Раева
Б.Ө, Уалиев Б.М
М.Х. Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік Университеті.
КОСТЮМ ПІШІННІҢ ПАЙДА БОЛУ ҮДЕРІСІН ТАЛДАУ.
Костюмдегі пішін
құруы пайда болуы- пішін жасап шығару немесе
қойылған мақсаттарға сәйкес пішіндердің ара
қатынастарын талдау арқылы анықталады. Заманауи киімді жасап
шығару дегеніміз адамның түпкі ойына сәйкес
пішіндердің пайда болу үрдісі. Материалдық
тұрғыда жүзеге асып, көркем және
фунционалдық мағналы болған кезде дизайнерлік жоба іске
асырылады.
Түрлі сәнді киім байқауларында батыл ұсыныстардың
жүзеге асқанын көреміз. Топтамаларында түрлі
өткен мәдени-тарихи дерекнамаларды кеңінен пайдалана отырып,
пішін тәрізді негізгі жобалау
түсініктемелерге бет бұратын дизайншылардың саны аз.
Жобалауларда фактуралық, үстірт ізденістер ғана жиі байқалады.
Жасап шығарылатын заттың өзгелігі,
құндылығы былайша айтқанда жетер жер пішінді
дұрыс табу болып табылады.[1]
Алайда костюм пішінінің
пайда болу негіздері өте маңызды орын алуда. Жобалау
жұмысының нәтижесінде мамандар үш өлшемді конструктивтік,
кеңістік-пластикалық,
технологиялық және басқа да әртүрлі
мағыналы пішіннің құрылымдарын жасап шығаруда.
Костюмді құрайтын күрделі, көп денгейлі
құрылымды жасап шығару мақсатында жеке пішіндерді
құрылымдау яғни,
пішін қалыптастырудың негізгі мағынасына
көңіл аударады. Жобалау жұмыстарында пішінді үш
өлшемді статикалық қалпында қараса, костюм-
адамның мүсінінің пластикасы мен қозғалысына байланысты
өзінің қалпын үнемі ауыстырып тұратын
динамикалық жүйе ретінде қаралады. Сондықтан, пішін
қалыптастырудың ерекшілігі адамның мүсініне байланысты
болып, оның үйлесімділігі мен пластикасымен бірге ғана
қаралады. Адамның жүріп-тұру ортасына қарай пластикаға
байланысты костюмның пішіні өзгеріледі.(мысалы, адамның
көлікте аз қозғалуы немесе тұғырдағы
белсенді, мәнерлі жүрісі) Дизайнердің ойын, пішін пайда болуы
мен дамуын түсіну қажет.
« Костюмнің пішіні» дегеніміз – оған
берілген нақты қызметі арқылы адамның
мүсіні мен ортаның, элементтерінің арасында көп
жүйелік байланыс құрылымы бар кеңістіктік-уақытша
жүйенің динамикалық моделі. Эстетикалық
тұрғыда салауатты жасалған, айтып кеткенде, кескіні
мәнерлі, костюм бөліктерінің пропорциялық
арақатыстығы дұрыс
жасалса, бөлшектердің ырғақтылығы анық болса, заттың
мақсатына түстер сәйкес келген кезде, яғни,
композицияның негізгі белгілері сақталған жағдайда
костюмнің пішіні мәнді және орынды болады.[2]
Композициялық элементтерге
көлем, жазықтық, түс, қозғалыс,
кеңістік және пішін жатады.
Костюм құрылымының пайда болу
үдерісінде оның пішінін анық көрсетілген белгілерін, атап
айтқанда, кескінін,өлшемін, сипаттамасын көрсету өте
маңызды болып саналады.
Пішін белгілері дискреттік, әр түрлі
бөлімдерден тұруы қажет және қойылған
мақсаттарға байланысты оның шектерін анықтауға
қабілетті болуы тиіс. Жобалау мақсатында күрделі заттық
талдауын және қабылдауын жеңілдету үшін пішінін
оңайлатуға, яғни, өзіндік құрылымдық
ерекшеліктердің санын төмендетуге ұмтылу қажет.
Адамның көзі заттарды ерекшелеу және оларды белгілі
геометриялық пішінмен салыстыру арқылы күрделі пішіні
қабылдайтыны мәлім. Белгілі геометриялық пішінмен салыстыру
мақсатында бейіннің құрылымның ерекшелеудің
мақсаты дәне пішімді
қабылдаудағы ұқсастықты және айырмашылықты
сипаттап беру, пішін пайда болуындағы әрбір жағдайды
түсіну үрдісі ретінде қажет. Костюмнің пішінін жасау
белгілері ретінде тарихи түрде шеңбердің,
сопақтың, төрт тікбұрыштың,
үшбұрыштың, трапецияның геометриялық пішіндері
болып табылады. Бұл пішіндер сәннің дәстүрлі
кескіндерін және олардың нұсқаларын еске
түсіреді. Креативтік жобалау үшін көрсетілген пішін
құрылымын дизайншы айырып тану тиіс. Қойылған
мақсаттардың негізінде нұсқалардың алуан
түрлі реляциялық, яғни, қайта пайда болған
мәнерлі қасиеттерге қол жеткізуге мүмкіншілік береді.
Оқу үрдісінің
негізін қалайтын дизайн жобалауда
пішін қалыптастырудың реконсруктивтік және
конструктивтік әдістері қолданылады. Біріншісі, пішін
қалыптастырудың зерттеу нысанның қолданыстағыны
таңдау болып табылады. Екіншісі, қайта қалыптасқан пішімді анықтайды. Сәнді
киімнің пішімін қалыптастыруда реконструктивтік әдісі кеңінен тараған,
әсіресе көпшілікке арналған киімді жобалау барысында
бұл әдіс көп қолданылады. Негізгісін өзгертпей,
яғни, негізгі пішінді (кескінін, құрылымын) өзгертпей,
көптеген ұсыныстарды қабылдау экономикалық түрде
өте тиімді болып саналады. Ал, дәстүрлі емес сәнді пішінді, ерекше пропорциядағы затты
шығару үшін дизайнерлер конструктивтік әдісті қолданылады. Бірақ, бұл
әдістер шексіз емес, себебі, әр әдісті қолдана отырып, дизайнерлер
табиғатпен берілген пішінді, яғни адамның мүсінін,
оның салмағын, пропорцияларын, пластикасын есепке алады.
Өзінің кәсіби жұмысына дизайнерлер
дәстүрлер мен жаңартулардың шеңберінде
түрлі бейінді және түрлі мақсаттағы киімді жасап
шығарады. Сондықтан, аталған жобалау әдістері
кәсіби зерттеулердің объектілері болып табылады.[1]
Костюмның композициясын
қалыптастыру кезінде элементтердің қарапайымдылығы мен пішіндерінің
ара қатысының
күрделігі арасындағы балансты (теңгерімді)
сақтау қажет. Бөлу элементтері ірі болған сайын
олардың ара қатысы қарапайым болады. Сипаттамасы
анық және костюм пішіндерінің
белгілері бар құрылым ғана ең үздік
құрылым болып табылады. Пішінді қалыптастырудың
мәліметтер қорының, тарихи
және замануи костюмдер
туралы белгілі білімнің болуы сәтті дизайн-жобалаудың негізгі
шарты болып табылады. Пішіндердің параметрлерін көрсетуге
және олардың типтеуін жүргізуге мүмкіншілік беретін
сапа және метриялық көрсеткіштер есепке алынып, костюмның пішінін қалыптастыру
әдістері пішіннің геометриясын түсінуінде негізделген.
Әрбір көркем шығарманың
талдауына және оны жасап шығару үшін қажетті шарт
ретінде А.Дюрер геометриялық параметрлерді ескерту қажет деген. Тарихи костюмдердің барлық
пішіндеріне, оның ішінде өткен ғасырлардың сәніне де талдау жасап, зерттеушілер кескіндері геометриялық
пішіндердің шектеулі түріне жататын көптеген пішіндерді анықтаған.[2]
Сонымен, костюмнің пішінін
жасау белгілері ретінде тарихи түрде шеңбердің,
сопақтың, төрт тікбұрыштың,
үшбұрыштың, трапецияның геометриялық пішіндері
болып табылады. Яғни,
костюмнің пішін пайда болу үрдісінде бұйым
функционалдық, құрылыстық,
жазықты-пластикалық, технологиялық құрылымдарын
құрайды. Белгiлi заңдылықтарды өзгерте отырып,
жаңа үлгiден сән пайда болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Бердник Т.О. Неклюдова Т.П. Дизайн костюма – Ростов–на-Дону; Феникс, 2000-488с.
2.
Козлова Художественное проектирование костюма М; 1982г.