Секция педагогика
Модульдік оқыту технологиясының
мүмкіндіктері
Ишанов П.З. - философия докторы
Ph.D.
Капанова А. – магистрант
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Хасенова М.Ф.-
оқытушы
Қарағанды қаласы С.Саттаров атындағы № 57
мектеп-лицейі
Қазіргі
уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік
ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Бұл сының
процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект – субъектілері
педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу
қызметінің субъектісі ретінде, өзін өзі
өзектілендірудге, өзін тануына және өзін-өзі
жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде
бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық
процестің манызды құрамы оқу ісіндегі
субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық –
бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Бүгінгі
таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері
шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта
оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының
белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында
оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді
оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды
оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың
және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары
кеңінен танымал. Қазақстанда Ж.А.Караевтің,
Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың
оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заныңда оқыту формасын,
әдістерін , технологиялар таңдауда көп нұсқаулық
қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің
мұғалімдеріне, педагогтарының өзіне оңтайлы
нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті
кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен
құруға мүмкіндік береді.
Модуль
дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұйымның анықталатын,
біршама дербес бөлігі. Оқу модулі қайта
жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды
бөліктен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен
және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде
оқытушы балалармен оқу модулінің жалпы
құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады.
Сонан соң мұғалім осы модулінің барлық
уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20
минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге
сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына
(тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен
–қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік
қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып
отыру әр балаға оқу
материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын,
ынтасын, ойлауын, тілін дамытады.
Психологтардың
пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш
негізгі кезеңнен тұрады:
кіріспе –қызықтырушылық; опериационалдық-танымдық; рефлексиялық-бағалау.
Психологтар
дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру
үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол
үшін мақсат оның мағынасы нақты айқын
белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек. Объектілердің
нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға
түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде
көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірік.
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны
түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны
және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін
қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше,
біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда
сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен
түсініктерді қорғау қапшығына, берік
жабылған «орамаға» салып сақтауы және ұсынуы
тиіс. Мұндай орамы «қызметін» белгі белгілік жүйе
атқарады [2,38].
Сөйлесу
бөлімінде танымдық процесс балаларды 2-6 адамнан шағын
топтарға бөлу арқылы негізінен олардың өзара
әрекет етуінен құрылған. Балалардың
танымдық қызметі әрбір баланың әр сабақта
үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын
тыңдау, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп
құрылған. Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру
және әр түрлі белсенді формаларды қолдану -
оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу
бөлімінде алғашында оқу материалын қайта
жаңғырту және қарапайым білік пен дағды
қалыптастыру мақсатында кейіннен – алынған білімді талдау,
жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың
белсенді формаларын қолданады. Оқу модулінің сөйлесу
бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші -
операциялық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл
бөлімді қарастыру үшін біз Л.Фридманның
төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенуге
болады.
Оқу
модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу
материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрастырады.
Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып,
пысықтап, бекітуі үшін
оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу
керек, бұл бөліктерде қысқаша сыйымды түрде
тұтас тараудың мазмұны беріледі. Пысықтауды қажет
ететін материалды тәрбиеші үш күрделілік деңгейінде
дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын
әр оқушының өзі шешеді.
Қорытынды
бөлімінде тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас
циклін анықтайтын, соңғы бөлімі. Оқу модулінің
қорытынды бөлімі-бақылау. Қорытынды бөлімінде
бақылаудың бірнеше түрі бар. Біріншісі, міндетті –
диогностика өткізу. Тәрбиешінің өз тандауы бойынша
тапсырмалар, бақылау жұмысы, диктант.
Модульдік
оқытудың құрылымында педагогикалық технология
негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы
алынған.
Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты
нақтыландыруға көшу;
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау:
Осының
арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы
ортақ, бірақ оқу модулін құрудың тағы
бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі.
Тәрбиеші бір оқу модуліне
бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң,
оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін,
сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын
ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология:
-баланың
тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:
-танымдық поцестерін
дамытуға
- жағымды
қызығушылық қалыптастыруға;
-белсенді сөздік
қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:
-тұлғаны
қиындықтарға даяр болу және білу,
қарым-қатынас, ойын, танымдық,
қауіпсіздік,сыйласу,
шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру,
өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа
ықпал етеді.
Әрине, модульдік оқыту білім мазмұны,
білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу
мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша
оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Демек, модульдік оқыту технологиясын білім беру
үрдісінде қолдану арқылы келесідей жетістіктерге қол
жеткізуге болады: уақыт үнемделеді,
сабақтың сапасы көтеріледі, оқу
әдісі мен құралдарын
таңдауға мүмкіндік туады,
оқушылардың белсенділігі мен
қызығушылығын арттырады, соның нәтижесінде
оқу үлгерімі көтеріледі.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Педагогические
технологии: что это такое и как их использовать в школе / Под ред. Т.П.
шамавой, П.И.Третьякова. –М., 1994.
2.Сериков
В.В. Личностный подход в образовании: концепция и технологии. – Волгоград, 2001.
3. Интернет
көздері: www.psu.kz,
kaznu.kz, www.locman.kz.