Қарулы
қақтығыстар кезіндегі балалар құқығын
қорғау мәселелері
Ержанова Ф. А. З.ғ.к.,
доцент
Алипова Н.Г., магистрант
Әлемдегі қарулы
қақтығыстар санының азаймауына орай,
соғыстың зардабын тартып жатқан балалардың саны да
барған сайын көбеюде. Кейбір елдерде қарулы күштер мен
топтар ұл балалар мен қыз балаларды әскер ретінде ерікті
түрде немесе күштеп тартуды. Әсіресе жинаушылардың
жеңіл олжасына және пайдалану нысанына кедейлік немесе кемсітушілік
жағдайларындағы балалар айналуда. Оларды көбіне мектептен,
көшеден я болмаса үйінен ұрлап әкетіп жатады. Балалар
әкетілгеннен кейін оларды түрлі әдістермен пайдаланады.
Олардың басым бөлігі соғыстық әрекеттерге,
барлаушы, байланысшы, тасымалдаушы, малай ретінде, сондай-ақ,
құрлықтағы миналады орнату мен қатерсіздендіру
үшін пайдаланады.
Соғысқа тартылған және
қарулы қақтығыстар барысында пайдаланылатын балаларды
дәл саны белгісіз. Дегенме де, зерттеулердің мәліметтеріне
сай әлемнің әр түрлі елдерінде болып жатқан 30
қақтығысқа 300 мыңға дейін
әскер-балалар қатысуда нақты санын ешкім білмейді. Бұл
балалардың басым көпшілігі соғысқа тартылған
немесе әскерге күшпен әкетілген – жасы әлі 10-ға
толмаған кейбіреуі көбіне солардың өздерінің
отбасыларына немесе қауымдастықтарына қарсы
бағытталған сұмдық қатыгедік әрекеттердің куәларына
немесе қатысушыларына айналып жатады. Бұл балалар
психологиялық, сонымен қатар, денелік ең қорзынышты
қауіп-қатер мен жан түршіктірер азаптауларға
түсіп отырады [1].
Бұл мәселе де «бала
еңбегінің ең нашар әдістері» қатарына
жатқызылған, оған дәлел «Бала еңбегінің
ең нашар әдістеріне тыйым салу мен оларды құрту
жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Конвенцияны ратификациялау
туралы Заңның 4-бабы 1-тармағында балаларды қарулы
қақтығыстарда пайдалану үшін мәжбүрлеу
немесе міндеттеутыйым салынады делінген [2].
Қарулы
қақтығыстар кезінде балалардың
құқығын қорғау саласындағы
аймақтық
халықаралық-құқықтық актлердің
ішінен 1999 жылдың қараша айында күшіне енген Африкалық
бала құқығы мен жақсы өмір сүру
хартиясын ерекше атап өткен дұрыс, ол бала
құқығы жөніндегі аймақтық
деңгейдегі алғашқы келісімшарт болып табылады.
Оның ережелерінде балалар
жасаған қылмыстар үшін өлім жазасын
шығаруға, сондай-ақ, балалардың денсаулығы мен
өміріне қауіп төндіретін немесе кемсітушілік пен
сипатқа ие болып келетін дәстүрлер мен мәдени
практикаларға тыйым салу көрсетілген. Хартия, сонымен қатар,
балаларды қарулы қақтығыстарға тарту мен
қатыстырудың барлық түріне арнап 18 жасты ең кіші
жас ретінде бекіткен аймақтық деңгейдегі алғашқы
келісімшарт болып табылады. 2004 жылдың 1 маусымына қатысты
Хартияны Африкалық Одақтық 53 мүше мемлекетінің
33-і бекітті, тағы 10-ы оған қол қойды [1].
Өкінішке орай, қазіргі күнге
дейін адамзат соғысының қауіпті күшін толық
ұққан жоқ: бірегей немесе жердің басқа
бөлігіндегі қарулы қақтығыстар болып жатады.
Қазіргі таңда өте қауіпті қақтығыстар
Шешенстанда, Израиль мен Пәкістан арасында жиі болады. Осы
қақытығыстардың нәтижесінде ерекше қауіпке
азаматтық бейбіт тұрғындар ұшарайды [4;55].
Осыған орай, 1949 жылы 12 тамызда Соғыс
кезінде азаматтарды қорғау туралы Женева конвенциясы
қабылданды және осымен бірге, қатар қабылданған
соғыстан зардап шегушілерді қорғау туралы үш конвенция
және 1977 жылғы Қосымша хаттамалар халықаралық
гуманитарлық құқықтың – жалпы
халықаралық құқықтың қарулы
қақтығыстар кезінде қолданатын саласының бірі,
шарттық базасының негізін құрайды.
Аталған конвенцияның ішіндегі
қорғалатын адамдарға – соғысқа қатыспаған
немесе қару –жарағын беріп соғыстан бас тартқан
және түрлі ауруларға сай соғысқа
қатыспаған адамдар кіреді. Бұл адамдарға
әрқашан да гуманизммен қарау керек, нәсіліне,
түріне, тіліне, жынысына, дініне, әлеуметтік жағдайына
қарамастан.
Осы Конвенцияның мақсаты ретінде
төменде берілген қызметтерге тыйым салынады:
-
физикалық қол сұғушылыққа, оның
ішінде әр түрлі өлімдер, зорлық зомбылық
және т.б.
-
тұтқынға алу;
-
адами құндылықтарға нұқсан келтіру,
оның ішінде жәбірлеу мен адамға тіл тигізу;
-
өркениетті ұлттармен қажеттідеп танылған сот
кепілдіктерінің бар кезінде құзіретті сотпен тиісінше шығарылған алдын ала сот
шешімінсіз жаза қолдануға тарту [5].
Сонымен қатар, Конвенцияның 17-бабына сай
қақтығыс кезінде екі тарап белгіленген немесе
қоршалған аймақтардан ауруларды, мүгедектерді,
кәрі адамдарды, балалар мен нәрестелерді міндетті эвокуациялау
және барлық дін өкілдерін, санитарлық қызметкер
және санитарлық мүлік кіргізу туралы жергілікті келісім
жасайды. Азаматтық тұрғындар медициналық көмекті
кедергісіз алуы үшін, халықаралық гуманитарлық
құқықтың нормаларын қорғаныс
және қамқорлық ретінде қолдануы үшін.
Азаматтық тұрғындарға шабуыл
жасау мен бомбалау орнын толтырусыз зардапқа әкеледі, оның
ішінде халықтың осал бөлігін құрайтын
әйелдер мен балаларға ондай әрекеттерге тыйым салады
және қатаң сотталалады.
Химиялық және бактереологиялық
қаруларды соғыс қимылдарында қолдану 1925 жылғы
Женева хаттамасын, 1949 жылғы Женева конвенциясын және
халықаралық гуманитарлық құқықтың
принциптерін бұзады және халықтың шығыны мен
әйелдер мен балалардың қорғансыздығына және
шешімдіайыптің тағылуына әкеледі.
Барлық мемлекеттер 1925
жылғы Женева хаттамасына және 1949 жылғы Женева конвенциясына
сай, сондай-ақ, халықаралық
құқықтың соғыс кезіндегі, әйелдер мен
балаларды қорғауда маңызды кепілдік болып табылатын адам
құқықтарын құрметтеуге қатысты
актлерінде берілген міндеттерді толық орындауы тиіс.
Қарулы
қақтығыстарға, шетел территоиясындағы
әскери операцияларға немесе колониалдық басқару
астындағы территориялардағы әскери операцияларға
қатысушы мемлекеттер әйелдер мен балаларды соғыстың
қырғын салдарынан аман қалып қалуы үшін бар
күшін салуы тиіс. Қудалау, азаптау, айыптау жазалары, ар ожданын
ластайтын және күштеу шараларына тыйым салуға қол
жеткізу үшін , оның ішінде азаматтық
тұрғындардың, әсіресе, әйелдер мен балалар
құрайтын қауымның аталған қатігез
жағдайларға ұшырамауын қамтамасыз етуі тиіс.
Әскери операциялар немесе
оккупацияланған территорияларда соғысушы тараптармен әйелдер
мен балаларға репрессиялық мен қатігез және
адамгершілікке жат қылықтардың барлық нысандары,
түрмелерге тастап, азаптау, ату, жаппай қамауға алу,
ұжымдық жазалау, үйлерді құлату мен
тұғылықты жерлерінен күштеп қуу әрекеттерін
жасау қылмыстық іс болып саналады.
Азаматтық
түрғындар болып табылатын
және төтенше жағдайлар мен бейбітшілік, өзін
өзі анықтау, ұлттық бостандық пен
тәуелсіздік үшін күресіп жатқан немесе
оккпацияланған территоиялардағы әйелдер мен балалар
баспанасынан, тамағынан, медициналы көмектен немесе Адам
құқықтарының Жалпыға бірдей
декларациясында, Азаматтық және саяси
құқықтар туралы халықаралық пактдегі,
Әлеуметтік, экономикалық және мәдени
құқықтар туралы Халықааралық пактдегі, бала
құқықтары туралы Декларацияда немесе өзге де
халықаралық құқықтық актлерде
көзделген ережелерге сай құқықтарынан айырылмауы
тиіс [6].
Соғыс кезінде балалар
белгілі бір себептерге байланысты, көбіне эвокуация кезінде
әке-шешелерінен айырылып жатады. Осыған байланысты Соғыс
құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциясына 1977
жылғы Қосымша хаттаманың 78-бабына сай кез келген тарап
ұрыс кезінде өз азаматтарынан
басқа балаларды эвокуацияламауы тиіс, шетелдік мемлекет егер іс
балалардың денсаулығы мен емделуі жайлы болса және олар
оккупацияланған территорияларда
болып олардың қауіпсіздігі жайлы болса, уақытша
эвокуацияланады. Егер, ата-анасы немесе заңды қамқоршылары табылса,
заңды немесе дәстүр бойынша баларды қарауда басты
жауапкершілікке ие олардың осындай эвокуацияға жазбаша келісімі
қажет. Мұндай кез келген эвокуация
даржава-қамқоршылардың басшылығымен мүдделі
тараптардың келісімімен яғни эвокуацияны жүзеге асырушы,
балаларды қабылдаушы және азаматтар эвокуацияланған кез
келген тараппен жүргізілуі тиіс.
Эвокуацияны жүзеге
асырудың барлық жағдайларында, баланы оның діни
және ата-анасының адамгершілік тәрбиесін есепке ала отырып
үйрету, максималды түрде үздіксіз болғаны дұрыс,
себебі бала сонда өз тегі мен ата салтын кішкене мөлшерде болса да
есінде сақтап жүреді. Жалпы, эвокуацияланған балалардың
өз отбасы мен еліне қайтып оралуын жеңілдетуде мемлекеттер
әр балағасуретімен арнайы жеке карточка жүргізуі тиіс.
Әрі қарай мұндай картока Қызыл Кресттің
халықаралық Комитетіне қарасты Орталық анықтама
агенствосына жіберіледі.
Осынай жолмен, қарулы
қақтығыс кезінде балаларды қорғау
неғұрлым ықпалды болады , егер, мемлекеттер өз бетінше
Соғыс кезінде тұрғындарды қорғау туралы Женева
конвенциясын, 1977 жылғы Қосымша хаттаманы және Бала
құқықтары туралы конвенцияның ережелерін
орындайтын болса бала құқықтарын қорғау
әсерлі болады. Сонымен қатар, соғыс кезінде мемлекеттермен
мойындалып қойылған халықаралық келісімдерден
туындаған бала құқықтарын қорғау
міндеттерінің толық орындалмау мүмкіндігіне ешқандай
сілтеме болмауы тиіс.
Халықаралық
құқықтық жауапкершілікке аталған нормаларды
бұзған, сонымен қатар, қарулы
қақтығыс кезінде балаларға қарсы қылмыс
жасаған тікелей құқықбұзушы мемлекеттер
тартылуы тиіс. Қарулы қақтығыс кезінде жасалған
балаларды өлтіру, мазақ ету, азаптау және балаларды
адамгершілікке жат әрекеттермен азаптаудың өзге де
түрлері болып табылатын қылмыстар үшін, балаларды кепілдікке
алу және қылмыстық жаза қолданылатын өзге де іс әрекеттер
үшін ұлттық қылмыстық
құқық бойынша жазалаудан басқа, кінәлі
тұлғалар халықаралық жауапкершілікке де тартылуы
мүмкін [7;485-486].
Оның ішінде, 1998 жылы
құрылған Халықаралық қылмыстық сот
әскери қылымыстарды қарауға, жоғарыда
аталған балаларға қарсы жасалған қылмыстар мен қарулы
қақтығыс кезіндегі қылмыстарды қарауға
құзіретті.
Қарулы қақтығыс кезінде
балалар құқығын қорғау БҰҰ
Балалар қорының Күн тәртібіндегі өзекті
мәселе болып табылады. Екі он жылдық шамасында ЮНИСЕФ өз
күн тәртібін, үйде,
мектепте, көшеде немесе жер аударылған лагерьлерде болсын балаларды
бейбітшілік пен қауіпсіздік мүддесінде, «бейбітшілік
аймағымен» ЮНИСЕФ-те алғаш рет шведтік гуманист Нилс Тединмен
ұсынылған концепциясымен сай келуі тиіс. Соғыс
қармағына түскен балаларға тамақ пен вакцина
жеткізілуі үшін «сабырлық күні» мен «бейбітшілік
дәлізін» қамтамасыз ету үшін Ауғанстанда, Ливанда,
Сальвадорда, Суданда және Уганда
құрылып, осы әрекеттер миллиондаған балаларды
аштық пен аурудан құтқарды. Білім беруді тез
қалпына келтіруді қоса отырып, белсенді әскери әрекет
ету аймақтарында балалар қалыпты жағдай мен
қауіпсіздікті сезінуі үшін өзге конструиктивті күштер
жұмсалады.
ЮНИСЕФ-ң бастамасы бойынша гуманитарлық
принциптерді білдіретін, соғысушы
тараптармен әскери дағдарыс пен соғыстың кесірінен
болған аштық кезінде қоланылатын «Орындарда әрекет ету
ережелерінің жаңа нормалары» құрастырылды [8;39].
1995 жылы 30 тамызда қабылданған
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сай
«Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның
ең қымбат қазынасы - адам және адамның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [9].
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Дети-солдаты, брошенные в Демократической Республике Конго. http://www.amnesty.org.ru/pages/cod-111006-background-rus
2.
Закон Республики Казахстан «О ратификации Конвенции о
запрещении и немедленных мерах по искоренению наихудших форм детского труда
(Конвенция 182)» от 26 декабря 2002. www.zakon.kz
3.
Конвенция "О Защите прав человека и основных
свобод" от 4 ноября 1950. www.google.ru
4.
Кудайбергенов М.Б. Права ребенка в казахстанском и
международном праве. Учебное пособие. – Алматы: Данекер, 2001. – 238с.
5.
Женевская
конвенция «О защите гражданского населения во время войны» от 12 августа 1949. www.google.ru
6.
Декларация
о защите женщин и детей в чрезвычайных обстоятельствах и в период вооруженных
конфликтов Принята резолюцией
3318 (XXIX) Генеральной Ассамблеи от 14 декабря 1974. www.google.ru
7.
Международные акты о правах человека. Сборник документов − М., 1998.
-230с.
8.
Положение детей в мире. ЮНИСЕФ. 2000. www.google.ru
9.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
– 30 тамыз 1995 (2008 жылғы өзгертулер және
толықтырулармен) − Астана: Елорда, 2011. – 45б.