуымызға болады, сонымен қатар еліміз
халықаралық маңызды іс-шараларға да қатысушы
елдер қатарында. Оның
дәлелі жоғарғы оқу орындарына нақты тиесілі Болон
келісім шарты.
2005-2010 жж. білімді дамыту
Мемлекеттік бағдарламасы негізінде жаңа жүйелеу іс-шаралары
жүзеге асырылды. Басқару деңгейінде
құрылымдық өзгерістер енгізілді. Бұл шаралар
Юнеско-97 халықаралық стандартына сәйкестендірілді.
Мектептерді 12-жылдық білімге көшіру шарасы сын-тәжірибеден
өткізілуде. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасындағы білім берудің 2010 жылға дейінгі дамуының
мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және әлемдік
тәжірибеге сүйене отырып, жоғары оқу орындарында
үш сатылы білім беру жүйесін қалыптастыру жүзеге
асырылуда. Ол бакалавриат-магистратура-докторантура. Қазақстанда
бакалавриат жүйесіне көшу негізінен толық аяқталды. Оған қажетті
нормативтік-құқықтық құжаттар,
жаңа бейіндер, оқу стандарттары, бағдарламалары жоғары
оқу орындарында жүзеге асырылып жатыр. Жоғары оқу
орындарында 4 жылдық бакалавриаттан кейін 2 жылдық магистрлік
бағдарламасын жүзеге асыру көзделді. Ал, 2005 жылдан бастап,
тұңғыш рет доктор (Ph.D) дайындау бағдарламасы енгізілді.
Соңғы
мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақстан
халқының сауаттылығы 95%-дан асыпты. Әрине,
осыған орай өзінен-өзі туындайтын міндет – ендігі жерде білім
сапасына көңіл бөлу. Білім саласында адам капиталын
инвестициялауды жақсарту арқылы екі мәселені шешуге
мүмкіндік туады, біріншісі, отандық кәсіпорындарды
жетілдіруге қол жеткізу болса, екіншісі, жұмыс күшінің
тапшылығын жою. Адам сапасының басты көрсеткіші оның
білімі мен біліктілігінде екеніне көз жеткізген сияқтымыз. Осы
тұрғыда оқытушының орны ерекше, оның басты екі
міндеті өзінен-өзі айқын. Біріншісі, білім беру, екіншісі,
өз бетінше өмір сүре алатын индивид тәрбиелеу.
Дүниежүзіндегі
мемлекеттер өзара бәсекелестік қабілетін нығайту
мақсатында адам капиталын дамытуға аса назар аударулары да
заңды процесс. мысалы, АҚШ-тың адам капиталына бөлген
қаржысының жалпы мөлшері ішкі жалпы өнімнің 26%
құрайды екен, бұның өзінде де АҚШ-тың
ғылыми-техникалық инвестицияда әлемдік деңгейде алда
тұруына жағдай жасай алмайтын көрінеді. Ал енді,
әлемдегі халқының саны бойынша бірінші орында келе
жатқан Қытайдың бұл тұрғыдағы
жағдайына ден қояр болсақ, 2020 жылы қоғам
мүшелерінің тұрмыстық деңгейін орташа
ауқатты деңгейге көтеруді межелейді. 2050 жылы
алдыңғы қатарлы мемлекеттер дәрежесіне жетуді
мақсат ететіндігін біз баспасөз беттерінен көріп отырмыз.
Әрине, бұл мысалдар арқылы біз неге Қазақстан
АҚШ немесе Қытай деңгейінде емес деген ойдан аулақпыз.
Біздің еліміздің тәуелсіз, дербес мемлекет болғанына
ғасырдың бір ширегі де болған жоқ. Сонда
қоғамның тұрақты дамуы үшін адам
капиталының көлемі қанша пайызды құрауы керек
деген сұрақ кімді болсада ойландырары
анық.Статистикалық мәліметтерге сүенетін болсақ, соңғы деректер бойынша Ресейде
адам капиталы - 11%, Қазақстанда – 8-10%, ал дамыған елдерде
адам капиталы - 64% құрайды. Аналитиктердің пікірінше,
қоғамның тұрақты дамуы үшін адам
капиталының рөлі 60% жоғары болуы тиіс екен. Бұдан
шығатын қорытынды, бұл тұрғыда біздің
еліміздің алдында қыруар міндеттер тұр.
Жоғарыда атап
кеткеніміздей, адам капиталын инвестициялауда, оның ішінде білім саласын
реформалауда Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым минисрлігілігінің басқаруымен біршама жұмыстар атқарылды:
-
Техникалық жоғары оқу орындарына мемлекеттік гранттар
көбейді;
-
Үлгерімі жақсы студенттерге «қос дипломдық» білім
беру бағдарламаға қатысу құқығы
берілді. Оны алыс кетпей-ақ, өзіміздің Т.Рысқұлов
атындағы ҚазЭУ студенттері арасынан Оңтүстік Кореяның
Каннам т.б. әлемдік деңгейде таныла алған университеттерде
білім алып жатқандығынан да көреміз.
-
Оқыту әдістеріне инновациялардың енгізілуі,
техникамен қамтамасыз етілу; (кез
келген пән бойынша дәрістерді презентациялау мүмкіндігі
т.б.);
-
Басы артық, стандартқа сай келмейтін оқу
орындарының жабылуы қолға алынды. Дегенмен, әлде де
шешімін таппай келе жатқан мәселелер де жеткілікті;
-
Жоғары оқу орындарын бітірушілердің санының
мемлекеттік тапсырыстан асып кетуі. Соның нәтижесінде «қажет
емес» мамандар көбейді де, олар күн көріс үшін
қолы жеткен қызметті немесе жұмысты атқарып кете беруге
мәжбүр болуда. Осыдан оның кәсіби деңгейі
төмендейді. Егер де ол грантпен бітірген маман болса, мемлекеттің
қаржысының қайтарымын одан алу қиын, оны өтей
алмайды.
-
Білімнің, біліктіліктің көзі бір-бірімен сабақтасып
жатқан бала-бақша → мектеп → ЖОО. Міне, сондықтан
бір-бірімен тығыз байланысып жатқан осы үш білім
жүйесіндегі оқу бағдарламасы жетік дайындалуы қажет,
бұл салаларда қызмет атқарушы педагог мамандардың
біліктілігі жоғары болуы тиіс.
-
Шет мемлекеттерде білім алған мамандарды қызметке алып, оларды
тиімді пайдалану мәселесі толық шешілуі тиіс. Өйткені, олар
алдыңғы қатарлы технологиядан хабардар.
Жалпы білім саласын одан
ары жетілдіру мақсатындағы ұсыныстар:
-
Жоғары оқу орындарының мемлекеттік және жеке
кәсіпкерлерге қажетті тапсырысты орындауда білім және ғылым
министрлігі тарапынан қатаң есеп жүргізілуі тиіс. Осы
жағдайда ғана дипломы бар жұмыссыздар санын болдырмау
мүмкіндігі туады;
-
Мектеп ұстаздарын, ЖОО-дағы ПОҚ құрамын
жаңа форматқа лайықтап курстардан өткізу;
-
Олардың қызмет орындарындағы моральдік климатын жақсарту;
-
Материалдық стимул түрлерін көбейту;
-
Адам капиталын инвестициялауға тек мемлекет тарапынан емес, жеке
кәсіпкерлердің де атсалысатын уақыты жеткен сияқты.
Елді мекендерден спорт, қолөнер мектептерін, мектеп интернаттарын
ашып, өз арамыздан ұлттық намысы бар спортшыларды, бес
саусағынан бал тамған шеберлерді дайындауды ұйымдастыру;
Бұл арқылы еліміздің шетел спортшыларына тәуелділік
мәселесін шешуге болар еді. Қолөнерді жетілдіру арқылы
жастарды ұлттық дәстүрге,ел тарихына бет
бұрғызу,Отан сүйгіштік - патриотизммен ұштастыруды
жүзеге асыру өзінен – өзі іске асар еді.
-
Орта буынды оқу орындарын кәсіптік-техникалық
маңыздағы колледждердің деңгейін көтеру;
Бұл іс-шаралар арқылы шетелден келетін жұмысшылардың
санын қысқартуға болады. Мысалы, Түркиядан келетін
құрылыс мамандары т.б. сияқты.
Адам
капиталын инвестициялау – әрбір
Қазақстан азаматының ұзақ өмірін,
бақытын, оның өсуімен, өркендеуіне, баюына
мүмкіндіктер жасаумен өлшенеді. Ол үшін біздің елімізде
зор мүмкіндіктер бар.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазіргі Қазақстан
тарихы.Хрестоматия. «Раритет»,- 2010.-53б.
2. Гусинский Э.Н.,Турчанинова Ю.И.Введение в
философию образования:Учеб.пособие./Э.Н.Гусинский,Ю.И.Турчанинова,-М.:Логос,-2000.-354б.
3. Нарбекова
Г.А. Образование, как составляющая развития человеческого
потенциала//Евразийское сообщество- 2012.- №1(77).-5б.
4. www.inform.kz /rus
5. «Қазақстан
-2050 »Стратегиясы –қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты//Алматы
ақшамы(Ақшамның арнаулы
қосымшасы) 15.ХII.2012.-
№151-152(4713).
6. www.ipd.kz >Аналитика>