Шығармашылық іс –әрекетті қалыптастырудың негіздері
П.ғ.к., доцент Базарбаева
К.К.,
магистрант Исахметова А.
«Тұран-Астана»
университеті, Қазақстан Республикасы.
Бүгінгі ұрпақ – тарихи кезеңде
өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің
болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап
отырған ұрпақ.
Ғасырлар бойы бабаларымыздың
арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендікті
еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық
дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, саналы да парасатты
болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.
Нағыз
ұстаз қай ғасырда да - ұстаз болып қала
бермек.Ұстазға қойылатын талап мен тілек қашан да
ортақ. Ол - Білімділік, Имандылық, Парасаттылық.Жас
ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас
дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа
деңгейіндегі білім, білік, негіздерін меңгеруіне ықпал ететін
жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру
жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Қазақ
мектептеріне өз халқының әдет-ғұрпын,
тарихын жақсы білетін,өмір ағымын жете түсінетін,
ойшыл, білімді, жаңалыққа жаны құмар,
оқушылардың шығармашылықтарын дамытып отыратын ізденіс
үстіндегі ұстаздар керек.Бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамытубаланың
қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат
тарихының тереңінен алады. Ұлы ағартушы ғалым
Абай Құнанбайұлы өзінің
қара сөздерінде (43 сөзі) бала өмірге келгендегі
қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет
ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан
тыс қалған қабілеттілер бара - бара жойылып, жоқ
болатынын айтқан.(1)
М. Жұмабаев
өзінің педагогика оқулығында баланың
дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның
танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін
жазады.Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту
мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет»
ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап
етеді.Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір
әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері, дей
келе олар қоғамдық тарихи іс - әрекеттердің
нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап
көрсетеді.
«Қабілеттер» -
білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері
- дейді А. В. Петровский. «Қабілет іс - әрекеттің белгілі бір
түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауға тырысатын
адамның жеке қасиеті»,- деп жазады Т. Тәжібаев.(2) Ал, «Шығармашылық» дегеніміз - «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген
мағынаны білдіреді.
Демек бұрын
тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке
қол жеткізу деген сөз. Ал «шығармашылық»
мәселесін терең зерттеген Я. Н. Пономарев оны «даму»
ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір
жаңалық, әсіресе интелектуалдық
тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға
көтереді.Бұдан біз «шығармашылық»
ұғымының негізгі белгісі «жаңалық»
болғанымен, ондағы тұлғаның, адамзаттың,
қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің
бар екенін байқаймыз.
Шығармашылық қабілет деген не?
Қабілеттердің шығармашылық деңгейге
көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір
ұстазды толғандыратыны мәлім.
Шығармашылық іс- әрекет өте күрделі
үдеріс және ол адамға ғана
тән.Шығармашылықіс-әрекеті баланың табиғатында әуел баста салынған.
Мұғалімнің міндеті - оқушыға оның бойында
жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.(3)Шығармашылық
іс – әрекет бүкіл
тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған
кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың
нәтижесі. Бұған
барлық халық
және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік.
Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі
ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп
қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол жетістіктерді
жаңа жағдайда бейімдеп,
жетілдіріп отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал, бүгінгі күрделі қоғамның
жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты
нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық
қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, ойландыруы
тиіс деп ойлаймыз. Себебі, адамдардың өмірдегі сан алуан
қиыншылықтарды шешуі, тек
шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесінде болады. Тек, шығармашылық
қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын
адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын
сезінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың шығармашылық
қабілеттері екі түрлі
әрекетте дамиды. Біріншіден, кез - келген бала оқу іс-әрекетінде
адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған
тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез - келген оқушы
шығармашылық іс-әрекеттер орындау арқылы
өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Оқу іс-әрекетінен
шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол
баланың өзін - өзі қалыптастыруына, өз ойларын
жүзеге асыруына бағытталған жаңа бағыттарды іздейді.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер
көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы, оқу іс-
әрекетінде белгілі бір ережені меңгертетін, дағдыны
қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық іс-әрекетте
баланың іздену жұмысы басты нысанада болады.
Сондықтан, оқу іс-әрекеті баланың жалпы
қабілетін дамытса, шығарма шылық іс-әрекет нақты
жағдайды шешу барысында
нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.Бастауыш мектепте
оқушылардың бойындағы шығармашылық іс-әрекеттерін
дамытудың бірнеше амалдары бар.
Мысалы:Әңгіме бойынша сурет салу-оқушылардың жаңа
ғана айтылған ертегі немесе әңгімеге орай қандай
да болмасын сурет салуды сұраңыз. Бала өзін бейнелеу
өнерінің шебері ретінде сезінеді, сонымен бірге
әңгіменің мазмұнын есінде жақсы сақтап
қалады. Өйткені, ол
әңгіменің мазмұнын ішкі сезімімен жеткізуді
көздейді.
Сабақтың
тақырыбы бойынша балалардан адамның әлдебір жеке адамгершілік
сапасы туралы айтатын бір нәрсені бейнелеуді сұраңыз.
Мүмкін, бұл оларға
алғашқыда қиын тапсырма болып көрінер. Бірақ, балалар
уақыты келгенде кез - келген шығармашылық ойды
қағаз бетінде түсіруге болатынын түсінеді және
оны өзіндік пікірмен қоса, әсерлі жеткізуді мақсат
етеді.
Проза және
өлең шығару. Балалардың ішінде әлдекімге
өзінің сезімдерін суреттер арқылы емес, сөзбен жеткізу
жеңіл болады. Бұл қабілет егер оқушылар ән айту
немесе музыка тыңдау кезінде өздерінің әсерленушілігі
туралы жазуға талаптану кезінде байқалады. Кейбір балалар
сезімдерін өзі шығарған өлеңдерінде айқын
көрсетуге қабілетті келеді. Сонымен қатар, өзінің ішкі ойын толықтыру
мақсатында ақындардың өлеңдерін пайдаланады. Ішкі
дүниенің бейнелері.
Бұған дейін айтылғандай,
тыныштықта отыру шығармашылыққа кеңістік береді.
Егер, балалардан өз бойына шолу кезінде олардың нені көргенін
қағаз бетіне түсіруді сұраса, баланың ішкі
дүниесінің қаншалықты бай екеніне көз жеткізуге
болар еді.
Балалар ойы
ғажайып бейнелерді қамтуға қабілеті жететінін
тәжірибе көрсетті. Солардың бірі жарыққа
малынған бүкіл әлемді бейнелейді, басқалары өз
жүрегіндегі әдемі гүл түрінде өзінің
сезімдерін жеткізуге тырысады.(4) Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш
сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық іс-әректтегі
тапсырмаларды табысты меңгере
алады. Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс: біріншіден, баланың шығармашылық
қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы, біз
тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап
сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жан ұясында
үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге
қабілеті ерте ашылады.
Осыны басқа
қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа!
Екіншіден, баланың жүйелі,
тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық іс-әрекеттер
жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым -
қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға
тиімді әсер етеді деп ойлаймыз. Үшіншіден, шығармашылық
жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең
жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн сайын ол деңгей биіктей беретіндей
болуы қажет. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуына
үлкен нәтиже береді.Төртіншіден, ең негізгі шарт - бала
әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауына
деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға
деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе
де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық,
қажеттілік, табысқа жетудің бірден - бір кепілі болып
табылады. Бірақ, балаға
берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын,
көмегін талап етеді.
Міне, бұдан шығармашылық
іс-әрекеттерді дамытудың
бесінші шарты шығады. Еркіндік - ойға не келсе соны істеуге, ал
қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге
айналмауы керек. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз
ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық»
ашуға жағдай жасауымыз керек Сонымен, менің байқауымша
бастауыш сыныптарда шығармашылық жұмыс істеуге үйренген
оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық
жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Мектептің тірегі
де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да –
мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып
отырған басты тұлға да ұстаз екені де баршаға
белгілі. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті
баланың шығармашылық
іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани
құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы
жүзеге асады. Осы пәннің маңызы туралы Ж.Аймауытов
былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті,
бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі екені
даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді
түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау,
олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес,
тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп
ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау
жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді». Ал, ана тілін
оқыту арқылы шығармашылық іс — әрекетті
қалыптастыру дегеніміз- өмір шындығында өзін-өзі
тануға ұмтылу,іздену. Осыған орай , В.В.Давыдов: «Бастауыш
мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу іс-
әрекетінде көрінеді, даму өнімі оқуға
құштарлық, ынталылық» — дейді. Ал,
шығармашылық іс-әрекет, әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Оқушылардың
танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық
сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің
маңызы зор.(5) Мұндай сабақтардағы түрлі
оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін
арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді
амал-тәсілдерін, шығармашылық іс- әрекеттерін дамытады.
Шығармашылық
сабақтардың жоспарын
жасауда оқушыныңшығармашылық
іс-
әрекетінің бағдарына
сәйкестендіріп, олардың
қабілетері, ескерілуі тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер
1.
Әбілдина С.Қ.
Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы
арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке
тәрбиелеуге болашақ
мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру.
Пед.ғыл. канд.дисс. автореф.-Қарағанды, 1999.
2.
Әбілқасымова А. Познавательная самостоятельность в учебной
деятельности студента. - Алматы: Санат, 1998. -158 с.
3.
Сабыров Т.С. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен
формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мұғалімді даярлаудың теориялық негіздері:
п.ғ.д.... дисс. 13.00.01. – Алматы, 1996. - 278 с.
4.
Бұзаубақова К.Ж.Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру», Алматы, 2002ж
5. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар.- Алматы, 2000