Акбулатова Лунара Тулегеновна, ҚР-сы, БҚО, Орал қаласы, №14ЖОББМ-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Қазақ тілі сабағын инновациялық технологиялар арқылы оқыту жолдары

Бүкіл адамзат қоғамының ХХІ ғасырдың алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы білімді, жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Бұл үлкен іс баршамыз тілге құрметпен, жанашырлықпен қараған жағдайда ғана іске асады. Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру [1].

Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер жалпы орта білім беретін мектептердегі пәндерді оқыту әдістемесін жаңа мазмұнда, заман талабына сай оқытуды талап етіп отыр. Бұл  мектептегі басқа да пәндер секілді қазақ тілі пәні де әдістемелік тұрғыдан тиімділікті арттыру жолдарын, заман талаптарына сай ұйымдастыру амалдарын іздестіруді міндеттейді.

ХХІ ғасыр табылдырығындағы тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі білім беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі болашақ өсіп келе жатқан ұрпақтың руханилығын, мәдениеттілігін, ойлау қабілетінің еркіндігін, шығармашылық талабын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін еңбекке жарамдылығы мен бәсекелестікті талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының білім және тәрбие беру салаларында, әсіресе, қазақ орта мектептерінде ұлтжанды, рухани жан дүниесі бай, еркін ойлау қабілеті жоғары тұлғаны даярлауда басқа пәндермен қатар, кейде тіпті жоғары десек те, артық болмас, негізгі үлес салмақ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің үлесі болып есептеледі. Ендеше, осы саладағы мамандардың өз сабағына жауапкершілікпен қарап, үнемі шығармашылық ізденіспен ұйымдастырып отыру бүгінгі білім беру кеңістігінің басты талабы. Өткен тарих парақтарына үңіле қарасақ, мұғалім өзін үнемі жетілдіріп отыруы қажеттігін қазақтың ағартушы ғалымдарының көрнектісі А.Байтұрсыновтың мына пікірінен көреміз: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші - баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі хәлінен хабар аларлық болу керек» [2]. Бұл пікірдің қазіргі таңда да әдістеме ғылымы үшін өзгермейтін заңдылық екені даусыз.

Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жылдарда кең көлемде қолданылып келеді. Ең алғаш «инновация» ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұстанды. Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың «инновация», «нововведение», «новшество», «новое» қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының әдіскері Құдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны» нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептейді.

Қазақ тілі пәнінің мақсаты мен міндетін, мазмұны мен құрылысын айқындайтын – қазақ тілі бағдарламасы. Осы бағдарламада: «Ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу»,- делінген [3]. Тіл заңдылықтарын, ережелері мен анықтамаларды үйрену бар да, әрі оларды күнделікті қатынас құралы ретінде қолдануға қажеттілігінің қыр-сырын түсіну бар. Бұл екі жағдайдың бір-бірінен өзгешелігі болғанмен, бірінсіз-бір іске аспайтын тұтас дүние. Міне, осындай мәселелерді ескере отырып, бүгінгі күн тұрғысында балаға меңгерту басты мақсат. Осындай мәселелерді зерттеуде оқытудың жаңа жобалары, технологияларын зерттеп, әрбір пәннің өзіндік шеңберіне лайықтап игеруді ұсынған әдіскер ғалымдар баршылық. Олардың ішінен, В.П.Беспалько, Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова, Б.Барсай, Г.К.Селевконың, Қ.Бітібаеваның, К.Жақсылоқованың, К.О.Өміраеваның т.б ғылыми еңбектерінде оқытудың жаңа технлогияларын өз ғылыми зерттеу объектілері негізінде жан-жақты зерттейді. Біз осы жоғарыда аталған ғылыми еңбектердің теориялық, әдістемелік негіздерін пайдалана отырып, қазақ тілін оқытуда тиімді тұстарын қал-қадірімізше саралауға тырысамыз.

Мектеп бағдарламасындағы қазақ тілі сабақтарын жаңа заман талабына сай ұйымдастыру мұғалімнен шығармашылықты талап ететіні хақ. Әрбір сабақ жоспары өзіндік жаңалығы және мақсатымен ерекше. Ендеше, мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүрген сабақ үлгілерін беруді алға қойып отырмыз. Себебі, жоғарыда айтылған теориялық материалдардың практикалық маңызын арттыра түсетіні сөзсіз.

7-сынып бойынша компьютер арқылы өткізуге арналған сабақ жоспарының үлгісі.

І. Компьютермен жұмыс істеуге дайындық. Арнайы жазылып сақталған бағдарламаны пайдаланып, экранда «Зат есімнің септелуі»  тақырыбы шығарылады.

ІІ. Жұмыстың басталуы. Интерактивті тақтадан сөзжұмбақ шығды. Оқушылар берілген мақал-мәтелдерді пайдаланып, жауабын табады. Сөзжұмбақ ортасынан жаңа сабақтың тақырыбы көрінеді.

 

 

 

 

 

С

ө

з

 

 

 

 

 

 

 

ж

Е

р

і

н

д

е

 

т

а

л

а

П

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

б

Е

р

е

к

е

 

 

 

 

 

е

Л

д

е

 

 

 

 

 

 

о

қ

У

 

 

 

 

 

 

 

б

е

с

І

к

 

 

 

 

1.Көп ... – күміс, аз ... – алтын.

2.Ер елінде, гүл ....

3. ... – талмас қанат.

4.Ер қанаты - ...

5.Еңбек түбі - ...

6. Естімеген ... көп.

7. ... – білім бұлағы.

8.Ел іші – алтын ....

Экранда зат есімнің септелуі ережесіне сәйкестендірілген кесте шығады.

    Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес -  өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары бар екендігін сендер бастауыш сыныпта танысқан едіңдер. Соларды еске түсіріп көрейік.

Ілік септігі – сөздердің бір – бірімен іліктестігін көрсетеді.

                        Мысалы, кімнің кітабы?  Асанның кітабы.

Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.

                        Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.

Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.

                        Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.

Жатыс септігі – орын, мекен дегенді білдіреді.

                        Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.

Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.

                        Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.

Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.

                        Мысалы, кіммен таныстың?  Асанмен таныстым.

Зат есімнің септік жалғаулары

Септіктердің аты

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

Кім? не?

 

Ілік септік

Кімнің? Ненің?

- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

- ға, - ге, - қа, - ке

Табыс септік

Кімді? Нені?

- ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті

Жатыс септік

Кімде? Неде?

- да, - де, - та, - те

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

- мен, - бен, - пен

Сонымен септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде она басқа сөздермен байланысқа түсіреді.

Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар.

Септіктер

Тәуелдік жалғаудың І,ІІ жақтарынан кейін

Тәуелдік жалғаудың ІІІ  жағынан кейін

Атау септік

-

-

Ілік септік

-ның,-нің

-ның,-нің

Барыс септік

-а,-е

-на,-не

Табыс септік

-ды,-ді

Жатыс септік

-да,-де

-нда,-нде

Шығыс септік

-нан,-нен

-нан,-нен

Көмектес септік

-мен

-мен

«Септеу эстафетасы» ойыны.

Берілген зат есімді әр топтан 1 оқушы шығып септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.

Отан, баласы, әжесі, ата, ел.

Терме диктанты

Мақал-мәтелдерден септелген зат есімдерді теріп жазады.

1.Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер.

2.Шешендіктің күші – шындықта.

3.Ердің атын еңбек шығарады.

4.Тау таумен кездеспейді, адам адаммен кездеседі.

5.Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі.

6.Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

Семантикалық карта. Дұрыс жауапқа «+» белгісін қояды.

Септіктер

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Сөздер

Домбыраның

 

 

 

 

 

 

 

Қаламмен

 

 

 

 

 

 

 

Гүлді

 

 

 

 

 

 

 

Тілден

 

 

 

 

 

 

 

Сөзде

 

 

 

 

 

 

 

Балаға

 

 

 

 

 

 

 

Кітапты

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп

 

 

 

 

 

 

 

Ұстазбен

 

 

 

 

 

 

 

Шаңқобызды

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыға

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылықжұмыс.

1.Оқушылардың өздері жұмбақ құрастырып, соның ішінен септік жалғауы жалғанған  сөздерді табады. Сұрақ қояды.     
2.Жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың өздеріне 5 жолды өлең шығарту.
3. «Тілім менің - тірлігімнің айғағы». Бес минуттық эссе жазу.   

Деңгейлік тапсырмалар

1.  Мәтіндегі зат есімдердің астын сыз.

     «Жығылғанға жұдырық» дегендей, кедейлікке кәрілік қосылады. Кәрілік тұсау, кедейлік бұғау болыпты. Қарт шешен қанатсыз қыранша отырып қалыпты. Алайда ағайындарының емен-жарқын көмегіне сүйенген ол аштан өліп, көштен қалмапты. («Шешендік сөздер» кітабынан)

2.  Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой.

     Сандыбай қарға... тұзын екі қолы... ұстап, айна... қарағандай жымиып отыр. Бойында әдет пен әдепке сыя бермейтін мінез... боландықтан, жынды Бижан атанған адам. (Ғ.Мүсірепов)

3.    Мәтіннен көптік, септік жалғауларының астын сыз және түрін ажырат

       Шеткі үйлерден қымызға жүгіретін Тезекбай, Терлікбайлар үйлерінің қасында солбырайып тұр. Сабаның даусы шықпайды. Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін. Дүрмағанбеттің де иығы түсіп кетіпті. Қолында жүгені, жылқы жаққа бара жатыр. (Ж.Аймауытов)

         «Екі жақты күнделік» стратегиясы.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша «екі жақты күнделік» стратегиясымен жұмыс.

Үш қатарға үш түрлі-түсті қағазға жазылған өлең үзінділері беріледі. Өлеңді оқып, кімнің өлеңі, қандай өлеңнен алынған және соған сәйкес мақал – мәтелдер жазады, зат есімдерді табады.

1.Өлеңдер.

         І қатар     (қызыл түсті қағаз)

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,

Алабыңнан арманыма нәр алдым,

Тұнығынан жүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың.

(«Туған жер» Ә.Сәрсенбаев)

         ІІ қатар   (сары түсті қағаз)

Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толған айдай балқып туған.

(«Шығамын тірі болсам, адам болып» С.Торайғыров)

         ІІІ қатар   (жасыл түсті қағаз)

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

(«Қазақ тілі» М.Жұмабаев)

2.Мақал – мәтелдер.

         І қатар. «Туған жер – алтын бесік».

         ІІ қатар. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар».

ІІІ қатар. «Ең тәтті де, ащы да – тіл».

Тест сұрақтарына жауап беру

1. « Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап

А)  Атау септік              В)  Ілік септік      С) Барыс септік     Д) Жатыс септік

2.  Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле

А)  Оқушы                    В) Оқушының     С)  Оқушыға       Д)  Оқушыда

3.  Табыс септігінің жалғауын белгіле

А) –ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-кі.                С)  -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті

В) –ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді               Д)  -нан,-нен,-тан,-тен,-дан,-ден

4.Барыс септігінің сұрағын белгіле

А) кімге? неге?қайда?                      С)  кімге? кімді?нені?

В)кімдерге? Кімді?нені?                  Д)  кіммен? немен?

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле

А) көктемде                  В)  мектеппен      С) далаға             Д)  ауылдан

6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

А) Сабаққа                    В)Сабақты           С) Сабақтан         Д) Сабақпен

7.  Көмектес септігінің сұрақтарын ата

А) кімде?неде?              В) кімнен? неден?         С) кімге? неге?    Д) кіммен? немен?

8.Сөздерді  дұрыс септікке орналастыр.

Атау септік                   Ілік септік            Барыс септік                 Табыс септік

Жатыс септік                Шығыс септік     Көмектес септік

Текемет, көмірдің, суға, ұшақты, далада, жаңбырдан, алаша, балғаның,дүкенге, кітапты,қыста, аспаннан,арамен, театрға,шеңберді, оқушымен,отпен, сабақты.

         Қорыта айтсақ, уақыт ағымына сай білім берудің мазмұны жаңарып, жаңғырып тұрады. Қазақстанның білім беру кеңістігінде де, тәуелсіздіктің келуімен байланысты ұлттық рухани мәдениетке негізделген білім стандарттары жасақталып, мектепті заман талабына сай жасақтап, оқушыларға берілетін білім-білік дағдыларды ұйымдастырудың жаңа бағыттары айқындалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауында жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамытудағы идеяларды іске асыру, «білім экономикасына» ауысу мемлекеттік дамудың басты бағыттарының бірі болса, білім беру деңгейін жоғарылату әлем нарығында бәсекелестіктің шешуші факторына айналмақ.

         Осы тұрғыда оқытудың мазмұнына, адамның рухани жан-дүниесінің дамуына танымдық іс-әрекеті мен белсенділігі негізгі міндеттердің бірі болып саналады.

         Оқытудың белсенді әдістеріне оқу үрдісіндегі субъектінің жоғары белсенділігін қалыптастыратын әдістер жатқызылады. Бұл әдістер – оқушы оқу үрдісінде енжар рөл атқаратын дәстүрлі оқыту әдістеріне қарама-қарсы әдіс [6], - деген пікірінен оқытудың оқушының белсенділігін көтеру үшін жаңа технологиялардың маңыздылығын айқын көреміз.

Өткен тарих парақтарына үңіле қарасақ, мұғалім өзін үнемі жетілдіріп отыруы қажеттігін қазақтың ағартушы ғалымдарының көрнектісі А.Байтұрсыновтың мыны пікірінен көреміз: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі хәлінен хабар аларлық болу керек» [2]. Бұл пікірдің қазіргі таңда да әдістеме ғылымы үшін өзгермейтін заңдылық екені даусыз.

Ендеше, кез келген уақытта әр пәнді сапалы білім мен тәрбие беруге сай ұйымдастырыу жолдарын анықтау өзекті болып қалмақ.

Қандай пәнді болмасын оқытудың негізі ең алдымен, оның ғылыми мәнін саралаудан басталатыны заңды құбылыс.Бұлай етпей тұрып оқытудың әдіс-тәсілдерін, үйрету жолдарын анықтау мүмкін емес. Ендеше, инновациялық технологиялар арқылы қазақ тілі сабақтарын тиімді ұйымдастыру жолдарын меңгеру үшін әуелі осы инновациялық оқытуды, технология, оқытудың жаңа технологияларының өзіндік заңдылықтары неге сүйенеді деген ғылыми-теориялық жүйені тұжырымдап алу маңызды.

Мектепте қазақ тіл білімінің салаларын жаңаша оқытудың лингвистикалық негіздерінің өзі бұрыннан бар тілдік бірліктерді өзгертіп оқыту деген сөз емес, қайта сол теориялық материалдың практикалық маңызын арттырып, оқушылардың қызығушылық, меңгеру сапасын арттыруға ықпал жасау.

Осыған орай, қазақ тілін жаңа заман талабына сай ұйымдастыру жолдарын ұйымдастыруда дидактиканың негізгі принциптеріне сүйенген жөн. Пән мұғалімі түрлі жаңа заман талабына сай ұйымдастырып отырса да, дидактиканың қалыптасқан әдістерін тиімді әрі іскерлікпен қолдана білуге де байланысты. Ол үшін оқытудың ең тиімді әдістерін жақсы біліп, оны оқытуда ұтымды қолдана алу керек.

Жаңа технологиямен оқыту оқушы психикасын жетік меңгеруді қажет етеді. Мектеп оқушыларының бәрі бірдей дамиды деген сөз емес. Л.В.Выгостский «Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор шығармашылықпен тұрақты белсенді айналысуға икемді жас деуге болады» дегенді айтады. Сондықтан, жаңа технологиялық талаптарға сәйкес психологиялық тұрғыдан сабақ неғұрлым әсерлі болса, оқушы оқу материалын соғұрлым дұрыс түсініп, берік білім алады. Бұл әрине, мұғалімнің шеберлігіне қатысты мәселе.

Инновация сөзі латын сөзінен аударғанда жаңалықты ендіру деген ұғымды білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қазіргі кейбір жаңалық жүйесі ескінің айналып келуі немесе өзгеріске еніп қайталануынан туған мәселелер.

    Бүгінгі заман талабы білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан да қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің басты міндеттерінің бірі – мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретіңде қалыптасуына жағдай жасау және ана тілінің тылсым тереңіне бойлап, әдеби тілді еркін меңгерген, кезкелген ортада комуникативті қарым-қатынас жасап, жағдаяттан шыға алатын ұрпақ тәрбилеу.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің  алдында сабақты заман талабына сай ұйымдастырудың мақсатынан туындайтын міндет шәкірттің рухани жандүниесінің жетілуіне, әсіресе, сөздік қорының бай болуына, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы оларды уақыттың сынынан сүрінбей өтуге икемдеу, бағыттаудағы жұмыстар төңірегінде ізденіспен жұмыс жүргізгені абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.                     Қазақ тілі бағдарламасы. Алматы, 2003.

2.                     Өмірбаев К.О. Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер. Әдістемелік нұсқаулық. Ақтөбе, 2001 ж.

3.                     Д.Д.Шәркімбаева. Қазіргі білім беру технологияларының әдіснамалық негіздері // Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. №8/2008, 20-бет

4.                     Ш.Ерғожина. Шығармашылыққақұрылғанжаттығулар мен тапсырмалар // Қазақтілі мен әдебиеті, №12/2008, 102 бет.

5.                     Т.В.Митенкова. Озықақпараттықтехнологиялардыпайдаланудыңтиімділігі // Білім беру мекемесібасшыларыныңанықтамалығы. №9/2008, 20-бет.

6.                     А.Суюбердиева. Жаңашаоқытуәдістері - өмірталабы // Ұлттағылымы №4/2008, 66-бет.

7.                       Балақаев М. Тілмәдениетіжәнеқазақтіліноқыту. Алматы, 1989.

8.                     Әбілқаев А. Қазақтіліноқытуәдістемесі (оқуқұралы).- Алматы, «Санат», 1995. – 120 бет.

9.                     Ф.Оразбаева, Ә.Ахметов, К.Жүнісбекова. Қазіргіқазақтілінеарналғанжаттығулар /Фонетика, Лексика/: Оқуқұралы/, - Алматы. Ы.АлтынсаринатындағыҚазақтыңбілімакдемиясыныңРеспубиликалықбаспакабинеті, 1999ж., 171 бет.

10.                 Оразбаев Ф.Ш.., Рахметова Р.С. Қазақтіліноқытуәдістемесі: Оқуқұралы.- Алматы: 2005. – 170 бет.

11.                 Дәулетбекова Ж. Қазақтілі. Оқыту әдістемесі. Жалпыбілімберетінмектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Атамұра, 2002. 88 бет.

12.                 Қосымова Г. Қазақтілі. Оқытуәдістемесі: Жалпыбілімберетінмектептің 7- сыныпмұғалімдерінеарналған /Г.Қосымова, С.Исаев, К.Назарғалиева. 2-басылымы. – Алматы: Атамұра, 2007. – 88 бет.

13.                 Қазақтілі мен әдебиеті // №9. 2013