Әлімжанова
Жанна, математика пәні
мұғалімі
Қазақстан Республикасы, Ю. Гагарин
атындағы орта мектеп
«Теңсіздіктерді шешуде инновациялық тәсілдерді тиімді
пайдалану» тақырыбында өткізген сабағының жоспары
Конфуцийдің сөзін басшылыққа алуды
ұйғардым: «Айтсаң – ұмытамын, көрсетсең –
есімде қалады, ал өзіме жасатсаң - түсінемін».
Сабақ тақырыбы |
Теңсіздіктерді шешуде инновациялық
тәсілдерді тиімді пайдалану |
Жалпы мақсаты |
Инновациялық әдіс-тәсілдерді
қолданып оқушыны өз
бетімен ізденуге бағыттау, топтық жұмыстар арқылы
қызығушылықтарын арттыру, өзін-өзі
бағалауға , өзара бағалауға жұмылдыру. |
Негізгі мақсаты |
Теңсіздіктердің түрлерін
қайталайды, шешу алгоритмін еске түсіреді, өз бетімен есеп
шығаруға жетіседі, ҰБТ-да кездесетін теңсіздіктерді
шеше алады. |
Оқыту нәтижелері |
Ынтымақтаса жұмыс істейді,
теңсіздіктің түрлерін біледі, шешу алгоритмін біледі.
Тиімді әдістерді есеп шығаруда қолданады.
Математикалық тілде еркін сөйлеуге қалыптасады. Тестке дайындалады. |
Ресурстар |
Филпчарт, маркер, стикер, А4 формат, слайд,
бағалау дескрипторы, кері байланыс парағы. Электрондық
оқулық |
Сабақта қолданылған
әдіс-тәсілдер |
Топтастыру, фишбоун стратегиясы, диалогтық
оқыту, оқушы жұмысын ОүБ және ОБ жүзеге
асыру, салыстыру, саралап-бағалау,болжау. |
Шаттық шеңберіне тұру |
Шеңбер құрып тұрады,
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
||||||||||||
Топтастыру |
Үш түрлі түске жазылған
теңсіздіктердің түрлері арқылы топқа
бөлінеді. Үш түрлі фишка қойылған
столдарға отырады. |
||||||||||||
«Проблеманы айқындау» кезеңі |
Мұғалім:
Оқушылар, сендер топқа қалай бөліндіңдер
деп ойлайсыңдар? Оқушылар: Түстер арқылы немесе
теңсіздіктердің түрлері арқылы. Мұғалім:
Ендеше , балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы: «Теңсіздіктерді » туралы болады. 11 сынып оқушылары берілген тапсырмаларға
сәйкес дайындаған слайдтары бойынша өз талдауларын айтады. |
||||||||||||
|
1. Теңсіздіктер тақырыбы біз үшін
қаншалықты қажет? 2.Мен нені білуім керек? Осы проблеманы анықтай отырып, шешу жолдарын
табу. /балықтың басы/ |
||||||||||||
Бағалау парақтары таратылады,
түсіндіріледі |
Бағалау
парағы Оқушының аты-жөні
«+» білемін, «-» жеткілікті белгілері арқылы өзін-өзі бағалайды |
||||||||||||
«Проблеманы шешу» кезеңі |
Проблеманы шешу кезеңінде топтық
тапсырмаларды орындаудан бастайды. І топ 1. Бір айнымалысы бар сызықтық
теңсіздік 2. Бір айнымалысы бар сызықтық
теңсіздіктің шешімі 3. Бір айнымалысы бар сызықтық
теңсіздікті шешу деген не? ІІ топ 1. Квадрат теңсіздіктер 2. Квадрат теңсіздікті шешу үшін нені білу
қажет? 3. Квадрат теңсіздіктерді қандай
әдістер арқылы шешуге
болады? ІІІ топ 1. Иррационал теңсіздіктер 2. Иррационал теңсіздіктердің шешімі
қалай табылады? 3. Бұл теңсіздіктердің бұрыннан
белгілі теңсіздіктерден қандай айырмашылығы бар? Әр топ өз жұмыстарын ортаға
шығып қорғайды./балықтың үстіңгі
және астыңғы қанаттары/ |
||||||||||||
Бағалау |
«Бас бармақ» сигналдары бойынша топ
мүшелері бірін-бірі бағалайды |
||||||||||||
Сергіту сәті |
Дене қимыл жаттығуларын жасайды |
||||||||||||
«Проблеманың шешімін қолдану»
кезеңі Жеке
жұмыс , жұптық, топтық жұмыстар |
І топқа жеке тапсырмалар беріледі, есептерді
шығарады, түсіндіреді, алгоритмді пайдаланады. «Қатесін
тап, сан аралықтарын сәйкестендір» интерактивті тақтада
орындайды. ІІ топқа жұптық тапсырма беріледі,
есептерді екі тәсілмен шығарады, түсіндіреді ІІІ топқа топтық тапсырма
беріледі,есептерді шығарады, І және ІІ топтың
жұмыстарымен салыстырады,
барлық топтың жұмыстарына баға беріп, талдау
жасайды, өз ойларын білдіреді. Есептерді электрондық оқулықтан
шығарады. |
||||||||||||
Бағалау |
«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар
бірін-бірі бағалайды |
||||||||||||
Сұрақтар қойылады, өз ойларын
еркін жеткізуге тырысады. |
1. Сендер , нені еске түсірдіңдер? 2. Бүгінгі сабақтың сендер үшін
мәні қандай болды? 3. Математикалық тілде еркін сөйлеу дегенді
қалай түсінесіңдер? Өз ойларын айтады, сұрақтарға
жауап береді. Қорытынды жасайды. «Теңсіздіктерді шеше білудің маңызы» туралы айтады. Қажеттілігін түсінгендіктерін жеткізеді,
салыстырады, болжам жасайды./Балықтың соңғы
бөлігін орналастырады/ |
||||||||||||
АКТ
интерактивті тақтадан теңсіздіктің түрлері ,
шешу жолдары көрсетіледі, мәтінді тыңдайды |
Адамзат баласы пайда болғаннан бері үнемі теңсіздік үшін күресте өмір сүріп келеді. Осы күрестің арқасында ғасырлар бойы өмірде өзгерістер,ғылымда алға деген өрлеу пайда болып жатыр. Бір сөзбен “теңсіздік” -өмірді өзгеріске ұшырататын құбылыс деп айтуымызға болады. Осы теңсіздікке қарсы тұру үшін біз дұрыс шешім қабылдауымыз қажет. Яғни математикалық теңсіздіктерді
шешу қоғам дамуымен үндесіп жатыр. Теңсіздікті шеше отырып, біз өзіміздің мақсаттарымызды анықтап, жоспарларымызды орындаймыз...Теңсіздіктің шешімі белгілі бір аралық болғандықтан, кез келген заңдылық белгілі бір ортада ғана орындалады. Бұл шындық - өмірдің талабы...
Ендеше, теңсіздіктерді шешіп үйренейік!
|
||||||||||||
Рефлексия |
Дескриптор арқылы өз пікірлерін білдіреді, ойларын жеткізеді, өздерін
бағалайды. |
||||||||||||
Кері байланыс |
Сабақтың соңында алған
әсерлерін 2 жұлдыз, 1
тілек түрінде стикерге жазып қалдырады. Мұғалім
сабақты қорытындылайды. |