Алимжанова Жанна, математика пәні мұғалімі

 

Шығыс Қазақстан облысы  Тарбағатай ауданы  Қарғыба ауылы

Ю. Гагарин атындағы орта мектеп

 

Lesson Stady  жаңа  әдісін  мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі

 

     Кіріспе.  Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің жиыны. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін » үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Кәсіби деңгейдің дамуы психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары;

Дарынды, өнерпаз;

Іздемпаз, талапты:

Өз алдына мақсат қоя білу керек;

 «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, бүгінгі білім беру жүйесінің мазмұнында «Сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрету қажет» деген ұстаным басым болуда. Сондықтан, баланың ойлау туралы ойлануына жол ашуымыз керек. Оқушының бойында сын тұрғысынан ойлау, тұжырым жасау, ой жүгірту, рефлексия жүзеге асқанда ғана оның тұлғалық бейнесі қалыптасады. Сабақты зерттеу туралы мектепте өткізген тәжірибе алмасуды мынандай кезеңдер бойынша ұйымдастырдық.

І.  Проблеманы айқындау кезеңі. 

·        Сабақты зерттеу туралы не білеміз? / Қатысушылардың пікірін білу/

·        Сабақты зерттеу туралы не білгілеріңіз келеді?

ІІ. Проблеманы шешу кезеңі. 

·        Lesson Stady  туралы жалпы мәлімет

·        Lesson Stady  - мұғалімдердің тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі

·        Lesson Stady   қадамдары

·        Зерттеу сабақтарын талдаудың құрылымы

ІІІ. Проблеманы шешімін қолдану кезеңі

«Сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрету қажет!»

·        «Топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушы белсенділігін дамыту » тақырыбы бойынша өткізілген зерттеу сабақтарының тиімді жақтары

·        «Топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы сыныпта өзін-өзі реттеуді дамыту» тақырыбы бойынша өткізілген зерттеу сабақтарының барысы 

                                                                                                           

    Lesson Stady  сыныпты зерттеу нысандарының   бірі болып табылады. Бұл тәсіл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған екен. Lesson Stady  тәсілі Макота Йошида  Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастаған екен. Қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде  Lesson Stady мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Демек,   Lesson Stady мұғалімдерді оқыту мен олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар кезеңдерді қамтиды. Lesson Stady-де ең бастысы «сабақты зерттеу »немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын арттыру мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Stady-дің түйінді сипаты креативтілік пен ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. (І мұғалімге арналған нұсқаулық)

Lesson Stady тәсілі бастапқы кезеңде бірлесіп жоспарлайды Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері . Зерттеу сабағы аяқталған соң барлық топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Stady-дің тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісіне алынған нәтижелерді есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды.     

    Негізгі қадамдары:

·        Ережелер жүйесін жасайды

·        Нені, кімді оқытуды анықтайды

·        Негізгі қажетті әдебиеттерді зерделейді

·        Сыныпты анықтайды, үш «бақылаудағы оқушы» назарға алынатынын, жоғары, орта және төмен  деңгейдегі оқушылар анықталады

·        Топ зерттеу сабағын жоспарлайды, жоспарда бақылаудағы оқушылардың сабақта өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі

·        Бір мұғалім зерттеу сабағын өткізеді, қадағаланады, үш оқушыны басты назарда ұстайды

·        Сабақтан соң бірнеше оқушымен сұхбат жүргізіледі

 

Сабақты талдаудың негізгі құрылымы:

·        Жоспарларды салыстыру, бақылаудағы оқушылардың оқуын қадағалау

·        Сыныптың тұтастай оқытылуы

·        Зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі

·        Келесі зерттеу сабағын жоспарлау, мақсатын белгілеу

·        Келесі Lesson study-ді жоспарлау

      Сонымен  сабақтарды өткізуде Lesson study тәсілінің тиімділігін байқадық. Тәлім алушы үшінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалім болғандықтан мұғалімдердің сабақтардағы іс-әрекеттерін зерттеу тәсілін жоғарыда айтқандай қалай мұғалімдерге жеткізуге болатындығын ақылдастық. Тәлім алушыға іс-әрекеттегі сабақты зерттеу  тәсілі  Lesson Study  туралы түсінік беру керек деген ұсыныс жасаған едім. Менің ойымша тәлім алушы Тошия Чичибудың осы жайлы презентациясын өте сәтті қолданды. Мұны тәлім алушы жұмысының сәтті жағы деп айта аламын. Негізгі ресурстарды пайдалана отырып, 2-ші деңгей мұғалімдеріне арналған нұсқаулықтан алынған материалдарды пайдаланып, Lesson Study-дің қадамдарымен танысулары мұғалімдерге сабақ барысында, сабақты бірлесіп жоспарлауда көмегі болды. Бірінші сабақты  тәлім алушы өзі өткізді. Тәлім алушым  5а – сыныбында  «С.Козлов. Как ежик с медвежонком протирали звезды» тақырыбы бойынша  сабақ өткізді. Бұл сабақта ертегінің мәтінімен танысып, жаңа сөздер біліп, талдау арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтады. АКТ пайдалануда оқушыларға осы ертегінің видеонұсқасы ұсынылғаны сабақтың сәтті жағы деп айта аламын. Балалардың мультфильмді қызыға тамашалағанынан сабақты дұрыс ұйымдастыра білгенін және әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білгендігін байқадым.  Ертегі мазмұнын тереңірек талдау үшін, екі топқа 2 түрлі тапсырма берілді: екі топ екі кейіпкерді талдап көрсетеді, бірақ топтардағы оқушылар өздерін топ мүшелері ретінде емес, жеке-жеке отырғандарынан топтық жұмыстарды ұйымдастыруда әлі де болса кемшіліктің бар екенін байқадым.  Ұйымдастырудағы жіберілген кемшіліктерді  бәлкім сабақтың басында топ ережесін еске түсіру керек пе еді деген ойда қалдым. Топтық жұмыс дұрыс ұйымдастырылмаған соң, топтың ішінен көшбасшыны анықтай алмады.  Зерттелетін оқушыларға келсек, А деңгей: сабақта белсенділік көрсетуінен ол оқушымен жүйелі жұмыстың жүретінін, күрделі тапсырмаларды орынды бере алғандығын байқадым. Сонымен бірге ол оқушының сөздікпен жұмыс  жасағанда жақсы нәтиже көрсетуінен оқушымен жеке жұмыс жасай алатындығын байқадым. В деңгей : белсенді. Сұрақ көп қойып, көп нәрсе білгісі келеді, любознательность танытты. (мұғалім, ана сөз нені білдіреді, мен осылай жазсам бола ма?)  С деңгей: топпен жұмыста аса белсенділік танытпады. Деңгейлік тапсырма қажет етеді. Соңғы тапсырманы (шығармашылық тапсырмада) көп балалар орысша орындап қатты тырысты. Тапсырманы  қазақша да орындай беріңдер дегеніне қарамастан В оқушы тырысып өз ойын жеткізуге тырысты.   Сонымен,   АКТ-ні «Как ежик с медвежонком протирали звезды» ертегісін ғаламторды пайдаланып көрсетуі арқылы мұғалімдерге оның тиімділігін көрсетті деп ойлаймын. Оқушылар аса қызығушылықпен қабылдауы, оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдаланып оқушыларды топтарға бөлуі , бағалау парағын таратып беріп, оқушылар өздерін бағалатуы арқылы  коучинг сабақтарында алғандарын қолдана алатындықтарын көрсетті деп ойлаймын. Оқушылар ертегінің мазмұнын түсініп, сабаққа белсенділікпен қатысып отырды. Орта деңгейлі оқушы  сабаққа белсенділікпен қатысып отырды. Тіл тосқауылына қарамай мәтінді оқып, аударып, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап отырды. Сабағында талантты және дарынды  көшбасшылық модулі көрінбей қалды.  Үдеріс кезінде байқағаным, мұғалімдердің осы тәсілге ерекше қызығушылық танытулары болды.  Сабақтарды бірлесе жоспарлағанда өзіңе деген сенімділігің артады екен деп пікірлерін айта отырып, біздің мектепте осы тәсілдің енгізілу қажеттігіне тоқталған екен. Сонымен бірге формативті де суммативті бағалаудың маңызды екенін және өзара әрекеттестігін дамыту керектігін айтып, оқушыларды ынталандыру қажет деп кері байланыста жазбаларын қалдырды. Сәтті өткен дүние –мұғалімдердің ынтымақтастықта жұмыс жасағаны, өзіндік пікірлерін білдіріп, өз тәжірибелерімен алмасуы. Дегенмен, критериалды бағалаудың маңызы туралы, бағдарлама үйрететіндей, мен: «егер оқушылардың жауаптарын критерийлерге салып бағаласақ, нашар баға шығуы мүмкін емес»,- дегенімде, «төмен баға, кейде, оқушыны қамшылау үшін керек, төмен баға алған оқушы оны түзетуге тырысады»,- деп жауап берген мұғалімдер болды. Яғни, олардың айтқаны оқушыны ынталандырамыз деп көтермелеп бағалай беретін болсақ, оқушы соған үйреніп алмай ма деген ой айтып жатты. Бұл менің жұмысымның сәтсіз жағы деп айта аламын. Мұндай кедергілерді жоюға  уақыттың жеткіліксіздігі әсер етті. Бұдан байқағаным,  бағалауды толық меңгеруге  уақыттың кедергі келтіргені  деп ойлаймын. Оқушыларды бағалаудың өзіндік қиындықтарын әлі де болса келешекте қарастыру қажет екен деген қорытындыға келгендей болдым. Зерттеуге алынған 8А сыныбында команда мүшелерімен бірлесіп жоспар жасап алып,  «химиялық реакциялардың типтері: қосылу және айырылу реакциялары» тақырыбындағы сабаққа қатыстық.. Сабақты оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін білдіруден бастағанынан сыныпта ынтымақтастық орта құруға талпынғанын байқадым. Элемент сипаттамалары бойынша сынып 3 топқа топтастырылып, топтардың аты қойылып, топтық жұмыс ережесімен таныстыруы арқылы топпен жұмыс істеуге қалыптасып қалғандарын байқадым. Бұл кезде оқушылар өздерінің теориялық білімдерін көрсете білді. 3 топ «натрий», «мырыш», «алюминий» тобы құрылды. Ой шақыру кезінде «натрий» тобы «химиялық формула», «мырыш» тобы «химиялық теңдеу», «алюминий» тобы «химиялық теңдеуге» кластер жасау кезінде топ мүшелері өткен сабақта алған білімдеріне сүйеніп, топ жұмысына әрқайсысы өз үлесін қоса алды. Сәтті шыққан жақтары: Жоғары деңгейдегі оқушылар химиялық реакция теңдеулерін құрастырып, теңестірді, орта деңгейлі оқушыларға элемент валенттіліктеріне сай формула құрастыруға, төменгі деңгейлі оқушылар химиялық реакцияларға мысалдар келтірді. Бұл кезде де топ мүшелерінің асқан белсенділігі, оқушылардың химиялық тілде сөйлей алуы айқын байқалды. А тобындағы оқушының әктас пен судың химиялық реакциясына байланысты көрсеткен тәжірибесін пайдалана отырып, әктасты қайда қолданамыз деген сұраққа үйді ақтап тазалау үшін қолданамыз деп өмірмен байланыстыра айтты. Тағы бір оқушы сабақ жақсы өтті, алда тағы осылай өте берсе екен деп жазса, бүгінгі сабақта маған ұнағаны әктастың көктүске айналуы десе, екінші оқушы бүгінгі сабақта топпен жұмыс істегеніміз өте жақсы болды деп жазыпты. Сәтсіз шыққан жақтары: Сабақтың негізгі кезеңінде маңызды жерлерін таба алмай, карта толтыру кезінде қателесіп жатқан оқушылар кездесті. Сабақтарда оқушылар өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыра бастады. Бұған дейін мұғалімнің  түсіндірумен ғана тақырыпты түсінуге дағдыланған оқушылар әуелгі уақытта қиынсынып, үйренісе алмады. Сәтті жақтары:  қуатты педагогикалық құралдарды ықпалдастыра қолданудың нәтижесінде  оқушылар өз ойын айта алатындай мүмкіндікке ие болды. Оқу ретін өздері қалыптастыра бастады. Мен сабақ кезінде бір-бірімізге түсіндіру арқылы ұғып алатын болдым, маған жанымдағы жолдастарым көмектескендіктен үйде тапсырманы орындауда қиналмайтын болдым деп өзінің түсінгендігін айта білуге жеткізгендей болдық. «Оқушы үні» жобасы бойынша мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таңғалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Мұндай зерттеудің кішігірім түрін оқушыларға зерттеуге қолданып көрудің алғашқы нәтижелерін мұғалімдердің айтуы бойынша сабақта оқушылардың қызығушылықтары артты және олардың білім деңгейінің арта бастағандығын байқадым. Зерттеу нәтижесінде оқушылар сыни ойлауға, сындарлы пікірлер айтуға қалыптасып қалды деп ойлаймын. Сонымен мектептегі тәжірибе кезіндегі өткізілген коучинг сабақтарынан өзім де жақсы әсер алдым. Мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Себебі , шекті сауалнамалардың нәтижесі бойынша  біріншіден мұғалімдердің өткізіп  жатқан жұмыстары тиімді деп ойлайсыз ба? деген сұраққа мұғалімдердің 93 пайызы қолдайтындықтарын айтыпты. Ал осы  оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің білім сапасын арттырудағы маңызы бар ма? деген сұраққа мұғалімдердің 86 пайызы иә деп өз пікірлерін білдірді. Ал топтық жұмыстардың бірлескен оқуға тиімділігі бар ма? деген сұраққа 89 пайызы иә деген жауаптары мектептегі тәжірибе кезінде атқарған жұмыстарымыздың нәтижесі деп ойлаймын. Менің ойымша мұғалімдер жаңалыққа құштар жандар болғандықтан, осындай білім саласындағы өзгерістерді мұғалімдердің қолдайтындықтары байқалды. Lesson Stady тәсілін осындай жүйелі түрде қолдана алсақ,  сындарлы оқытуда нәтижелі жұмыстарға қол жеткізуге болады деп есептеймін. Білім берудің сапасын арттыруда инновациялық оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуларына мүмкіндік жасалады деген ойдамын. Сондықтан әрбір мұғалім   өздеріне керектерін алып, өз сабақтарында  «сабақты зерттеу» тәсілін қолданатынына сенемін.