ҰЛТТЫҚ
ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ – ҰЛТТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДА.
Аға
оқытушы Г.М.Сраилова
Абай
атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан.
Бүгінгі
таңда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиені,
озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді
жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне
айналып отыр.
Елбасымыз
ұстанған ұлттық саясаттың басты бағыты-ұлттық
құндылықтар негiзiнде қазақ елiнiң
экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, ұлттық
байлығын тек халық игiлiгiне жұмсауға [1:1] мемлекеттi мiндеттеу.
Қазақстан Республикасының ұлттық
саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерінде
құрылған ұлттық мемлекетті сақтау
және нығайту. Осы мақсатта: барша азаматтарды
қазақ ұлтының маңына топтастыру,
тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің баянды болуын қамтамасыз
ету; қазақ ұлтының тарихи жадын, тілін, ділін
сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану
заманындағы өзіндік ұлттық-мәдени ерекшелігін
қалыптастыру және әлемге паш ету; елімізде тұрып
жатқан барлық этностық топтардың өз тілі мен
мәдениетінің дамуына шек қоймай, олардың
барлығының ортақ Отаны
- Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп, оған деген
сенімін арттыру қажет. Бұл үшін мемлекет пен
қоғам өздерінің ерік-жігерін төмендегі негізгі
міндеттерді атқару үшін жұмылдыруы керек [1:1]:
Ата-бабаларымыздың, даналарымыздың, ақын жарауларымыздың ақыл-өсиеттері, ауыз
әдебиеті үлгілерінде сақталған және
халықтың ежелден келе жатқан салт-санасындағы,
әдет-ғұрпындағы дәстүрлік тарих
тағылымдарын өмірге үйлесімді пайдалану – ұл мен
қызға берілетін тәлімді жетілдірудің тиімді жолы
болуымен қатар, олардың бойына инабаттылықты, мейірімділікті,
бір-бірін сыйлау, құрметтеу, адамдық қасиеттерді
дарытуға игі ықпал ететін және оның өмірге тез
сіңіп, болашақ отбасының тұрақтанып, бала
тәрбиесінің жақсартып, адамдар арасындағы қарым-қатынас
жарасымын көркейтіп, жауапкершілікті өркендетуге ықпал етеді.
Мұның нәтижесі түрлі кінәраттарға
тосқауыл жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тиылуға
және әдептіліктің бойға даруына ынталандыратын тиімді
амал.
Тәрбие
мәселесіне келетін болсақ,жалпы қоғамда бала
тәрбиесіне қатыспайтын орын жоқ. Сондай
ақ,ұлттық мәдениеттің,
әдебиеттің,тілдің, халықтық педагогиканың
тағдыры мен болашағы да жас ұрпақ тәрбиесіне
байланысты.»Еліміздің болашақта қандай болатыны
балаларымыздың бойына өзіміз
қандай тәрбиені сіңіретінімізге
тікелей байланысты. Баланы білім мен еңбекке дайындау- ата- ананың
боршы,» -деді ұлт қөшбасшисы Қазақстан
халқына жолдауында. Бүгінгі таңда ұлттық
тәрбие негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру
маңызына ерекше мән беруміз қажет.Тіпті көшедегі
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы, сәлемдесуі,
қоғамдық көлікке мініп-түсуі, көпшілік
ортада өздерін ұстауы- мұның бәрі балаға
тәрбие болып есептелінеді. Біз өзіміздің
іс-қимылымызбен еліміздің ертеңі, болашақ
ұрпақты тәрбиелеп жатқанымызды түсінуіміз керек.
Бүгін кері тәрбие берсек, ертең соның зардабын шегетін
де өзіміз. Сондықтан тәрбие мәселесін тек қана
мұғалімнің, ата-ананың ісі деп қарауға
болмайды. Бүкіл қоғам болып жұмыла қолға
алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді
әрқайсымыз өзімізден бастасақ, сонда ғана жас
ұрпақ тәрбиесі өз жемісін береді.
«Нұр Отан» ХДП «Имандылық тәрбиесі – ұлттық
тәрбие негізі» тақырыбында «Ой толғау» пікірталасын
өткізіп тұрады. Мақсат: жастар
санасына ұлттық тәрбиені
сіңіру. Бабалардан қалған аманат, асыл қасиеттер аз
емес. Қазақ адамгершілік құндылықтарды
жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік,
мейірімділік мұраттарын алға тартқан. «Малым-жанымның,
жаным –арымның садағасы» дейтін халықтың жастары
өкінішке қарай ұлттық тәрбиеден ажыраңқырап
қалды. Сондықтан да Ойтолғауда ұлттық
тәрбие тілге тиек болады. Ұлдарымыз алтын уақытын босқа
көше кезумен өткізсе, қыздарымыз жеңіл жүріске
түсті, бұл қоғам дерті, делінді онда. Ендеше, отбасы,
мектеп, қоғам сияқты үш бәйтерек бұл орайда
бас біріктірсе құп болады.
Бүгінгі күнде ұлттық
құндылықтарды сақтау мен өзінің
бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы
күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін
түсіну.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский «Дерексіздік
идеяларға сүйеніп жазылған ең жақсы тәрбие
жүйесін, халықтың мол тәрбиесіне негізделген
тәрбиеге еш уақытта тең бола алмайды» - деп көрсетті [2:15].
Халық педагогикасы – бұл ұлттық қазына, кең
өріс Х1Х ғасырдың екінші жартысында Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев,
Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев т.б педагогикалық
ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының
ғұлама ғалымдары болып табылады. Бұл
демократ-ағартушылардың еңбектерінде қазақ
халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері,
мақал-мәтелдері, фольклорлық жырлары мен көркем
шығармалары, тілі мен мәдениеті ұлттық
тәрбиенің құралына айналды.
Ұлттық тәрбие құралының негізі- Үйелмен.
Үйелмен - ең алғашқы
жастарды тәрбиелеу ұясы. Негізгі
мақсаты- балалар тәрбиесі. Үйелмендегі ең бас
тұлға ана мен әке, ата мен әже. Оларды
қазақ халқы өте жоғары бағалайды, сыйлайды,
ізет етеді. Мұның мәні-үлкен кісілердің
даналығын, олардың ғасырлар бойы тұрмысын,
өміріндегі еңбек және қоғамдық
іс-әрекетінің барысында жинақталған мол
тәжірибесін байыта отырып, бұл дәстүрді одан әрі
дамыта түсті.
Қазақ халқының тарихы өте бай.
Үйелмен үшін ежелден келе жатқан тән
қасиеттің бірі баласын жанындай көруі.
Әрбір үйелменде балаларды еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу, денесін шынықтыру, үлкендерді
құрметтеу, бауырлас байланыс, көршілерімен және
өзге ұлт халықтармен достық, ізгілік қатынастар
жасау - осының бәрі қазақ халқының
салт-дәстүріне байланысты болған. Үйелменде әрбір
ана өз баласын кірлі көйлек кигізбей, дәмсіз тамақ
ішкізбей, ыстыққа күйгізбей, суыққа
тоңғызбай, қатты жерге жатқызбай өсіріп, баласын
өнегелі жігіт, озат мал өсіруші, он саусағынан өнер
таматын шебер етіп тәрбиелеуді арман етті. Ал бала туу ана мен әке
үшін үлкен оқиға, үйелмендік салтанат болып,
жақсы ниет, мерекемен аяқталу дәстүріне айналған.
Ата мен
әже тәрбиесі арқылы ұрпақ өзінің
шыққан тегімен, үрім-бұтақ шежіресімен,
туған – тумаларымен, құрдастарымен, ұлттық
тәрбиенің мән-мағынасымен танысады. Сонымен бірге, от
басын құрау, үй болу,
еңбек
етуге тырысады. Жастардың үй, мал
және егін шаруашылығын басқару кәсібінде үйренуіне,
қабілетінің дамуына ата мен әже тәрбиесі игі әсер
етеді.
Қазақ халқы «Отан отбасынан басталады» дейді. Олай
болса үйелмен тәлім-тәрбиенің негізгі көзі,
түп қазынасы. Қанша заман өтсе де бабаларымыздың
мол тәжірибесіне, тағылымы мен дәстүрлеріне және
үйелмен тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып,
әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат
болып өсуіне қамқорлық жасаған.
Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай
Құнанбаевтың [3: 222-223] (1845-1904) поэтикалық
шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой-пікірлерге
толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір
сүруі, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы,
адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның
ақылымен, жан құмарымен алынатындығы,
қоғамдық қатынастар тұрғысындағы
пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы,
салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға
шақырады. Қазіргі күні Абай ұрығын сепкен
оқу, өнер – білім, адамгершілік, әдеп, мораль
мәселелері егеменді еліміздің рухани қазынасына айналып отыр.
Ұлттық тәлім – тәрбие берудің
көрнекті өкілдерінің бірі – Шәкәрім
Құдайбердиев (1858 - 1931). Шоқан, Абай, Ыбырайлар салған ағартушылық
арна – дәстүрді әрі қарай жалғастырды. Шәкәрімнің
жастарға ұсынған адамгершілік жолы – адалдық және
ғылымды меңгеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге,
өз мінін өзі көріп, түзетіп білуге шақырды, бар
білімнің түп атасы – ақыл деп қорытындылады.
Ағартушы – педагог Ахмет Байтұрсынов (1873–1937 ) бай
педагогикалық мұра қалдырды. А. Байтұрсынов
өзінің барлық саналы өмірін қазақ
қоғамында білім – ғылымның дамуына, мектеп ісінің
жанданып, кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде бала оқытты,
оқу – тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп
ізденді.
А.Байтұрсынов: ...Ең
әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабарлар
оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек
құралдардың қолайлы һәм сайлы болуы.
Құралсыз іс істемейді һәм құралдар
қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші – мектепке
керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып
шығу үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі болуы
керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс – ол я артық, я кем шықпақшы....», [5:14-15] - деп оқытудың дидактикалық
принциптерін ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп берді.
Ұрпақ тәрбиесіне
айрықша мән берген ата - бабамыз асыл сөздің кестесімен
сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетелейді. Сондықтан
кең байтақ ата жұрттан ертеден жас буынға
жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, шарапатты болу
салтанатын құрды. Дәстүрге арқа
сүйемегеннің көсегесі көгермейді деген атамыз. Яғни
отбасы ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамдарды
тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен
өзекті орын алған. Салт-санасы, әдет- ғұрпы, ойын-тойы
осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген.
Ар-ұят пен махаббаттың айқын көрінісі – адамның бойындағы
ата – анасына, үлкенге, ұстазына, тәлім-тәрбие алып
өскен ортасына деген сыйлы көзқарасы.
Біздің халықтың ой – танымы отбасынан бастау алады.
Бүгінгі дәуірде ұлттық дәстүрде
парасатқа сүйену керек .
Мемлекет отбасынан құралады. Кез - келген жыр- дастандар мен шешендік сөздер,
мақал – мәтелдердің
мағынасы арқауы
ұяда көрген мен танығанға негізделеді. Еліміздегі
үлкен саяси құбылыстарды отбасының жағдайымен
салыстырамыз. Әрбір қабылдаған шешімдер отбасынан алған
тәлім-тәрбиеге сүйенеді. «Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген түйін
біздің ой жүйеміздің бір ерекшелігі болуы тиіс.
Қандайда болсын жемісті іс -
әрекет дамыған ақыл – ойға, білімге негізделеді.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық
қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға,
өзімізді-өзіміз бағалай білуге бет бұру –
ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды
дамытуға жетелейді.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында бала
тәрбиесі, мемлекеттік тіл мәселесіне жиі тоқталады, мемлекеттік тіл – барлық
қазақстандықтарды біріктіретін фактор болуы тиіс дейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010-шы және
2013-шылдарда Қазақстан Халқына Жолдауы. Егеменді Қазақстан газеті.
2. Ушинский К. Д. Сбор. соч. том - 2. 15 б.
3. Абай
Құнанбаев. Шығармалар жинағы. Екі томдық-2ші
Алматы, 1968 ж. 222-223 б.
4. Қ.Бөлеев
«Болашақ мұғалімдерді оқушыларға
ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау». Алматы, 2004
5.
Қоянбаев Р. М., . Қоянбаев Ж. Б. Педагогика « Рауан», Алматы, 1993 ж. 14-15 б.