Б.ғ.к., доцент Назарбекова С.Т.,  б.ғ.к., доцент Бегенов Ә.Б.

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазахстан

 ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛ ФЕСТИВАЛЬІ, ОЛ ЕЛ БІРЛІГІНІҢ КӨПШІЛІК ОРТАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУЫ

Әлемдегі ең ұғымды, бай тілдің бірі екендігін небір ғұлама ғалымдар мен айтулы тіл мамандары бойындаған қазақ тілі екендігі белгілі. Ұлттың әлемдік кеңістіктегі қауымдастықтар арасында басқа халықтар мойындаған жері бар,тәуелсіз мемлекеттің болуы мен оның өз дәрежесінде сақталуын қамтамасыз ететін көптеген факторлардың бірі-оның дербес тілі. Мұндай ел өміршеңдігінің қорғаныстық қаблетін толық іске асырған елдер,немесе мемлекеттер әр кезде қуатты болмақ, оған мысалы -Қытай, Жапония, Ұлыбритания.

Бұл ретте Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы-барша Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеруін мақұлдап, бұл шараның әр азаматтың өз еркімен үйренуін дұрыс санайды. Бүгінгі таңда елімізде Президенттің 2011 жылы 29-маусымындағы Жарлығымен бекітілген-«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»-жан-жақты жүзеге асырылуда.Бағдарламаның негізгі мақсаты –«2020 жылға дейін Қазақстан азаматтарының 90-пайызы мемлекеттік-қазақ тілін білуі тиіс»-делінген.

Елбасы-«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХУ-съезінде сөйлеген сөзінде-«қазақ тілін білу біздің азаматтық парызымыз ғана емес,ол халыққа деген құрметтің белгісі»-екендігін қадап айтты. Бұдан әрі Елбасы ең алдымен қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуде ұлттық сананың белсенділігіне негіздеуді көздейді. Президенттің-«Ана тілі бәріміздің анамыз,өйткені ол ұлттымыздың анасы», «ана тілінсіз-толық қанды Ұлт болуы мүмкін емес», «ана тілін қадірлеу-әр азаматтың перзенттік парызы», «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі-тіл»-деген терең ойлы, мағналы ұранды сөздерін орындау әр саналы азаматты міндеттейтіні күмән келтірмесе керек. Студенттердің арасындағы тіл фестивальін өткізудің басты мақсаты да осы.

Ана тілі-ұлтымызды айғақтаушы негізгі құндылық. Тіл ананың ақ сүтімен, аталық тектіктен бастау алғандықтан болар,оның ана тілі аталуы.Ұлтымыздың бір туар ақиық ақыны М.Шаханов тілімен айтсақ, әр азамат өз бойына халқының ізгі дәстүрін, оны тілін және рухын қастерлесе ол мәдениет биігінде, ұлтының тірегі болмақ! Адамзат тіршілігіндегі мыңдаған ғасырлар бойында әрекетті,басты қоғамдық  үрдіс-ол тіл. Тарих төрінде ешбір халық тілсіз өмір сүрмеген.Өйткені бұл түсініктіде,адам қоғамнан тыс өмір сүреалмайды. Тіл-адаммен-адамның өзара қарым-қатынасын,қоғамдық құрылымы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт өмір аясында ынтымақтастықта болуын қамтамасыз етуші негізгі де, басты құрал. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ана тілдің мәртебесі туралы-«Қазақ тілі үш тілдің бірі болып қала бермейді, ол оның бірінші –негізгісі,маңыздысы болады»-деп айқындаған. Ана тіллі өз халқыңның тауысылмас қазнасы, ол рухани құндылықтың қайнар көзі, дәстүрлік тәрбиені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жалғастырушы байлық.

Біздің университеттің студенттері соңғы жылдары дәстүрлі түрде Қазақстан халықтарының тіл фестивальін өткізуде. Бұл фестивальде биология-биотехнология факультеті биоалунтүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессорлары мен оқытушылары, доктаранттары, магистранттары және студенттері атарлықтай белсенділікпен қатысады. Осыған айғақ ретінде өткен 2012 жылғы университет бойынша өткен тіл фестивальінде биологиия мамандығының 2-і курс студенті Никонорова Оксана (куратор, Назарбекова С.Т.) фестиваль дипломымен марапатталды. Ана тілің- арың бұл”- іс-шараны өткізіп, сценарийін сіздердің назарыларыңызға ұсынамыз.

“Ана тілің- арың бұл”- іс-шараның сценарийі

Жүргізушілер: Әбітай Р. және Шарипбай Ф. (ББ206-р, ББ207-р) тысушылар: “Қыран” (1 курс, казақ бөлімі) мен “Жалын” (2 курс, орыс бөлімі) топтары

1-ші жүргізуші: Ұлттық мәдениеттіміздің  бір бөлігі - ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өткізіліп отырған “Ана тілің – арың бұл!”сайысына қош келдіңіздер!

2-ші жүргізуші: Қазір ұлттық санамыз бен мәдениетімізді көтеру маңызды мәселе болған шақта ғұламалар айтқан тілдің мән мағынасы арттып отыр.

Туған тіл қасиетін ардақтайық,

 Сабырмен ойымызды салмақтайық,

“Қыран” мен “Жалын” топтарының

Сайысына келіңіздер, біз бастайық!,

деп, бүгінгі сайысқа қатысушылардың өз топтарын таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1)    Таныстыру

2)    Қазақстан Республикасының туының, елтаңбасының, ән-ұранның тарихын айту тапсырмасы

3)    Тіл, туған жер, салт дәстүрге байланысты мақал-мәтел дер сайысы

4)    1-ші жүргізуші: Ал енді әр топ өздері даярлаған музыкалық нөмірлерін ұсынады(Никонорова Оксана – 2 ән орындау,  Байсал Алия и Сатарбаева Алия – би (“Жалын” тобы)); ( домбыра– Бердікулов Бержан , 2 ән орындау – Назар Әселхан -Қыран” тобы)

1-ші жүргізуші:

Ана тілі — біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз

Ана  тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз

Ана тілін кімдер аялай білмесе,

Анасынан безген ұл!»- деп қараңыз.

1-ші жургізуші: Ал енді сайыс тәртібі бойынша, Қазақстан Республикасының туының, елтаңбасының, ән-ұранның тарихын айту тапсырмасы. Екі топ бірдей ортаға шығады “Жалын” тобы: Конкурсқа арналған көріністі һалықтың дәстүрлі айтыс түрінде ұсынылған; Қыран” тобы: Барлық топ мақал-мәтелдермен жарысып, женгені анықталады

Мақал-мәтелдер тіл  өнері туралы айтыс түрінде жалғаса жұреді

Асель:

 Тіл тасты жарады,
Тас жармаса, басты жарады

Малика:

 Көп сөйлеген —
Көптен айрылар

Асель:

 Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ

Малика:

 Тіл — буынсыз,
Ой – түпсіз

 Асель:
Адам көңілін не жазады,
Тілінен жазады

 Малика: 
Жерастында жатқанды,
Қазбай қарап тіл табар

 Асель:

Сөз тапқанға қолқа  жоқ
Малика:

Жыланның тілі айыр,
Жылан  мінезді адамның сөзі айыр

 Асель:

 Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын

Малика: 
Суды ішіп тоқтатар,
Сөзді шындық тоқтатар

 Асель:
ІІІешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген

Никонорова Оксана –екі ән орындады. «Анаға хат» әннің авторы- АжарТүзелбекқызы. Бұл ән  жан аналарымызға арналады. Өйткені, ана бізге дүние сыйлап, өмір кілтін берген адам. Өмір есігін ашасалысымен-ақ көз алдыңда күлімсіреген қасиетті де қадірлі туған ананың бет бейнесін көресің. Анамыздың бізге деген істеген жақсылығы шексіз.  «Бір тілек» әннің авторы- Бейбіт Сейдуаллиева. Бұл ән махаббат туралы. Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сиғысыз әрекетке апаратын құдырет иесі. Махаббатты бастан өткізудің өзі бір бақыт. Алайда ыстығы мен суығы, ащысымен тұщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан махаббаты бағалай алу керек. Махаббат адамды барлығына да үйретеді.

 

2-ші жүргізуші: Тоқсан сөздің тобықтай түйіні – бұл тіл құдіретін сөз сұлуын мақалмен айту. Яғни, тіл, туған жер, салт дәстүрге байланысты кезек-кезек екі топ тоқтамай айтуы тиіс.

2-ші жүргізуші: Сонымен біздің концертіміз аяқталды. Сау- саламат болыңыздар!

Келесі кездескенше!

Әдебиет

1.     Әбдіжәлел Бәкір. Қазақ тілі енді ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналуы тиіс. Ана тілі. Ұлт газеті.№46 (1200). 21-27 қараша.  2013ж. Б.5

2.     Попович А. Проблемы художественного перевода. - БГК им. И.А.Бодуэна де Куртен Э., 2000. - 180 с.