ҚАЗАҚ   ХАНДЫҒЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІ  БАСҚАРУ   ЕРЕКШЕЛІГІ

 

ЖУМАДИЛОВА АЙНУРА АБУГАЛИЕВНА

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік   университеті,

Тараз қ. Қазақстан.

 

    Қазақ   хандығының  нығаюы,  оның  құрамында  этникалық   аумақтың  бірігуі  ХҮІ  ғасырдың   басында    Бұрындық   және  Қасым  хандардың  бмлік  ету  кезі  мен   байланысты.  Солардың  түсында  мемлекеттік  аумақ  оның  қазақтар  мекендеген  этникалық  шекаралармен   толық   дерлік  сәйкес  болатындай   етіп  кеңейтілді. Алғашқы  қазақ хандары  хандықтың  аумаған  кеңейтуге, Сырдария    өңіріндегі  қалалар мен  Шығыс  Дешті  Қыпшақтың  қыр  аудандарындаға  өз  билігін  нығайтуға  бағытталған  белсенді   сыртқы  саясат  жүргізді.  ХҮ  ғасырдың соңғы  үш  он  жылдығы   Қазақстан  мен  Орта  Азия  тарихындағы  ірі-ірі  саяси  оқиғалардың   болуымен  сипатталады.  Қазақ  хандығының  күшейе   түсуі,  оның  бүкіл  қазақ  жерін  иелену  үшін  күресі  басталды,  ең   алдымен,  Жетісуға  қалалар  мен  олррдың  төңірегіндегі  кең-байтақ  дала  үшін  күресті,  біршама  феодалдық  иелікьерге  бөлінге  Моғолсат  барған   сайын  әлсіреп  ыдырады.  Темаір  ұрпақтарының  әскери  қуаты  да,  олардың  ықпалы  да  біртіндеп    құлдырай  берді.

     Қазақ  хандығының  мемлекетті  басқаруы  ХҮ-ХҮІ ғасырлардың  аралығында  нығая  түсті  де  ол  еуразиялық   қарым-қатынастар  саласында  тұрақтанушылық  фактордың  рөлін  атқара  бастады.  Өйткені  ол  құрлықтағы  күштер  мен  мүдделердің  тепе-ьеңдік  балансын  сақтап,    халықтандың   әскери-саяси және  экономикалық  интеграциясын  қамтамасыз  етіп  отырды.

     Қазақстан  аумағындағы  өзінен  бұрынғы  мемлекеттік  құрылымдардан   өзгеше  Қазақ  хандығының,  әсіресе  ХҮІ  ғасырдың  басынан   бастап  анағұрлым  кең  және  берік  этникалық  топтардың  бәрі  және  олар  мекенднген    бүкіл  алқап  түгелдей   дерлік  біртінеп  кірді.  Сөйтіп  барлық  қазақ  рулары  мен  тайпалары  Жеиісуда  алғаш  рет  бір  мемлекетке  бірікті.

    Қазақ   хандығының   мемлекеті  басқаруының  дәуірлеуі  Жәніьек  ханның  ұлы   Қасымның (1511-1518 жылдар) есімімен   байланысты .  Ол  өз  тұсында   «жерді  біріктіру»  процесін  жедел  жүзеге  асырған  көрнекті  қазақ  хандарының   бірі  болған  еді.Қасым 1511 жылдан  бастап  толық  өктемдік  жүргізген  хан. 

     «Дешті  Қыпшаққа  әмірін  толық  жүргізген   Қасымханның  атақты  да  құдіретті   болғаны   соншалықты,   ондайға  Жошы  ханнан  кейін  ешкімнің  қолы    жеткен  емес»,- деп  жазды  сол  кездегі  белгілі  тарихшы   Мұхаммед   Хайдар   Дулати.  Шебер диполмат  ретінде  де  Қасымның  атағы  зор  болды.  

    Қасым  хан   жасаған  құнды  құжаттар  қазақтардың  тарихында  «Қасымның  қасқа  жолы»  деген  атпен  мәлім. 

      Қазақ  хандығының   өз   мемлекеттілігін  құру  және  басқару   жолындағы  күрастердің  тарихы   сан  ғасырға  созылған  күрделі  порцесс. Бұл   мәселе  қазақ  халқы  құралған  кезінен  пайда  болып,  оның  бүкіл  тарихымен  біте  қайнасып  отырды.

   ХҮІІ ғасырдың  30-50 жылдарда  қазақтарда  мемлекеттілігі  дамуында  белгілі  бір  рөл  атқарды,  бұлар- түрлі  аймақтардың  өзара  байланыстарының  неғұрлым  тығыз  ұштасуы,  қалалардың  дамуы,  қоғам  құрлысында  кейбір   сословиелер  мінез-құлқының  өзгеруі,  хан  билігінің  артуы,  қазақ  қауымына  түрліше  қол  сұғушылыққа  тойтарыс  беруді  ұйымдастыру.

     Жалпы  алғанда  ХҮІІ  ғасырдың  екінші  ширегінде  Қазақ  хандығы  осындай  болған  және  қазақ  халқының  қорғайтын  мемлекеттік  аумағы  да,    оны  қорғайтын  және  де  басқаратын   хандары  да  бар  болған  еді.

    ХҮ-ғасырда  қазақ  хандығының  аумағы   кеңейтіліп,  шектес  халықтармен  және  мемлекеттермен   сауда   және сыртқы  саяси  байланыстары  жандана  түсті.   Орыс  мемлекеті   Қазақ хандығының  сыртқа  саяси  жағдайы  мен   мұқият  танысуы   арқылы   өзара  қарым-қатынастың   негізі  қаланды. 

ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.  жергілікті  халықтың   мемлекеттілігін  дамыту Қазақстанның   оңтүстігіндн   шаруашылықты ,  қалаларды  және  егіншілікті    біртбірте  қалпына  келтіру   негізінде,   жергілікті этникалық  құрылымдар феодалдық   қатынастарды белгілі  бір   дәрежеде  өркендету  жағдайында  жүзеге  асып  отврды.   Әйтсе  де  мұндай   өрбу  Қазақстанның  көлемді  аймағында  бес   ғасырдан  сатам  уақыт   бойы   өкімет   билігін  ұстап  тұрған   Шыңғысхан   әулетінің  қолы   астында – ақ  қанат  жайған  еді.  Бірақ   көптеген  тектіге    этно-саяси  топтарды,  тайпалар  мен   халықтарды  күштеп  біріктірген  моңғол  ұлыстарынан  бір  айырмашылығы  енді  неғұрлым  айқын   этникалық  топқа   негізделген  бірегей  болып   қалыптасқан  халықтар құрамындағы  мемлекеттілік  өмірге  келді.  Ақ  Орда  ( Көк  Орда ) мемлекеттерінің,  Әбілқайыр  хандығы,   Моғолстан,  Ноғай  Ордасының  құрылуы ең  алдымен  жергілікті  халықтың,  ең  ақырында-қазақ  халқының  және  сонымен   қатар  осы  мемлекеттердің  жерлерінде  бірен-саран  қалыптасқан  басқа  халықтардың  мемлекеттілігін  дамытудағы  ереулі  кезең  болған. Жоғарыда  аталған  мемлекеттердің   саяси   өрісті  бір  шама  тұрақты  өмір  сүруі  жекелеген  этникалық  топтардың  аман  қалып ,  қанат  жаюына  кепілдік  туғызды,  олардың,  мәселен,  сыртқы  агрессияға- Темір  әкімшілік басшылық  саясатына,  қалмақ  тайпаларына,  өз  жеріне  көз  алартушы басқа  да  дәмелілерге  ұзақ  әрі  табанды  қарсылық   көрсетулеріне мүмкіндік  берді.          

Қазақ  халқының  бір  бөлігінің  әртүрлі  мемлекеттік  бірлестіктерге  бытырап    кетушілігін,   саяси  жағынан    бастарының   бірікпеушілігін   жеңу   Жәнібке  және  Керей  есімдерімен  байланыстырды.  Олардың  әлуметтік  мүдделері,   сайын  далада  билік   жүргізу үшін    Шыңғысханның   өзге  әлуметтік   күресі  ру  ақсүйектерімен    бірге  қатардағы   малшы еңбеккерлерден  жәен  егінші – диқандардан  шыққан халықтың әртүрлі  әлуметтік  таптарының   мүдделерімен  дөп  келді.    Мұның  өзі  бірігіп  нығайған  халықтың   дербес  өз  мемлекетін  құруға  деген    талпынысын  бейнелейді.

       Қазақ хандығының  түрлі   мемлекеттік бірлестіктерге  бытырап,  саяси   бөлшектелуін  жоюға  әрекет  жасау  Жошы  ұрпақтары  Жәнібек   пен  Керейдің  үлесіне  тиді.  Олардың  басқа  Шыңғыс  ұрпақтарымен  ( негізінен   алғанда  Шайбани   ұрпақтарымен)  бұрынғы  Жошы  ұлысының  мұраға  қалған  жерлерінде  билік  жүогізу  құқығы    жолындағы  тайталастағы   әулеттік  мүдделері  топтасқан   халықтың  дербес  мемлекет  құруға    ұмтылысын  обьективті  түрде  бейнелеген  еді. Қахақ  хандығы  жалпы  мемлекеттік ке  және  ұзақ     уақытқа  созылған   қалпына  келтірілуі,  Орта  Азияда,  Иранда, Кавказ  сыртында, орыс  жзерлерінде  болған  сияқты,  Қазақстанда  да  қоғамдық  қатынастардың  үдемелі   түрде  ілгері   басуын   қамтамасыз  етті.  Қазақстанның  бүкіл  аймағында,  әсіресе  оңтүстік  аудандарда  әлуметтік  қатынастардың  рулық-  тайпалық  белгілері  мен рулық  байланыстардың  пәрменділігі  барған  сайын  кеми  берді,  хандардың,  сұлтандардың,  әмірлердің,  байлардың,  билердің,  мұсылман  дін  басылардың   еңбекші  бұқара  жөніндегі  саясаты  барған  сайын  өктем  бола  түсті.

       Қазақстанның  оңтүстігінде  қалалардың  дамуы  және  қала   халқын    осы  мемлекеттердің  билеушілері  мен   қалаларды  үлес-сойырғалға     алған  көшпелі   шонжарлардың  қанау  мүмкіндіктерінің  артуы,  сондай-ақ    мал  санының  көбеюі,   жайылымдық  жерлердің  кеңеюі-осының  бәрі   шонжарлардың  күш-қуаты  артуы  және  қатардағы  көшпенділердің,  егіншілер  мен  қала  тұрғындарының  әлуметтік  жағынан  саралауының  өсуі  үшін  жаңа   мүмкіндіктерді  мемлекет  айқындап  беді.

    Біртұтас  мемлекет  қана  халықтың  этникалық   құралу  процесіндегі  ықпардардың  әсерін  жойып,  оның  этнос  ретіндегі  мәдени-шаруашылық  дамуын  қамтамасыз  еткен  мемлекет.  Осыған  орай  көшпеліледің  мемлекеттілігі  туралы  мәселе  көтереді.  Осы  мәселе  жайлы   дау-дамайға  тереңдеп  енбей-ақ,  бірқатар  зерттеушілер  көшпенділердің  мемлекеттілігі  егінші  өңір  мен  қалаларды  көрсетеді.

     Қазақ  мемлекетінің  құрылуы  мен  нығаюында  ерекше  дамыған  екі  аудан-Түркістан  иен  Жетісу  маңызды  рөл  атқарды.  Қазақ  хандығында  мемлекет  орталығын  таңдау  мәселесінде   ХҮ-ХҮІ  ғасырларда    Шығыс  Дешті  Қыпшақ   аумағында  одан  бұрын  болған  мемлекеттер -  Ақ  Орда  мен  Әбілқайыр  хандығы  («көшпелі  өзбектер   мемлекеті»).

   Түркістан   мен  Жетісу   қазақ  мемлекетінің     өмір  сүре  бастаған  алғашқы  онжылдығынан   бастап  ұйытқасы  болды.   Бұл  аудандарда   қазақтың  мемлекеттік, сол  сияқты  этникалық  (ұлттық)  аумағының  қалыптасуында  маңызды  болғаны  күмәнсіз.  Шынына  келгенде,  қазақ  мемлекеттігі  Ақ  Орданың  өзінде-ақ  қалыптасқан.

     Қазақ  хандығы    Ақ  Орда,  Әбілқайыр   хандығы   мемлекеттігінің  және  жрғарыда  айтылған  басқа  да  мемлекеттердің  тікелей  жалғасы  болды.  Осы  мемлекеттер  шеңберінде  қазақ  халқы  қалыптасуының  ұзаққа  созылған  пройесі,  ал  Қазақ  хандығында  бір  тұтас  халықтың  біржола  топтасуы  аяқталды.

     Қазақ  хандығының,  қазақ мемлекетінің  құрылу  себептірі әлуметтік-эконокикалық  факторлардың  тұтас кешенінде,   қоғамдық  қатынастардың  одан  әрі  дамуында  жатыр.