ф.ғ.к., доцент Ж. Ибрагимова, ф.ғ.д., профессор С. Бахадырова,  

О. Джумадуллаева

 

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Шымкент, Қазақстан

 

Н.КЕЛІМБЕТОВТЫҢ «ҰЛЫМА ХАТ» ЭССЕСІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ

                                                

       Немат Келімбетовтың аты тек қазақ әдебиеттану ғылымында ғана емес, ал, дүние түркология ғылымында белгілі ғалым. Оның еңбектері түркі халықтары әдебиетінің ежелгі дәуірден бастапқы  тарихын жазған «Ежелгі дәуір әдебиеті» еңбегі түркі халықтарының барлығына таныс, жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланып келе жатқан ғылыми еңбектердің бірі. Немат Келімбетов түркологияда талантты, тынбай ізденуші белгілі тюрколог ғалым сипатында белгілі. Оның осы еңбегі  ежелгі түркі халықтарының әдебиеті бойынша бірден бір фундаменталь зерттеулердің біріне жатады. Оны түркі халықтарының әдебиеті тарихын, тілінің тарихын зерттеу жұмыстарын жүргізген бірде бір ғалым осы еңбекті сөз етпей жұмысын жазған емес. Осы еңбегі мен ол дүние түркология  ғылымы әлеміне белгілі. Оның бұл кітабы табыла бермейтін өте құнды еңбектердің біріне жатады.

        Ол талантты ғалым болу мен бірге ғажайып жазушы. Оның «Ұлыма хат» эссесі, «Үміт үзгім келмейді» хикаят- монолог шығармалары мен ол бала тәрбиесіне өте күшті мән берген шынайы педагог, ұстаз, келешек ұрпақты тәрбиелеуді көркем шығармада проблема етіп көтере білген талантты жазушы  ретінде өзін танытты.

      «Шіркін- ай, адамның қашанда басы аман, бауыры бүтін боп, ауырмай сырқамай, айдарынан жел есіп жүргеніне не жетсін! Алайда, ғұмырында бір рет те қатты ауырып көрмеген, ойда жоқта оқ жыландай орап алған науқас қыспағынан жаны жарға таянбаған, үрейлі ажалдың өзімен бетпе- бет кездеспеген адам өмірдегі көп жәйттерді терең түсіне де, сезіне де алмайтын шығар. Ондай жандар мына аз күндік өмірдің шынайы қадір- қасиетін, шексіз құндылығын, баға жетпес ләззатын ешқашан райымдай алмайтыны хақ» деп жазушы Әзілхан Нұршайықов[2, 5]  Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітабына жазған алғы сөзінде. Бұл өте дұрыс айтылған сөз.  Бұл кітап осы өмірде жасап жатқан барлық адамзатқа «өмірдің қәдірін білің!» деп адам баласын  шын адам болып жасауға үйретіп жатқан әдіснамалық кітап. Өмірдің, Отанның, сенің мен жасап жатқан адамдардың, туыстың, ата- ананың, перзенттің , күнделікті шығып тұрған күннің, жеп отырған нанның, тыныш, бейбіт өмірдің қәдірін білуге адамды тәрбиелеуде осы кітаптағы сөздерден артығы болмаса керек.

         «Үміт үзгім келмейді»  хикаят-монолог шығармасы отыз бес жыл төсекте жатып, өмірден үміті жоқ ауыру мен алысып жатқан адамның үміті. Бір төсекте отыз бес жыл! Омыртқаға жасаған күрделі операциядан соң ол о дүние мен бу дүниенің ортасында жатып, қандай ғажайып еңбек жазған! Бұл қандай мәрт,  төзімді, жүрегі кең, арыстандай айбатты, жолбарыстай жүректі, болаттай беккем адам!  Болатта бір жерде отыз бес жатса зәң басар еді, шіріп жоқ болар еді! Отыз бес жыл бір төсекке байланып жатқан адамның өлім мен айқасқан қайсарлығы, биік рухы, жеңілмес күш жігері оның өмірді суюі  кітапты оқыған адамға күшті энергия болып, сөнбес нұрлары мен дүниені жақтыландырып жіберетін сияқты.

      Оның «Ұлыма хат» эссе повесті жазушының ұлына ғана емес, келешек әуледке жазған насихаттары. Бұл эссе оның «Үміт үзгім келмейді» шығармасында айтылған сөздердің қаймағы, қорытындысы. «Ұлыма хат»-бұл  адамзатқа, қазақ халықының келешегін құратын жастарға хаты. Шығарманы оқығанда алдыңда не үшін дүниеге келдің, адам болып жасап атырсыңба, өз ұлтыңды қалай сүйесің, үлтыңның келешегі үшін не істедің деген сұрақтарды жазушы бала тәрбиесінде бас мәселе етіп қояды, осы сұраққа әр бір жастың бесіктен бастап жауап беруге тәрбиелеуді қояды. Кітапты оқыған адам қаласын, қаламасын өзінен жауап іздейді, осы сұрақтарға жауап беруге ұмтылады, қиналады, ел алдында уялады, сұраққа жауап таба алмасаң адам болып жасағаныңа өкінесің, азапланасың, босқа кеткен уақыттарыңа опық жейсің, алдыңа мақсат қойып биік белестерге қарай ұмтыласың, ерлік істеуге жігерленесің. Кітаптағы жазылған сөздер сені осылай істемей қоймайды. «Ұлым менің! Сен өз ата –тегіңді жақсы білесің бе?» Бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан келешек әуладқа дәстүрлі сұрағы, осы сұрақ тек қазақ халқына ғана емес, адамзатқа берілетін сұрақ. Ата-тегін білу ата- тегіне құрметтеу, ата -тегін білмеу ата- бабаға құрметсіздік. Өзінің ата- бабасының тарихын көздің қарашығындай сақтай алмаған адам  мангұрт ғой.  Жазушы сұрақты осылай қояды да кеңестік үкімет кезінде бұрмаланған, дұрыс жазылмаған тарих жөнінде былай дейді: «Кешегі кеңестік кезеңде ата – тегін сұрастырған адамды рушыл, ұлтшыл, тіпті нәсілшіл деп айыптады. Өйткені кеңестік саясаттың негізгі мақсаты күллі қазақтың ата –тегін мүлдем ұмыттырып жіберу еді. Дәлірек айтсақ, халықты өз шежіресін, тарихын, шыққан тегін білмейтін мәңғұрт етіп қою болатын. Ал, біздің ата-бабаларымыз өздерінің шыққан тегін, арғы түбін, яғни ата- тегін жіпке тізгендей етіп баяндайтын шежіре-тарихын әкеден балаға асыл мұра ретінде қалдырып, сан ғасырлар бойы осы игі дәстүрді жалғастырып келді. Өйткені ата-текті білу,  руға жіктелу, тайпаға бөліну емес, керісінше, қандас, тумалас, құдандалы адамдардың басын қосу арқылы бүкіл қазақты ынтымаққа шақыру, біріктіру болып табылады» дейді автор[1,253]                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              .  Бұл шынында да дұрыс, тарих бетінде өшпей, ғасырдан ғасырға, әуладтан әуладқа жеткен, ешбір саясат, ешбір күш өшіре алмайтын зат бұл халықтың тарихы.

      «Ұлыма хат» эссесінде барлық адамзатты қызықтыратын сұрақ –бахыт жөнінде оқушыны пікірталасқа шақырады. Әрбір адам өз бахытын іздейді, бахытты болу үшін күреседі. Сондықтан адам  бахытты болу деген не, бахытсыздық деген не деген сұрақтарға жауап іздеп, оның жауабын таба алмай қиналады, ойланады. Жазушы да  осы сұрақты қояды және осыған

 жауап береді. Бахытты болуды көпшілік  адамдар, дүние, мал, миллиондаған ақша деп түсінеді.Нарық заманы келіп әбден байып алған «жаңа қазақтар» жөнінде, олардың байлығы осы дүниенің иесі етіп көрсеткен жалған әбірейлері деп  жауап береді. Ал, жазыушы «бахыт» деген сөзге былай жауап береді. Бахытты адамдар  ар-ожданы таза, «ар- ожданы мөлдір, .. адамныңда, құдайдың да алдында өздерінің жан тазалығын, ар тазалығын дәлелдей алатын адал адамдар» деп жауап береді. Бахытты адамдар ешкімге жамандық істемеген, ары таза, еңбекшіл адамдар екен. Ал, бахытсыздық осындай адамдардың керісі, байлық үшін, өзінің пайдасы үшін әртүрлі жолға бара алатын, хүждан тазалағының не екенін білмейтін адамдар деп береді. Осындай адамдарға мысалы етіп шығармада Қортықбек мен Торсықбектің образынан берген. Олар негізінде психикалық дертке шалдыққан адамдар. Екеуіде өздерін бек деп санайды. Бірі өте бай адам, оған қарсы келу мүмкін емес, ол «садизм» науқасына шалдыққан, ал оның көмекшісі Торсықбек «мздахедство» науқасына шалдыққан. «Садизм» «басқа біреудің жанын неғұрлым көбірек қинаса, өзі сооғұрлым рахаттанып, мерейленіп, күшейіп, тіпті біраз уақытқа сауығып қалатын» науқас болса, «мздахедство» «басқа біреудің қорлауын, ұрсуын, ар- ожданын аяққа басуын, кейде тіпті ұрып- соғуын іштей қалап, тілеп тұратын» науқас. Бұл науқас пен ауырған Торсықбек мәңгұрт, ал Қортықбек не істесе де істегені өзіне дұрыс деп есептейтін, ешкім мен есептеспейтін эгоист адам. Ол бай, бастық, ол академик. Жазушы «Алатаудың сонау шынар- шыңына қалықтап ұшып қыран да шығатынын, жер бауырлап жылан да шығатынын» айтады. Әр қашанда өз биігің жылан болып емес, қыран болып қалықтап ұшып жетуді насихаттайды.  Шығарманың ең құнды тарапы осы жерінде. Жазушы жастарды рухи жақтан тазалыққа, ар намысының таза болуына шақырады.

         «Ұлыма хат» эссесінде жазушы  бала тәрбиесінде және өте бір маңызды мәселе халықтың салт-дәстүріне, ұлттық ғұрпына құрмет етуді  мәселе етіп ортаға қояды. Бізге  не үшін халқымыздың ұлттық дәстүрін сақтауымыз керек, біз не үшін өзіміздің салт- дәстүрімізді құрметтеуіміз керектігін түсіндіреді.  Осы ұлттық ғұрыптар, салт-дәстүрлер арқылы әрбір халық өзінің ұлттық ерекшелігін, атадан балаға өтіп келе жатқан дәстүрін көрсетеді. Жазушы атадан балаға жоқ болып кетпей келе жатқан әрбір дәстүрге  тарихтан қалған құнды ескерткіш, байлық ретінде қарайды, тарихи жақтан қалыптасқан халықтың рухани дүниесі деп таниды. Енді осы дәстүрді дұрыс сақтамай оны мәдениетсіз пайдаланған казіргі «жаңа қазақтардың» тұрмысына қарайды. Оны бір жас бизнесменнің тұрмысында көрсетеді. Оның жас әйелі қайтыс болады. Бизнесмен марқұм әйеліне деген құрметін адамдарға шашқан шексіз дүниесі мен көрсетеді. Әйелдің өлгенінде жылап отырған адам жоқ, оның қызы мен баласына анасына жылауға тиым салынған, «мола басында сөз сөйлеген бір «философ» мәдениетті халықтар мұндай шараны тіпті көңілді өткізеді деген пікірді ортаға тастайды». Оның орнына  өліні көл- көсір көңілді той сияқты етіп өткізеді, адамдарға «қолма-қол будақ-будақ ақша таратады, ақсақалдарға зерлі шапандар жауады», келгендер күліп ойнап, анекдоттар айтып отырады. Бұндай дәстүрді мақұлдауға болама? Еш мүмкін емес, бұл адамды қорлау, оны аяққа басу емес пе?  Жазушы халық дәстүрінің бұзылып бара жатқан осындай көңілсіз жағдайларға қатты жаны ашып, халықтың ұлттық салт- санасын құрмет етуді қояды.

            Қорытындылап айтқанда, Н. Келімбетовтің «Ұлыма хат» эссесі бала тәрбиесінде  Отанды, елді, халықтың ұлттық мұрасын, ғұрп-әдеттерін, салт –дәстүрін  әр бір адамға балалық кезінен бастап құрметтеуге үйрету мәселесіне арналған  шығарма. Жазушы ұлттық дәстүрімізді сақтаудың  не үшін қәжеттілігін  көркем образдар мен дәлелдеп,  оны көркем образдар арқылы ғылыми маңыздылығын түсіндіріп  беретін шығарма. Оның бұл шығармасында қазақ халқының бай рухани  дүниесі зор перзенттік махаббат пен жырланады және оны оқыған адамда осы идея жүрегінен терең орын алады. 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Келімбетов Н.. Үміт үзгім келмейді. Хикаят-монолог. Эссе.- Алматы: Раритет, 2005.- 432 б.

2. Нұршайықов Ә. Ерлік пен даналық дастаны // Келімбетов Н.. Үміт үзгім келмейді. Хикаят-монолог. Эссе.- Алматы: Раритет, 2005.- 5-7 беттер.