Педагогические науки/2.Проблемы подготовки специалистов.
М.ғ.д., профессор Дахбай Б.,
Аширбекова Г.Е.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
Психикалық
дамуы тежелген бастауыш сынып
оқушыларының
сөйлеу тілін қазақ тілі сабағында дамыту.
Психикалық
дамуы тежелген балалардың сөйлеу тіліндегі өзіндік
ерекшеліктер олардың жалпы дамуындағы тежелумен тікелей байланысты.
Сөйлеу
тілінің импрессивтік жағы дыбыстарды және сөйлеудегі
түрлі реңктерді қабылдаудың дифференциалданбауымен сипатталады (75 % бала дыбыстарды
дифференциалдай алмайды). Ал экспрессивтік жағына сөздік
қордың аздығы,
дыбыстаудағы бұзылулар, сөйлеу тілінің
лексико-грамматикалық жағының жеткіліксіз қалыптасуы,
аграмматизмдер, артикуляциялық
аппараттың ақаулары
тән (55 % балада тілдік моториканың кемістігі байқалады: балалар артикуляциялық
күйді ұстап тұруға
қиналады, тіл бұлшық еттері қатты сіреседі, бір күйден екінші күйге ауысуда
қиналады, 45 % баланың тіс
қатарында кемістіктері бар). ПДТ балалардың сөйлеу тілі
дамуының ерекшелігі олардың
жасқа сай сөзжасам
процесінің (Е.С.Слепович)
тежелуінен байқалады.
Әдетте сөзжасам
шығармашылығы процесі
қалыпты дамудағы балаларда мектепке дейінгі жаста өте
қарқынды жүреді де, мектепке келу алдында аяқталады. Ал
ПДТ балаларда бұл процесс ұзаққа созылады, яғни
бастауыш мектеп жасында да жалғасады. Балалар тілдік нормаларды
сезінбейді, аграмматикалық формаларды қолданады, неологизмдер
көп кездеседі.Еске саларлық жай, кемақыл балаларда
мұндай сөзжасам шығармашылығы кезеңі мүлде
болмайды.
ПДТ балалардың
неологизмдерінің өзіндік спецификасы бар: бұл «жартыкеш»
сөздер болуы мүмкін,
морфемалардың
қисынсыз бірігуі болуы мүмкін, кішірейткіш
жұрнақтардың орынсыз қолданылуы болуы мүмкін т.б.
ПДТ балалардың
дыбыстау кемшіліктері арасында әсіресе, ызың дыбыстар (с,з)
және үнді дыбыстарды
(м,н,л,р) айтудағы қателіктер жиі кездесетін болса, ал 5-9
жастағы сау балаларда бұл кезде үнді (р) және
ызың (ш,ж,ч,щ,) дыбыстарын айту кемістіктері байқалады. Ызың
дыбыстардың айтылуындағы бұзылулар сөйлеу – есту
анализінің кемшілігімен тікелей байланыстырылады.
Сөйлеу
тілінің лексикалық жағы
баланың жалпы танымдық даму деңгейімен тығыз байланыста болады. ПДТ
балалардың төмен танымдық қабілеттеріне байланысты
қоршаған орта туралы анық мәлімет бере алмайтын сөздік қордың
жұпынылығы көзге
түседі. Сөйлеу тілінде негізінен етістіктер мен зат есімдер басым болып келеді, ал сын
есімдер тек заттардың көзге
түсетін белгілерін атауда
ғана қолданылады.
Сөз бен
оның атайтын заты арасындағы байланыс тұрақты емес. Кейде балалар антонимдер мен синонимдер
жасау әдісін дұрыс
қолдана алмайды, әсіресе синонимдер қатарын жасау қиындық туғызады[1].
ПДТ балалардың
тілдік бұзылуларының айқындығына қарай үш
топқа бөліп қарастыруға болады( Мальцева Е.В.):
жекеленген фонетикалық
кемістік (бір ғана
дыбыстар тобын айтудағы кемшілік).Себебі, сөйлеу
аппаратының және тілдік моториканың кемістігі. 24,7 %-ды құрайды;
қабаттасқан кемістік: дыбыстау
кемістігі фонематикалық есту бұзылуымен қабаттасады. Екі –
үш фонематикалы топты меңгеруде кемістіктер байқалады. 52,6 %
жағдайда кездеседі.
сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы - сөздік қордың тым жұпынылығы негізінде
сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағының бұзылуы. 22,7 % жағдайда
байқалады.
Сөйлеу
тілінің бұзылу
дәрежесі негізгі кемістікке тікелей қатысты. Мысалы, аса
күрделі емес инфантилизмде тілдік даму деңгейінде аздаған
тежелу байқалады немесе
қалыпты даму деңгейімен бірдей болады. Ал церебральды -
органикалық генезді ПДТ – де
сөйлеу әрекетінің
жүйе ретінде бұзылуы
байқалады[2].
Тамаша педагог В.Сухомлинский: «Шығармашылық арқылы
тұлғаның рухани байлығы қалыптасады,
шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен
тең.Сондықтан да мектептің,мұғалімнің,ата-ананың,тәрбиешілердің
негізгімақсаты баланы өмірге,еңбекке
шығармашылықпен қарауға үйрету» - деп атап
көрсеткен.
Психикалық
дамуы шектеулі балалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың
оқытылуына қойылатын талаптар:
1. Сабақтарды ұйымдастыруда белгілі бір гигинелық таптатды
сақтау, яғни сабақ желдетілетін бөлмеде өткізілуі
керек, балалардың орналасуымен бөлменің жарық
дәрежесіде назарда болуы тиіс.
2. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдарды
және артық материалдар баланың назарын аудармайтындай етіп
орналастыру.
3. Балалардың сабақтың үстіндегі әрекетін
ұйымдастыруды бақылау: сабақ үстінде бір әрекетті
басқа әрекетпен алмастыруды ойластыру мен сабақ жоспарына
сергіту сәтттерін ендіру.
4. Әрбір баланың мінез-құлқын байқап отыру
және әрқайсысына жеке тәсіл қолдану керек.
Аталған
оқу талаптарына байланысты психикалық дамуы тежелген төменгі
сынып оқушыларының
сөйлеу тілін дамытуға келесі талаптарды қоямын:
- әр сөзді
тұрақты түрде есінде қалдыру;
-
сөз балаларға таныс заттарға байланысты
болу керек;
-
әрбір сөз үнемі пайдаланылып,
қайталанып отыруы тиіс;
-
сөздік қорды молайтып отыру;
-
қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс
айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге
үйрету.
Бұл талаптарды орындау үшін әр сабақ
қызықты құрылып, сабақтың әр
кезеңі әдістемелік талапқа сай жүргізілуі тиіс. Тіл
үйрену баланың ойлау қабілетімен тығыз байланысты
болғандықтан, олардың ойлау дағдысын жан – жақты
дамытып, кеңейтіп отыру қажет.
Қазақ тілі сабағындағы сөздік
қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер
арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу,
әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу,
көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс
әдістері.Әр сабақ сайын тақырыпқа сай
көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео
касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен
сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік
қоры біршама толығады деп сенімдімін[3].
Қазақ тілі сабағында
оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын
орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін
тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы
жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне,
сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық
ізденісіне жол ашады.
Тіл дамыту жұмыстары ауызша-жазбаша
жаттығулар, мәтінмен жұмыс,
мазмұндама, диктант, суретпен жұмыс,
сұраққа жауап жаздыру, жоспар жасату, кітап оқу
сияқты жұмыс түрлері арқылыіске асырылады.
Оқушының сөздік қорын байытып, тілін
ұстартуда шешуші рөл атқаратын
жұмыстардың
бірі – сөздік жұмысы. Сөздік жұмысы арқылы
оқушының тіл
байлығын
молайтумен қатар, дұрыс жазуға да дағдыландыра аламыз.
Тұжырымдай
келгенде,шығармашылық жұмыстар:
-
оқушының сөздік қорларын, көркем тілдерін
байытады;
- сауатты
жаза білуге төселттіреді;
- өз
беттерімен ізденуге,шығармашылықпен айналысуға
дағдыландырады.
Қорытындылай келгенде,тіл дамыту жұмыстары
оқушылардың пәнге дегенқызығушылығын,
ауызекі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық
қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен
орындауларына жол ашады.Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің
көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне,сауаттылықтарының
артуына да түрткі болады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Блинова
Л.Н. Диагностика и коррекция в образовании детей с ЗПР.-М.:Просвещение,
2002.- 214с.
2.
Григорович
Л.А., Ермоленко О.С., Марцинская Т.Д. 150 тестов, игр, упражнений для младших
школьников. - М.: Астория,
2000.-164с.
3.
Аханов К. Тіл білімінің
негіздері. – Алматы: Мектеп, 1978-495 б.