Рысбаева
А.К., оқытушы
Қазақ Бас
сәулет-құрылыс академиясы
Алматы, Қазақстан
Оқушының
шығармашылық
бағытта
дамуын ұйымдастыру
Жалпы орта білім беру
жүйесіндегі реформалау, оқу мерзімі 12 жылдық,
"нәтижеге бағытталған" жаңа мектеп моделін
енгізу оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістері мен формасын, сондай-ақ сәйкес құралдар
жүйесін, яғни оқытудың жаңа әдістемелік
жүйесін жасап, практикаға енгізуді талап етеді.
Басты мақсат - қоғамның ақпараттану,
жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өндеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті,
өзіндік танымдық әрекет
ете алатын жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу [1].
Мемлекетіміздің
бәсекеге қабілетті елдер қатарынан, өркениет биігінен
көрінуі оқу сапасына
тікелей байланысты. Қазіргі жаңа өрлеу, даму кезеңінде,
мектеп қабырғасындағы оқушыларды заман талабына сай
тәрбиелеу және оларға жаңа заманға жаңаша
көзқарас қалыптастырып, білім сапасын техника жетістіктерімен
сабақтастыра отырып жаңарту – ХХІ
ғасыр талабы болып табылады.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы, жеке
тұлғаның дамып қалыптасуында олардың білімге
деген қызығушылығы мен ынтасына байланысты.
Оқушылардың білімге деген қызығушылығы мен ынтасы
негізінде танымдық белсенділігі қалыптасады. Оқыту
барысындағы оқушылардың іс-әрекетінде
танымдық белсенділікті арттыру, олардың шығармашылық
әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізу -
бүгінгі оқу үрдісінің негізгі мақсаттарының
бірі.
Оқыту барысында белгілі бір
әрекеттер нәтижесінде қалыптасатын жеке тұлға
мәселесі теориялық тұрғыдан педагогтар үшін де
маңызды. Бұл проблеманың кейбір тұстары тамыры тереңге бойлайтын
көне замандардан бастау алды. Антика дәуірінің ойшылы
Сократ оқушылардың танымдық
белсенділігі мен іс-әрекетін басқаруға көп
көңіл бөлді. Ол
шәкірттеріне білімді жай ғана бере салмай, сұрақ
қоя отырып, олардың ойлау
қабілетін, қызығушылығын
арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге
үйретті[2].
Қызығушылықты
дамыту белгілі бір болмыстағы белгісіз жағдайларға
қызығудан, оның заңдылықтарын, бір-бірімен қатынасын
және өзара байланысын айқындаудан, одан әрі қарай
жалғастырудан тұрады. Ал қажеттілікті
қанағаттандыру мен алға қойған
мақсатқа жету үшін адамда қызығушылық пайда
болады. Ол - адамның белгілі бір бағыттылығы деп жазды
Ю.К. Бабанский [3].
Әйгілі педагог А.Дистервег
оқытушының ізденімпаздығы мен белсенділігі жоғары болуы
және ол білімін үнемі жаңартып, толықтырып отыруы керек
деп есептеді. А.Дистервергтің
“Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді,
жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді“
дейтін[4] қанатты сөзі, мүғалімнің
негізгі мақсаты оқушының өз бетімен іс-әрекетін
дамытуға бағытталуы тиіс, себебі, солар арқылы ғана білім тереңдей
түсетіндігіне көз жеткізеді. А.Дистервегтің еңбектерінде
алғаш рет қарастырылған оқытудың өз бетінше
ұстанымының
біз үшін үлкен маңызы бар болып табылады
Философтардың
бұл iлiмi педагогика ғылымы үшiн өте маңызды,
себебi педагогикалық үрдiс
барысында адамның тек бiлiм, бiлiк, қабiлеттерi қалыптасып қана
қоймайды, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтiк
дамуы жүзеге асады. Тұлға үнемi даму үстiнде болу
үшiн шығармашылықпен байланыста болуы қажет.
Шығармашылық мәселесiн
қарастыруда «шығармашылық», «қабілеттілік»,
«іс-әрекет», «шығармашылық іс-әрекет» ұғымдарын
айналып өтуге болмайды. Бұл ұғымдардың
ғалым-философтардың, психологтардың, педагогика
ғылымының көрнекі тұлғаларының
көзқарастары арқылы сипатталып, анықталуын
қарастырайық. Кеңес Одағының Үлкен энциклопедиясында:
«қоғамдық маңызы бар, жаңа материалдық,
рухани құндылық тудыратын адам әрекетін –
шығармашылық», - деп көрсеткен. Философиялық
энциклопедияда: «шығармашылық – бұрын еш уақытта
болмаған жаңа бірдеңе тудырушы әрекет», - деп
айқындалады[5]. Қазіргі заманғы философиялық
сөздікте: «Шығармашылық жаңа объектілер мен
сапалық белгілер, жаңа бейнелер мен білімдерді, жаңаша
сөйлесу мен қатынас тізбектерін тудыратын адамның
іс-әрекеті. Шығармашылық мәселені
қарастырудың жаңа координаталарын береді» [6] делінген.
Психологияда шығармашылық
ұғымының түрлі тұжырымдары көп. Мысалы,
Т.И.Шамова: «шығармашылық дегеніміз – қорытындысында
бұрын белгісіз болған деректер мен материалдық әлем
және рухани мәдениеттің заңдылықтарын,
қасиеттерін және өзіндікқұндылықтар
тудыратын рухани әрекет», - деп келтіреді [7]. Ал профессор Қ.Жарықбаев: «Басқалардан
көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің
әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам
шығармашыл ойдың иесі», - деген болатын[8].
Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті
орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері екендігін, олар
қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде
қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап
көрсетеді. Ал Б.Теплов
қабілеттіліктің үш белгісін көрсетіп берді:
·
қабілеттілік – бір адамды екінші адамнан
ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік;
·
қабілеттілікке барлық жеке
даралық ерекшеліктерді жатқызбай, тек бір немесе бірнеше
iс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа жеткізетін
ерекшеліктер жатады;
·
қабілет адамда бар білім, іскерлік
және дағдымен ғана шектелмейді, керісінше, сол білім,
іскерлік, дағдыны меңгеруге қабілетті.
С.Т.Шацкий шығармашылық iс-әрекет
қызығушылықтан туындап, соның негiзiнде белсендi
iс-әрекетке деген қажеттiлiктi сезiнуден пайда болады деп
түсiндiредi [9].
Бірқатар
психолог ғалымдар іс-әрекеттің мынадай құрамдас
бөліктерін атап көрсетеді.
1.
Мақсат – құрал – нәтиже (Выготский, С.Рубинштейн).
2.
Іс-әрекет – қимыл – нәтиже (А.Леонтьев).
3.
Түрткі – норма – білім – дағды – құрал
(М.Квентной).
4.
Мақсат – себеп – дағды - нәтиже - іс-әрекет пен
нәтиже арасындағы байланыс (А.Люлинская).
Қ.Жарықбаев «Іс-әрекет деп түрлі
қажеттерді өтеуге байланысты түрлі мақсатқа
жетуге бағытталған үрдісті айтамыз»[8] десе, А.Леонтьев
«Бұл өзара әсер, әрекет «қажеттіліктен» келіп
шығады. Сонда да болса, «қажеттілік» әрекетінің
көзі, қозғаушы күші бола алмайды, тек ол
әрекеттің қалай
бағытталғанын, затын(предметін) анықтайды» дейді.
Шығармашылық
танымдық әрекетке оқушылардың өзіндік жұмысы,
бақылауы мен тәжірибесі, ойлау амалы нәтижесінде алған білімі,
дағдысы, танымы мен ғылыми түсініктері жатады [10].
Жеке
тұлға белгiлi бiр әрекеттер нәтижесiнде
қалыптасады десек, ол тәрбиенiң әсерi ғана емес,
өзінің ойлау қабiлеттерiн жүзеге асыру үрдiсiнде
дамиды. Тұлғаның өзi қажет етуi бойынша дамуы -
бұл iшкi белсендi ойлау әрекетi. Ол тұлғаның
өзiндiк оқу әрекетiне, дербестiгiне, өзiн-өзi
бақылауына, бағалауына бастау болады. Оқушының оқу әрекеті - білім алу
мақсатына жетуге арналған әрекет.
Мұғалiм жеке тұлғаны
қалыптастыруда оқушылардың ойлау қабілетін,
қызығушылығын, танымдық іс-әрекетiн, даму
мүмкiндiктерi мен білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен
жеке дара жұмыстар жүйесін ұйымдастыруы қажет. Қабілетті, ынталы
оқушылардың арасында ойлау қабілетінің дәрежесін
арттыра түсу, теориялық
білімді тереңдету,
практикалық дағдысын дамыту
мақсатында дайындалатын жеке жұмыстар жүйесі өзекті
мәселеге және оны шешу жолдарына бағытталуы тиіс.
Жүйелі ұйымдастырылған
танымдық әрекеттер нәтижесінде шәкірттің білімі,
біліктілігі кеңейіп, танымдық ізденімпаздығы
қалыптасады. Оқытушының басқару іс-әрекеті
өзінің және оқушының іс-әрекетін
жоспарлаудан, оны дұрыс ұйымдастырудан, оқыту сапасын
талдаудан, оқушының жеке тұлғалық дамуын
болжаудан т.б. тұрады.
Оқушылардың білім, білік,
дағды және шығармашылық әрекеттері
қалыптасуының деңгейін ақпараттық
технологияның көмегімен шешу - бүгінгі күн талабы.
Білім алуды дұрыс ұйымдастыруда ақпараттық
технологияның алатын орны ерекше. Ақпараттық
технологиялардың негізгі құралы – компьютер десек,
оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін
ұйымдастыруда төмендегідей талаптарды орындау қажеттілігі
туады:
·
Компьютерлік технологияны пайдалана білу
іскерлігі;
·
Қажетті ақпараттық
технологияны таңдай білуі.
Аталған талаптарды, яғни
компьютерлік сауаттылығы бар, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істеудің қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерін игерген оқушы,
өзінің
интеллектуалдық
және
шығармашылық қабілетін
дамытуға мүмкіндік алады. Оқыту
құралдары: компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс
құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық
және әдістемелік жабдықтар оқыту түрлерін
жетілдіруге мүмкіндік береді десек,
мұғалім тарапынан оқушылардың жеке
мүмкіндіктеріне қарай даярланған жеке дара тапсырмалар
жүйесін жоғарыда аталған құралдар көмегімен
орындауы, оқушылардың шығармашылық әрекеттерін жүйелі
қалыптастыруға жол ашады.
Оқушының шығармашылық
әрекетін дұрыс ұйымдастыруда ең алдымен өзекті мәселе
анықталып, мақсаты мен міндеттері айқындалуы қажет.
Мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін
оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға жұмсауда
тиімді әдіс амалдарды қолдану арқылы тапсырмалар дайындап,
олардың танымдық қабілеттеріне қарай ұсынады.
Оқушының шығармашылық
ойлауы мен шығармашылық әрекетін ақпараттық технология көмегімен
ұйымдастыруда, оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі,
өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық
әрекеттке бет бұрады.
Төменде ұсынылып отырған кестені оқушылардың
шығармашылық әрекетін ақпараттық технология
көмегімен ұйымдастыруда басшылыққа алып жұмыс
жүргізуге болады.
|
Оқушының танымдық
шығармашылық іс- әрекетін ұйымдастыру |
||||
|
Оқыту бағыттары |
Оқытудың формалары |
Тапсырма мазмұны |
Ақпараттық
технология |
Міндеті, нәтиже |
|
Оқу үрдісі арқылы |
Міндетті оқылатын пәндер; таңдамалы, қолданбалы
курстар; |
Білімді меңгеруге бағытталған тапсырмалар;
(ақпараттық-рецептивті) |
Компьютерлік технология көмегімен ақпаратты алу,
өңдеу,сақтау т.с.с |
Білім алуға деген қызығушылығынынтасын, ойлау
қабілетін арттыру. |
|
Сабақтан тыс өткізілетін оқу-әдістемелік,
тәрбие жұмыстары |
Түрлі үйірме лер;факульта тивтер; апталықтар, олимпиада, байқаулар; |
Алынған білімді үлгі бойынша немесе таныс ситуацияда
қолдана білуге бағытталған репродуктивтік тапсырмалар; |
Интернет желісі мен электрондық пошта көмегімен әлемдік
білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып бір-бірімен ақпарат
алмасу. Электрондық оқулықтармен жұмыс жүргізу. |
Ақпараттың түрлі
көздері мен
жүмыс істеу біліктілігі нәтижесінде оқушылардың
танымдық қызығушылығын арттыру,жасампаздығын
дамыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге
мүмкіндік алады. |
|
Мектептен тыс ұйымдастырылатын шаралар |
Секциялық жұмыстар; жеке тұлғаны дамытуға бағытталған курстар; интернет клубтар; |
Білімді жаңа жағдаяттарға байланысты қолдана
білуге бағытталған шығармашылық тапсырма Базалық білімдерін жаңа мәліметтермен толықтыру
Шығармашылық деңгейге көтеру. |
Мультимедиалық құралдардың дыбыстық
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шығармашылық
жұмыстарын жетілдіру. Телекоммуникациялық технологиялар арылы нақты уақыт
режимінде оқушылардың оқытушылармен сұхбаттасу
мүмкіндіктері. |
Мультимедиалық технологиялар оқушының көру, есту
қабілеттерін дамыту арқылы оқу тиімді лігін
арттырады.Бірлескен шығармашы лық жобаларды орындау негізінде
қарым-қатынас қабілеттерін дамытады; Ақпараттық қоғам жағдайында оқу
шының тұлғалық сипаттарын дамыту негізінде
нәтижелі әрекетке дайындау. |
Оқушының ақпаратпен
жүмыс жасау іскерлігін қалыптастыру - коммуникативтік
қабілетін дамыту, ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру тиімді білім беру
және білім алу іс-әрекетін қалыптастырудың негізгі
міндеті. Ақпараттық технологиялар келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, шығармашылық
іс-әрекетінің дамуына
тигізер пайдасы аса мол. Қажетті ақпараттық
технологияларды қолдану арқылы
оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін
ұйымдастыру нәтижесінде: саналы ойлайтын, өзіндік айтар
ой-пікірі бар, тұрмыстық жағдайларда кездесетін проблемаларды өздігінен шапшаң шеше алатын,
шығармашылық іс-әрекеті қалыптасқан
тұлға қалыптасады.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикаының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан, 26
желтоқсан, 2003, 5б.
2.
Хрестоматия по истории педагогики, т.1.-М.,1935. 250с
3.
Бабанский Ю.К. Избранные
педагогические труды. - М.: Педагогика. -1989. - 560с.
4.
Дистерверг А. Избранные педагогические сочинения. - М.: Учпедгиз, 1959. -
259с.
5.
Философский энциклопедический словарь. «А-Я» /Гл. ред. Л.Ф.Ильичев и т.д. –
М.: «Советская энциклопедия», 1983. – 836 с.
6.
Философиялық сөздік / Ред. ұжым: Р.Н.
Нұрғалиев, Г.Г. Ақмамбетов, Ж.Ж. Әбділдин. – Алматы:
Дәуір , 1995. – 526 б.
7.
Шамова Т.И. Активизация учения школьников. – Москва: Педагогика, 1982. –
209 стр.
8.
Жарықбаев Қ. Психология /Оқу құралы. –
Алматы, 2003. – 346 бет
9.
Шацкий С.Т. Избранные педагогические сочинения //В 2-х т. М.,1980.-364с.
10. Әбілқасымова
А.Е.Студенттердің танымдық ізденімпаздығын
қалыптастыру /Монография. - Алматы: Білім. - 1994. - 190б.