Бекжанова М.А. жетекші, Омар А, студент

ҚазИТУ

Алматы, Казақстан

 

Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестер

Білім беру жүйесін дамытуға Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы - 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында  үлкен басымдық беріліп отыр. Елімізде  жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң  шешім  қабылдай алатын  тұлға  дайындау болып  отыр . Қазіргі кезде  білім беру жүйесіне инновациялық білім беру жүйесіне көшіруге жұмыстар жасалуда. Ол үшін педагогтың жаңашыл білім беру жүйесі мен инновациялық білім беру мекемесін дамыту қажет. Білім беру саласындағы инновацияны жасау, игеру және тарату – жаңа білім беру жүйесін қалыптастырады. Бұл икемді, ашық, жеке тұлғалық, жасампаздық білімнің, адамның бүкіл өмір бойы үздіксіз білім алуының жаhандық жүйесі.                                                          Инновациялық білім беру мекемесі – ол  дарын мектеп, мектепке дейінгі немесе мектептен тыс мекеме, мамандар даярлау немесе қайта даярлау орталығы және т.б.: баланың өмірін ұйымдастырудың бұкаралық мектептегіден  өзгеше моделін жасап, жүзеге асыру; білім берудің дәстүрлі мазмұнынан өзгеше, өзін өзі сезіну, өзін-өзі реттеу, өздігінен білім алу, өз өмір жолын анықтау іскерлігі мен кұралдарын меңгертуді қамтитын мазмұнын жасау; педагогтың еңбегінің басқа мазмұны іздестіріледі, мұғалімнің жеке басының шығармашылық білімдерін, өз еңбегінің мазмұны мен нәтижесі үшін жеке жауапкершілігін дамытуға бағытталаған оның жұмысының жаңа құралдары мен әдістері сыналып, байқаудан өтеді [1]. 

Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Аз уақыт ішінде инновация термині қолданысқа еніп, өз орнын нықтай түсті. Осыдан біршама уақыт бұрын бұл термин отандық педагогикалық әдебиеттерде мүлдем қолданылмайтын еді. Қазіргі таңда жағдай мүлдем өзгеше. Дегенменде, бұл терминнің мазмұны түрлі жұмыстарда қолданылғанымен, өз айырмашылықтары бар. Қазіргі таңдағы «білім беру» түсінігі «оқыту», «тәрбиелеу», «білім беру», «даму» терминдерімен байланыстырылады. «Білім беру» термині ағартушылықпен байланыстырмай тұрған кездің өзінде кеңінен қолданылып келген. Сөздік мағынасында «білім беру» термині «қалыптастыру» етістігінен жаңа бір нәрсені «жасау», «құру» немесе «дамыту» мағынасында алынған зат есім ретінде қарастырады. Жаңа бір нәрсені ойлап табу – міне инновация. Ал педагогика саласындағы инновация дегеніміз – оқыту мен тәрбие берудің жаңа мақсатын, мазмұнын, әдіс-тәсілдер мен формаларын кірістіру, білім алушы мен оқытушының бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыру дегенді білдіреді. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде [2]. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайыңдықты талап етеді. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе педагогика ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

Білім беру саласындағы инновациялық процесстердің мәнін түсінуде екі маңызды мәселе жатыр – қалыптасқан педагогикалық тәжірибені жалпылау, ауқымын кеңейтіп тарату, оқыту және психология-педагогикалық ғылымдағы жетістіктерді қолданысқа енгізу мәселелері. Қазіргі қоғам, мәдениет және білім беру саласының дамуы жағдайында педагогикалық бағытта инновациялық бағдарды енгізудің қажеттілігі бірнеше жағдайлармен анықталады.

Біріншіден, қазіргі таңдағы саяси-экономикалық қайта құрулар түрлі типтегі оқыту мекемелерінде білім беру саласының жүйелерін, оқу ісі мен тәрбие процестеріндегі ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен амалдарын түбірімен өзгертуге алып келіп отыр. Педагогикалық жаңалықтарды ашуды,  меңгеру мен қолдануды өз бойына сіңіре білген оқытушылар мен тәрбиешілердің қызметінің инновациялануға бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралы ретінде танылады.

Екіншіден, білім беру мазмұнын гуманитаризациялау, оқу пәндерінің көлемі мен құрамын үздіксіз өзгерту, жаңа оқу пәндерін енгізу оқытудың жаңа технологияларды үздіксіз іздестіріп отыруға міндеттейді. Аталған жағдайда оқытушылық ортада педагогикалық білімнің рөлі мен беделі өседі.

Үшіншіден, оқытушының педагогикалық жаңалықтарды меңгеру мен қолдану фактісінің өзіне қатынасының өзгеруі.

Төртіншіден, жалпы білім беретін мекемелердің нарықтық қатынасқа енуі, жаңа мемлекеттік, сонымен қатар мемлекеттік емес білім мекемелерін ашу олардың арасында бәскелестік жағдайын тудырады [3].

Жалпы алғанда, білім беру, гуманитарлық, сонымен қатар жаратылыстану ғылым салаларында дәстүрлі оқыту жүйесін өзгертіп, инновациялық әдіс-тәсілдер мен амалдарды жалпылай қолдану үлкен нәтиже береді дегенді алға тартамыз. Себебі, инновациялық әдістерді қолдануда көп жағдайда оқытушы мен білім алушының өзара тығыз қарым-қатынаста болуын, ақылдаса келе бір ортақ түйінге келуін, ұжымдаса әрекет етуге бағдылануын талап етеді. Ал біздің, педагогтардың, мақсатымыз – әрбір білім алушының қазіргі заманға сай жеке дүниетанымын, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру, индивидуалдылығын таныту.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын және білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы

2.     Ангеловски К. Учителя и инновации: Книга для учителя: Пер. с македон. — М., 1991

3.     Еньшина Н. А. Инновационные процессы в образовании // г. Барнаул, Барнаульский государственный педуниверситет [электронный ресурс] — Режим доступа.