|
Қарым-қатынас
мәселесінің философиялық, педагогикалық,
психологиялық әдебиеттерде қарастырылуы |
П.ғ.к.,
доцент Танирбергенова А.Ш.,
магистрант
Кырыкбаева А.
«Тұран-Астана»
университеті, Қазақстан Республикасы.
Қазіргі
кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы
өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа
қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау
жағдайындағы жағымды тұлғааралық
қарым-қатынас орнатуға, қоғамдағы
тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды
ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі
тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен
тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған
жұмыс нәтижесінде тұлғаның белсенді өмірлік
ұстанымын, және өзара жағымды қарым-қатынас
қалыптастыруға бағытталған.
Қарым-қатынасты
қалыптастыру олардың саналы көзқарасын, ізгілікті
қарым-қатынас орнатуына, жүйелі іс-әрекет жасауына
мүмкіндік береді.
Ғұлама ойшылдар
Әл-Фараби, Ж.Баласағұн және т.б.
қарым-қатынастың біртұтастығына, өзара
қарым-қатынас мәселесіне аса зор мән берген.
Я.А.Коменский, И.Г. Песталлоцци ұжымдағы өзара
қарым-қатынастың тәрбиелік маңызына баса назар
аударып, жағымды өзара қарым-қатынас орнатудың
жолдарын іздестірген.
Ағартушылар
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, қазақ
зиялылары Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев
еңбектерінде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас
байланыстарын, оның қоғамдағы орының
маңызын қарастырған.
Қазіргі таңда
бұл мәселеге философтар, психологтар, педагогтар ерекше мән
беріп, әр қырынан зерттейді. ТМД ғалымдары В.С. Библер, М.М.
Бахтин, Г.С. Батищев, М.С. Каган, И.Т. Фролов және басқалар,
республикамыздың ғалым философтары Ж.М. Әбділдин,
Қ.Ә. Әбішев, Қ.Ш. Нұрланова, А.Қасабеков,
Д. Кішібеков, т.б. өзара қарым-қатынастың
философиялық негізін қарастырады.
Отандық психологиядағы
Л.П. Буева, А.А. Леонтьев, Б.Д. Парыгин қарым-қатынастың
әлеуметтік төңірегінде зерттеулері, Б.Г. Ананьев, А.А.
Бодалев, Л.И. Божович, И.С. Кон, А.А. Леонтъев, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев, С.Л.
Рубинштейн, Б.М. Теплов, Н.Н. Обозов, Я.Л. Коломинский және
басқалар тұлғаны дамытудағы ұжымдағы
өзара қарым-қатынас мүмкіндіктерін қарастырды.
В.А. Кан-Калик, А.Н.
Леонтьев, Л.И. Новикова, Г.А. Роков, А.Т. Куракин, А.В. Петровский және
басқалар ұжымдағы өзара
қарым-қатынастың педагогикалық аспектісін қарастырады.
Қарым-қатынастың
этномәдени аспектілері Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев, Т.
Тәжібаев, А.И. Сембаев, А.С. Ситдықов, К.К.
Құнантаева, Г.М. Храпченков, А.А. Калюжный, Ғ.
Нұрғалиева, С.А. Ұзақбаева
және басқалардың зерттеулерінде
кездеседі. Студенттердің қарым-қатынас мәдениеті
мәселесі Н.Д. Хмель, Н.Н. Хан, М.Х. Балтабаев, С.И. Қалиева, Ж.Р.
Баширова, студенттерді тәрбиелеу мәселелері бағытында
К.Қ. Құнантаева, Л.К. Керимов, А.Г. Қазмағамбетов,
Х.Т. Шерьязданова, Намазбаева және басқалардың
еңбектері негізінде қарастырылды. А.Б.Байбурин, К.Ж.
Төребаева, А.Ә. Капенова және басқалардың
зерттеулерінде қарым-қатынастың мәденилік деңгейі
көрсеткен.
Ғылымдағы кейбір позициялар қарым-қатынас
іс-әрекеттің түрі деп тұжырымдайды. Олар
қарым-қатынасты іс-рекет түріне балайды.
Тұлғааралық қатынастар өзінің негізгі,
сипаттамасына орай іс-әрекеттің ерекшелігін
білдіреді, қарым-қатынас секілді ол қажеттіліктерді
өтеуге бағытталады.
Н.А. Асипова, Р.А. Дюсупова, Н.А. Неустроева қарым-қатынас пен
тұлғамәселесін әр қырынан зерттеп,
ғылыми-практикалық негізін қалап, ұлттық
ерекшеліктерін анықтап, педагогикалық үдерісті
ұйымдастырудағы мүмкіндіктерін
теориялықәдістемелік тұрғыда аша білген.
Б.А. Родинова: «Қарым-қатынас - адамның басқа
адамдармен өзара контактіге түсуіне, өзіндік
тәжірибелерін, білімін, пікірлерін, ой қорытындыларын
алмастыруға негіз болатын қажеттілік. Бұл әр
тұлғаның санасының кеңеюіне оң әсерін
тигізеді» - деп тұжырымдайды.
Қарым-қатынасты
зерттеуде ең алдымен оның құрылымдық,
компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында
Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың құрылымын
талдау нәтижесіне жүргіздік. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен байланысты 3 жағынан карастырады: коммуникативтік, интерактивтік
және перцептивтік. Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу
мәселесімен анықталады; интерактивті жактың мәні
карым-қатынас жасауды жұптастарудың өзара
әрекеттестінінде болады, ал перцептивті компонент - адамдардың бірін бірі кабылдауы, өзара түсінушіліутері. Ғалым бұлай
жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас
үрдісінде оның үш жағы да керектігін дәлелдейді. Біздің зерттеу де
осы позицияны арқалана отырып, Студенттердын, ересектермен, баска
Студенттермен қарым-қатынас жасауын зерттеуде коммуникация,
интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды алға койды.
Бұл контексте карым-қатынастың теориялык, негізіне
ic-әрекеттің құрылымы жайлы түінігін кабылдаймыз. Біз Студенттердың
қарым-қатынасын коммуникативті ic-әрекет деп карастыратын
А.Н.Леонтьев, М.И.Лисина концепцияларына сүйенеміз. Сонда қарым-қатынастың
құрылымын анықтайтын коммуникация, интеракция және
перцепция коммуникативті
ic-әрекет деп
қарастырылады.
Әдебиеттерде
карым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты
жүзеге асыруды кажетсіну, қарым-қатынас кұрудағы
мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары, нәтижесі де
карым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. Біз олардың
әркайсысын жекелей айкындадық.
Мұнда Т.В.Драгунова
бойынша қарым-қатынастың пәні
қарым-қатынасқа субъект ретінде болатын басқа адам,
яғни қарым-қатынас жасаудағы жұптас адам болады.
Қарым-қатынасты
зерттеу мәселесімен айналысушы ғалымдардың көпшілігі
(А.Г.Ковалев, М.И.Лисина, А.В. Петровский, К.Обуховский, В.С.Мусина,
В.С.Мухина және т. б.) адамдардың
карым-қатынасты жүзеге асыруда кажетсіну, баска адамды танып-білуге
ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктерін тағайындаған.
М.И. Лисина, А.Г. Рузская, СЮ. Мещерякова және т. б. енбектерінде қарым-қатынас мотиві "затталған қажеттілік" деген. А.Н.Леоньтев түсіндірмесіне негізделген., адамның қарым-қатынаста танымдық іскерлік және жеке бас мотивтері болатындығы баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары
мен генезисінде сипатталады.
Психология мен оған
салалас ғылымдарда қарым-қатынас
құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі (А.А.
Леонтьев).
М.И.Лисинаның
қарым-қатынас құралдарының үш тобын
экспрессивті мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік
құралдарына бөліп
қарастыруы
біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.
Қарым-қатынас
құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де
талдау жасалды. Карым-қатынас тәсілі оның бірілігі деп танылады (М.И. Лисина, Д.А. Исмаилова т.
б.). Әдебиеттерде қарым-қатынас тәсілі әрекеттік
формада «коммуникациялық біліктілік» (Т. В. Антонова ), әсер ету,
реттеу, байланыс жасау, акпарат беру тәсілдері (Е.Г. Макарова),
жалпы нәтиже алуды камтамасыз етуге бағытталган әсерлер
жүйесі, әдіс пен амалдар жиынтығы (Д.А Исмаилова, Ж.С.
Абшиева) ретінде аныкталады. Ал, А.А.Бодалев карым-қатынас әсер ету
тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетшдіру ең негізгі мәселе
болып табылды.
Қарым-қатынас барысында
жеке адамның әлеуметтану процесі жүреді, соның
нәтижесінде оның қоғамдық рухани және
материалдық құндылықтарға жақындауы мен
дәстүрлермен танысу жағдайы қалыптасады. Адам тек қарым-қатынас
процесінде ғана жеке тұлға болып қалыптасады, өзі
үздіксіз қатынас жасайтын қоғамға кіреді.
Коммуникация процесінде әрбір адам
өзара әрекеттің белсенді субъектісі бола отырып, олармен
қатынасты дамытады, тереңдетеді. Ал коммуникативтік іс-әрекетте
жеке адамның өзін- өзі
тануы мен нақтылауы, ішкі мәдени дамуы жүреді.
Қарым-қатынас өзінің үздіксіздігімен,
күту тұрақтылығымен, коммуникативтік дағдыларымен
көзге түседі. Мұндай ортада коммуникацияның жойылуы
кездеспейді, керісінше, қарым-қатынас арнайы ынталылық пен
біліміді қажет етеді.
Екіншіден, функциялық-рольдік коммуникацияның түрі
іс-әрекетпен және өмір салтымен жіктелеген жағдайына
қаларда дамиды. Коммуникация ережесіне сәйкес адам
әрекетінің статусына және қалыптасқан
жүйесіне, кәсіптік роліне сай келеді. Ауызекі немесе одан да
көп жазба түрде араласу қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыра алмайды, қарым-қатынас сатылардан тұрады.
Мысалы, қала адамдарды әдетте көшеде немесе қала
көліктерінде бір-бірімен сұхбаттаспайды, олардың
бір-бірінің танысу ережелері функциялы ортада басталады.
Үшіншіден,
бұқаралық коммуникация осы заманның
бұқаралық қоғамының шеңберінде
қалыптасады.ол адамдардың әлеуметтік статусына және
мекен жайына қарай, ақпарат адамдардың көп
шоғырланған ортасында бірден тарайды деген сөз. Мұндай
коммуникация, тек қана ізденістің тым жылдамдығын және
жалпылама болуын, ақпаратты өңдеу және таратуды
қамтамасыз ететін аса жаңа технологиялық құрал-жабдықтар
бар болғанда ғана мүмкін болады. Жаңа
ақпараттық және коммуникативтік процестерді өзгертіп
қана қоймай, сонымен қатар адамдардың арасындағы
байланыстардың түрлерін, материалдық және рухани
өндірістің сипаттарын түбегейлі өзгертеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Андреева
Г.М. Социальная психология. М.: Наука, 1999.- 312 с.
2.
Бодалев А.А., Рудкевич Л.А. О
субъективных факторах творческой деятельности человека // Педагогика. - 1995. - №3. - С. 19.
3. Буева Л.П. Человек, деятельность и
общение.-М.: Мысль, 1978. – 216с
4. Богданова О.С., Гурова Р.Г. Культура поведения
школьника. М.: Учпедгиз, 1958. – 214 с.
5. Бондаревская Е.В. Ценностные основания личносто
ориентированного васпитания //
Педагогика. – 1995. - №47 – С7 29 – 34
6. Леонтьев
АА. Психология общения. - Тарту, 1974. — 212 с.