Ныязбекова К.С., педагогика ғылымдарының
кандидаты,
Абай атындағы
ҚазҰПУдың доценті,
Ресей жаратылыстану
академиясының профессоры
(Қазақстан,
Алматы қ.)
famous-scientists.ru /11624/,
http://vestnik.volbi.ru/meg_sov.php
Туралина Г.Ғ., Болтай батыр атындағы орта
мектептің
қазақ тілі мен әдебиетінің
мұғалімі
(Т.Рысқұлов
ауданы, Жамбыл облысы)
Мемлекеттік
тілді мамандыққа сай
меңгерту
мәселелері
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да
себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»
Ахмет Байтұрсынұлы
Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі
мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты
күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты
төңірегіне топтастырушы, біріктіруші ретінде де саналады.
Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман
сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді
өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту
жолында әрбір қазақстандық өзінің
азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі
болатынына күн сайын көз жеткізіліп келеді.
Өзге өркениетті
елдерде мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай болса, бізде де
сондай болады. Халықтың мәдениеті оның тілімен
жасалатыны белгілі. Тіл тек қана қатынас құралы емес,
ұлттың бар сипатын анықтайтын оның негізігі кілті»
дегеннің өзі біраз жайды аңғартса керек. Мемлекеттік
тіл саясатын жеделдете іске асырудың басты шарты – оны балабақшадан
бастау қажеттігі. Қоғамда қай саланы болсын мемлекеттік
тілден хабардар, салалық мамандар басқарғаны абзал. Себебі,
тіл білгеннің тамырында ұлттық, халықтық, елдік,
мемлекетшілдіктің қаны мен қасиеті болады. Ұлттық
болмысты ұғатын рух, қоғамдық бағытты
аңғаратын, ерекшелігін түсінетін, елжандылық
асқақ сезімі басым жандар ғана көсегемізді
көтертеді. “Мемлекеттік тіл – менің тілім” дегенді мемлекеттік
қызметкерлерге міндеттегенде ғана оның
өміршеңдігіне қол жетеді. Халықтың қаны мен
жаны саналатын қазақ тілінің абыройы мен беделі
қазақстандықтардың міндеті, адам борышы болуы тиіс.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап,
мемлекетіміздің бұғанасын қатайтты.
«Білім туралы» заңның қабылданған
білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған
халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы
Заңның 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті
ретінде оқытудың инновациялық технологияларын
енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу
деп атап көрсеткен.
Инновациялық технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани,
адамгершілік, азаматтық келбеттерінің қалыптасуына
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде мұғалімдердің инновациялық
іс-әрекетінің ғалыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі.
Мемлекеттік тілді жетік
меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру оқу
мазмұнының құрамдас бөлігі болуы тиіс.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына арнаған Жолдауында: «Халықаралық
тәжірибеге сүйене отырып, қазақ тілін
оқытудың қазіргі заманғы озық
бағдарламалары мен
әдіс-тәсілдерін әзірлеп, оқу
құралдары мен оқулықтарға енгізу қажет», –
деп атап көрсеткен.
Сондықтан
жаңа типтегі оқу-әдістемелік кешендерді
әзірлеу жоғары оқу орны оқытушыларының басты
міндеттерінің бірі болып саналады. ЖОО-ның өзгетілді
аудиторияларында мемлекеттік тілді оқыту халықаралық
стандарттарға негізделген.
Бүгінгі таңда қазақ тілін өзге
тілді аудиторияда оқыту – үйрету барысында тереңірек
кәсіби бағдар беру, оқу материалын мамандыққа сай
бағыттап, белгілі салаға
бейімдеу, яғни, «Кәсіби қазақ тілі» пәнін
жетілдіру мақсаты бүгінгі күннің өзекті
мәселесіне айналып отыр.
Жоғары оқу орындарында орыс тілді студенттерге
мемлекеттік тілді мамандыққа сай меңгертуде шешілмеген
мәселелер әлі де жеткілікті.
Соңғы жылдары
қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып
жатқан елеулі өзгерістер, ғылыми-техникалық
ақпараттар ағынының бұрын-соңды болып
көрмеген қарқыны, басқа да саяси-әлеуметтік
жағдайлар білім беру саласының алдына көптеген жаңа
талаптар қойып отыр.
Ғаламдану үрдісінде
бәсекелестікке қабілетті, қоғамның мүддесі
мен мақсатына қызмет ететін білімді де білікті мамандармен
қамтамасыз ету – бүгінгі күн талабы, қоғам
сұранысы.
Мемлекеттік тілді әр мамандық
бойынша кәсіби бағытта, яғни студенттердің
болашақ мамандықтарына сай меңгерту – тіл мамандарының
алдына қойылатын басты талап.
Мамандыққа сай білім беру
үшін сабақтар арнайы шыққан оқулықтармен
жүргізілуі тиіс. Ол оқулықтың жазылуы белгілі бір
талаптарға жауап беруі қажет.
Мемлекеттік
тілді оқыту арқылы студенттерді
кәсіби-іс-әрекетке даярлаудың концептуалдық
негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыда дамыту
және осы даярлық үдерісін оқу-әдістемелік
кешенмен қамтамасыз ету; өзгетілді дәрісханада
қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты
оқытудың ұтымды әдістемелік жүйесін жасау
оқулық дайындаудың басты мақсаты болып табылады.
Бұл мақсатқа жетуде нақты міндеттер жүзеге
асырылуы керек.
Бүкіл
дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында
қазіргі кезде Қазақстанның оқу-тәрбие
саласында білімнің жаңа жүйесі қалыптасуда. Ол әрбір ғылым саласында
нақты өзгерістерді енгізумен қатар жүргізіледі. Қазіргі
жүргізіліп жатқан түрлі бағыттағы
өзгерістер білім беру
қызметіне жаңа қырынан қарауды; сонымен бірге
педагогика ғылымындағы табыстарды сын көзбен бағалап,
саралауды;
мұғалімнің іс-әрекетін, кәсіби шеберлігін
де жаңа қырынан қалыптастырып, бәрін жаңаша ұйымдастыруды
талап етеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз
мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған
өзгерістер оның
барлық салаларымен
қатар мемлекеттік тілді кәсіби бағытта меңгерту деңгейіне, өндіріс пен
әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне
және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің
қысқартылуына
қойылатын талаптар
күшеюде.
Елбасының қазақстандықтарға
Жолдауында: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік
тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін
жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды
құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100
пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» – деген болатын.
Осы бағытта жасалып жатқан іс-шаралардың
бірі – еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді
көздейтін Болон үдерісіне қосылу туралы шешімнің
қабылдануы да айырықша мәнді шара. Бұл
оқиғаны білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі
тарихи оқиға десе болады.
Ұрпақ тәрбиелеу ісі қоғам дамуының
талабына қарай өзгеріп отыратындықтан, бүгінгі білімалушыларға
тек пәнді терең игертіп қана қоймай, оны болашақ
мамандығына бейімдеп оқыту
мәселесі де алға қойылып отыр. Болашақ маман
мемлекеттік тілді жетік меңгерген, кәсіби біліктілігі жетілген,
жан-жақты дамыған жеке тұлға болуы керек. Оған
жету үшін білім беру үрдісінде оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, сол арқылы білімалушылардың кәсіби
ойлауын, рухани дамуын, интеллектуалдық өсуін қалыптастыру
қажет.
Соңғы
жылдары адам факторының жан-жақты жетілген, көптілді
меңгерген тұлғасына, оны қалыптастыру мен
тәрбиелеуге ерекше назар аударылуда. Тілші-әдіскерлер тілді қатысымдық
тұрғыдан оқыту мәселесіне ден қойып отыр.
Қатысымдық бағыт тілді оқытуда тілдік
қарым-қатынасты сөйлесім әрекеттері арқылы
жүзеге асыруды, мемлекеттік тілді кәсіби бағытта игертуді
көздейді.
Келешек ұрпақтың жеке
тұлға болып қалыптасуында өзгетілді дәрісханада
қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін
айқындап және оны ұтымды пайдалану– бүгінгі күн
талабынан туындап отырған өзекті
мәселе ретінде
төмендегідей критерийлерге жауап беруі тиіс:
·
ұлттық білім беру
жүйесінің даму бағыттарын айқындай отырып,
қазақ тілін өзгетілді дәрісханада оқытуды
тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігі;
·
білім мазмұнын байыту,
оқыту үдерісін жетілдіру, жаңа педагогикалық
технологияларды жиі пайдалану;
·
жан-жақты дамыған, рухани жетілген жас
маманды қалыптастыру;
·
студенттердің
қазақша сөйлеуін дамыта оқыту мен тәрбиелеу
идеясына негіздеу;
·
мәтіндердегі
танымдық, кәсіби, тәрбиелік, ғылыми
тұрғыдан қолданылған мәтіндерді игерту
арқылы студенттердің
сөйлеу дағдысын жетілдіру;
·
студенттердің сөздерді
орынды қолданып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөз
байлығын арттыру, әдеби нормаға сай сөйлеуге
дағдыландыру;
·
тілді үйренуге деген танымдық қызығушылығын
арттыру.
Қорыта келе, айтар болсақ,
кәсіби лексиканы оқыту және оқу – мемлекеттік тілді
мамандыққа сай меңгерту – жоғары оқу орнынан
бастау алады.
Өзге ұлт өкілдеріне
мемлекеттік тілді меңгертуде тіл мамандары оқу топтарының
білім деңгейіне, әрбір сабақтың тақырыбына
қарай түрлі әдіс-тәсілдерді, инновациялық
технологияларды жан-жақты, әрі үйлесімді қолдану
арқылы мемлекеттік тіліміздің дамуына, әрбір
маманның (бүгінгі студенттің)
келешекте еркін сөйлеп, мамандық бойынша терминдерді жақсы
меңгеріп, іс қағаздарды кәсіби тілде сауатты жаза алуын
қамтамасыз ету керек. Сондықтан студенттің кәсіби
моделін төмендегідей жасауға болады.

2-сурет – Студенттің кәсіби моделі
Қазіргі қоғамдық
өзгерістердің қарқындылығы жаңа
сипатқа ие болды, яғни бұл өзгерістер жаңа
сипаттағы мамандарды қажет етеді. Ал бұл мәселені шешу–
жоғары оқу орындарындағы оқытушы-профессорлардың
басты міндеті болып табылады. Қазіргі жағдайда
қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық
әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын
маңызды сипатқа ие. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің
білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа
талпынысы, әр түрлі жағдайдағы проблеманы
анықтау, оның жауапты шешімін табу және қолайсыз
жағдайларда әрекет ете білуі еліміздің дамуына,
қоғамымыздың тұрақтылығына және
оның қауіпсіздігіне негіз бола алады.
Кәсіби біліктілік – өз болашағын жасаушы,
күнделікті дәріс және практиалық сабақтарда
алған білімдерін, іскерлік пен дағдысын, ерік-жігері мен
кәсіби белсенділігін іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгеруге
жұмылдырып, өмір ағысына икемделе білген, болашағына
сеніммен қарайтын жеке тұлға. Оның алдында
тұрған басты мақсат – әлемдегі бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына қосылу жөніндегі
нақты қадамдарға өз үлесін қосу,
қоғамымызда жаңадан қалыптасып келе жатқан жаңа
сапалық қарым-қатынастарды бойына сіңіре отырып,
нарықтық қатынастар жүйесіне бейімделу. Сонымен
қатар олардың бойындағы дарын мен қабілетін
қазіргі заман талабына сай қалыптастыру, оны жан-жақты
дамыту, оқу барысында алған білімі мен кәсіби шеберлігін,
біліктілігін үздіксіз дамытып отырған тиімді. Егеменді елімізде
қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастар
жағдайында жемісті қызмет ету үшін мәдениеті мен
адамгершілік қасиеті
жоғары, рухани дүниесі бай, жалпы білімі мен кәсіби
біліктілігі жоғары мамандарды даярлау – бүгінгі күннің
басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі Білім беруді дамыту
тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 2003, 26 желтоқсан.
2. Қазақстан Республикасында Білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004
жылдың 11 қазанында №1459 жарлығымен бекітілген // Егемен
Қазақстан, 2004, 16
қазан.
3. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» Қазақстан
Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы //
Астана, 2010.
4. Байтұрсынов А.
Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
5. Ныязбекова К.С., Бейсенбекова Г.Т. Қазақ тілі (кәсіби-қатысымдық моделі). Оқу құралы. –
Алматы, 2012. – 135 б.