«История»/ 1. Отечественная История
Магистрант Бакирова Ж.С., философия докторы, PhD
К.Ә.Нұралиев,
«Қазақ-Қытай»
академиясы, Қызылорда қаласы, Қазақстан
Мұстафа Шоқайұлының Эмиграцияға кетуі,
шетелдегі тарихи мұралары.
Мұстафа Шоқайдың төл тарихнамадан
өзіндік орнын ала алмай, көп қағажу көруінің
басты себебі ол Кеңес Өкіметі
орнағаннан кейін басқа «Алаш
Орда» қайраткерлеріндей Қазақстанда қалып қоймай, шет елге
кетіп қалды. «Өзінің мұғажарлық
кезеңіндегі бүкіл соқпалы ғұмырын Мұстафа
Шоқайұлы кеңестік сұрқия саясатқа қарсы күресіне арнады. Мұстафа Шоқайұлының архиві Парижде сақталғандықтан оның еңбектерін тек тәуелсіздік алғаннан
кейін ғана М.Шоқайдың шетелдегі мұраларын
өзінің туған еліне жеткізуге мүмкіндік туды. Ғұлама ғалым, зерек
білгер, басынан сөз асырмайтын шешен, дуалы сөзді танымал публицист Мұстафа мәмлегерлер мен саясаткерлердің де, ғалымдар мен білімдарлардың да ортасында
сағына күтетін мейманы
болған... Мұстафа Шоқай Түркістан халықтарының тіршілігін әмбеге әйгілейтін журнал-газеттер ұйымдастырып, шығаруға қатысады. Ол Мәскеу, Ташкент, Алматы, Орынборда басылатын большевиктік газет-журналдардан
алынған нақтылы мысалдар
мен деректерге негізделген Кеңестік Ресей мен
Орталық Азия жайлы сұңғыла мақалаларын, теориялық
зерттеулерін, тарихи һәм саяси шолуларын Стамбул
мен Парижде, Берлин мен Лондонда, Варшавада жариялап жатты. Әйткенмен, оның жаны өзінің төл перзенттері Стамбулда шығатын «Жаңа Түркістан»,
Берлинде шығатын «Жас Түркістан»
журналдарының үстінде, сөйте тұра Лондонда-ағылшын,
Парижде-француз, Варшавада-поляк тілінде шығуын тоқтатпаған. Орыс
императорлық қоғамының «Азиатское ревью» хабаршыларының
жарияланымдарына белсене жәрдем жасайды. Сөйтіп, ол Батыс елдерінде ғана емес,
сонымен қатар Түркия, Қытай, Америкада жүрген мұсылман
мұғажырларына (эмигранттар) айтулы көсеміне айналды. Ой мен
ісіндегі, табан тірер
тұғырының беріктігі ұлттардың тендігі мен автономиясы жолындағы айрықша
белсенді күрескерлері Мұстафа Шоқайдың
өресінің жоғары екенін дәлелдеді. Мұстафа
Шоқай туралы естелік деректер де оның шетелге кетуінің
қыр – сыпын ашуға мүмкіндік берді. Бұл естелік-дерек қайраткердің қазақ жеріндегі тарихи іздерінің бізге белгісіз тұсын айтарлықтай толықтырады. Осы кезге дейін тарихи әдебиетте Мұстафаның шет елге
эмиграцияға кетуі Грузия-Туркия-Франция арқылы жүзеге асқаны айтылып жүр. Алайда Мұстафа әуелі Маңғыстауға өзі басқарған Түркістан (Қоқан) автономиясы талқандалғаннан кейін келген. Бұл туралы 1918 жылы 7 наурызда "Бірлік туы" газетінде басылған ең соңғы хатында2
Мұстафаның өзі былай дейді: «Болшевиктердің оғынан қашып, Қоқанд қаласындағы қышлақтарда сарт ағайындардың ішінде 5-10 күн жүрдім... Екі күн жаяу жүріп, осындай
бейнеттер шегіп, Дағыстан деген қышлаққа келдім. Сонда тоғыз жүз сомға ат алып, екі жүз тоқсан сомға жолдас жалдап, «қазақ-қырғыз қайдасың?» деп қарлы таулар
асып жөнеліп кеттім... «Бірлік туы» арқылы алаш азаматтарына сәлем. Құдай тірлікте күліп-ойнап жолықтырсын. Жатқан жерім белгісіз, жария қылып болмайды» - деп жазған.
Бұдан ары қарай,
Мұстафа Кавказға өзіміздің Маңғыстау жері арқылы, дәлірек айтсақ Форт Шевченко (Бұрынғы Форт Александровск) су жолы арқылы аттанғаны дәлелдене түседі. Бұл деректердің тағы бір құндылығы сол - онда Мұстафаның Кавказ жеріне
келгені жөнінде осы өңірдің азаматы сенімді
Тобанияз Әлниязұлының және оның сенімді жігіттері-Отарбай Иманғазиев пен Шағыр Бекназаровтың тікелей
көмек көрсеткендері
айтылған. Осы дерекке сүйенсек, адай жерінің азаматтары өздерінің кемелерімен Красновдск-Баку су жолымен жүретін паронға Мұстафаны теңіз арқылы жеткізіп, мінгізіп жіберген деуге негіз бар. 1919 жылдың басында ол Кавказға барды. Сол кездегі Тәуелсіз Грузияның астанасы Тифлис қаласында тұрып, туған елінің ұлттық тәуелсіздігі үшін күресін жалғастырады. Өзі атап көрсеткеніндей,
баспасөзге "Біртұтас Түркістан республикалары" туралы көптеген
мақалалар жазады. Осы мақалалары "Вольные горцы" («Еркін таулықтар») апталығында және осында түркістандықтар мен украиндықтар
бірлесіп шығарған «На рубеже-тарихи
кезенде» атты орысша журналда басылады. Ол мақалаларын тікелей өз атымен және «М.Жанай», «Желия» деген бүркеніш аттармен
жариялайды. Ал 1920 жылы Солтүстік
Кавказдың үйымы мен Түркістанның ұлттық орталығы бірлесе отырып Тифлис қаласында «Жаңа дүние» деген газет шығарады.
Онда да Мұстафа Шоқайдың құнды мақалалары
басылды. Кеңестік басқыншы қызыл қосындардың Тифлис қаласына кіруіне байланысты 1921 жылдың ақпан айында М.Шоқайұлы кемемен Түркияға барады. Осы арада мынандай бір детальды айта кетейін.
Ол
Грузияда журнал шығарып тұрған шағында Ташкенттегі Сұлтанбек Қожанұлынан телефонограмма алады. Онда алдымен істеп алып,
артынан кешірім сұрайтын Кеңес үкіметінің Қоқан автономистеріне
амнистия жарияланғандығы, соған байланысты Мұстафа кейін,
Ташкентке қайта орала беруіне болатындығы жөнінде айтылған еді. Бір ғажабы Мұстафа бұл
арада да өте тиімді шешімге келе білді. Ол
кейін оралған жоқ. Сөйтіп оның ғұмырының соңына шейін
ұласқан эмиграциялық қызметі басталды. Өмірдің өзі көрсетіп бергендей ешқандай да эмиграциялық жолға бармай,
Отанында қалған Алаш
зиялыларының тағдырында
мынандай екі бағыт байқалады. Бірі кеңестік билікті ішкі дүниесімен қабылдамады, бірақ мойындауға мәжбүр болды. Ә.Бөкейхан
тергеушілеріне берген жауабында: «Мен
Кеңес үкіметін сүйемін, бірақ мойындамаймын»,- деп көрсетсе,
А.Байтұрсынұлы: "Мен елімнің мәдени өркендеуін қамтамасыз ете алатын билікті ғана қолдаймын»,- деп кеңестердің
бұл міндетін толық атқара
алмайтындығына күмән келтіреді. Бұл бағыттағылар алдымен қуғын-сүргінге түсіп, алдын ала түгелдей дерлік атылды. Екіншілері Алаштық идеологиядан (яғни ұлт-азаттық) бас тартатындықтарын ресми түрде ашық мойындап, (М.Әуезов, Ә.Ермеков, т.б.) кеңестік тәртіппен
ымыраға келу жолына түсті. Бұл бағыттағылардың бәрі бірдей атылған жоқ. Бірақ олар кеңестік билікпен
іштей толық жарасымдылықта өмір сүрді деп айту да тым үстірт болар еді. Өз Отанында қалған алаш зиялылары өздеріне
тиесілі басқа үлес қосқан жоқтын. Мұны
М.Шоқайұлы жақсы түсінді. Түсінгендіктен де саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алды. Оның мұндай қадамға баруы,
белгілі дәрежеде азаматтық
ерлікпен бірдей болатын. Өйткені, қазақ баласының өз елінен жырақта жүріп саяси күресті кәсіпке айналдыруы қалыптаспаған құбылыс еді. Осы күрес түркиялық халықтың да аса бір ауыр жағдайдағы кезеңі еді. Өйткені, Түркияның Егей теңізі жағалауындағы Измер қаласынан бастап
елдің қазіргі
астанасы Анкарадан 60 километр қашықтықтағы Полатли қалашығына дейінгі Түркияның барлық жерін Греция басып алған-ды. Сол үшін де М.Шоқай көп аялдамай Францияға өтеді. Франция астанасы
Парижден ол 1931 жылдың маусым айынан осы жылдың қыркүйек айына дейін
Ахмет Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Стамбулда
шығып тұрған «Жаңа Түркістан» журналына атсалысып, аса құнды мақалалар жазады.
М.Шоқай 1929 жылдың желтоқсан айында өзі Францияның астанасы Парижде
түрғанымен, Германия астанасы Берлинде әйгілі "Жас Түркістан" журналын шығара бастады. Журнал Шағатай
тілінде басылды. 1939 жылдың тамыз айына дейін журналдың 117 саны
жарық көрді. Ондағы
жарияланған Мұстафа Шоқай мақалаларының
тақырыптары сан алуан. Барлығы сайып келгенде, ұлттық
тәуелсіздік пен түрік халықтарының бірлігі
мәселелерін қозғайды.
Оларда түрікшілдік идеялап уағыздамады.
Мұстафа Шоқай бір мақаласында былай деп жазған:
«Халықты ұят деңгейіне көтеру, яғни жері, суы,
қазынасы, тіл мен діні бір болған халық бұқарасын
бірлестіріп, олардың санасын санаға жеткізу – ұлы тарихи
міндеттің маңызды бір бөлігі». Ол «Жас Түркістан» журналының 1933 жылғы қазан айындағы 47-санының 20-24 беттерінде өзінің
студенттік кезіне Петербургтегі түрік тектес
студенттердің Түркияға көмектесу үшін құпия даярлық істегендері
туралы жазады. Ал оның 1936 жылғы «Түркістан жастарына» деген
үндеуі де осындай идеяларға толы: «Бүгін
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызыстан,
Қарақалпақстан, Түркменстан һәм,
Тәжікстан деп хат үкімет күшін алты????? Бөліп
тұрған Түркістан – бөлінбес, айрылмас бір өлке
халқының қаны бір, діні бір, мақсаты бір.
Түркістанның мақсаты - өзінің миллет
үкіметін құрып, дербес боп, өз алдында бір үкімет
болып тұру. Халқы көптен бұл жұмысқа
алысып, шалысып, қан төгіп, соғысып келеді. Үмітіміз
зор, мемлекетіміздің болашағына иланамыз. Түркістан жастары
айрықша бұл мақсатымызға жеткізуге таланып, тырбанып
жатыр. Біздің мақсатымыз жалғыз Түркістанның
ғана емес, бүтін түрік өлкелерінің бүтін
түрік халқының дос болып, өзара бірлігін нығайту.
Түркістанды формасы жағынан да, мазмұны жағынан да
ұлттық мемлекет құру, өйткені тек осылайша
ғана халқымыз өз Отанында өз тағдырының
толық құқықты иесі бола алады дейді» өз
мақаласында. Мұстафа Шоқай саяси теоретик
ретінде Кеңес Үкіметі билеген
Түркістанның тағдырына бейтарап қарамай, Отанында болып жатқан әр оқиғаны талдап отырады. Осы кезде оның «Кеңестер билеген Түркістан» және «Кіндік Азиядағы Кеңестерде»
еңбектері жарық көрді. Ол тіпті кейін өз естеліктерінде де тек
автономия жағында болмағанын айтады. Түркістанның азаттығы туралы идеяларын шет елдерге түсіндіріп, бәлкім көмек сұрауға болар ма еді? Шетелдіктермен азды-көпті жұмыс істеліп жүрді. Дегенмен,
жағдай бірте-бірте түгелдей
Кеңестердің пайдасына қарай өзгере бастады. сондықтан ендігі жерде Түркістан проблемасын Еуропаға, әлемге түсіндіру үшін Мұстафа Шоқайды шет елге жіберу ұйғарылды. Сол бір тұста Ресейдің мүшелерінен құрылған бір делегация Еуропаға бара жатты.
Сол делегацияның құрамында Түркістан, Қазақстан және, Башқұртстан атынан Баку жолы арқылы біз де Мұстафа Шоқайды «Еуропаға жібердік»,- деп жазады. (Ахмет Зәки Уәлиди кітабының 376-бетінде). Демек, бүгінде кейбіреулер ойлап жүргендей Мұстафа Шоқай шет елге (Еуропаға) бас сауғалап қашқан жоқ, арнайы тапсырмамен Түркістан үшін күресті жалғастыруға кеткен. «Түркістан атына сыртта жүргізілген жұмыстар» деген кітаптың IV бөліміне енгізілген. 6-тарауда автор Мұстафа Шоқайдың Еуропада жүріп, Түркістанды, Түркістан мәселесін таныту
жолындағы еңбегіне тоқталады. Парижде бірнеше жыл бойына орыстың эмиграциялық баспасөзіне (Мысалы,
Меликов пен Керинскийдің газеттеріне) кейбір француз, поляк газеттеріне
Түркістандағы
большевиктердің саясаты туралы мақалалар
жазады. Мұстафа Шоқай үлкен ағартушы, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының байырғы да бай мәдениеті мен тарихының баяншысы Орталық Азияның ғұлама ғалым - кемеңгерлерінің еңбектерін уағыздаушы болды. Ол тыным таппай Батыс әлемін Түркістанмен таныстырып, табыстырумен болды. «Мұстафаның Париждегі, Лондондағы, Женевадағы және басқа Батыс орталықтарындағы қызметінің сан қырлы да сапалы болғаны
соншалық, оны есептеп жату мүмкін емес»,- деп жазады Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшесі, Грузияның сыртқы істер министрі
А.Шенгелия. Ол әрбір мүмкіндікті және өзінің "Әлемнің аса көрнекті сарабдал
саясатшыларымен болатын барлық ресми және биресми пікірлесуге қатысу хақын құр жібермеуге тырысатын», -деп көрсете келіп, А.Шенгелия былай деп хабарлайды: «Біздің өзіміз құрған «Кавказ, Түркістан және Украина халықтарының достастығы» қоғамында оның өзінің орасан зор
елінің салмағына лайықты орын алуы әбден табиғи нәрсе еді... Мұстафа есімі Түркістанда ғана емес, сонымен бүкіл Кеңес Одағында қалың қауымға танымал болды, бұған өзіміз, әйтеуір, амалын
тауып, сол жақтан алдырып тұрған газеттер мен кітапшалар дәлел.
Айында-жылында бір осында жолы түсе қалған түркістандықтардың Түркістан төңірегіндегі барлық
айтыс-тартыстың бір адамнан ғана таралып жатқанын біліп, қатты таңырқағандарын талай көргенім бар...
Мағлұматтар бергенде Мұстафа әрдайым аса ыждаһатты
болатын, ешнәрсені де дабырайтып көрсетпейді, қайта өзінің зор жауапкершілігін сезініп, кішірейтуге бейіл тұтатын". Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан
бастап, жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдарына
дейінгі өз халқының көзі ашылмай, көрген қасіреті туралы Ақиқатты айдай
әлемге паш ету жолында жанын да, тәнін де
тігіп адал еңбек ету -Мұстафа Шоқайдың өмір мұраты, бойына қуат
құйған нәр-осылар. Ол ақтық демі біткенше бойында ұлы мұрат пен бәтуәлі іс-әрекет біте қайнасқан жан болып дүние кешті. Түркістан жанашыры болған бір еуропалық азаматтан оның неге Мұстафаны
жанындай жақсы көретін себебін
сұрағанда, ол: "Өйткені,
Мұстафа Шоқай жеке өзінің қара басымен ғана осы орасан зор елді білдіре алатын тұлға. Түркістанның ой-арманы мен мүдде-мұраты осы сөздің дәл мағынасында оның бойынан тұтас көрініс тауып тұр деген екен»,- деп Тахир Шағатай доктор еске алады. Баспасөз
бетінде жарық көрген бір мақалада: «Петербург пен Мәскеу,
бірнеше рет Лениннің өзі бастап, Сталин қостап, Мұстафаға
ұсыныс жасады. «Түркістан республикасын
құрғаныңа қарсы емеспіз, қолдаймыз.
Бірақ сен бізді мойында, Кеңес өкіметін мойында», дейді.
Бұған Мұстафа көнбейді», деп жазылыпты.
2008 жылы «Мұстафа Шоқай» фильмінің премьерасы өтті.
Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың айтуынша, фильмнің басты
мақсаты - М.Шоқайды қоғамда қалыптасып
қалған, жаттанды образынан аршып, ұлт мұратын
көксеуші қайраткер ретінде таныту болыпты.
Қағазға жазып елестету бір бар да, өндіріске
әкеліп, соны түсіру процесі бір басқа.
Мұстафа Шоқайдың бейнесі көптеген ғалым,
мамандардың айтуынша, ол туралы түсірілген фильмдерде анық
ашылмаған. Ал Болат Мүрсәлімнің ойынша мұндай
кемшілік тіпті тарихи зерттеулерде де кездеседі.
Фильмдердегі басты кемшілік, сондай ақ, тарихшылардың
еңбектеріндегі басты кемшілік – М.Шоқайдың 17-ші жылғы
Қоқан автономиясын құру кезіндегі күресі мен
кейінгі Еуропадағы эмиграциядағы күресі екеуінің
айырмашылығын ашып бере алмайды. Мұны тек қана Мәмбет
Қойгелдиевтың еңбектерінен ғана оқуға болады.
Шоқай 17-ші жылғы құрғысы келген автономия ол
Ресейдің құрамындағы автономия еді. Кейінгі тұтас
Түркістан идеясы - Кеңес Үкіметі Түркістан
халықтарына бостандық әпермейтініне көзі жетккеннен
кейінгі тәуелсіздік жолындағы күрес еді. Бірінші
күресте автономия деңгейіндегі бірлікті айтса, екінші жолғы
күресте мүлде тәуелсіздік жолындағы күрес болды. Мұстафа Шоқай 1941 жылы
желтоқсан айында Берлиндегі бір ауруханада 51
жасында, жұмбақ жағдайда қайтыс
болған. Оған
біреу у беріп, улап өлтірді деген де болжам бар. Кейбір
тарихшылардың айтуынша, Мұстафа Шоқай сүзек дертінен
көз жұмған.
Рас,
Мұстафаны біз енді танып жатырмыз. «М.Шоқай кім?» деген
сұраққа ойланбай жауап беруге болмайды. Біле - білсек,
бұл қайраткердің тағдыры - белгілі дәрежеде
қайталанып отыратын тағдыр. Жүсіпбек
Аймауытұлының Джек Лондоннан тәржімелеген бір аудармасында
мынандай тағылымды жолдар бар: «Ғажап іс: һәр кез бір адам оянып, ілгері
қарай қадам басайын десе, өңкей жалқау ондай
адамды «кері кетіргелі жүр,
өлтіру керек» деп, ду ете
түседі. ... Ондай адамды тас атып өлтіріп, ақырында
өздері ақымақ болып қалады».
Осыны
ескеріп, Мұстафаның өзі айтқандай, адам тағдырын
һәм ұлт тағдырын энтомологиялық коллекцияға
(мысалы, көбелек коллекциясы) айналдыруға болмайды. Бізге
қайраткер тағдырының жасанды немесе «түк айтпайтын» бейнесі
емес, жанды және мұң мен шер, сенім мен үміт
арқалаған сабағы қажет. Конъюнктураның жетегінде
кетіп, өтірік-шын «Кешегі
Мұстафа!» деп елжірегеннен гөрі асыл
азамат ісінің жалғасуын ойлап «Бүгінгі Мұстафа!» деген -
анағұрлым иманды, анағұрлым кісілікті ниет
болмақ. Ал Мұстафа Шоқайларды тарих еншісіне қалдырып,
ұлт тағдырын ойлаған қазіргі қайраткерлерге
күдікпен қарасақ - қатқан көбелек былай
тұрсын, отқа түскен көбелектің (пәруана)
кебін құшармыз...
Марқұм Айтан
Нүсіпханның маңдай терімен бүгінгі
оқырманға жеткен қайраткер мұрасын бажайлай отырып,
мынандай ойға келдік: Мұстафа - иман мен ардың, тазалық
пен намыстың қазақ һәм бүтін түрік
тәжірибесіндегі айрықша құбылысы. Мұны
қарапайым тілмен түсіндіріп көрелік. Мысалы, адам -
әуелі пенде десек те, жүрегінде имандылықтың
ұшқыны бар жан арға жүгінбей тұрмайды.
Бірақ ит-тірлік оны әркез арға жүгіндірмейді. Данышпан
Абайдың «.. Ең болмаса айында бір,
өзіңнен өзің есеп ал» деген сөзінің астарында осы
иман мен ар қажеттігі айтылады. Ал, енді Мұстафаның
жазғанына және принципті ісіне қарап, оны - ар-намыстың
рәмізі дер едік. Тіпті М.Шоқай және Алаш зиялылары -
қазақ үшін тазалық пен ұлтқа қызмет
етудің жиынтық аты болып қалды десек қателеспеспіз.
Енді байыптап көріңіз: сіз пендешілікпен кетіп, ар-намысты не
күніне, не аптасына, не айына бір-ақ рет ойлайсыз, ал бір
қандасыңыз оны өмір салтына айналдырған. Мәселен,
бүгінгі ақсақал жасындағы оқығандарды
алыңызшы. Біреуіміз білмесек екіншіміз білеміз, осылардың нешеуі елдік
принципімен өмір сүреді?.. Өзіне не баласына қызмет,
атақ, ақша, үй-мүлік беріп, кез-келген
мазмұндағы хатты алдына тосыңыз, қол қояр ма
екен?.. Немесе жастарды-ақ алайық. Қалыптасып жатыр деп,
кешіріммен-ақ қарайық. Елдік туралы ойлау былай тұрсын,
арам ақша ұстаған «спонсордың» құлы, дастарқан жайып алдаусыратқан
«батагөйдің» баласы болып жүргендер
қаншама? Мысалы, мәдениет саласында жілікті ұстап
дүркіреп, қорбаңдап біреу жүр. Өзі мемлекеттік
қызметте, бірақ ақшашыл, сауықшыл - саунашыл. Дүдәмал
ақша кемерінен асса керек, қазір «маған кім диссертация жазып береді?» деп, қалтасы тесік ғалым
іздеп отырған көрінеді...
Сонымен
қорыта айтар болсақ, Кеңестік идеологияның
қазақтың ұлы мемлекет қайраткері Мұстафа
Шоқайды туған халқына құбыжық етіп
көрсету барысында оған таңған “халық жауы,
қарсы төңкерісшіл элемент, буржуазияшыл ұлтшыл,
кертартпа-төңкерісшіл, шетелдердің тыңшысы,
ағылшын тыңшысы, әлем буржуазиясының тыңшысы,
түрікшіл, исламшыл, ұлтшыл, шен-шекпен үшін елін нацисттерге
сатқан опасыз, фашисттермен ауыз жаласқан, фашисттердің
қолжаулығы болған сатқын, Түркістан легионын
құру туралы пікірді беруші, фашисттік билік астындағы
Түркістанға басшы болуды көксеуші, Қазақстанды
Германияның отарына айналдыруды көздеуші, Түркістан
легионының құрушысы” секілді бүкіл
қылмыстық атаулар мен айыптаулардың толығымен негізсіз
екенін нақты айта аламыз.
Бірақ, елестің аты елес.
Ақиқат, Қазақстанның тәуелсіздік
тарихының көрнекті тұлғасы М.Шоқайдың есімі
күн өткен сайын асқақтай беретіндігі. Бірақ
кезде Шоқай тәуелсіз Қазақстан Республикасының
халық қаһарманы еді. Ол бұған іс-қимылдары
және идеяларына байланысты лайықты көрілді. Осы
атақ-бедел Шоқайға қатысты шындықтардың
беті ашылған сайын нығая түсуде. Осыған орай,
Шоқайдың мұрасы мен қызметтерін жандандыру
жолындағы іс-шаралар күн өткен сайын қарқынды
түрде жалғасуда. Шоқай туралы айтулы жұмыстардың
бірі 1994 жылы туған қаласы Қызылорда да жүзеге
асырылды. Сол жылы кешігіпте болса, Шоқайдың жүз жылдық
мерейтойы атап өтілді. Аталмыш қалада сонымен қатар, 1996
жылы Мұстафа Шоқай ескерткіші салтанатпен ашылды.
Қазақстанның бірқатар қалаларында көшелер
мен даңғылдарға және мектептерге аты берілді.
Пайдаланылған әдебиеттер
мен сілтемелер тізімі:
1. Мұстафа Шоқай. «Түркістанның қилы тағдыры» Алматы. 1992ж, 47-151 беттер
2. М.Шоқай. Таңдамалы шығармалары I том. Құрастырғандар Нәрібаев, Жолдасбеков. Алматы. 1998
3. К.Нүрпейісов. «Алаш һәм алашорда» Алматы. 1995.
143-388 беттер
4. Ж.Құлиев. «Мұстафа-Бей Шоқайұлы кеш бізді...» Жас алаш 2000 жыл, 28 қараша.
5.
«Жас Түркістан» журналы Алматы. 1998 ж. N2
6.
К.Аманжолов. «Түркі халыктарының тарихы» 3-кітап Алматы. 1999 ЖЫЛ.
8.
А.Оқтай. «М.Шоқай және түрікшілдік Түркістан" 1997. 58 бет
9. М.Шокай, Н.Төреқүлов, Ж.Аймауытов, Ж.Ақбаев Нискольскаялардың есімін есте қалдыру туралы. Алматы. ақшамы-1997ж.
30 мамыр
10. К.Нүрпейісов. «М.Шоқай және Қазақстан мен Түркістанның 1917-1927
жылдардағы қоғамдық саяси өмірі» Қазақстан тарихы, 1997. N2
11. Т.Омарбеков. «М.Шоқайдың эмиграцияға
кетуінің кейбір мөселелері» Қазақ тарихы-1997ж. N2. 26-бет
12. М.
Қойгелдиев. "Тұтас Түркістан идеясы және М.Шоқай"
Егемен
Қазақстан-1997ж. 1-ақпан
13. Ә.Спанов. "М.Шоқайдың Маңғыстаудағы іздері" Жас алаш. 1996.
19- Желтоқсан.
15. А.Шульгин. «М.Шоқайдың адамилылығы» Қазақ тарихы. 1996ж. N5
16. А.Тәкенов. «М.Шоқай өмірінің кейбір қырлары» Қазақ тарихы. 1996ж.N5
17. Ә.Бәкіров. «Түркістан ұлттық итеті» (М.Шоқай туралы)
Егемен Қазақстан. 1996. 16-қаңтар.
18. Д.Досжан (М.Шоқай тур алы) Жалын.-1993.
N5.
19. Ә.Байшуақұлы. «Түркістан лeгионы туралы шындық» (Ғалым, демократ, қоғам қайраткері М.Шоқай
туралы Қазақ әдебиеті, 1992. 27-қараша
20. Қ.Бекниязов.
"Өз заманының озығы" Шоқайұлы туралы (Коммунизм жолы) 1990. 13 қыркүйек
21. А.Нүсіпхан. Шоқай және оның Яш Түркістан журналынан соңғы деректер. Қазақ әдебиеті. 1998. 1-мамыр
22. Мария Шоқай. «Талықсып кетіп... оянбаған...» Қазақ тарихы. 1997 N2
45-бет
23. О.Хасен. "М.Шоқай және оның шет елдегі ізбасарлары" Қазақ тарихы.
1997. N2. 5-15беттер
24. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995жыл. 30 тамыз
25. Мұстафа Шоқай және шетелдегі қазақ зиялылары Қазақ елі. 1997 жыл. 17 қаңтар, 5-бет
26. Мұстафа мен Мағжан (архив айғақ). Қазақ әдебиеті 1999 жыл.5 ақпан,N6.6б.
27. Ф.Әли. «Мұстафа Шоқай» Жас алаш 1997. 23-шілде
28. Г.Көкебаева. «М.Шоқай және түркістандық соғыс тұтқындары» Қазақ
тарихы. 1997. N2