Шет  тілдер  және  іскерлік 

                                                                      карьера университеті,  Қазақ тілі мен өдебиеті және журналистика

кафедрасының меңгерушісі,  п.ғ.к.  Серикбаева  Г.Ж.                                                               

 

 

               Қазақ   тілін   жаңа  технологиялар   арқылы  оқыту

            Казақстан   Республикасының    Білім   туралы    Заңында  «Білім    беру   жүйесінің басты  міндеті – ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, ғылым  мен  практика жетістіктері  негізінде   жеке  адамды  қаллыптастыруға  және  кәсіби  шындауға  бағытталған  білім  алу  үшін    қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын   еңгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық   желілерге  шығу», - деп   білім  беру  жүйесін    одан  әрі  дамыту  міндеттері    көзделеді.  Бұл   міндеттерді   шешу  үшін  әрбір  білім  еру  мекемесіндегі    ұжымның ,  әрбір  оқытушының   күнделікті  ізденісі  арқылы   барлық  жаңалықтар  мен  әзгерістерге   жол  ашатын  жаңа   практикаға ,  жаңа  қарым-қатынасқа  әту  қажеттігі  туындайды.

« Технология»  ұғымы    соңғы  кездері   ең  жиі  кездесетін   ұғымдардың  біріне  айналды.  Қазіргі   кезде   технологиялық  тәсіл   білім  беру  жүйесінің   кез келген  саласында  қолданысқа  ие.

ХХІ -  ғасыр  --  ғылым  ғасыры.   Сондықтан   жастарға,  жас  ұрпаққа    білімм беру  жүйесінде   түбегейлі  өзгерістер  жүріп  жатыр.    Яғни,  еркін  білім  беру,  жеке  тұлғаның   дамуы   басты  мақсатқа  айналып  отыр.   Осы  мақсаттарға  жетуде  заманауи  жоғары   технологияларды  пайдалану  арқылы  сапалы  білім  беруге   қол  жеткізе  алады.   Соңғы  уақытта    оқу  үрдісінде  елуден  астам  педагогикалық  технологияларды   қолданып   жүргені  анық.  Бұл  технологиялардың   барлығын   бір  сабақта  қамту  мүмкін  емес. Жаңа  технологияларды  қолданғанда    оның  әрбір  кезеңдерін оқытушының  өзі    жақсы   меңгеріп ,  студенттерге   жеткізе  білуі  керек.  Жаңа  технологияларды  күнделікті   сабақта   қолдану  үшін,   ұстаз  шәкірттердің   білім  деңгейін  ескеру  қажет. Жаңа  технология   студенттің  өзіндік  жұмыс  атқаруына   және  ең  бастысы   -   студенттің     білім  жетістіктерін    жақсартуға   ықпал  етеді.   Осыған  орай  орыс  бөліміндегі  студенттерге   мемлекеттік  тілді  меңгерту,  үйрету  барысында   жаңа  технологияларды  пайдаланудың    тиімділігі  зор.  Бүгінгі  ғылым  мен  техниканың    қарыштап     дамыған  заманында  білім   үрдісін  жандандыру,  білім  сапасын  көтеру   өзекті  мәселеге   айналып  отыр.  Елімізде  болып  жатқан    әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер, ақпараттық  ағымдар,  еңбек  нарығындағы  бәсекелестіктің   артуы   жоғары  оқу   орнын   бітірушілерге   қойылатын  талаптарды    күшейтуде.

  Жеке   тұлғаны  қалыптастыруда   білім  мен  тәрбие  ұштасқан  тұста   ғана   оқу  үрдісі  нәтижелі  болмақ.  Оқу  мен  тәрбиелеудің    ең  басты  міндеті -   өз  халқының  мәдениетін,  әдебиетін,  тілің,  салт-дәстүрін  сүю  арқылы  басқа  халықтардың   да  тілі  мен  мәдениетіне   құрметпен    қарайтын  адам  қалыптастыру.

Елбасы  Н.Ә. Назарбаев  өзінің  «Қазақстан  -  2030»  жолдауында   патриотизм    мен  шығармашылық   жағынан    дамыған    жеке  тұлға  ретінде   тәрбиелеу  аса  қажет,  бүгіннен  бастап   ұлттық  мінез  -  құлық,  биік  талғампаздық,  тәккапарлық,  пәктілік ,  білімділік,  биік  талғам,  ұлттық   қасиеттерін   сіңіріп   қалыптастыруымыз  керек деген  болатын.

Елбасының   алға  қойған  зор  міндеттерін    іске  асырушылар  жастар.  Олай  болса,  сол  жастарға  сапалы  біліммен  қатар,  салауатты  тәрбие  беру    ұстаздарға   байланысты.  Осыған  орай  оқыту  үдерісінде  мынадай  талаптар  ескерілуі  тиіc:

 Болашақ  маман  иелерін  ой-өрісі  кең, жан-дүниесі  бай, кәсіби  білікті  маман   қалыптастыруға  жол  ашу.

 студенттердің   қазақша   тілдік  қатынасты  жүйелі,  тиімді  меңгертудің  тәсілдерін  жинақтау.

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  -  жаңа  ақпараттық  технологияны  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту

Университеттерде білім-беру қоғам дамуының негізгі жолы..Сондықтан .білім  беруде  өтілетін   тақырыптар   соның   ішінде  жоспарлау   мәселесі,   ғылымның   соңғы  жетістіктеріне  негізделуі  тиіс.   Білім   беруде    жаңа  технологиялардың    пайда  болуы    оқытушыдан    әдістемелік- технологиялық   біліктілікті  талап  етеді.  Себебі  студенттердің   мүмкіншілігіне,  қажеттілігіне,  білім  берудің  мақсаты  мен  міндеттеріне  негізделмеген   оқыту  ешқандый   нәтиже  бермейді.  Заманауи   жоғары  технологияларды  пайдалану  арқылы  ғана   сапалы  білім  беруге  қол  жеткізуге  болады.  Жаңа  технология    студенттің   өзіндік  жұмыс  атқаруына   ықпал  етеді. 

Қазіргі   білім  беру  және  тәрбиелеу  міндеттерін   шешуде  қоғамдағы  әлеуметтік  және  ғылыми – техникалық  өзгерістер  талабын   белсенді,  шығармашыл,  кәсіби  құзіретті  маман  ғана  орындай  алады.

Сабақта  негізге  алатын   жаңа  технологиялар  жүйесі:

 білім   жүйесінде   жаңа   технологияны  оқу  үдерісіне  еңгізу,

 кәсіби   мамандыққа  қатысты мәтіндер  мен   модульдік  құрылым,

 лингафон   сабақтары ,

 телешоу  сабақтары,

 пікірсайыс  сабақтары т.б.

Тапсырмалардың  мұндай  түрлері  студенттің  де  оқытушыныә  да   белсенді   шығармашылық  іс-  әрекетін   дамытады.

     Қоғамның  қазіргі  даму  сатысында   оның  барлық  салаларын  тиімді басқару  мен  ұйымдастыру  адамның  ақыл  ойымен   шығармашылығына   байланысты  екендігі  белгілі. Орыс  аудиториясында   өтілетін   қазақ  тілі  сабақтарының  мақсаты -  студенттердің  сөздік  қорын  дамыту,оқу  техникасын  қалыптастыру,  дұрыс  сөйлеуге,  сауатты  жазуға  үйрету. Сондықтан  да  студенттердің  білімін  арттыру  үшін   сабақта  жаңа  технологияларды  қолдана  білу  керек  Қазақ   тілі  сабағы  әрі  қызықты,  әрі  тартымды  әрі  сапалы  болуы   әр  оқытушының  білім  деңгейіне,  кәсіби  шеберлігіне  байланысты. Білім   беруді   ұйымдастырушы – оқытушы  мен  алушы – студенттер   арасындағы   қарым-қатынас  дәрежесі  жаңа   деңгейге  көтерілуі  тиіс.  Егер  дәстүрлі   оқытуда  оқу  тәрбие  үрдісінде   басты  рөльді  оқытушы  атқарса,  технологияның  көптеген  түрлері  қамтылған   қазіргі  жағдайда  белсенді  қызметті   студент  атқарады,  яғни  ол  ізденеді,  өзі  оқып,  өзі  үйренеді.  Ал  оқытушы  сабақты  ұйымдастырушы,  кеңес,  бағыт- бағдар  беруші.   Әрбір  студенттің   жеке  мүмкіндіктеріне  байланысты  қызығушылықтарын   арттырып,  берілген   тапсырмалар  олардың  қабілеттерін   ашуға  бағытталады.  Жаңа  технологияларды  қолданғанда  оның  әрбір  кезеңдерін    ұстаз   өзі  жақсы  түсініп,  студенттерге   жеткізе  білуі  қажет.  Жаңа  технологияларды    күнделікті  сабақта  қолдану  үшін   оқытушы   студенттердің  білім  деңгейін  ескеру  керек.   Кез  келген  жаңа    технология    жеке  тұлғаның   дамуына  бағытталады.  Олар  проблемалық    оқыту   технологиясы,  деңгейлеп  оқыту  технологиясы,  адаптивті   оқыту  технологиясы,  модульдік  оқыту  технологиясы,  ұжымдық   оқыту  технологиясы,  сыни  тұрғыдан   ойлауды  дамыту  технологисы т.б.   Аталған   технологиялардың   ішінде   сабақта  жиі  қолданылатын   технологиялардың  бірі – сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы..   «Сыни  тұрғыдан   ойлауды   дамыту»  технологиясы  үш  кезең   бойынша    қолданылады. 

Қызығушылығын  ояту.

Мағынаны  тану.

Ой  толғаныс.

Осы   кезеңдердің   ұтымды  өтілуі   төмендегідей  нәтиже  береді:

Басқалармен  қарым-қатынас  жасай  біледі.

 Өз  ойын  топ  алдында  айта  біледі.

 Өз  бетінше  ізденуге   үйренеді.

 Студенттердің  сабаққа  қызығушылығы   артып,  белсенділігі  артады.

   Сонымен   студент  дайын   білім   материалын   оқытушы  арқылы  алмайды,  өзі   сын  тұрғысынан  түсіну,  оқу,  ойлау,  жазу  арқылы  меңгереді.  СТО  технологиясы  білімі  әртүрлі  деңгейдегі  студенттердің    өз  мүмкіндіктерінше   сабаққа  қатысуға   ынталандырады.

     Түйіндеп  айтсақ,  ақпараттық  технологияның  кез   келген  түрінің  бүгінгі  күні   қарқындап  өсуі,  оның  тиімділігі   сапалы  білім  берудің    бірден-бір   қайнар  көзі   екендігі   және  оны  тіл  үйретуде   пайдалану  -  тіл  үйренушінің    басты   құралына   айналып  отырғандығы   баршамызға  мәлім. Ендеше  жастарға   қоғам  талабына  сай    тәрбие  мен  білім  беруде   оқытушының    инновациялық  іс-әрекеттің   негіздерін   меңгеруі    сапалы  білімнің  жемісі  болмақ.  Сондықтан   қазақ  тілін  оқытуда   дайын  өнімдердің    жетістіктерін  есепке  ала  отырып,   жаңа  технологияларды  қолданып,   ақпараттық  оқыту  бағдарламаларын   әзірлеудің    теориялық,  әдістемелік   мәселелерін   терең  саралап,  оны  жан- жақты  жетілдіру  біздің  басты  мақсатымыз.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

 А.Б. Айтбаева  «Білім  берудегі  жаңа  технологиялар»   оқу  құралы –Алматы, 2011.

 «Басқа  ұлт  өкілдеріне  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытуда  жаңа  технологияларды  енгізу  мүмкіндіктері»  Алматы,  2006.