Педагогика. Современные
методы преподавания
Филология магистрі, Тауекелова
Гулбану Конысбаевна
№57 жалпы білім беретін
мектебі,Алматы қаласы, Қазақстан
Әлемдік білім беру
реформаларының
маңызы
Қазіргі таңда әлемдік
білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық
мақсаты – өзгермелі
өмір жағдайына тез
бейімделу қабілеті бар,
өз жолын дұрыс таңдай білетін және оң шешім қабылдай алатын
тұлға дайындау болып отыр.
Білім беру саласында қол
жеткізген бүкіләлемдік
бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де,
дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне
саяды. Заманауи тәсілдің
ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін
жәй ғана иеленіп ғана қоймай, оларды орынды жерде
қолдана білуіне басты назар аудару болып отыр. (МАН, 2012, page 5)
Қазіргі әлемде болып
жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау
екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан
әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектеп
үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең
бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда
нені оқыту керек?» және де екіншісі «Мұғалімдер
оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». (МАН, 2012, page 5)
Әлемнің
үздіксіз дамуында ұлттар
тауарлармен және қызмет көрсетулермен ғана
бәсекелеспейді, олар қоғамдық
құндылықтар жүйелерімен және білім беру
жүйесімен де бәсекелеседі. Өйткені, бүгінгі
күні бірінші кезекте адамның «ақыл ойына» да
көп күш салынады. Бәсекеге қабілеттілік деңгейін айқындайтын негізгі өлшемдердің
бастылары да білім саласымен тікелей
байланысты. Сондықтан да, Қазақстанның
әлемдегі озық үлгі орнатқан елдердің жолымен
жүргені
құптарлық шара және жоғарыда атап
көрсеткен Ұлыбританияның «Жобалау әдісі» мен Финляндияның «Функционалдық
сауаттылық» мәселелері оқыту мен оқу
үрдісінің сапасын жақсартуда, оқушылардың
нәтижелі жетістіктерге жетуінде
Қазақстан мектептеріне тиімді деп санаймын.
Ұлыбритания мектебін реформалаудың аса
маңызды бағыты- жалпы білім беруді жаңарту.Басты
бағыттардың бірі- математика курсының жалпылаушы,
құрылымдық жақтарына көңіл аударуды
күшейту мәселесі.Ұлыбританияда әзірленген
жаңа бағдарламалардың
мақсаты да - математика ғылымының заманауи деңгейі мен
математиканың дәстүрлі
курсының арасындағы
алшақтықты қысқарту болып табылады. Джуринский, А.А. (1999 ж)
Развитие образования в современном мире.Москва: ВЛАДОС.
Финляндия – дүние жүзінде білім берудегі бірден бір көшбасшы ел.
Қазір бұл мемлекет
функционалдық
сауаттылық деңгейі
(93%) мен орта және жоғары оқу орындарына қабылдау
(тұрғындардың 1 мың адамына 103) бойынша әлемде
жетекші орында. АҚШ үшін
сәйкес көрсеткіштер – 82% және 95 адам.
Финдердің 40,6% – орта тоғызжылдық, 36,1% – лицейлік,
23,3% – жоғары білімі бар. 2001 жылы Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)
Еуропаның 32 елінде 15 жасар оқушылар арасында олардың ХХІ
ғасыр талаптарына қаншалықты даяр екенін анықтау
мақсатында зерттеу жүргізді. Жас финдер тек жалпы сауаттылық
бойынша ғана емес, сонымен қатар математика және
жаратылыстану ғылымдары бойынша көшбасшылардың бірі болды. Дерябин, Ю.С. (2004 г). Сравнительная педагогика.Москва.
Бұл жайында
Елбасымыз Финляндиямен қарым-қатынас Қазақстан үшін аса
қажетті екенін айтты. Себебі, бұл ел әлемде өзіндік орны бар, білім-ғылым саласында,
инновация бағытында алдыңғы қатардағы
мемлекеттердің бірі. Егерде біз бәсекеге сай ел болғымыз
келсе, Финляндияның жүрген жолымен өтіп,
тәлім-тәрбие алғанымыз
пайдалы екен.
Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012
жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» Жолдауында
2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдегі
ең дамыған 30 елдің
қатарына енуі туралы
нақты тапсырма берілді.
Назарбаев, Н.Ә. ( 2012 ж)
«Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»,Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауы, 12 желтоқсан 2012 ж, www.akorda.kz.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012
жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында:
«Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны
әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп
атап көрсетілген. Осыған орай, Мемлекет басшысы мектеп
оқушыларының
функционалдық сауаттылығын одан ары дамыту
қажеттілігін атап өтті. Назарбаев, Н.Ә. ( 2012 ж) «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты»,
Қазақстан Республикасының Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы, 27 желтоқсан 2012 ж,
www.akorda.kz.
Қазақстанда жүргізілген PISA-2009 зерттеуі баланы оқыту мен тәрбиелеу
процесіне ата-аналардың қатысуы функционалдық
сауаттылық деңгейіне оң әсер ететінін көрсетті.
Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде
қатыстыруға бағытталған шаралардың тұтас
жүйесін: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар
қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру
қажеттігін көрсетті.
Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің
негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен
кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға
арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың
Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда
оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған
білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу
қабілеттерін дамыту көзделген.Функционалдық сауаттылықтың жалпы бағыты
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген.
Неліктен
осы секілді өзгерістер менің мектебіме қажет және
қолданылуы мүмкін?
Озық елдердің қатарына
кіретін Ұлыритания мен Финляндия мемлекеттерінің білім беру
жүйесіндегі озық тәжірибелерін, атап айтар
болсам,Ұлыбританияның
оқушылардың сыни
тұрғыдан ойлауына мүмкіндік беретін «Жобалау әлісі»
және Финляндияның қазіргі жылдам
өзгеріске бейім оқушының зияткерлік қабілеттерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Функциональдық
сауаттылық» мәселелерін
ұлттық құндылықтармызға сай Қазақстандық білім беру
жүйесіне тиімді болса,
менің мектебіме де енгізілгенін
жөн деп санаймын. Себебі, жаңашылдық - білім беру саласының алдында
тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі
шарттарының бірі. Себебі, менің
де мектебімде
оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырып,
шығармашылықтарын дамыту жұмыстары әлсіз.
Сондықтан да менің мектебім және мектебімнің
шығармашыл, оқыту сапасын жақсартқысы келетін ұстаздар қауымы Ұлыбританияның «Жобалау әдісін ,
оқушының жеке тұлға ретінде
қалыптасудағы зияткерлік, рухани, өмірге тез бейімделу
қасиеттерін қалыптастыруға негіз болатын Финляндия
елінің «Функционалдық сауаттылық» тәсілдерін енгізуге толығымен даяр. Өз
мектебімнің білім беру жүйесіне жаңашыл бастамаларды
енгізу арқылы ұлттық білім моделіне негіделген
білім жүйесінің сапасын жақсартуға деген сенімім мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Сравнительная педагогика,Москва. Дерябин, Ю.С, 2004 г.
2. Развитие
образования в современном мире.Москва: ВЛАДОС, Джуринский, А.А. 1999 ж.
3. Мұғалімге
арналған нұсқаулық,І деңгей, 2012ж.
4. Назарбаев,
Н.Ә. ( 2012 ж)
«Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»,Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауы, 12 желтоқсан 2012 ж, www.akorda.kz.
5. Метод проектов на уроках иностранного языка/ Иностранные языки
в школе.
Москва, Полат, Е.С. 2000 г.