Магистр Шамшеденова С.С.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қазақстан

Күннен алынатын альтернативті қуат көзі

      Еліміздегі энергия қорын үнемдеу  мақсатында және экологиялық, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіз, әрі тиімді, арзан энергия көзі, ол Күн энергиясы. Тиімді баламалы жаңартылмалы энергия көзін пайдалану арқылы экологияға нұқсан келтірмейтін энергияны үнемдеу саясатын ұсыну қажет.   

      Елбасымыздың тапсырмасымен энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту мақсатында елімізде балама қуат көздерін, Күн энергиясын алыс-шалғай ауылдарда пайдалану қажет. Күн энергетикасы әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан сала. Бұл жарық көзі арзан әрі қауіпсіздік жағынан да талапқа сай.

     Қазақстанның климаттық жағдайы күн энергиясын пайдалануда қолайлы болып табылады. Жыл сайын күннің түсу ұзақтығы 2200-3000 сағат болса, күн

энергиясының көлденең жазықтыққа түсірген қуаты 1280-1869 кВт сағ/м²

екен. Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайын жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді.

     Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мән- мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.

    Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған, ұлы мақсатты көздейтін працесс екендігін естен шығармаған абзал. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – ноосфера дәуірінің басталуы.

 Күн – энергияның аса қуатты көзі

http://www.arqhys.com/articulos/fotos/articulos/Beneficios-de-la-energia.jpg

1- сурет

         Күннің ғаламшараралық кеңістікке шығаратын бүкіл энергиясының Жер атмосферасы шекарасына жуықтап алғанда екі миллиардтан бір бөлігі жетеді. Жер бетіне түсетін Күн энергиясының үштен біріне жуығы шағылысып ғаламшараралық кеңістікке тарайды. Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады.

 http://genplan.by/assets/template/uploads/akkum/ris0.jpg 

2-сурет

         Қазіргі кезде Күн энергиясы халық шаруашылығында – гелиотехникалық құрылғылар (жылыжай, саяжай, суқайнатқыш, сужылытқыш, кептіргіш сияқты әр түрлі қондырғылар) өте жиі қолданылады. Ойыс айнаның фокусында жиналған Күн сәулесі ең берік деген металдарды балқытады. Күн электр бекеттерін жасау, үйлерді жылытуда Күн энергиясын қолдану т.с.с. жолында жұмыстар атқарылуда. Күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын шама өткізгіштерден құрастырылған Күн батареялары күнделікті өмірде қолданылу- да. Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар: 1) күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету және 2)күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру. Осындай күн сәулесінің энергиясын пайдалануға негізделген гелио- техникалық қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін қарастырайық, ол өте қарапайым, жеңіл де әрі түсінікті.

      Жарты ғасырдан артық уақытта ғалымдар күн энергиясын алу және пайдаланудың түрлі жолдарын іздестірді.

Күн технологияларын 4 топқа бөлуге болады: активті, пассивті, тура және тура емес(жанама).

Активті – түрлендіргіштермен бірге электромоторлар, әр түрлі механизмдер қолданылады. Күн энергиясы жарықтандыруда, вентиляцияда, ыстық сумен жабдықтауда қолданылады.

Пассивті – активтіден жүйе контурында механизмдердің болмауымен ерекшеленеді.

Тура – күн энергиясын түрлендіретін бір деңгейлік жүйелер.

Жанама – қажетті энергия түрін алу үшін көп деңгейлік түрленулер мен трансформациялау жүйелері.

Күн энергетикасының пассивті технологияларын қолданудың бір әдісі тұрғын үйлер мен кеңселерді жарықпен қамтамасыз ету, электр шамдарының орнына күн сәулесін пайдалану.

         Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. 2008 жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында президент Н.Ә.Назарбаев электр қуатын жаппай үнемдеу қажеттілігіне ерекше назар аударып, кәсіпорындарды қуат үнемдейтін және қоршаған ортаға зиянсыз келетін технологияларды ендіруге күш жұмсауға шақырды. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады. 

          

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.«Әлемнің энергетикалық қорлары». П.С. Непорожний, В.Н.Попков (1995ж.) 

2. Журнал «Жастар техникасы», (1990 №5 )

4. «Егемен Қазақстан» газеттері. (18,25 маусым.2013 жыл)

5.Телехабарлар: «Хабар» телеарнасы «Біз» бағдарламасы (10.12.2013ж)

6.«Энергия көздері»,В.С.Лаврус(1997ж.)