Әл‑Фараби
атындағы
Қазақ ұлттық университеті
Филология,
әдебиеттану
және
әлем тілдері факультеті
Қазақ
әдебиетінің тарихы және
теориясы кафедрасының оқытушысы
Оспанова
Ақнұр Абдужапарқызы
ТҮРІКШІЛДІК БАҒЫТТЫҢ
ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ
ХХ ғасыр
басындағы қазақ қоғамындағы түрікшілдік мұраттардың
бел алып, даму бағыттарын зерделеуде Ата Түрік идеяларын
ғылыми негіздеу ісінде өзіндік еңбек жасаған
түрік идеологі Зия Көкалыптың «Түрікшілдіктің
негіздері» еңбегінің де елеулі мәні бар деуімізге болар еді.
Түрік
ойшылының 2000 жылы қазақ тіліне аударылған
еңбегі қазірге шейін де жалпы көпшілікке беймәлімдеу
қалып отыр.
Екі бөлімнен
тұратын еңбектің құрылымы ұзақ
уақыт қазақ жерінде
теріс ұғынылған. «Түрікшілдік» атауының
сонау бір жылдардағы үрейлі танымын түбірімен өзгерту
мазмұнымен құнды десек болар еді.
Бірінші бөлім
«Түрікшілдіктің мәні мен мазмұны», екінші бөлім
«Түрікшілдіктің бағдарламасы» деп аталады.
«Түрікшілдіктің
тарихы», «Түрікшілдік деген не?», «Түрікшілдік және
тұраншылдық», «Ұлттық мәдениет және
өркениет, «Халыққа бару», «Батысқа бару», «Тарихи
материализм және қоғамдық идеализм»,
«Ұлттық намысты күшейту», «Ұлттық
ынтымақтықты күшейту», «Мәдениет және кемелдік»,
т.б. тарау-тарау бөлімдерде автор қамтылмай қалдырған
құбылыс жоқ сияқты.
«Ұлттардың
өмірінде көсемдердің үлкен рөлі бар. Саяси
және әскери жеңістердің ұйымдастырушысы
болған қаһарман тұлғалар көп жағдайда
сол қоғамның көсемі де бола алады. Ойшылдың
көсем ретінде қабылдануы адамзат тарихында көп кездеспейді.
Анадолыда жаңа
түрік мемлекетін құрған Мұстафа Кемал
Ататүрік «менің ой пікірімнің әкесі» деп
бағалаған Зия Көкалып Түркия түріктері үшін
шынында да осындай ойшыл көсем болып табылады. Ол жүйеге келтірген
өміршең пікірлер Түркия Республикасында жүзеге асырылып
әрі мемлекетке, әрі халыққа терең әсер
етті. Бұл әсер бүгін де жалғасуда.
Көкалып
идеялары мен Түркия түріктерін
ғана емес, бүкіл түрік әлемінің назарын өзіне аударуда. Өйткені, ол осы
ғасырдың басында бір жүйеге келтіруге тырысқан
идеялар тек Анадолы түріктеріне ғана емес, басы Түркістан
түріктері болып бүкіл түріктерге арналған» [130,
3-б.].
Зия
Көкалыптың «Түрікшілдіктің негіздері» еңбегінде
екі бөлімде «Түрікшілдіктің мәні мен мазмұны»,
«Түрікшілдіктің бағдарламасы» мәселелері
төңірегіндегі негіздемелер жүйеленген.
Бірінші бөлім
«Түрікшілдіктің мәні мен мазмұны» аталады.
Бұл
бөлімде 10 тарауша төмендегідей мәселелерді
қамтыған:
1.
Түрікшілдіктің тарихы
2.
«Түрікшілдік» деген не?
3.
Түрікшілдік және тұраншылдық
4.
Ұлттық мәдениет және
өркениет
5.
Халыққа бару
6.
Батысқа бару
7.
Тарихи материализм және қоғамдық
идеализм
8.
Ұлттық намысты күшейту
9.
Ұлттық ынтымақтықты күшейту
10.
Мәдениет
пен кемелдік
Автор түрікшілдік
мәселесін ғылыми негізде зерделеп келесі бөлімде 8 тарау бойынша қарастырған.
Тараулар іштей мәнді тараушаларға бөлінеді. Автордың
осындағы жүйе, ұстанымдарын өз зерттеу
тақырыбымызда ескеріп отырғандығымыз көптеген
құбылыстарды саралауда өзіндік септігін тигізді.
Қысқаша
түрде осы еңбектің қамтыған мәселе бойынша
мазмұнын қазақ еліндегі ХХ ғасыр басындағы
түрікшілдік мұраттармен сабақтастыра қарадық.
Зия Көкалып
түрікшілдіктің пайда болу
алғышарттарына
тоқталып отырып мынадай деректерге көңіл бөледі.
«Түрікшілдіктің
біздің елімізде пайда болуынан
бұрын Еуропада түріктерге байланысты екі қозғалыс бой көрсетті. Бұлардың біріншісі
– француз тілінде «Turguere» деп аталған «Түрікті жақсы
көрушілік», яғни түрікке деген тамсанушылық. Түркияда жасалған жібек және
жүн маталар, кілемдер, алашалар, ағаш заттары, кітап
түптеушілердің, оны көркемдеушілердің туындылары,
маңғалдар, канделябрлар сияқты түрік
өнерінің өнімдері Еуропадағы
өнерсүйгіштердің
назарын көптен-ақ өзіне аударған-ды. Олар
түрік туындылары болып табылатын бұл әсем дүниелерді
мыңдаған доллар беріп сатып алатын және үйлерінде
түрік залын немесе түрік бөлмесін жасайтын. Ал кейбіреулері
бұл дүниелерді басқа
халықтардың көркем туындыларымен бірге көрмелерге
қоятын.
Еуропалық
суретшілердің түрік өмірінен алып салған суреттері,
ақындар мен философтардың
жазған кітаптары да
«Turguereге» жататын. Ламартиннің, Ауғус Комтенің,
Пиер Лаффиттің, Әли пашаның жеке хатшысы Мисмердің,
Пиер Лотидің, Фаррердің түріктерге байланысты нағыз
достарша қалдырған жазбалары – міне осылардың санатынан» дей
келіп, автор «түрікті жақсы көрушілік», түрік
қолөнеріне қатысты туған қозғалыс екендігін баяндайды [130, 5-б.].
Автор
Еуропадағы түрік дүниесіне қатысты пайда болған
екінші ағым – «Түркология» ғылымы деп атап көрсетті.
Ресейде, Алманияда, Мажарстанда, Данияда, Францияда, Англияда түрік
тарихы, археологиясы зерттеле бастады,
түріктердің ежелгі ұлт, кеңбайтақ
кеңістікті мекендеу фактілері, тарихтың асу белдерінде аса
қуатты түрік мемлекеттері болғандығына назар аударды, және
тек Түркиядағы түріктер тарихы ғана емес барша
түрік елдерінің тарихы зерделене бастағандығын айтып
отырып, автор толып жатқан ғылыми еңбектердің атын
атайды.
Түрікшілдік
Түркия ғалымдары арасында да өрістеді. Тіл тарихы,
мәдениет тарихы қамтылды. Ыстанбұлдың белгілі бір
тарихи кезеңде үлкен идеялық қозғалыстар мекеніне
айналғандығын айта келіп Зия Көкалып мынадай елеулі фактілерді жұртшылыққа
ұсынады.
«Сұлтан
Абдолғазиз билігінің
соңғы жылдары мен
сұлтан Абдолхамиттің таққа отырған
алғашқы жылдарында Ыстанбұл үлкен идеялық
қозғалыстың мекеніне
айналған еді. Мұнда әрі
«Әнжүмән-и-даниш» («Ғылым академиясы»)
өмірге келген, әрі Дарүл фүнүн (университет)
ұйымдастырылған болатын. Бұлармен қатар
әскери мектептердің беделі де жоғарылай бастаған-ды.
Ол кезде
университеттегі тарих философиясының профессоры Ахмет Уафық паша
болатын. Ахмет Уафық паша
Әбілғазы Бахадұр ханның «Түрік шежіресін»
Шығыс түрікшесінен Ыстанбұл түрікшесіне аударған.
Бұдан басқа ол «Османлы түрікшесі» атты түрік
сөздігін құрастырып,
Түркиядағы түрік тілінің жалпы біртұтас
үлкен түрік тілінің бір тармағы болып табылатынын,
оның аясында басқа да түрік тілі тармақтарының бар екенін салыстырмалы зерттеу жолы
арқылы көрсетіп берді. Танзимат кезеңіндегі мемлекеттік
қайраткерлеріміз бен әдебиетшілеріміздің қатарына
жататын Ахмет Уафық паша (1823-1891) – үлкен
түрікшілдеріміздің бірі еді. Ол «Османлы түрікшесі» атты
еңбегінде түрік сөздерінің көне түбірлерін
зерттейді» [130, 6-б.].
ХІХ
ғасырдың орта тұсында Түркияда түрікшілдік
мұраттардың жаңа тарихи жағдай аясында
жаңғырып, жандану,
жаңа бағыттарда даму фактілері болған. Зия Көкалыптың
аталған зерттеу еңбегі ғылымда, өмір салтында,
әскери өнерде, тарихи еңбектерде түрікшілдік
мұраттардың бас көтеріп, орнығу фактілерін мейлінше
жан-жақты негіздеген деуімізге болар еді.
Түрік
халықтарының ежелгі тарихына қатысты
құжаттарға түрік ғалымдарының айрықша
мән беруі қазақ ағартушылығы, қазақ
оянушылығы қалыптасып, дамыған Ресей отары аясындағы
Қазақстан жағдайында да осыған ұқсас
құбылыстармен өрістеу фактілері белгілі.
Шежіреге ден
қою, тіл тазалығы мәселесі, ислам негіздерін өмір
салтымен сабақтастыру, білім, оқу, кәсіп үйрену т.б.
толып жатқан ғұмыр талаптарының қозғаушы
күшінің бірі – сөз жоқ, түрікшілдік
мұраттар болды.
Зия Көкалып
түрікшілдіктің ел тарихымен суарылған
бағыттарының қайнар көзіне қатысты толып
жатқан дерек келтіріп, дәлелі анық ой қорытып
отырған.
«Университеттің
бір профессоры түрікшілдіктің осы алғашқы негіздерін
жасап жатқанда әскери мектеп министрі, Шипка соғысының
батыры Сүлеймен паша болса, түрікшілдіктің негіздерін
әскери мектептерге енгізуге тырысып бағуда еді. Сүлеймен
пашаның түрікшілдігін Дегюгнестің тарих кітабы
қалыптастырды дей аламыз. Өйткені, біздің елімізде
Қытай деректеріне сүйеніп алғашқы рет түрік тарихын
жазған Сүлеймен паша (1838-1892) өзінің
«Тарих-и-әлем» - «Әлем тарихы» атты кітабына жазған
алғысөзінде былай дейді: «Әскери
мектептерді басқаруға келгенімде бұл мектептерге
қажетті қітаптарды аудару
ісін мамандарға қалдырдым. Бірақ кезек тарихқа келгенде
оның аударма жолымен
жазылмайтынын түсіндім. Еуропада жазылған барлық тарих
кітаптары не дінімізге, не ұлтымызға (түріктігімізге)
қатысы жоқ айыптауларға толы. Бұл кітаптардың
ешқайсысы аударылып, елімізде оқытыла алмайды. Сондықтан
мектептерімізде оқытылатын тарих кітабын жазуды өз мойныма алдым.
Мен өмірге әкелген бұл кітапта шындыққа қайшы келетін бір сөздің кездеспейтіні
сияқты дінімізге және ұлтымызға қарсы айтылатын
сөздің кездесуі де
мүмкін емес.
Еуропа тарих
кітаптарындағы Ғұндардың Қытай тарихындағы хиюннулар екенін
және олардың
түріктердің
арғы аталары болып табылатынын, Оғыз
қағанның сол
ғұн мемлекетінің негізін
салушы Мөде болуы керектігін бізге тұңғыш
түсіндірген – Сүлеймен паша. Сүлеймен паша бұдан
басқа Жәудәт паша сияқты түрік тілінің
грамматикасы бойынша кітап жазды. Бірақ Жәудәт паша
сияқты ол өз кітабын «Османлы тілінің ережелері» деп атамай,
«Түрік тілінің грамматикасы» деп атады. Өйткені, ол
тіліміздің түрік тілі екенін білетін және «Османлы» атауымен
үш тілдің бірігуінен жаңа тілдің пайда болуы
мүмкін емес екендігін
түсінетін. Сүлеймен паша бұл бағыттағы
пікірін «Османлы әдебиетін» оқыту атты кітап жариялаған Режайызаде
Әкрәм бейге жазған хатында ашық түрде алға
тартты. Бұл хатта ол: «Османлы әдебиеті» деу дұрыс емес.
Тілімізге «Османлы тілі» және ұлтымызға «Османлы ұлты»
деу қалай қате болса,
бұл да сондай қате. Өйткені, «Османлы» сөзі тек
мемлекетіміздің атауы. Ал ұлтымыздың аты «түрік»
қана. Сондықтан тіліміз – түрік тілі, әдебиетіміз болса
– түрік әдебиеті» – дейді»
[130, 6-б.].
Зия Көкалып
Сүлеймен пашаның тарихи еңбегін түгендеп отырып,
Сүлеймен пашаның ұлт тағдыры, ұлт тарихы
тұрғысында ымырасыз, турашыл ой жетекшілерінің бірі болғанын оның қай
бағытта да тындырымды іс
атқарғанымен дәлелдеп отырған. Сүлеймен паша
түрік тілінің грамматикасы бойынша кітап жазған, «Түрік
тілінің грамматикасы» деп атаған. Сүлеймен паша «Османлы»
атауына қатысты жаңсақ ұғымдар ғылымда бел
алып кетпеуін қадағалаған, алаңдаушылық
білдірген. Бұл тұрғысында Зия Көкалып келтірген фактілер
бірталай құбылысты ұғындыра түскен.
«Ол әскери мектептерде
оқытуға арналған «Түрік есімдері» атты кітабын
Османлының әсерімен түрік сөздерінің ұмытылмауын
мақсат етіп жазды.
Түрікшілдіктің алғашқы аталары сөйтіп
Ахмет Уафық паша мен Сүлеймен паша болғанын көреміз.
«Түрік ошақтарында» және басқа түрікшіл
құрылымдарда түрікшілдіктің бұл екі көш
бастаушысының үлкен суреттерін іліп қою – қадір-құрмет
білудің дәлелі болар еді» [130, 7-б.].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Көкалып З.
Түрікшілдіктің негіздері. Аударған – Фәдли Әли.
Алматы – «Мерей», 2000. – 130 б.