Орталық Азия Университетінің

аға оқытушысы, психология магистрі Ж.Қ.Турниязова

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінің

 аға оқытушы, психология магистрі Ж.Н. Кереймағанбетова

 

Қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі мәселелер

Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі  мен  еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие     проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің   заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

 Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда   дербес шешім жасай         алатын, ынтымақтасуға және   өзара іс-қимылға қабілетті,  ел тағдыры үшін  жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына  жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы   азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік  бағдарламасынан  және т.б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының  Конституциясында бекітілген.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында [1] «Қазақстан Республикасындағы бала  құқықтары туралы», «Білім туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Қазақстан Республикасының   Заңдарында және т.б. маңызды құжаттарда жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде  қалыптасуы  мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт   дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту  сияқты құқықтарын іске асыру – білім беру жүйесінің басты міндеттері болып табылады.    

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыны тәрбилеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға   құқықтық білім беру  тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында адамгершілік-жыныстық тәрбие беру   тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, ҚР азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.

Білім берудегі жаңа парадигма іскерлік сипатта байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашыық қабілетті дамытуға бағытталған. Соның негізінде  балаларды және жастарды мектеп жасына дейінгі,   орта білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім, қосымша білім берудің  түрлі деңгейлерін қамтитын тәрбие  жүйесі құрылуда.

Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Міне осыған байланысты тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы деп санайды Бабаев Б.С пен Оңалбек Ж.К.

Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.

Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.              Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы -2005ж.

2.              Кукушкин В.С. Теория и методика воспитательной работы: Учебное

пособие-Ростов н/д: Издательский центр «Март», 2002ж.

3.              Крупская Н.К. «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж), 34 бет.

4.              Ушинский К.Д. Дидактика «Педагогика» ,1991ж, 258 бет

5.     Болдыраев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы.-Алматы: Мектеп, 1987ж. 2-тарау