Студенттердің болашақ
кәсіби қызметке психологиялық және коммуникативтік дайындығын зерттеу
Тулкина Р.Ж., магистрант, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қ.
Кілтті сөздер:
психологиялық дайындық, коммуникативтік дайындық,
коммуникативтік құзыреттілік.
Бүгінгі
таңда қоғам алдына қойылған негізгі
міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру. Заманауи кезеңдерде ғылымдар жүйесінде,
студенттердің болашақ кәсіби қызметке
психологиялық және коммуникативтік дайындықты зерттеу
өзекті мәселе болып келеді. Қоғам талаптарына
орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам
өзгеруіне байланысты кәсіби
және мамандықтың қыр-сырына үңілуге
психологиялық және
коммуникативтік дайындықты қалыптастырудың теориялық
және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру
мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби
қалыптастыру, соған байланысты іс-әрекетті саналы
өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және
диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық,
педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа
дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа
бағыт-бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп
негіздейді.
Қазіргі
уақытта жас мамандар, ЖОО түлектері, ғылыми-техникалық
жұмыскерлер – зиялы қоғамның тобын сипаттайды.
Олардың әрекеті материалдық құндылықтарды
құруға, алдыңғы қатарлы технологияларды,
ғылыми-техникалық прогрессті іргелі жылжытуға,
өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етеді. Олардың кәсібилілігінен елдегі технология
мен ақпараттандырудың өсу жылдамдығының
тәуелділігі артады.
Сондықтан студенттердің ЖОО-да болашақ кәсіби
қызметтегі психологиялық және коммуникативтік
дайындығын зерттеу жұмысының
мәселесі қазіргі таңда ең үлкен
қызығушылықтарды тудыруда. Болашақ мамандардың жеке тұлғалық
кәсібилігін және іс-әрекетін
табысты қалыптастыру олардың еңбекке деген
дайындығына негізделеді. Ғалымдармен кешенді психологиялық
білім беру және кәсіби іс-әрекетке дайындықтың
негізгі бөлігі психологиялық дайындық болып келеді. Кешенді
психологиялық білім беру ретінде, сонымен қатар оның функционалды,
операционалды және жеке тұлғалық компоненттерінің
жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Білім
беру парадигамаларының, жаңа әлеуметтік-эконоимкалық
жағдайын өзгеруіне байланысты кәсіби қызмет елеулі
күрделенеді, сонын
арқасында тұлғаның ішкі психологиялық ресурстары
өзгереді.
Тұрақтылық, орнықтылық және
кәсіби қызметтің сапалылығы маманның
психологиялық және коммуникативтік дайындығының
ерекшелігімен анықталады. Түрлі авторлармен психологиялық
дайындық анықтамасына берілген баламаларына сай олардың
құрылымы көрсетіледі, оны құру жолдары
қалыптасады.
Егер
анықтаушы құрамдас – кәсіби ойлау болса, онда
психологиялық тұтастықтың қалыптасуы талдау
тәсілдерін оқытудан тұрады (М. М. Кашапов). Кәсіби
бағыттылық пен кәсіби қабілеттердің
қалыптасуын психологиялық дайындық анықтайды ( В. Г Кузнецов, М. А. Паламарчук, С. Ф. Ступницкая).
Коммуникативтік
дайындықтың қалыптасуының теориялық негіздері Д.
Хаймз, А. Холлидей, Л. М. Митина, А. К. Михальскаяның еңбектерінде
сипатталып кеткен. Түрлі ғылым облысындағы ғалымдар
қарым-қатынас пен коммуникация мәселелерін зерттеумен
айналысты: философияда (Г. Ф. Гегель, Н. О. Лосский, М. С. Каган және
т.б.), психологияда (Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. И.
Божович және т.б.), психолингвистикада
(А. А. Леонтьев, Н. И. Жинкин, Р. М. Фрумкина және т.б.),
педагогикада (А. М. Баскаков, А. С. Макаренко, А. В. Мудрик, И. С. Кон
және т.б. ).
А. К. Маркованың пайымдауынша, кәсібилік
өз құрамына психологиялық дайындық
ұғымын енгізг ен жағдайда, ол бірнеше бағыттағы
көпжелілі үрдіс болады. Онда оқыту және тәрбиелеу
арқылы мотивациялық және операционалды орта
қалыптасады. Осы жағдайда кәсіби қызметке
психологиялық дайындық тұлғаның
мотивациялық ортасының өзгеру динамикасы көмегімен
сипатталады, ондағы кәсіби маңызды
нұсқамасының дамуы, тұлғаның әлемді
қабылдаудағы құндылықты-мағыналы
құрылымы өзгеріске ұшырайды [1, 12].
В. В. Согалаев, психологиялық
дайындықтың құрылымына мотивациялық,
бағыттаушы, эмоционалды-еріктік, тұлғалы-операционалды
және бағалаушы-рефлексивті компоненттер енеді деп атап өткен
[1, 14].
Аталып
өткен зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып,
студенттердің болашақ кәсіби қызметке
психологиялық дайындығын зерттеуде мотивациялық компонентті
негізге алу, студенттердің кәсіби бағдарында коммуникативтік негіздерін еске ала отырып
даярлау біздің зерттеу жұмысымыздың негізін
құрайды. Психологиялық тұрғыда
студенттердің болашақ кәсіби қызметке
психологиялық дайындығын мотивациялық компонент
тұрғысынан ғылыми зерттеулердің, жоғары
оқу орындарына арналған оқулықтарды,
оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламаларды
зерделеу барысында студенттердің болашақ кәсіби
қызметке психологиялық дайындығын зерттеу қажеттілігі
мен бұл туралы арнайы теориялық зерттеудің болмауы. Сонымен
қатар ЖОО-да болашақ мамандарды кәсіби даярлау барысынды
психологиялық дайындау әдістерінің қажеттігі мен
бұл қажеттілікті жүзеге асыруға негіз болатын арнайы
психологиялық-педагогикалық шарттардың болмауы арасында
қайшылық бар екені
байқалды.
П. Я. Гальперин мен Н. Ф. Талызинаның еңбектеріне
сүйене отырып, біз психологиялық және педагогикалық
пәндерді зерттей келе, студенттердің болашақ кәсіби
қызметке коммуникативтік дайындығын қалыптастыруда келесі
кезеңдерді белгіледік:
Бірінші
кезең – когнитивтік-бағдарлаушы, коммуникативтік дайындықпен
байланысты коммуникация облысында
базалық білімдердің, шешендік өнердің негізін,
полемиялық шеберлікті игеру.
Екінші
кезең – әрекеттік, әр түрлі мамандық бойынша
оқытылатын студенттердің коммуникативтік дайындығын
қалыптастыруына қажетті жеке компоненттер мен операцияларды
тудыруға бағытталған.
Үшінші
кезең – шығармашылық,
коммуникативтік дайындық немесе коммуникативтік сапалықты
көрсету қажеттігінде туындайтын
стандартты емес коммуникативтік жағдайларды шешумен байланысты.
А. Н.
Леонтьев, Д. Б. Элькониннің еңбектерін талдай отыра, біз зерттеу
жұмыстың міндетін әрбір маман иесінің проблемалық
жағдайындағы бағыттың нәтижесі ретінде
қарастырамыз, ал оның
мақсаты коммуникативтік қатынастың негізіндегі адамдар
арасындағы өзара қарым-қатынас болып табылады.
Студенттердің болашақ кәсіби қызметке коммуникативті
дайындығының қалыптастыру кезеңдерін есепке ала отырып,
біз алдында белгіленіп өткен кезеңдерінде
пайдалынатын міндеттердің жиынтығын анықтайық. Бірінші
кезеңде (коммуникативтік - бағдарлаушы) қарым-қатынас
мотивациясының дамуы мен кәсіби коммуникация облысында
базалық білімдерді игерумен байланысты, осында жұмыстың
үлгісі бойынша жұмыс істеуді, жаттығуларды орындауды талап
ететін қарапайым қадамдарды іске асыруға, репродуктивті
міндеттерді қолдануға бағытталған.
Әрекеттік кезеңде
студенттердің коммуникативті дайындығының қалыптасу
үрдісінде оқытылған материалды бекіту негізінде алгоритмдік,
көп функционалды тапсырмалар қолданылуы мүмкін.
Соңғы
шығармашылық кезеңде
болашақ мамандардың коммуникативтік дайындығын
қалыптастыру белгілі бір шешімге келуде ситуациялық
(шығармашылық - ізденуішілік) сипаттағы міндеттерді шешу
арқылы өтеді. Бұл жағдайда студенттің табандылығы,
оқуға деген ынтасы
анағұрлым басым келеді, ол өз кезегінде коммуникативті
дайындықты қалыптастыруда стандартты емес коммуникативті
жағдайында оңтайлы шешімге келуге мүмкін туғызады.
Студенттердің болашақ
кәсіби қызметке коммуникативтік дайындығы жайлы сөз
қозғағанда коммуникативтік құзыреттілік міндетті
түрде атап өтіледі. Жалпы
алғанда коммуникативтік құзіреттілік:
- нақты өмір
жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін
қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша
коммуникациялардың түрлі құралдарын
қолдануға;
- коммуникативтік
міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды
таңдауға және қолдануға;
- әдептілік
ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- нәтижелі
өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және
әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе
отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге
қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар
тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзырлықты
қалыптастыру мәселесін ғылыми зерттеу жеткіліксіздігіне
байланысты:
- іскерлік және мәдениаралық
коммуникативтік байланыс машықтарын жеткілікті игерген, бәсекеге
қабілетті мамандардың кәсіби қажеттіліктері мен сапалы
кәсіби қатынас пен байланысқа болашақ мамандарды
дайындау деңгейі арасында;
- болашақ
мамандардың білім алуын
белсендендіруге, қарқындатуға бағытталған
талаптар мен болашақ мұғалімдерге шетел тілін
үйретудің дәстүрлі әдістемелері арасында;
- болашақ
мұғалімдердің коммуникативтік құзырлы
деңгейіне бағытталған мемлекеттік стандарт талаптары мен
болашақ мұғалімдерге шетел тілін оқыту үдерісін
әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі арасында қарама-қайшылықтар
айқындалады.
Коммуникативтік құзырлықты құрайтын
компоненттер бірлігі, төменде көрсетілген бағыттармен
қамтамасыздандырылады:
1. Коммуникативті шеберлікті дамытуды (тілдік білім мен
машықтардың дамуымен қатар), атап айтсақ:
- жеңіл, әртүрлі жанрдағы текстерді оқу
және түсіну қабілеті;
- қатынастың оқу-еңбек, тұрмыстық,
мәдени салаларында диалогтық қатынасты ауызша іске асыра алу
қабілеті;
- өзі, қоршаған орта туралы және оқыған
материалды тікелей текстке сүйенбей қысқаша монолог ретінде
айта білу қабілеті;
- жеңіл ақпаратты жазбаша жаза білу қабілеті,
көбінесе, хат жазу.
2. Жалпы білім және арнайы білім қабілеттерін дамыту (кітаппен,
оқу құралымен, анықтамалық әдебиеттермен
жұмыс жасай білу, аудармаларды қолдану қабілеті).
3. Компенсаторлық қабілеттердің дамуы (тілдік
құралдар жетіспей жатқан жағдайда, перифраза,
синонимдік сөздерді қолдану арқылы қиындықтан
шыға білу шеберлігі).
4.Студенттердің мәдениет жетістіктеріне және сол
мәдениетті танып-білу үдерісіне жеке көзқарастарын
дамыту арқылы тәрбиелеу, оларда төмендегілерді
қалыптастыруды ұйғарады:
- моральдық құндылықтар жүйесі;
- дүниеге эмоциональды, бағалау көзқараспен
қарау;
- шетел тіліне, сол елдің халқының мәдениетіне
жағымды көзқарас, өзара түсіністік,
толеранттылық;
- шетел тілін оқудың және біздің еліміз
дүниежүзілік қауымдастыққа ену талаптарында шетел
тілін қатынас құралы ретінде қолдану
маңыздылығын түсіну.
5. Білімгерлердің, шығармашылық, ізденушілік
үдерісінде дамуы, кез-келген өзгерістерді өзінікіндей
қабылдау:
- тілдік жорамал механизмі және білім мен қабілеттерді
жаңа ситуацияға ауыстыра білу шеберлігі;
- тілдік, интеллектуалдық және танымдық
қабілеттері;
- сезім мен эмоцияның құнды бағдарлары;
- шеттілдік ортаға түсуге дайындық пен қабілет, шетел
тілінде әрі қарай өздігінен білімін көтеру
қажеттіліктері.
- жалпыадамзаттық мәдениет дамуында (өз елінің
және шет елінің) ұлттық мәдениетінің
жетістіктері туралы, туған тілінің, мәдениетінің
басқа халық мәдениетінің айнасындағы рөлі
туралы болжау.
Білімнің мазмұнын, оның таңдауын және
құрылымының негізін ашатын ең маңызды
түсініктер «болашақ маман моделі», «жоғары білімді
маманның квалификациялы қасиеттері» сияқты түсініктер
болып табылады. Сондықтан, квалификациялы қасиеттерді
қалыптастырудың ғылыми негізі ретінде маманның моделін
ашу, көптеген жерде оқу үдерісінің ұйымдастырылуы
мен мазмұнын анықтайды.
Сонымен алдында аталып өткен мәселеге сәкес біз зерттеу нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
1. Студенттердің болашақ кәсіби
қызметке коммуникативтік дайындығын қалыптастыру
үрдісінде белгіленге кезеңдерді еске коммуникативтік
құзырлылығын қалыптастыруда қолдануға
болады.
2. Зерттеу барысында
аталып өткен тұжырымдарды болашақ мамандардың коммуникативтік
құзырлылығын қалыптастыру, жетілдіру мақсатында
пайдаланылуы мүмкін.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Рогов М. Г. Системно-деятельностный подход
исследованию ценностно-мотивационной сферы личности в процессе ее
профессионализации.// Системные исследования в общей и прикладной психологии.
Сборник научных трудов/институт управления, Москва. – 2000 г. с.32.
2. Жоғары
оқу орнында студенттердің құзырлығын
қалыптастыру мәселелері. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Хабаршысы. – Түркістан, 2009, №2 (67)– Б.265 - 270.
3. Захарова H.
Психологические основы подготовки к профессиональной деятельности: Дис. док.
пс. н. 19.00.01. Текст. / Л.Н.Захарова - Н.Новгород, 1997. - 463 с.