Право / 9.Гражданское право.
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті. Қазақстан
ҚР
Президентінің «Қазақстан
жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа
Жолдауы ұлттық білім беру жүйесінің дамуына және білімді
ұрпаққа бағыт-бағдар беретін құқықтық құжат
Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың биылғы Жолдауы халыққа 2012 жылдың
аяғында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауымен
сабақтас. 2012 жылғы Жолдау еліміз дамуында жаңа саяси
кезеңге көтерілгенін паш етсе, биылғы Жолдау еліміз
алдындағы биік мақсаттардың жүзеге асуына жаңа
тыныс бергендей. Жаңа тыныс – стратегиялық жоспарлау ХХІ
ғасырда өмір сүрудің бірінші ережесі болып табылады. Ал
«2050» Стратегиясы елдің басты мақсатынан ауытқымай,
алға ұстап отыратын негізгі іс-қимылдың
темірқазығы болады. Елбасы соны көрегендікпен танып, 2050
жылға дейінгі дамуымыздың жаңа тұрпатты Стратегиясын
ұсынуда. Қазақстанның кемел келешегі жолындағы
атқарар бұл бағдарламаның ауқымы орасан,
міндеттері зор, межесі тиянақты [1, 4-5]
Елбасының «Қазақстан
жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына арнаған Жолдауының
маңызына ерекше. Бұл Жолдау 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді
стратегияны орындауға бағытталған кешенді бағдарлама
болып табылады. Жолдау – қалыптасқан мемлекеттің серпінді
дамуының негізгі тетіктерін, әлеуметтік-экономикалық
өрлеу жолын жан-жақты нақтылайтын тарихи құжат.
Ең бастысы, Президент еліміздің орнықты дамуына негізделген
іс жүзіндегі ұлттық идея және мемлекеттік идеология
болып табылатын Мәңгілік Ел тұжырымдамасын негіздеп берді.
Халқымыздың арман-мүддесін айшықтау,
әл-ауқатын арттыру және келер ұрпақтың
қамын ойлау – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық
саясатының алтын арқауы [2, 1]
Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан
халқына жолдаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
таяу жылдары және келешекте алдымызға қойған
қадау-қадау жоспарды айтып берді. Мақсат биік, оған
жету үшін атқарар жұмыстың қарасы да үлкен.
Басты мақсат – Қазақстанның дүниежүзіндегі
ең дамыған 30 елдің қатарына енуі. Ал
«Мәңгілік Ел» идеясы осы мақсат негізінде өзінің
іргетасын қалап отыр. Бұл идея Қазақстан
тарихындағы жаңа дәуір парағының ашылуы десе де
болғандай [3, 1]
Қазіргі жаһандану заманында
білім-ғылымсыз экономиканы алға қарай өрлету
мүмкін емес. Сондықтан да Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы
мәселеге ерекше мән бере отырып, еліміздің одан әрі де
табысты алға жылжуын жалғастыру үшін білім, ғылым
салаларында алда тұрған жаңа міндеттердің жайына
тоқталу үшін, еліміздің болашағы
жастарға үшін бұл Жолдаудың маңызы ерекше. Биылғы
Жолдауда Елбасының жастарға үлкен жауапкершілік артып
отырғанын сезіндік. Қазақстанның 2050 жылға
дейінгі стратегиясының өзі жастар үшін қабылданып
жатыр. Өйткені, жастар – мемлекеттің болашағы. Ал
болашақтың қалыбы бүгіннен басталады. Елбасы осы бастан
жастардың келешекте жүрер бағытын анықтап берді. Адастырмайтын
жолын нұсқап көрсетіп отыр [4, 4-5]
Жолдаудың кең ауқымды бағыттары
еліміздің экономикалық қуаты мен мерейін асыруда
бәрімізге міндет-мақсаттар жүктеді. Солардың бірі
– «Білім мен кәсіби машық -
заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау
жүйесінің негізгі бағдарлары». Бұл Жолдау жастардың
болашағына үлкен серпін беріп, олардың келешекке деген
көзқарасына зор сенім ұялатты және білімге,
еңбекке және табандылыққа талпынуға
шақырды. Өйткені, елдің келешегі, елдің ертеңгі
тағдыры солардың қолында. Елбасымыз жар
құлағы жастыққа тимей осы жылдар ішінде дүркіретіп
Қазақстанның атын шығарып, әлемге танытып жатса,
сайып келгенде, соның бәрі ұрпақ үшін. Жастарымыз
Қазақстанды әрдайым мақтан етсін, туған
халқы үшін ұялмасын, еңсесі биік, кеудесі тік,
өзгелермен тең жүрсін деген ниет [1, 4-5]
Елбасының биылғы Жолдауы –
өткенді саралай отырып, Қазақстан жастары үшін, алдағы уақытта атқаратын
міндеттерді белгілеп берді. Сондай-ақ, ел дамуының жаңа
кезеңі мен тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына бет
бұрған тұста қоғамдағы ең ірі
әлеуметтік топ – жастарға деген Президенттің сенімі мен
қамқорлығы олардың білім мен ғылымға деген
құштарлығын одан әрі күшейтті. Осы тұста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауынан мынадай
ұлағатты сөздерін айтуға болады: Президент
Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы
Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық
қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық
актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біз
өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды
алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды,
қоғамдық бірлестіктерді, барша
қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты
мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене
қатысуға шақырамын!
Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын.
Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да,
жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда
отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз
атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар. Елдің
болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар [5, 1]
Елбасының бұл сөздері
білім беру саласының әрбір қызметкеріне жол көрсетуші
болып табылатыны анық. Біздің жұмысымыздың басты
нәтижесі – жас түлекті тәрбиелеп, білімді, сапалы, саналы
азамат ретінде қалыптастыру. Сапалы білім алушы жас ұрпақ
интеллектуалдық ұлтты қалыптастырудың негізі болып
табылады. Сондықтан білім беру жүйесі ХХІ ғасырда еліміздің
стратегиялық дамуының негізгі бағыты болуы қажет. Осы
орайда Елбасы ең үлкен құндылықтың білімге
ұмтылу екенін атап өтті. Ал кез келген елдің экономикасын
дамыту үшін білімді кадрлар керек.
Білім беруде жаңалық енгізу күрделі
үрдіс. Сондықтан әрбір білім беру мекемесінің
оқытушы профессорлар құрамы өз білімдерін дамыта
отырып, студенттерге дәріс беру кезінде ғылым мен инновацияны
жаңашыл дамытушы болуы керек. Сонымен қатар, бұрыннан
қалыптасқан оқыту-тәрбие үдерістерін
өзгерту қажет деп, ойлаймын. Шынында да, сапалы білім беру мен
жастардың тәрбиесі қоғам дамуының маңызды
ресурсы болып табылады. Әрбір мемлекеттің бәсекеге
қабілеттілігі ең алдымен жастарға байланысты болғандықтан,
Қазақстан жастары Президенттің мемлекеттік жастар саясатын
нығайтуын қолдайды. Жастар саясатының ішінде ауқымды
және нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта
мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы
жасалынған болатын. Оқушыны тек сапалы білім беру арқылы
қызықтыруға болады. Оқытудың жаңа
әдістемелік жүйелерін жаңғыртып, өңірлік
мектеп орталықтарын құрып, білім берудің
онлайн-жүйелерін белсене дамытудың керектігі айтылды.
Мәселен, қашықтықтан оқытуды және онлайн
режімінде оқытуды дұрыс жолға қойып, отандық
білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді,
құралдарды қарқынды енгізу тиістігіне маңыз
берді. Елбасы осы орайда жастарға жаңа саяси және
экономикалық бағытты ұсынуыменен жақсы білім алып,
лайықты болашақтарын сайлап, сенім артатындығын айтты.
Сонымен қоса жастардың терең білімі мен кәсіби
қабілет-қарымының өсуіне жағдай жасай
беретіндігіне сендірді. Жоғары оқу орындарындағы білім беруде
қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерді
құрып, оны дамытудың қажеттігі ұсынылды [6, 4-5]
Кемел болашақты қазірден бастау
үшін әр қазақстандық, әсіресе жастар Елбасы
Жолдауының әр жолына қанығуы керек. Өйткені,
әр жолдың артында барар бағытымыз, әр санның
артында атқарар ісіміз тұр. Сондықтан осынау маңызды
құжатты жүзеге асырып, жұмыстар жүргізу
үшін күш-жігерімізді аямауымыз қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1. «Егемен Қазақстан» газеті Сенбі, 22
желтоқсан, 2012 ж. №842-846 (27917) «Шығар күндей
шындық» Әлібек
АСҚАРОВ Қазақстан Республикасы Ұлттық
академиялық кітапханасының бас директоры.
2. Заңдарды уақтылы әрі сапалы қабылдау – міндет.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
http://egemen.kz/kz/bilik-2/31647-za-dardy-ua-tyly-ri-sapaly-abyldau-mindet
3.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы – үздіксіз өсуді
өрістету жолы
5. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы.Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар. http://www.akorda.kz/kz/page/page_215751_kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-2014-zhylhy-17-kantar
6. «Жөні
бөлек Жолдау» Жұмахан МЫРХАЛЫҚОВ, М.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор.