Калдарова М.С.
ғылыми
жетекшісі
Ауқымды
есептеу желісі
Аннотация: Бұл
мақалада Ауқымды есептеу желілерінде желінің түйіні ретінде қарастырылатын
жергілікті есептеу желілері, жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын
арналар, байланыс арналарына қатынас құруға
мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар қарастырылады.
Кілтті
сөздер: РАN (Personal Area Network) -байланыстың
қарапайым түрі; Ауқымды есептеу желісі (Глобальная
вычислительная сеть) , электрондық пошта (E-mail), желілік
жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері
(Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web),
файлдар жеткізу (FTP — File Transfer Protocol), қашықтан
қатынас құру (Telnet), WAN (Wide Area Network) - ең
үлкен желі
Қазіргі уақытта заман талабына сай компьютерді
қолданудың ең маңызды аясы көптеген
қолданушылар үшін бірыңғай ақпараттық
кеңістікті қамтамасыз ететін желілерді құру болып
табылады. Компьютерлерді біріктіру үлкен сыйымдылықты дискілерді,
принтерлерді, негізгі жадыны, программалық құралдарды бірге
қолдану мүмкіндігі бар. Алайда бұнын бәрі желі
арқылы іске асады. Жалпы компьютерлік желі деп қолданушыларды
ақпараттық, программалық, аппараттық ресурстарды
және ақпаратпен алмасу құралдарын ұжыммен
пайдалануды қамтамасыз ететін өзара байланысқан компьютердің
жиынтығы болып табылады және де әртүрлі қорларды
мысалы программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп
пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегімен арқылы
қосылған компьютерлер тобын айтады.Сонымен қатар компьютерлі
желі екі немесе одан да көп компьютерлердің, желілік
жабдықтау арасындағы ақпаратты жіберу және байланыстыру
үшін қызмет етеді.
Масштабы бойынша желілік байланыстар бірнеше түрге бөлінеді:
· байланыстың
қарапайым түрі – РАN (Personal Area Network);
· жиі
қолданылатын және кең таралған әдіс – LAN (Local
Area Network)
· кампусты
желі – САN (Campus Area Network);
· бір немесе
бірнеше қалаларда орналасқан көптеген компьютерлерді
байланыстыратын үлкен желі– MAN (Metropolitan Area Network);
· ең
үлкен желі, яғни жаһандық желі немесе ауқымды
желі –WAN (Wide Area Network).
Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында
мәліметтер жеткізуге арналған программалық және
аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі.
Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және
класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға
болады.
Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір-бірінен
алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді
байланыстыратын есептеу желісі.
Ауқымды есептеу желілері
негізгі үш құрауыштан түрады:
а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті
есептеу желілері;
ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;
б) байланыс арналарына қатынас құруға
мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.
Мысалы, Internet торабы — түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс
істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын,
мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық
талшық, жер серігінің арналары және радио-модемдер
сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік
желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет
көрсету түрлері: электрондық пошта (E-mail), желілік
жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері
(Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web),
файлдар жеткізу (FTP — File Transfer Protocol), қашықтан
қатынас құру (Telnet) жөне т.б [1].
Ауқымды есептеу желісі Wide Area Networks (WAN) аумақты
желілерге жатады. ЛВС сияқты қызметтерді ұсынуға
арналған, алайда орташа аумақта орналасқан көп
қолданушыларға қызмет етеді. Ауқымды есептеу желісі –
бұл жергілікті желілерді, бөлек компьютерлерді және бір
бірінен алшақ орналасқан жойылған компьютерлерді біріктіретін
компьютерлік желі. Белгілі және ең танымал ауқымды желі
бұл – Интернет. Бұдан басқа ауқымды есептеу желіге
бүкіләлемдік коммерциялық емес желі FidoNet, CREN, EARNet,
EUNet және т.б. ауқымды желілер, сонымен қатар корпоративті
желілер жатады.
Каналдардық үлкен созылымдарына қатысты байланысты
орнатуда үлкен шығындарға әкеледі, сондықтан
ауқымды желі көбінесе абонеттерге ақылы қызмет
көрсететін үлкен телекоммуникациялық компанияларда
құрылады. Бұндай желілер қоғамдық немесе
әлеуметтік деп аталады. Алайда, кейбір кезде үлкен корпорацияларда
WAN жеке желісі ретінде құрылады [2].
WAN абоненті ретінде ЛВС кәсіпорынын, өзара ақпаратпен
алмасуға болатын бір бірінен географиялық жойылғандарды
жатқызуға болады. Бұдан басқа WAN қызметін
корпоративтік деректер сияқты, әлеуметтік Интернет деректері
ретіндебөлек, яғни басқа компьютерлер де қолдана алады.
WAN (Wide Area Network) - ең үлкен желі, яғни
жаһандық желі. Жер шары емес, қандай да бір
географиялық район немесе аумақ. Бұндай байланыстарды телекоммуникация қызметін
ұсынатын ұйымдар қолданады.
Сонымен бірге осы байданыстарды жаһандық желілердің
каналдарына интернетті орнату үшін қолданады. Бұл желілер
өте үлкен және көпшілік қолданушыға
арналғандықтан, жалпыға бірдей қол жетімді және
ашық болып келеді. MAN - желілер сияқты, WAN желілер де өзіне
кішігірім байданыстарды қосады.
Желідегі компьютерлердің саны мен көлемінен бөлек,
желілер басқа да белгілері бойынша жіктеледі. Байланыстың әр
түрі қолданылады, телефон желісінен бастап, серіктерге дейін.
Сонымен қатар желілер мәліметтердің берілу жылдамдығына
байланысты да бөлінеді.
WAN үш негізгі сипаттамасы:
· WAN –
үлкен географикалық аймақта бөлініп орналасқан
құрылғыларды қосады.
· WAN –
ортақ қол жетімді тасымалдау ортасын қолданады. Мысалы:
телефон желімінің компаниялары, кабельді компаниялар, спутниктік
жүйе және желі провайдерлері.
· WAN
–үлкен географикалық аймақтың өткізу
ерекшеліктері бойынша қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін
әртүрлі типті тізбектеп қосылуды қолданады.
WAN физикалық деңгейі терминалды құрылғылар(Data
Terminal Equipment, DTE)
арасындағы интерфейсті және деректерді жіберу
құрылғыларды (Data Communications Equipment, DCE) сипаттайды.
Терминал құрылғысы деген – интерфейсінде «пайдаланушы-желі»
болатын, пайдаланушының деректерді жіберу қызметі болаып табылады.
DCE құрылғысы желіге фиикалық қосылуды, трафикті
өткізуді, тактылы белгінің тапсырмасы синхрондау үшін
DTEжәне DCE құрылғылары арасында деректерді алмастыруды
қамтамасыз етеді. Әдетте, DCE құрылғысы
сервис-провайдерде, ал DTE – қосылатын құрылғыда
орналасады. Міне осындай физикалықдеңгейлерге байланыстыWAN
жұмыс істейді [3].
Осы мақаланы қарастыра келе, мынандай қорытынды
жасауға болады. Әртүрлі аймақтарда орналасқан
пайдаланушылардың ұйым филиалдарының арасында деректерді
ортақ қолдану керек осы кезде ауқымды желіні
қостыртқан жөн. Сонымен қатар, компанияға
қызмет ететіндер іссапарда жүрген уақытта әрдейым
өздеріннің корпаративтік желілерінде болатын ақпаратпен алмау
керек болады. Міне осы кездерде ауқымды желінің өте пайдалы
және ыңғайлы екендігін көруге болады. Қазіргі
заман талабына сай осы желілерді пайдаланған тиімді екенін
іс-тәжірибе кезінде бірнеше рет дәлелденген
болатын.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ауқымды
желі. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет: http://kk.wikipedia.org/wiki/Ауқымды_желі
2. Глобальные
вычислительные сети: http://www.lessons-tva.info/edu/telecom-glob/glob.html
3. Технологий
глобальных сетей:
http://rz6hpi.narod.ru/net/cisco/cisco/cv_343.html