Экономические науки/10. Экономика предприятия
э.ғ.к.
Мұханова А.Е., магистрант Дарменкулова Ж.
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан
КӘСІПОРЫННЫҢ
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның
қаржылық тұрақтылығының маңызды
белгілерінің бірі,
сондықтан онымен тығыз байланыста болады.
Кәсіпорынның төлем қабелттілігі деп, оның дер кезінде өзінің
барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге
дайындығын түсіну керек деп есептейміз.
Басқаша
айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу
кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен
қамтамасыз етіледі. Нақты осылай теориялық түрде, егер
кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа
мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды
өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын
барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге
бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік
қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс
құралдарын тек негізгі құралдары құрайды,
ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ,
олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті[1.104-108б].
Сондықтан
төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің
сомасы ағымдағы
міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге
болады. Кәсіпорының тек қарыздарды өтеуге ғана
емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары
болуы керек.
Кәіпорынның
төлемдік қабілеті деп, оның өзінің жедел
міндеттемелері бойынша төлемдерді өз уақытында жүргізу
қабілетін түсінеміз. Талдау процесінде ағымдық
және перспективалық төлемдік қабілеті зерттеледі.
Ағымдық
төлемдік қабілеті есептегі мерзімге баланс деректері бойынша
оның төлемдік қаржыларын жедел міндеттемелерімен салыстыру
арқылы анықтайды. Төлемдік қаржыларың суммасын
анықтау сұрағы бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Анағұрлым
дұрысы – төлемдік қаржыларға ақшалай
қаражаты, қысқа мерзімдік құнды қарыздарды,
себебі олар тез өткізіліп ақшаға айнала алады,
сондай-ақ дебиторлық қарыздың қайтарылуы
мүмкін болатын бір бөлігін жатқызамыз.
Ағымдағы
төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады.
Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және
басқа есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем
қабілеттілігі деп саналады.
Келешекке
арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі
оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі
жедел (бірінші кезектігі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем
қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша
сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін
төлем қабілеттілігі коэфициенті арқылы көрінеді. Егер
төлем қабеліттілігі коэффиценті 1-ге тең немесе үлкен
болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабелетті
екендігін білдіреді. Егер коэффициент1-ден аз болса онда талдау процесінде
төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау
керек.
Төлем
қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр
түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабелетті
құралдарға ақша қаржыларын, қысқа
мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу
әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және
ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге
ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге
жатқызылған міндететемелер мен қарыздар: банкінің
қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді
қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтерге
кіреді.
Кәсіпорынның
преспективті (ұзақ мерзімді – бір жылдан аса) төлем
қабілетін бағалау үшін өтімділіктің
динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады.
Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс,
қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа
ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу
үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын,
ал бөлімінде – осы кезеңдегі
ағымдағы міндеттемелерінің орташа
қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау
мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша
қаражатының ағымын көрсетеді[2].
Нарықтық
экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем
қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету
үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі.
Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі
түсіндіріледі. Осы қабеліттілікті бағалау үшін
ақша қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі
түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін
ақша қаражатының жеткілікті мен оның капиталға
айналдыру коэффициенттері талданады. Егер ағымдағы төлем қабілеттілік
– кәсіпорынның қаржылық жағдайының ішкі
көрінісі болса, онда қаржылық тұрақтылық –
құрамына актив пен пассив, кіріс пен шығыс, ақша
ағымынң оң және теріс теңгерімі бар, келешекте
ұзақ уақытқа тұрақты төлем
қабілеттілікті қамтамасыз ететін ішкі көрінісі (1 сурет).
Сурет 1. Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы мен төлем
қабілеттілігі арасындағы байланысы.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл
тұлғаның жұмыс істеуі және дамуы, сыртқы
және ішкі ортаның өзгермелілігінде актив пен пассивтің
теңдігін сақтауы, тәуекелдің белгілі бір шегінде
болашақта кепілдік төлемдерін беретін инвестициялық артықшылығын
көрсету мүмкіндігі[3].
Тұрақты
қаржылық жағдайда меншік капиталы жеткілікті, активтер
құрамы толық, операциялық және
қаржылық тәуекелділікті қосқандағы
рентабельділік жеткілікті, өтімділік жеткіліктігі, қарыздық
құрылымы қайтару және тұрақты кірістер
болғанда қалыптасады.
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
үшін икемді капитал құрылымы, оның төлем
қабілеттілігін сақтау мақсатында кірістің
шығыстан көп болуын қамтамасыз ететін өзін-өзі
қаржыландыруды құрайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
оның тұрақтылығы мен орнықтылығы
өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің
нәтижесіне байланысты. Егер өндірістік және
қаржылық жоспар ойдағыдай орындалмаса, онда ол
кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етеді.
Керісінше, өндірістік және сату көлемі төмендесе,
оның өзіндік құны өседі, түсімнің
және табыстылықтың төмендеуі кәсіпорынның
қаржылық жағдайы мен төлем қабілетілігінің
төмендеуіне әкеледі. Мұндайда қаржылық
тұрақтылық ережелер, өндірістік жоспарларды орындауда және
оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз етуде жақсы
ықпалын тигізеді.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы, оның
тұрақтылығы капитал көздерінің
құрылымының оңтайлылығын және
активтердің оңтайлылығы, актив пен пассивтің теңдігіне
байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы
кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық
тұрақтылығын және оның өз шаруашылық
қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз
міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қаржылық жағдай
кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және іскерлік
қарым – қатынастағы потенциалын анықтайды,
кәсіпорынның өзінің және оның
серіктестерінің қаржылық және басқа
қатынастар тұрғысындағы экономикалық
қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде
кепілдендірілгенін бағалайды.
Осыған орай,
Қызылорда облысы мұнай өндіруші
кәсіпорындарының бірі ретінде «ПетроҚазақстан
Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның төлем қабілеттілігін бағалауда өнім өткізуден түскен
түсім көлемінің
2013жылы 2011 жылмен
салыстырғанда 2,3 есеге жоғарылауы әсерінен, табыс
көлемі артып төлем қабілеттілігі жоғары деңгейде қалыптасып
отырғандағы байқалды.
Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын шығындар негізінде
жасалады. Төлем қабілетсіздік қаупі болашаққа
бағытталған, сондықтан белгісіздік мәселесіне
қарсы тұрады. Табыстар мен шығыстардың көптеген
көлемдері, қаржылық болашағы нақты
жағдайға байланысты екендігін көрсетеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов
Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдау. Экономика. Алматы, 2001.
2.Егембердиева.С.М. Кәсіпорын қызметіне талдау.
Қызылорда . ҚМУ.2002ж.
3.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности
Учебник. – Алматы: Экономика, 2009