Витагендік технология
туралы
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Қостанай қаласы
ф. ғ.
к. Жүрсіналина Г.Қ,
1 курс студенті Каженова А.А
Витагендік
технологияның алғашқы арналары академик, педагогика
ғылымдарының докторы А.С.Белкин мен оның шәкірттері
В.А.Кривенко, В.В.Нечаева, Н.О.Вербицкая т.б. ізденістерінен бастау
алады.
А.С.Белкин: «Витагендік
оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушының бірлескен
іс-әрекетінің белгілі бір мақсатқа бағытталуы, сабақ үдерісінің оқушының
жинақтаған тәжірибесі арқылы ұйымдастырылуы, оқушылардың ұжымдық
тәжірибелерінің жүзеге асуы. Витагендік оқытуды ұйымдастыру
сабақ жүйесі мен технологиясын өзгертуге мүмкіндік
береді. Сондай-ақ мұғалімнің оқушыларға
берілетін материалдағы витагендік ақпараттан хабардар болуы тиіс.
Ең бастысы, витагендік оқыту оқушылардың
тәжірибелерін белсендірумен қатар, жинақтаған
өмірлік тәжірибелерін жүзеге асыратын витагендік мүмкіндіктерін
қалыптастырады» – дейді [2, 25 б.]. Оқушылардың басты проблеманы бірігіп шешуіне, бірлесе
тәжірибе жинақтауларына және әр оқушының
өз тарапынан нәтижелі шешімге жетуіне мүмкіндік тудырылады. Бұл жүйеде тапсырманы оқушылардың бірігіп шешуіне,
бірігу арқылы ортақ мақсат қою және сол
мақсатқа жетудегі бірлескен өздік тәжірибе
жинақтау маңызды болып табылады. Тіл үйренушілердің
витагендік тәжірибесі деп те аталады.
«Витагендік тәжірибе дегеніміз –
дара тұлғаның
қалыптасу жолындағы жинақтаған өмірлік
тәжірибесінің нәтижесі.
Витагендік тәжірибенің негізіне тіл үйренушінің
жинақтаған білімін, қоршаған ортаға деген
көзқарасын, іс-әрекетін көрсететін витагендік
ақпараттар жатады. Витагендік оқыту теориясы оқушының витагендік тәжірибесін жетілдіруде
негізгі рөл атқарады. Яғни витагендік тәжірибеде оқушының өмір бойы
жинақтаған тәжірибесінің бөлігі ретінде жеке
тұлғаның түрлі жағдаяттардан шығу жол тауып
шыға алу дағдыларының маңызы зор. Витагендік технология
оқу үдерісін түбегейлі өзгертіп, дара тұлғаның
өмірлік тәжірибесін жаңа білім алудың көзі
ретінде пайдалануға жол ашады»
[4, 12 б.].
Бұл технологияның басты мақсаты –
оқушылардың интеллектуалдық-психологиялық
мүмкіндігін кеңейту, оны өмірлік дағдыларға
ұластыру. Қазіргі Нәтижеге бағдарланған білім
моделі ауқымында бұл ең маңызды мәселе болып
саналады.
Қазақ тілін кәсіби мектепте оқытуда
оқушылардың танымдық қызығушылығы сан
қырлы болғандықтан, олардың витагендік
тәжірибесіне сүйену
арқылы бұл мәселенің шешімін табуға
болады. Сол себепті кәсіби мектепте қазақ тілін
меңгертуде витагендік оқыту технологиясының мынадай
артықшылықтары бар:
·
біріншіден, оқушылар тілді
үйренудің өзі үшін қаншалықты маңызды
екенін саналы түсінеді;
·
екіншіден, әр түрлі
сипаттағы мәтіндермен жұмыс жасау арқылы
ақпараттарды игеру дағдылары дұрыс қалыптасады;
·
үшіншіден, витагендік
технологияның әсерінен оқушылардың тілді үйренуге
деген танымдық қызығушылығы артады. Яғни,
кәсіптік мектепте мемлекеттік тілді үйрету негізінде
оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін
қалыптастыру витагендік тәжірибе құндылықтарымен
тығыз сабақтасып отырады.
Осы салаға тікелей қатысты бар толығырақ
мәліметті Әлібаева М
.С. «Кәсіби қазақ тілін
витагендік технология арқылы оқыту әдістемесі
(экономика мамандығы бойынша)» атты
2010 жылы диссертациялық жұмыс қорғау барысында талдап
көрсетеді. Бұл жалпы
Қазақстандағы витагендік тәжірибе,
витагендік технология т.б
мағлұматтарының мәнін ашып,танытатын
бірегей жұмыс болып
табылады.
«Vita латынша өмір деген мағынасын білдірсе; gen гректің тәжірибе деген сөзінен
шыққан. Демек витаген деген сөз
«адамның өмірлік тәжірибесі» деген мағынаны
білдіреді. Бұл технология оқытуды Субъект-Субъект
қатынасына сай ұйымдастыруға негізделген жаңа
педагогикалық парадигманың талаптарына толық сәйкес
келуімен: оқушылардың ортақ мақсатқа бірлесе
қол жеткізуін қамтамасыз етуімен, оқушы мен
мұғалім арасындағы қарым-қатынастың
тең демократиялық жағдайын қалыптастыруымен,
оқушылардың басты проблеманы бірігіп шешуіне, бірлесе
тәжірибе жинақтауларына және әр оқушының
өз тарапынан нәтижелі шешімге жетуіне мүмкіндік тудыруымен
ерекшеленеді.» [4, 4 б.]. деп көрсетілген
авторефератта. Витагендік тапсырмалар оқушыларға қазақ
тілін сапалы үйретуді, олардың танымын кеңейтіп, ой-өрісін
нығайтуды, өз сөзін дәлелді жеткізуге
дағдыландыруды көздейді. Витагендік оқыту технологиясы
арқылы оқушы өзіне қажетті білім көзін таба
алады. Адамның өмірлік тәжірибесінің негізі ретінде
оның жадында ұзақ уақыт сақталатын, кез келген
уақытта, түрлі жағдаяттарда жарыққа
шығуға дайын тұратын
витагендік ақпарат алынады. Бұл дара
тұлғаның өмір сүруінде маңызды рөл
атқаратын ойлау жүйесінің, білімінің,
эмоциясының, түрлі іс-әрекеттерінің және т.б.
өзіндік ерекшелігі ретінде қалыптасады. Витагендік ақпарат
оқушының ой-өрісімен, сезімімен, мінезімен,
қылығымен, яғни адамның өмірлік дағдысына
тірек болатын барлық іс-әрекеттерімен тығыз байланыста
болады.
Өмірлік тәжірибе –
белгілі бір құндылықтарды қажет ететін,
адамның бұрынғы не жаңа өмірімен
тығыз байланысты жүзеге асатын витагендік ақпарат.
Ал витагендік тәжірибе – адамның белгілі бір
тұлға ретінде қалыптасуында маңызды қызмет
атқаратын, өмір бойы жинақталған
тәжірибесінің нәтижесі. Сондай-ақ, витагендік
тәжірибенің адамның болашағын болжауға және
айқындауға негіз болатын әлеуметтік маңызы да зор.
Витагендік тәжірибе жинақтау үдерісі өмір бойы еш
үзіліссіз жүріп отырады. Оқу үдерісінде витагендік
тәжірибеге сүйену оқушылардың белгілі бір табысқа
жетуіне, танымдық қызығушылықтарын дамытуына,
дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруына,
коммуникативтік мәдениетін тәрбиелеуіне, өзін-өзі
бағалауына септігін тигізеді. Демек,
витагендік технология ұғымы адамның
өмірге, шеберлікке бейімделуін білдіреді. Оқыту үдерісінде
витагендік технологияны қолдану оқушыларды сабақта ізденуге, дара тұлғалық
қасиеттерінің дамуына, шешімді таңдаудағы еркіндігіне жол ашады.
Витагендік оқыту технологиясы қолданылған сабақтарда мынадай талаптар
орындалғаны тиімді деп саналады:
- сабақта қол
жеткізетін мақсаттар жиынтығының болуы;
-
сабақтағы бірнеше шағын мақсаттардың түпкі
бір нақты мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы;
-
сабақтың алдына қойылған мақсаттардың түгел орындалуы мен толық
жүзеге асырылуы;
-
оқушылардың алдына нақты бір проблеманың қойылуы
мен оны біріге отырып шешу мүмкіндіктерінің қамтылуы;
-
оқушылардың танымы, ойлау
қабілеті, дарыны мен коммуникативтік
құзіреттілігінің
өзара бірлікте дамытылуы;
-
оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен
өзіндік психологиялық
ерекшілігінің ескерілуі, әрбір оқушымен дербес қарым-қатынас жасалуы.
Оқушының
«Мен өзімнің мамандығыма байланысты осынша ақпараттарды
біледі екенмін», «Мен шынымен осы ақпараттардың бәрін игерген
екенмін ғой» деген сияқты өз-өзіне таң
қалу, риза болу, сүйсіну, т.б. психикалық жағымды
күйді сезінуі қажет. Тіл үйренушілердің оқу
үдерісіндегі витагендік тәжірибесі олардың танымдық
қызығушылығын дамытуы тиіс. Өзіндік әрекет
нәтижесі оқушының дүниетанымдық
көзқарасының қалыптасуына әсер етеді;
мәдени қатысымдық қарым-қатынас жасауға
тәрбиелейді; өзін-өзі бағалау қабілетін
қалыптастырады. Сондықтан оқытудың мотивациялық
сипатын арттыру қажет.
Кәсіптік мектептерде
қазақ тілін оқытуда витагендік технология арқылы
жүзеге асатын тілдік дағды
мен қатысымдық құзіреттіліктердің
қалыптасуы оның диагностикалық, оқыту,
дамытушылық, қатысымдық, тәрбиелеушілік,
қызықтырушылық, түзету қызметтерінің негізінде қаланады. Витагендік
оқыту арқылы жүзеге асатын диагностикалық қызмет
аясында тіл үйретудің
өзектілігі, тіл үйретудің нақтылығы мен дәлдігі; тіл
үйретудің қажеттілігі
қамтылады.
Қазіргі кезде еліміз білім беру жүйесін жаңаша
қалыптастырып, оны бүкіләлемдік білім кеңістігіне
ұластыру бағытын ұстанып отырғаны айқын.
Қатысымдық
құзіреттілік аясында оқушылар сөйлесім
әрекетінің барлық түрлерін меңгереді.
Оқушылар тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылым, тілдесім бойынша
айтылған ақпараттардың мазмұнын,
бұқаралық ақпарат құралдарынан берілген
жаңалықтарды, әңгімелесу кезіндегі сөз болған
мәселенің негізгі тақырыбын және мақсатын айқындап ұғынады; кез-келген ортада өзінің пікірін еркін айтуға,
қазақша мақала жазып, ой түюге, мемлекеттік тілде іс
қағаздарды жүргізуге дағдыланады; мәтіндегі ақпараттарды
толық түсініп оқи алады.
Витагендік
оқыту технологиясының басты мақсаты – тiл үйретудiң тиiмдi жолдарын
тоғыстыра келiп, тiлдi қарым-қатынас құралы
ретiнде меңгерту; тілді тәжірибеде қолдана білуге баулу.
Витагендік оқыту технологиясының негізінде
ұйымдастырылған жаттығулар
өзінің мазмұндық-құрылымдық сипатына
қарай аналитикалық, проблемалық, шеберлік және
шығармашылық жаттығулар болып бөлінді.
Витагендік технология арқылы тілді
оқыту барысында жаттығулар жұмысының атқаратын
қызметі ерекше. Жаттығу жұмыстары оқушылардың
грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыра
отырып, қазақша еркін сөйлеуіне жол ашады,
дағдыландырады. [4, 1 б.].
Витагендік
технология арқылы жүзеге асатын аналитикалық
жаттығулардың қатысымдық бағыты,
ақпараттық қызметі, тәжірибелік маңыздылығының
айқындалуы оқушыларға грамматикалық, лексикалық
тұрғыдан білім бере отырып, сөйлеуге
машықтандыруға жол ашты.
Проблемалық
жаттығулар оқушыларға тың
проблема қоя отырып, газеттік мәтіндердегі соңғы
елтанымдық бағыттағы мақалалармен бірге,
экономикалық жаңалықтар туралы жаңа ақпарат
беруді көздеді. Шеберлік жаттығулар арқылы оқушылардың
мамандыққа сай алған ақпараттарын сарапқа салып,
не үйренді, нені үйренгісі келетіндігі жөнінде сөйлеу
шеберлігі жетілдірілді. Ал шығармашылық жаттығулар
арқылы меңгерген жаңа тілдік, сөйлеу материалдары
арқылы қоғамдық өзгерістерге, жаңалықтарға
ойын, пікірін, көзқарасын еркін жеткізе отырып; әлеуметтік,
кәсіби, дербестік тілдесімі
қалыптасты.
Қазіргі таңда
қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты –
мемлекеттік тілді сауатты, кәсіби деңгейде игеру. Кәсіби іс-әрекет
шеңберін жемісті бейімдеудің негізгі шарты кәсіби
қазақ тілінде еркін сөйлеу болып табылады. Кәсіби
қазақ тілін игерудің практикалық дағдыларын,
экономикалық терминологиясын игерген жоғары дәрежелі
мамандарды дайындау үшін оқушыларға қазақ тілін
оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздеу
қажеттігін туындатады.
Пайдаланылған
әдебиетер:
1.Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан,
2003, 26 желтоқсан.
2. Белкин А.С. Витагенное обучение с
голографическим методом проекций // Школьные технологии. − 1998. −
№3. – С. 23-26.
3.Қазақстан Республикасының 2010
жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. − Астана, 2002,
− 97-б.
4.Әлібаева М С. Автореферат.Кәсіби қазақ тілін витагендік технология арқылы
оқыту әдістемесі (экономика
мамандығы бойынша) .Алматы,2010
5.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы
мен әдістемесі. – Алматы: РБК,
2000. − 207 б.