Абдалиева
С.К.
Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға
арналған
мамандандырылған дарын мектеп интернаты,
Қазақстан
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА
ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
Еліміздің нарықтық қатынастарға көшу, саясаттағы
жариялылық, азаматтық қоғам орнату сияқты
көптеген мәселелер қазіргі өзгермелі
қоғамда полимәдениетті, көп ұлтты әрі
поликонфессионалды кеңістікке араласуға дайын, қабілетті
тұлғаның дамуына бағытталған тәрбие
мазмұнын жаңартуды талап етеді.
Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа
заманның талабы – ол өз Отанын сүйіп және
құрметтейтін, өзара қарым-қатынас жасай білетін,
өзін – өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына
жете алатын, адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін,
жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін
қоғам талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны
қалыптастыру үшін тәрбие үрдісін ұйымдастыруды
кешенді түрде қараудың қажеттілігіне баса назар аудару болып
табылады [1].
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға
тәрбие беру мәселелерін әртүрлі бағыттарда
қалыптастырып, дамытуда отандық ғалымдарымыз да өз
үлестерін көптеп қосып келеді. Атап айтсақ, сыныптан тыс
жұмыстар тарихына қатысты Н.И. Қойшыбаева, К.Ж.
Қожахметова, И.А.Әділханов., Г.И.Мұханова және т.б.
еңбектерінен орын алады.
Тәрбие теориясы
мәселелеріне қатысты жазған
Қазақстандық ғалымдардың еңбектері де сыныптан
тыс жұмыстары бойынша теориялық – әдіснамалық
тұрғыдан зерттеуге С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, К.К.Жанпейсова, Л. Керимов,
Б.Ы.Мұқанова, Г.К.Нурғалиева, К.С.Успанов, К.Ж.Бұзаубақова және т.б. өз үлестерін қосты.
Тәрбие үдерісін табысты, нәтижелі
ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие
заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбиенің заңдылықтарына:
1.
Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында
болуы, бұл – табиғи заңдылық;
2.
Баланың өзінің түрлі
әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи
қарым – қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы
жағдайы;
3.
Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
4.
Тәрбие мен өзін - өзі
тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
5.
Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің
болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
6.
Қоғамның үнемі өркендеп
дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның
күш - қуатымен
өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да
тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы
– тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын
қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын
мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған
сабақтың тәрбиелік мақсатымен
өзара байланысты болып келетін жұмысытың дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие
әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең
көлемде тәрбиелік ықпал ете алады [2].
Біріншіден, сыныптан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта
мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға
ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс
әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу
баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат
құндылықтарына негізделген
білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен
дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс
түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің
әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына,
оған белсенді қатысуға деген құлшынысын
тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке
деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір
практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз
бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске
арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында
қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл
өте өзекті мәселеге айналуда.
Төртіншіден, сыныптан тыс
әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана
баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал
етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында жан – жақты қарым-қатынасқа түсуді үйретеді.
Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және
қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара
ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға,
өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуте
тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да
бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек,
қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық
тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлен
тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуте ықпал етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс
тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен
өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу
болмайды. Мұғалім оның формалары
мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және
бағытын тандауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған
өзінің көзқарасы және сенімі
тұрғысында әрекет етуте мүмкіндік берсе, екінші
жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған
қосымша, оған шығармашылық белсенділікті талап етеді.
Сыныптан тыс тәрбие
жұмысының мақсаты мен міндеттері
тұтас педагогикалық үдерістің қызметіне ерекше
сипат береді.
Мектепте
оқу – тәрбие үдерісін ізгілендіруге байланысты сыныптан тыс
жұмыстар ең алдымен оқушыларды қазақстандық
патриотизмге тәрбиелеу, құқықтық
мәдениет пен отбасылық мәдениетті қалыптастыру, жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды игерту мен
салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше мән
беріледі [3].
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру
тәрбиенің құрамдас бөлігі және
жастардың патриоттық, жоғары азаматтық сезімін
қалыптастыруға бағытталатын мақсатты
ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық
үдеріс болып табылады.
“Қазақстан
Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты ...өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру деп көрсетеді. Мектеп оқушыларының осы
тұлғалық қасиеттерін дамытудағы отбасының
ролі үлкен, сондықтан, ата-ана – мектеп – оқушы ынтымағын арттыру, еңбектерін бірлікте басты
мақсатқа жұмылдыру сыныптат тыс тәрбие жұмысын
жандандыруға алғышарт бола алады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
бұл туралы: «Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға
деген ыстық сезім -жақындарына, туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен
басталады» - деп көрсеткен еді.
Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу,
қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі
қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы,
мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ
мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық
әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп,
олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай
бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы [4].
Қорытындылай келе айтарымыз, еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Жас
ұрпақтың әлеуметтік ортадағы сан салалы
қарым-қатынасы мен
іс – әрекетін
ұйымдастыру барысында
халықтық тәжірибе мен
ізгі қасиеттерді
оның бойына дарыту
қашаннан игі мақсат болып келеді. Осыған байланысты,
бүгінгі таңда
оқушыларға жан жақты
тәрбие беру мектепте
ұйымдастырылатын сыныптан
тыс жұмыстар арқылы
жүзеге асатынын көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әбенбаев С. «Тәрбие
теориясы мен әдістемесі», Алматы – Дарын, 2004.
2. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987.
3.
Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986.
4.
Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен
тәжірибелері. – Алматы, 1991.