А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті, ф.ғ.к., доцент А.Қайыпбаева.
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 2 курс
магистранты Мұханбетжанова Айсұлу Рашитқызы
Екі тілді сөздіктердің түзілу тарихы
Лексикографияның тарихында
түрлі сөздіктер мен
сөздік типті оқу құралдарын жасау ісі бұрыннан
жасалып келеді. Олардың өздерінің табиғаты
жағынан да, нақты адресаттың болуы жағынан да оқу
сөздіктері болып табылатындығы бүгінгі ғылыми
жұртшылыққа танымал болып отыр. Өз ана тілінен
гөрі өзге тілдерді үйренетін адамдар үшін арнайы
жасалған сөздіктер мен сөздік типтес оқу
құралдары сонау ерте кездерден бері, одан бергі тарихты алар
болсақ, орта ғасырлардан бері түзіліп отырғанмен,
теоретикалық ойдың нысаны мен практикалық лексикографияның
өз алдына бөлініп шыққанына көп болған
жоқ. Мысалы, Еуропа елдерінің
жаңа тарихында XVI ғасырдан
бастап сөздіктерді оқу құралы ретінде пайдалану
кең етек алды.
Оқу
лексикографиясының жеке ғылым саласы ретінде қаралып,
лексикографияның өзге түрлерінен бөлектенуіне негіз
болған еңбектер алғаш рет ағылшын тілді
лексикографияда дүниеге келді.
Ағылшын лексикографиясының теориясын зерттеуші ғалымдар қайта
өрлеу дәуіріндегі аударма лексикографияның теориялық негіздері туралы айта
отырып, XVI ғасырдың басында ағылшындар үшін
лексикография жаңа ғылым саласы ретінде, әрі тілдерді
үйретуге қажетті практикалық құралдар ретінде
танымал болғанын айтады. Ол кезең жаңа тілдерді үйрету
мақсатына қызмет ететін сөздіктер мен грамматикалық
құралдарға
қажеттілік болған кезеңдер болды. Ағылшын тілін
насихаттау, оны өзге халықтардың өкілдеріне
үйрету ісі сонау XVI – XVII ғасырлардың өзінде ерекше
қарқын алған болатын. Одан бергі кезеңдерде де М. Уэст, Е.Л. Торндайк, В.Уэбстер,
А.С.Хорнби т.б. белгілі авторлардың
және Оксфорд университеті тарапынан жасалған оқу сөздіктері ағылшын
тілін әлемге таратудың сенімді құралына айналды.
Қазақстанда
жасалған оқу сөздіктерінің жай – күйіне келер
болсақ, қазақ елі XVIIІ ғасырдан бастап Ресейге
тәуелді болғандықтан , қазақ тіліндегі
сөздіктер қазақ және орыс тілдерін үйрету ісіне
бағытталды. Осы кезеңнен бастап жазылған қазақ
тіліне қатыстыц сөздіктер мен сөздік типтес оқу құралдары, негізінен ,
осы екі тілді үйрету мақсатына қызмет етті. Жалпы оқу
сөздіктері бір жағынан «ел танытқыш» қызмет атқаруы тиіс. [1, 10] Осы
ретте сонау XVIII – XIX ғасырларда түзілген бірқатар оқу
сөздіктерінің үлгі боларлықтай жөні бар.
Қазақ
тіліне қатысты алғашқы оқу сөздіктерінің
бірі 1778 жылы жазылған орысша – қазақша қолжазба «Скалон сөздігі» болды. «Сөздіктің алғы сөзінде
жазылғандай, сондай – ақ, оның құрылымынан
байқалғандай, бұл еңбек әрі қазақ
тілінде ұғыныса білуді ойлаған орыстарға қажет
болса, әрі қазақтардың орыс тілінде сөйлесу
дағдыларын қалыптастыруға қажетті құрал
болған » [2,77]
Екітілді
шағын сөздіктер мен сөздікшелердің жеке басылым
түрінде шығарлуымен қатар олардың оқу
құралының ішінде берілуі де жиі кездеседі. Мұндай
жағдай қазақ жеріндегі тілді оқыту тәжірибесінде
баршылық. Мысалы, Н.И.Ильминскийдің қазақ балаларына
арнап жазған «Материалы к
изучению киргизского наречия» атты
тілашар оқулығы, Ы.Алтынсариннің «Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку» атты
еңбегі, сондай ақ жеке
кітап болып шыққан алғашқы сөздіктердің
бірі – Е.Букиннің «Орысша – қазақша және
қазақша – орысша » сөздігі, Ж.Көшербаевтың
«Қысқаша орысша –қазақша жол сілтеуші» атты еңбегі,
Қ.Кемеңгерұлы бастаған авторлардың «Қазақша – орысша тілмәші»
т.б. еңбектерді айтуға болады.
Бұл
еңбектер, біріншіден, қазақ балаларына арналып
жазылған, екіншіден, аты оқулық болғанымен, бастан – аяқ
қазақша – орысша оқу сөздігі түрінде
жазылған, үшіншіден ауызекі сөйлеу тілінің
материалдарына негізделген актив сөздік түрінде орындалған
еңбек болды. [1, 8]
«Қазақша
– орысша сөздікте» үй сөзі «жилище, дом, юрта» деген үш
баламамен берілген болса, одан бір ғасырдай бұрын жарық
көрген яғни, 1889 жылы шыққан И.Букиннің «Русско
– киргизский и киргизско – русский
словарь» атты еңбегінде үйдің құрылымы
толық көрініс тапқан: Үй, киіз үй, ағаш
үй, тас үй – деревянный, каменный дом; жена, үлкен үй –
старшая жена, кіші үй – младшая жена. Жапсар – место со внутри кибитки,
где үзік налегает на туырлық.
В кибитке противоположное двери почетное место называется төр,
босаға – близь двери. При кибитке находятся : бақан – шест, которым
поднимается и поправляется түндік и сырық – толстый шест которым во
время ветра совнутри подпирается
шаңырақ. [4,12]
Байқап отырғанымыздай, оқу
сөздігі – тұтас дүние. Қазақтың киіз
үйінің өзі де кішігірім әлем секілді болса,мына
оқу сөздігінде сол әлемнің тұтастығы
сезіледі. Халықтың материалдық және рухани
мәдениетінде өзіндік орны бар әрбір зат пен
құбылыстың мағынасын ашудың жолы осындай болу
керек.
Р.Қ.Түсіпқалиеваның оқу сөздігін «ел
танытқыш» құрал деп бекер атамағанына илана
түсеміз. Өзге тілде оқытатын оқушыларға
қазақтың тілін үйреніп қана қоймай,
мәдениетін, әдебиетін, танымын үйретуде екітілді
идеографиялық оқу сөздіктерінің атқаратын
рөлі зор. Себебеі онда, сөздерді жай ғана тізіп беріп
қоймай, әрбір сөзді жеке тақырып қылып алып, жан
– жақты талдайды. Ал, бұл баланың есте сақталуына да
жеңіл, белгілі бір тақырыпты игеруіне де тиімді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Түсіпқалиева Р.
Қазақ лексикографиясы:
Екітілді шағын сөздіктердің құрылымы: фил.
Ғыл. Канд. Автореф. – Алматы , 2007.24 б.
2. Малбақов М. Қазақ
сөздіктері . – Алматы: Ана тілі,
1995. – 112
3. Анар
Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» оқу
құралы,337 бет,Алматы, Қазақ университеті баспаханасы,
2008 жыл
4. Иісова Э.Ә,
«Идеографиялық оқу сөздігінің тілдік жүйені
меңгертуегі орны», Қостанай 2011, 149
5. Казахско –
русский, Русско – казахский словарь с грамматическим приложением для учащихся с
русским языком обучения, Кокшетау, «Келешек – 2030» , 2009,187c