Педагогические  науки / Проблемы подготовки специалистов

Проф. Н. Әужанова, І.Рахманова

 І.Жансүгіров ат.ЖМУ, Казахстан

БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІМЕН  ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН  ЖҮРГІЗУ

Өсімдіктерді (мысалы, аралия, пейрескияны) телуге дайындайды.  Ол үшін олардың үстіңгі бөлігін қиғашынан кесіп, ортасын 1,5-2 см етіп тереңдетеді [1].

1.                 Телінетін өсімдіктерді (мысалы, плющ, зигокактус) 2-3 бүршігі бар бұтағын ұзындығы 6-7 см етіп кесіп алады. Бұтақтың төменгі бөлігін конус тәрізді етіп кеседі.

2.                 Бұтақты алдын-ала дайындалған телінетін өсімдікке камбий қабаттарын сәйкес келтіріп, беттестіреді де қалың жіп немесе лентамен орап тастайды.

3.                 Телінген өсімдіктерді температурасы 15-180С болатын жылы бөлмеде, тікелей күн сәулесінің түспеуін қадағалайды. Жиі суғарып отырады.

4.                 Бақылау жүргізіп кестені толтырады.

Кесте №7

Телу жасалатын өсімдік

Телуге алынған өсімдіктің бұтағы

Күндері

Телу

Өсіп кетуі

Телінген бұтақтарда жапырақтың пайда болуы

 

 

 

 

 

 

1.                 Бұтақ өсіп кеткеннен кейін жібін шешеді. Телінген жерде пайда болған өркендерді үнемі алып тастап отырады.

2.                 Өсімдіктерді телу арқылы көбейту жолына қорытынды жасау.

3.                 Кесіп алынған өркендердің тамырын өсіріп, топыраққа егеді.

Бөлме өсімдіктерін, әсіресе, «гүл және жеміс» тақырыбын өткен кезде таратпа түрі көрнекілік болып табылады. Тірі объектілерді демонстрациялау арқылы зертханалық, практикалық сабақтарда оқушылардың білімін бекітуге болады.

Гүлдердің құрылысымен оқушылар зертханалық жұмыста танысады. Таратпа тірі көрнекіліктер ретінде: примула, арамилис, кливияны  алуға болады. Оқушылар өз беттерінше жұмыс жасаулары үшін оларға нұсқаулар жазылған карточкалар беріледі.

1.                 Гүлдің әр бөлігін жеке-жеке қарау.

2.                 Тостағанша жапырақтарын (егер олар бірігіп өсіп кеткен болмаса) бөліп алып, қағазға желіммен жабыстыру.

3.                 Күлтелерін ортасынан бөліп, жазып, тостағанша жапырақтарының астыңғы жағына желіммен жабыстырылады.

4.                 Күлте жапырақтарының астыңғы жағына аталықтарды қағазға жабыстырады. Аналықтарды ортасынан бөліп, жартысын аталықтардың астына желімдейді.

5.                 Гүлдің төменгі бөліктерін де қағазға желімдейді де, гүлдің әрбір бөлігінің атын жазады.

6.                 Амарилис, кливия, орукция, бегония мен примула гүлінің сыртқы құрылысын кестеге жазу.

Кесте  №8

Өсімдіктің аты

Гүлсерігі

Тостағанша

Күлтесі

Гүлдің типі

Түйіні

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өсімдіктер тұтас организм» деген тақырып бойынша оқушылардың өсімдіктер туралы алған білімдерін қорытындылап, бекіту мақсатында мұғалім оқушылардың өсімдіктердің мүшелерінен жасаған микропрепараттарын көруге тапсырма береді. Оқушылар берілген микропрепараттардан өсімдіктердің құрылысын көріп қана қоймай, олардың қызметінің бір-бірімен байланысын анықтауы керек [1].

Өсімдіктердің тіршілігіндегі ең негізгі функциялары, олардың өмір сүру ортасы мен тығыз байланыстарын бөлме өсімдіктері арқылы көрсетуге болады.

«Өсімдіктердің негізгі топтары» тақырыбы бойынша өсімдіктердің сан алуандылығымен қатар олардың қарапайымдылардан көп жасушалы мүшелерге дейінгі даму жолын көрсету керек. Бөлме өсімдіктері әр түрлі климаттық зоналарда өсіп пайда болған. Соған байланысты оларды экологиялық топтарға бөледі. Мектепте бөлме өсімдіктерін өсіру үшін олардың әрқайсысына климаттық жағдай жасалуы тиіс. Бөлме өсімдіктерін өсіруге жарық, температура, ылғал, қоректік заттар қолайлы жағдай болып табылады.

Жарық. Кез келген бөлме өсімдіктері жарыққа әр түрлі бейімделген. Кейбір өсімдіктер жарықтың көп болғанын (мысалы, суккуленттер) қаласа, кейбіреулері (мысалы, чайя, калатея, плектрантус) жарыққа жақсы бейімделсе де күн сәулесінің  тікелей түскенін көтере алмайды. Оларды жазда көлеңкелі терезелерге қояды.  Бегония, драцена, монстера, қырықбуын, сияқты өсімдіктер жарықтың жетіспеушілігіне төзімді. Мысалы, хлороритум,  сциндаптустар көлеңкеге төзімді болса да, олар өздерінің  түсін жоғалта бастайды. Гүлдерді орналастырған кезде мектептің оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөліктеріндегі терезелері ең жарығы мол, ал, солтүстік және солтүстік-батыс  терезелерде күн сәулесі ала көлеңке болып түсетінін ескере отырып орналастырады. Жарықтың түсуі терезелердің көлеміне да байланысты. Сонымен қатар өсімдікті терезеден алшақтатқанда күн сәулесінің жарығы азаяды [2].

Қысқы мерзімде көптеген бөлме өсімдіктерінде жарықтың жетіспеушілігі байқалады.  Жарықтың аз болған кезінде қосымша электр шамдарын пайдалану керек.

Температура. Өсімдіктердің көпшілігі жер шарының тропикалық және субтропикалық аймақтардан әкелінген. Соған байланысты жылдың әр кезеңдерінде температураға әр түрлі бейімделген. Ылғал тропикалық ормандардан әкелінген өсімдіктерге 18-200С температура қажет болса, олардың вегетациондық кезеңдерінде жоғары температура керек. Субтропикалық аймақтардың өсімдіктері қыста төменгі температураға төзімді болады.Оларға 15-160С, ал кейбіреулері үшін 10-120С оптимальды температура болып табылады. Өсімдіктердің қыстағы тыныштық күйлері кезіндегі температураның мөлшері 3-80С-ға жетеді. Көптеген бөлме өсімдіктеріне қыста 16-180С оптимальды болып табылады. Кейбір өсімдіктер қыстағы жоғарғы температураның әсерінен гүлдемейді. Өсімдіктердің тыныштық күйіндегі температура, өсімдікке әсер ететінін тәжірибе көрсеткен  [3].

Ылғалдылық. Ауа мен топырақтың ылғалдылығы өсімдіктің өсуіне әсер етуші факторлардың бірі. Мұндай жағдайда тек құрғақ облыстардың өсімдіктері ғана өсе алады. Өсімдіктердің көбіне тек ылғал ауа қажет. Ауаның ылғалдылығын бірнеше әдістермен арттыруға болады. Өсімдіктерді ұдайы сумен бүркіп отыру. Бөлме өсімдігінің жанына су құйылған ыдыстар қойылады. Батареяларға су толтырылған арнайы сыйымдылықтарды т.с.с. аквариумдар да бөлме өсімдіктеріне қажетті ылғалдылықты арттырады. Ылғал ауада жақсы өсетін өсімдіктердің аквариумының қасына немесе сатына орналастыру керек. Ылғалды тропикалық ормандарының өсімдіктері өте жоғары ылғалдылықты қажет ететіндіктен оларды бөлемеде өсіруге мүмкіншілік болмайды. Мұндай өсімдіктерді арнайы жасалған шағын оранжеяларда өсіреді. Суғару өсімдіктерді күтудің ең негізгі әдістерінің бірі. Дұрыс суғарылмаған өсімдіктер ауруларға тез шалдығады немесе шіріп, өліп қалуы да ғажап емес Суғару мөлшерін анықтау үшін өсімдіктердің түріне, жасына, ыдысына назар аударылады. Өсімдіктердің көктем мен жаз кезіндегі вегетациялық кезінде жиі және қарқынды түрде суғарылады. Қыста жиі суғарудан өсімдіктер шіріп кетеді. Сондықтан қыста гүлі бар ыдыстағы топырақтың ылғалдылығы көп болғаннан гөрі аз болғаны дұрыс. Ыдыстағы топырақтың ылғалдылығын білу үшін ыдысты бір-екі рет шертеді, ыдыстан шыққан дауыс анық, қаттырақ шықса – топырақ ылғал деген сөз. Өсімдіктерді күнде аз-аздан суғарған дұрыс емес. Судың аз мөлшері топырақты толық ылғылдындыруға жетпейді де өсімдік дұрыс өспейді. Егер ыдыстағы топырақ шала ылғандандырылған болса, онда ыдысты су толтырылған ыдысқа батырып қояды. Ыдыс көпіршіктерінің түзіліп біткенінше суда тұрады.

Аспарагус, нефролепсис сияқты бөлме өсімдіктерінің тамыр жүйесі бүкіл топырақты торлап жататындықтан осы әдіспен суғарылады. Өсімдіктерді «жұмсақ» (жаңбыр, өзен, тоған суларымен) бөлме температурасындай сумен суғарады. Мектепте гүлдерді су құбырынан алынған, жылынған сумен суғарады. Су құбырынан алынған ыстық суды суытып құюға да болады.

Көктем-жаз айларында өсімдіктерді кешкісін, ал күз бен қыс периодтарында таңертең суғарылады. Суды ыдыстың шетінен құяды. Егер суды лақылдатып құятын болса, топырақ шайылып, өсімдіктердің тамыры көрініп қалады. Жапырақтары салбырап тұратын өсімдіктерді (глоксиния, сенполия, примула) абайлап суғару керек. Егер судың тамшалары жапырақтың бетіне түсетін болса, жапырақ шіри бастайды. Мұндай өсімдіктредің жапырақтарын сумен бүркудің қажеті жоқ. топырақтың булануын, ауаның тамырға жақсы өтуін қамтамасыз ету үшін топырақты қопсытып тұру керек. Бөлме өсімдіктерінің топырақтарындағы қоректік заттарын көбейту мақсатында өсімдікті қорегі мол топыраққа көшіріп отырғызады [4].

Көшіру кезінде гүлді ыдыстан топырақтарын шашып алмай алдыңғы ыдысына 2-3 см-ге үлкен ыдысқа салады. Жаңа ыдыстың түбіне дренаж қойып қойып, топырақ салынады. Ыдысқа гүлді топырағымен отырғызып, бос жерлеріне жаңа топырақтан салып қояды. Көпшілік өсімдіктерді наурыз-сәуір айларында көшіріп отырғызады. Жас өсімдіктерді жылда ауыстырып отырады. Ал жасы үлкен өсімдіктерді 2-3 жылда бір ауыстырады. Жасы үлкен әрі ірі өсімдіктерді жәшіктерге отырғызып, 5-8 жылда бір рет көшіреді. Бірақ, беткі топырағын жылда жаңартып отыру керек. Топырқты жаз бен күзде алдын-ала дайындап, жылы жерде сақтайды.

Әдебиеттер:

1.     Әужанова Н.Б. Биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстар. Алматы: Дайыр Баспа, 2011. – 300 б.

2.                                                                                                                                                                                                               Қалиұлы Б. Өсімдіктердің орысша-қазақша атаулары. – Алматы, 2005. 

3.                                                                                     Клинковская Н.Н. Комнатные растения в школе. – М.: Просвещение, 1986.

4.                                                                                     Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. –  Алматы, 1994.