Педагогические
науки/6. Социальная педагогика.
Проф.
Н. Әужанова, К.Асқарбекова
І.Жансүгіров ат.ЖМУ, Казахстан
ТӘҮЛІК ТӘРТІБІНІНІҢ НҰСҚАСЫ
Бүгінде адам
қоғамның қарқынды техникалық, даму
кезеңі, өмір үрдісі адам ағзасына, оның
жүйке жүйесіне, психикалық іс-әрекетіне өте
көп талаптар қоюда. Сондықтан жұмыс пен
оқуға ұтымды қарау, физикалық және
психикалық күштерді өз уақытысында қалыптастыру - бүгінгі
күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Ағза мен
жүйке жүйесін шынықтырудың негізінде жеке
гигиеналық күн тәртібі, бір жағынан апта, ай сайын
және жылда түсетін салмақпен, еңбек демалысымен,
оқушылар үшін каникулмен байланысты.
Күнделікті
ұтымды құрастырылған тәүлік тәртібі –
бос уақытты (рационалды) тиімді пайдалануға, күшті
ықшамдап, стереотиптік тәртіпті калыптастырады. Бір жағынан
ол жүйке жүйесін жаттықтырып, жүйкелік
күйзелістерге қарсы әсер етіп, шаршауға жол бермейді.
Дұрыс ұйымдастырылған тәүлік тәртібі
ағзаны шынықтырып ғана қоймай, еркіндікке
тәрбиелеп, өмірлік тонусты, жұмысқа деген
қабілеттілікті арттырады [1].
Тәүлік
тәртібі келесі элементтерден тұрады: а) дұрыс
ұйымдастырылған ұйқы мерзімі және сергектік; б)
қысқа таңғы гимнастика және су процедурасы; в)
жүйелі, тұрақты тағам қабылдау; г) күнделікті
серуендеу; д) физикалық жаттығу, жүгіру, шынықтыру
процедураларын жасау үшін бөлінген арнайы уақыт; е)
жұмыс және демалыс күндеріндегі демалыс үрдісін
ұйымдастыру, оны орындауды күнделікті дағдыға,
өмір сүру салтына, іс-әрекетке айналдыруымыз керек:
яғни тәүлік тәртібін күнделікті орындау,
қайталау адамның өміріне тұрақты элемент боп енуі
тиіс.
Белгілі бір
тәртіп ерте балалық шақтан қалыптасуы керек. Кейбір сауықтырушы
процедураларға қарағанда, белгілі бір гигиеналық
тәртіпті сақтауды да кез-келген жаста бастау кеш емес. Ең
қызығы тәүлік тәртібін
екі-үш ай сақтап, өзінің жай-күйінің,
денсаулығының жақсарып келе жатқанын сезінгеннен
кейін, оны тастап кету де қиынға соғады. Тәүлік тәртібінің
тығыздылығына қарамай, сол күнге жоспарланған
барлық жұмысты жасап үлгеруге тырысу керек, мысалы:
сабақ оқуды, физикалық жаттығумен айналысуды немесе
ойнауды, үй шаруашылығына көмектесуді, теледидар
көру, кітап оқуды т.б. Егер мұның бәрін жоспарлы
ұйымдастырмаған түрде жасайтын болса, ә бір күнде
үлгеру мүмкін емес. Әр уақытта есте
сақтаңыз: барлық өз өмірінде жақсы табысқа
жеткендер мынаған тәуелді: әдеттенсеңіз,
онда сіздің биоритміңіз ұйқы мен сергектік,
жоғары немесе жұмысқа
қабілеттілік, тағам қабылдау кезеңдерімен сай
келеді. Бұл кездегі тәүлік тәртібіңіз әлеуметтік
қоғамдық көзқарас жағынан ғана емес,
биологиялық жағынан да тиімді. Мысалы: түскі
немесе кешкі ас қабылдау уақытыңыз келгенде – асқазан
және бүкіл асқорыту жүйеңіз тағам
қабылдауға, ал, ұйқы келген
уақытта – бүкіл
ішкі жан дүниеніз ұйқыға бейімделіп,
дайын тұрады. Егер үйге берілген жұмысыңызды жасауды
белгілі бір уақытқа қойсаңыз, биоритміңіз осы
уақыттағы максималды жұмысқа
қабілеттілігіңізбен сай келіп, соған тұрақтанады.
Әрбір үй тапсырмасын орындағаннан кейін, мектептегі секілді
10-15 мин қысқа үзіліс жасап, бірнеше дене
шынықтыру
жаттығулар жасаған дұрыс.
Мектепте сабақ 8.30-да басталады. Егер
оқушы сабақ басталғанға дейін 1 сағ. 30 мин.
бұрын ұйқыдан тұратын болса, ол таңертеңгілік
жоспарларының барлығын жасап үлгереді: таңғы
гимнастика, сулы процедура, төсек жинау, таңертегі асты
ішу, киімін ретке келтіру, кажетті
дәптерлерді, кітаптарды дайындау, сабақтан қалмау,
мектепке жету т.б.
Мектептен келгесін, түскі асты ішіп, дем алу қажет.
Дем алу бірақ диван мен телевизорды көру деп ойлауға болмайды.
Ұзақ отырып, қозғалыссыз үй тапсырмасын
орындағаннан кейін – жұмыс түрін ауыстырып,
қозғалу немесе дене шынықтыру жаттығу
жасаған дұрыс. Түскі астан кейін физикалық күшті
бірден көп түсіруге болмайды. Серуендеуді жаяу жүруден бастау
қажет (велосипедпен де болады). Содан соң футбол, волейбол,
баскетбол және хоккей ойнау керек. Ойын ақыл-ой қабілетінің шаршауын, эмоцияны бәсеңдетеді.
Ойынды 2-2,5 сағат ойнап, одан соң
үй тапсырмасын орындау қажет. Сабақты орындап болған
соң, жақсы көңіл-күйді сақтау үшін
таза ауада жүру қажет. Кешкі астан кейін
әдеби кітаптар оқуға, телевизор көруші музыка
тыңдауға, сурет салуға, компьютермен
жұмыс істеуге, жануарларға
қарауға немесе тағы басқа өзіңізге ұнамды әрекеттермен
айналысуға болады.
Ұйқыға қалыптасқан
өз
уақытында жату қажет. Бұл сізге шартты рефлексті жолмен
ұйықтауыңызды жеңілдетеді. Егер сіз өз уақытында
ұйықтамасаңыз, қалыптасқан тәртібіңіз
бұзылады. Түнде қанша
ұйықтайын десеңіз де, ұйқы келмейтін бір
кезеңдер болуы мүмкін.
Төменде бірінші және екінші
ауысымда оқитын мектеп оқушылары үшін
қарастырылған тәүлік тәртібін беріп
отырмыз.
Кейбір жұмыстар үшін уақыт
ығыстырылғанымен, тәртіп сызба нұсқасы аз
ерекшеленеді: жұмыс демалыспен, қозғалыссыз ойын
қозғалысты ойынмен кезектеседі.
Тәүлік тәртібі әрбір оқушының: а) өзінің дарындылығына;
б) жоғары еңбекке кабілеттлігіне; в) дұрыс
ұйымдастырылған еңбек және демалыс тәртібіне
байланысты өзгерістер еңгізілуі мүмкін.
Неғұрлым еңбекті
ұйымдастыруды ерте бастасаңыз, соғұрлым жоғары
нәтижелерге жетуге мүмкіндігіңіз бар.
Дұрыс ұйымдастырылмаған
тәүлік тәртібі, немесе оны үнемі
бұзу, сізді шаршауға, созылмалы эмоционалды
стресске әкеліп, тіпті, ауруға
шалдықтыруы мүмкін. Соңымен бірге сізге
физиологиялық қызметтің биологиялық ритмін есепке алу
керек. Негізгі
ритм адам үшін – тәуліктік ритм. Биохимиялық
нәзік реакциялардан бастап, жоғары психикалық қызметті үрдістер
осы ритмге бағынады. Мысалға: адамның, денесінің
ең жоғары салмағы 18-19 сағ байқалады, ең
жоғарғы дене температурасы 16-18 сағ, жүрек бұлшық етін – көп жиырылу жиілігі 15-16 сағ, тыныс алу
жиілігі 13-16 сағ ісі жоғарғы, артериалды қысым 15-18
сағ байқалған. Апталық ритмде сейсенбі мен
сәрсенбіні максималды жұмыс қабілеті өсетін
күндер деп айтуға болады.
Адам ұйықтап жатыр ма, әлде
ояу,
сергек пе, болмаса ол физикалық немесе ой еңбегімен айнылысып
жатқанына қарамастан – әрбір 1,5
сағ сайын адам біресе жоғарғы, төмен
қозғалысты болады, еңбекке қабілеттілігі де біресе
төмен,
не жоғарылайды, мазасыздықты немесе тыныштықты да басынан
өткереді. Осының бәрі
орталық жүйке жүйесінің белсендірілуінің 90-100 мин қысқа кезедесетін ритмі.
Бірінші
ауысымда
оқитындарға
шамаланған
тәүлік
тәртібі
|
№ |
Іс-шаралар |
Мерзімі |
|
1.
|
Ояну
(ұйықыдан тұру). |
700 – 715 |
|
2.
|
Таңғы жаттығу, жуыну. |
715 – 745 |
|
3.
|
Таңертеңгі ас. |
745 – 800 |
|
4.
|
Мектепке бару
жолы. |
800 – 820 |
|
5.
|
Мектептегі сабақ. |
830 – 1430 |
|
6.
|
1430 – 1500 |
|
|
7.
|
Түскі ас. |
1500 – 1530 |
|
8.
|
Таза ауада
болу. |
1600 – 1700 |
|
9.
|
Ү
й тапсырмасын орныдау. |
1700 – 2000 |
|
10.
|
Кешкі ас және бос уақыт.
|
2000 – 2130 |
|
11.
|
Ұйқыға дайындалу. |
2130 – 2200 |
|
12.
|
Ұйқы. |
2200 – 7 00 |
Әдебиеттер:
1.
Аужанова Н.Б. Салауатты өмір
қалыптастыруда интерактивті әдістерді қолдану.
Жинақта: «Жаңа әлемдегі жастар және ғылым» атты
Республикалық ғылыми-практикалық конф. материалдары. ‒
Талдықорган: І.Жансүгіров
атындағы ЖМУ, 2012. ‒ (27-35 б.).
2.
Аужанова Н.Б. Мектепте валеологиялық білім мен
тәрбие беру. Оқу-әдістемелік құрал. 2-ші басылым. (МОН РК). ‒ Алматы, ЖШС «Дайыр
Баспа», 2012. ‒ 280 б.
3.
Сәтбаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б. Валеология
(оқу-әдістемелік құрал). – Алматы: Ғылым. 1999. –
15 6.