Бағдат Жосалбаева
Қазақстан
Республикасы, Қарағанды қаласындағы
№ 7 «Жұлдыз» балабақшасының
1 санатты тәрбиешісі
Ойын-тәрбие құралы
«Ел болам десең, бесігіңді түзе».
М.Әуезов
Бүгінгі
таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы
бағытта Қазақстан балабақша, мектептеріне
жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты
өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды
тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Қазақстан
азаматтарының денсаулығын нығайтуда салауатты өмір
салтын ұстану жастардың
болашағына жол ашады.
Қай
қоғамда болмасын елдің ертеңі-өскелең
ұрпақтың жеке тұлға ретінде тәрбиеленуі
ата-ана, тәрбиеші, мұғалімнің жауапкершілігін талап
етеді. Қазіргі уақытта балабақшадағы бала
тәрбиесі заман талабына сай басты назарда болып отыр. Жас ерекшелігіне
қарай баланың ойлау қабілеті, сана-сезімінің жетілуі
тілдік қарым-қатынаста, іс-әрекетте әр қилы дамып
отырады. Әр тәрбиешінің ізденімпаздығы баланың
ойын жетелейді, қозғау салады. Баланың
балабақшадағы уақыты тәрбиешімен, балалармен
өтеді. Сондықтан уақытты тиімді пайдаланып, ойын арқылы
баланы ортаға, көпшілікке бейімдей аламыз.
«Ойын баланың
алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық
қасиетін дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы
мүмкін емес», - дейді педагог В.Сухомлинский. Ойын – баланың ойын
жетілдіруде тамаша әдіс ретінде рөл атқарады. Бала ойынмен
бірге өмір сүреді. Ойнау арқылы бала айнасындағылармен
қарым-қатынаста болып, өзін қызықтыратын
сауалдарға жауап алады. Ойын барысында бала тілін дамытып, таным
белсенділігін арттырады. Ойнаған бала өзін еркін ұстайды,
мінез-құлқын көрсетеді, ортада өзін белсенді
ұстайды. Ойын элементтерін қолдана отырып бала
шығармашылық ізденісін арттырады. Бала ойын арқылы бір
әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі
ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Ұлы ойшыл Абай
бабамыз он тоғызыншы қара сөзінде дүние есігін
ашқан нәрестенің қоршаған ортамен байланысын,
жақсы, жаманды білуінің негізі тәрбиеде екенін ескертеді: «Адам
ата-анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, танып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан
білгені, көргені көп адам білімді болады. Естілердің
айтқанын ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір
естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы
нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды,
соны адам десе болады».
Мектепке дейінгі
тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың
көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді
туындатып, жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру
көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен
және достарымен қарым-қатынас мәдениетіне
тәрбиелеп, баланың білімділік дағдыларын күнделікті
іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.
Психологиялық ойын-жаттығулар баланың жан әрекетін,
әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін,
сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау,
қабылдауын дамытуғы икемділікті арттыруға, өзінің
жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай,
құрметтей өз ісінің дұрыстығын
дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру болып табылады.
Ұлт ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың
ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге
келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған
жөн. Ойын адамның ақыл-ойын дамытады, қызықтыра
отырып ойдан-ойға жетелейді, қиял мен қанат бітіреді.
Ұлттық ойындар – халық педагогикасының аса белсенді,
үнемі өзгеріп, жетіліп отыратын бөлігі, ол өмірге
үздіксіз келіп жататын ұрпақ арқылы жаңара
береді. Сондықтан оның атқарар қызметінің
өрісі кең, салмағы ауыр. Ұлттық ойындар – жеке адамдардың игілігіне
асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын ұлтқа
тән рухани қазына.
Жас
баланың тұлғасы
мықты, денесі шымыр, қимылы ширақ, әрі епті болуы
үшін ұлттық ойындар арқылы әртүрлі дене
шынықтыру әдістері қалыптастырылған. Қазақ халқының ұлттық ойындары жеке
адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл
қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін
ұлттың азаматын тәрбиелейтіндей қызмет
атқарған. Ұлттық ойын арқылы жеке
тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа
танылған, сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал
адамдарға айналған.
Халық ойынды
тәрбие құралы деп таныған. Ұлттық ойындар
халық тәрбиесінің дәстүрлі жалғасы. Ежелден дәстүрлі
ойындарда халықтың өмір сүру әдісіне,
тұрмыс-тіршілік еңбегіне, ұлттық
дәстүрлеріне мән берілген. Сол арқылы жастар
адалдыққа, күштілікке ұмтылған.
Ұлттық
ойындардың бала тәрбиесіне тигізетін пайдасын халқымыз
ертеден – ақ білген. Ойын балалардың жүгіріп, күш
сынасып, ойнайтын ойыны болғандықтан, өкпенің
жұмыс қабілеттілігін арттырып, дененің барлық мүшесін
шынықтырып жас ағзаның дұрыс шынығуын, сұлу
мүсінді, сымбатты
тұлға болып өсуін реттейді. Өсіп келе жатқан
ұрпақтың тұлғасы мықты, денесі шымыр,
қимылы ширақ, әрі епті болуы үшін ұлттық
ойындар арқылы түрлі – түрлі дене шынықтыру
әдістерін қалыптастырған.
Спорт
ойындарының баланың өсуі үшін маңызы зор. Ойын
баланы еңбектенуге, өз бетінше жұмыс істеуге дайындайды.
Спорт ойындарының ерекшелігі – ойын тәсілдерінің көп
болуы. Ойын кезінде балалар осы әдіс-тәсілдерді бірнеше рет
қайталайды. Спорт ойындары балалардың еркін жұмыс істеу
қабілетін, адамгершілік, рухани қасиеттерін дамытуға
әсерін тигізеді. Тәрбиеші қимыл-қозғалыс
әрекеттерін балаларға үйрете отырып, жүйелі,
дұрыс қимыл жасауға, ой-өрісін дамытуға
бағыт береді. Командалық ойындарды бірнеше ойыншы бір-біріне
қарсы әрекет жасайды. Жеңіске жету нәтижесінде
балалардың спортқа қызығушылығы артады. Ойын
барысында өздерінің жауапкершілігін сезінген балалар келесі
ойынға дайындықпен келеді. Ойын кезіндегі шапшаңдық
ойыншылардың тез қозғалуына және қарсылас
командаға жауап ретінде белгі болып табылады.
Ауызша ойналатын
дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш келісімді
білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі.
Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша
бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір
тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен
тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойнында
балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар
қолданады. Осы ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың
әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты
бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық,
білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір
құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын,
қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген
құштарлығы ойын арқылы қанағаттандырылып,
ойынның қандай түрі
болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында
маңызды рөл атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Құнанбаев.А Шығармаларының 2 томдық
толық жинағы. Алматы, Ғылым баспасы, 1977. 454 б.
2. Сұнғатова Г.Ж. Тілдерді оқыту ойын әдісі//, 2009, №
3.
3. Құдайбергенова А.М. Ойындар коммуникавтік компетенциясын
қалыптастыру құралы. //Қазақ тілі
әдістемесі, 2009, №8.
4. Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті және спорттың ілімі мен
әдіснамасы. –Өскемен: - Либруис баспасы, 2010