А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, ф.ғ.к., аға
оқытушы Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы.
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 2 курс
магистранты Мұханбетжанова Айсұлу Рашитқызы
Екі тілді идеографиялық оқу сөздігі үлгілерінің
түзілімі және зерттелімі
Бұл мақалада отандық
лексикографиядағы идеографиялық
сөздік үлгілері туралы сөз болады. Сөздікке
дейінгі лексикографиялық туындылар мен алғашқы
сөздіктер ең алдымен оқу, үйрету сөздіктері,
оқу материалдары ретінде жарыққа шығып отырған. Тарихи деректердің негізінде ең
көне сөздіктердің тақырыптық оқу сөздіктері
болғандығы дәлелденген.
Қазақ тіл білімінде
толыққанды идеографиялық оқу сөздіктерін құрастыру жағынан әзірге
тәжірибе болмай отыр.
Алайда оның шағын үлгілері баршылық. ХІХ
ғасырдың өзінде-ақ алғашқы
тәжірибелердің болғанын атап өтуіміз қажет. Ондай
үлгілердің қатарында
Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» атты
еңбегіндегі сөздікті, Ж.Көшербаевтың «Краткий
русско-киргизский дорожник со словарем» атты еңбегіндегі
тақырыптық топтамаларды,
М.Бекчуриннің «Начальное
руководство к изучению арабского, персидского и татарского языков» оқу
құралындағы топтамаларды, Н.С.Жетпісбаевтың «Начальное
руководство арабского, персидского и киргизского языка» аталатын
оқулығындағы тақырыптық топтарды,
Ы.Алтынсариннің еңбектеріндегі тақырыптық топтамаларды
атауға болады. Бұл еңбектерде бірнеше тілдің
материалдарын бір-бірімен салыстыру, баламасын көрсету мақсат
етілген. Мәселен, Н.И.Ильминский
сөздігін алатын болсақ, онда әліпбилі сөздіктің
де, идеографиялық оқу сөздігінің де белгілері
кездеседі. Зерттеуші орыс
халқының өкілдеріне қазақтардың
мәдениетін, салт-дәстүрін, этнографиясын таныстыруды
мақсат еткендіктен, қазақ халқының
тұрмыс-салтына, дәстүріне байланысты лексикалық
бірліктерді ұя түрінде топтастыра берген. Мысалы: Тартыс – тягаться, спорит. По прочитании
муллою вначальных молитв, – что бывает в чужой кибитке, – невесту защищают
девицы и часть молодежи, а другая часть молодежи держит сторону жениха. Это
называется тартыс, который
оканчивается подарками молодым людям. Аталған еңбектегі
ұяға біріктірілген сөздік бірліктерді өз ішінен бірнеше
топқа жіктеуге болады. Атап айтқанда: а) Зерттеушінің белгілі
бір ұғымдық жақындығы бар, бір семантикалық
өрістің лексикалық бірліктерін топтастырғаны
байқалады: Қайын – женина
родня по отношению к мужу, встречается только в сложении; қайын ата (и просто ата) тесть, қайын ене – теща, қайын
аға – шурин старшей жены, қайын
– младший шурин, қайын бике –
старшая своячина, қайын
сіңлі, балдыз – младшая своячина. Те же слова идут и к мужней родне
по отношению к женщине), только из вежливости она откидывает слово қайын от называния старших;
ә) Түбірлес сөздерді ұяда топтастырып берген: Ата -называть, атастыр – взаимно свататься (у одного сын, у другого дочь); Атақ
- слава, известность, атақты –
известный, знаменитый; Мамыр, мамыр ат
– лошадь больная ногами, мамыр
құс – птица осенью от жира и от неукрепившихся еще новых перьев
неспособная летать. Отсюда время мамыр
айы. Мамырла – охрамать, быть неспособной летать.
Cондай-ақ А.
Байтұрсынұлының зерттеулеріне
тоқтала кетсе, қазақ балаларына арнап ана тілінде сауат ашу
мақсатымен жазылған «Оқу құралы» атты
еңбегінде сөздер мынадай тақырыптарға жіктелген: туысқан-туған іліктес, киімдер,
ойын-ойыншықтар, тамақтар-сусындар, дене мүшелері, үй
саймандары, ыдыс-аяқ, малдар аты, малдан басқа төрт
аяқтылар т.с.с. [7,29]. Тіл дамыту жұмыстарына тірек болатын
лексикалық бірліктерді сұрыптау барысында әдіскер ғалым
оларды тақырыптық топтарға жіктеп берген. Сол арқылы бір жағы,
лексикалық бірліктердің қандай тақырыптық
топтарға жататынын көрсетуді мақсат етсе, екінші
жағынан баланың қажетті лексикалық бірлікті сол
тақырыптық топтың ішінен таңдап алып, сөйлем
немесе сөз тіркесін құруда, ойын жеткізуде пайдалану
үшін қолдануына мүмкіндік берген.
Идеографиялық оқу
сөздігінің алғашқы үлгілері осындай. Бұл
орайда сөздік түзушілер халықтың
салт-дәстүрін таныстыру мақсатын, сонымен қатар
әдістемелік мақсатты да (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы)
қолданғанын көреміз. Идеографиялық оқу
сөздіктеріндегі сөз бірліктерінің лексика-семантикалық
қатынасы сөздердің парадигмалық қатары
арқылы берілетіндігі белгілі. Мұнда тілдің ішкі
жүйелілігі ескеріледі. Қалай болғанда да, тілді үйрену
үшін сөздердің тақырыптық және
лексика-семантикалық байланыстарының маңызы өте зор.
Сол себепті қазақ тілін үйретуде мағынадан
тұлғаға қарайғы функционалды-семантикалық
бағыт пен тілдік бірліктердің семантикалық жүйелілігі
ұстанымдарына ерекше назар аудару қажет. Идеографиялық
оқу сөздіктерінің негізгі мақсаты – сөздікті
тұтынушының (оқушының) белгілі бір ойды жеткізу
үшін сөздерді таңдап алуына
көмекші құрал болуында.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Түсіпқалиева Р. Қазақ лексикографиясы: Екітілді шағын сөздіктердің
құрылымы: фил. Ғыл. Канд. Автореф. – Алматы , 2007.24 б.
2. Ш.Бектұров пен А.Бектұрова
«Қазақша – орысша » сөздік
3. Ильминский Н.И. Материалы к изучению кирзизского
наречия Спб, 1861 . 200 c
4. Алтынсарин Ы. Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. –
Оренбург , 1879. – 63 c