Ақпаратты есептеу жүйесі

 

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Елешова-Турсунова Аягоз Ермековна,

Бижанова Курбанкул Амзеевна № 62 мектеп-лицей физика мұғалімі,

Айтуғанова Балқия Павлодар қаласы

№ 62 мектебінің математика мұғалімі,

 

 

Ақпаратты есептеу жүйесін административтік басқару.Ақпаратты есептеу жүйесін басқару үшін административтік басқару қызмет құрылады. Бұл қызмет өзінің функцияларына байланысты қолданбалы жоғары деңгейге жатады және де арнайы жүйе процестерінің жиыны көмегімен іске асады, қолданбалы 7-ші деңгейге жатады. Административтік басқару желі операторлармен таратылады, оның функциялары жеке желілерге таратылады, мысалы негізгі есептеу машинасы, оған байланыс каналы мен байланыс түйіні, ақпаратты есептеу жүйесі жатады. Желі операторлардың жүмысы терминал қондырғыларына қолдау көрсетеді, бұл қондырғылар арқылы басқару командалар ақпаратты басқару енгізіледі.

Ақпаратты есептеу жүйесінің операторлары терминалды желі мен оның компоненттеріжағдайы туралы ақпаратты көрсетеді олар басқаруға шешім қабылдау үшін желі процесінің функционалдау қажет екенін білдіреді. Желіні басқару үшін административтік компьютерлер арнайы бөлінеді, оған желі операторларының терминалдары қосылады. Административтік басқару функциялары негізгі, терминалды байланыс компьютерлеріне бөлінеді. Операторларды алмастыру орны мен аппаратуралар административтік басқару орталығы деп аталады.

Ақпаратты есептеу жүйесінің административтік қызметіне келесідей негізгі функциялар жатады.

1). Операторларға қызмет көрсету.

2). Конфигурациялық басқару.

3). Ұйымдарды техникалық қамтамасыз ету;

4). Функцианалдау режимін басқару.

5). Статистика жинағы және ресурстарда пайдалану есебі.

Көпдеңгейлі желіні ұйымдастыру.Ақпаратты есептеу жүйесін жүйе жиыны деп түсінуге болады. Олар бір - бірімен өзара әсері бар ортамен байланысқан. Жүйе ретінде терминалды және негізгі компьютер мен байланыс түйіндерін қарастыруға болады. Ортаны физикалық жағынан қарағанда оған проводтар, спутниктік линия, байланыс каналы жатады. Әрбір желі жүйені кейбір процестер жиынын алуға болады.

Әртүрлі жүйеге бөлінген процесс хабарлауды алмастыру жолымен орта арқылы өзара байланысын келесі суретте қарастырайық.

 

Процесс А

 

Процесс В

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Процесс С

Сурет 1. Процестердіңөзарабайланысы

 

Желініңтиімділігін, ашықболуын, бейімділігінқамтамасызетуүшінпроцестікөпдеңгейлі схема түріндеқарастыруғаболады.

 

Процесс А

 

 

Процесс В

 

 

Процесс С

 

Деңгейлер

7

7

7

Қолданбалы

6

6

6

Танымдық

5

5

5

Сеанстық

4

4

4

Транспорттық

3

3

3

Желілік

2

2

2

Каналдық

1

1

1

физикалық

 

 

 

Орта

 

Сурет 2. Көпдеңгейлі ақпаратты есептеу жүйесін ұйымдастыру

 

1.        Физикалық деңгей байланыс каналдарын басқаруды бөледі, байланыс каналын өшіру, қосу және деректер арқылы берілетін каналдарды басқарады.

2.        Каналдық деңгей деректердің физикалық канал арқылы сенімді түрде берілуін қамтамасыз етеді.

3.        Желі каналы базалық деректердің берілу жүйесі арқылы өтуін қамтамасыз етеді.

4.        Транспорттық деңгей терминалды және негізгі компьютерді базалық деректердіңберілу   жүйесімен   желі   абоненттерінің   процедураларын   бөледі. Бұл деңгейде стандартты әртүрлі жүйелеу желісімен берілетін деректер транспорттық қызмет арқылы жүзеге асады.

5.        Сеанстық деңгей процестердің өзара әсері кезінде сеанстың байланысын және логикалық каналды жалғауды қамтамасыз етеді.

 

C:\Users\tima1\Desktop\92226b0ed77a.jpg

СуретЗ. Көпдеңгейлі желідегі процестердің өзара әсері

 

Ақпаратты есептеу жүйесінің транспорттық қызметі.Ақпаратты есептеу жүйесінің көмегімен негізгі және терминалды есептеу машиналары арасында өзара әсерлесупроцесі қамтамасыз етіледі.

Желі компьютер арасында байланысты ұйымдастырып, пакеттерді жеткізу қызметін атқарады.   Желіде   функциялар   мен   протоколдар  жүйе қызметі   жеткіліксіз   болған жағдайда   транспорттық   қызмет колданылады. Транспорттық қызмет дегеніміз –транспорттық модульден тұрады, ол мәліметтердің берілу жүйесімен компьютерді өзара байланыстырады.

Транспорттық модуль болса, функцияларды деңгей арқылы таратып, мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. Өзара әсері бар процестер арқылы берілетін деректер формасынпроцедуралардытранспорттықкызметарқылытаратудытранспорттықпротоколанықтайдынемесеоны деректердіңберілуінің протоколы деп атайды.

Транспорттык желі құрамына транспорттық қызмет пен деректер берілуінің жүйесі кіреді, желіге жалғанған, қосылған барлық өзара әсері бар процестердің компьютерлердің жүмысын қамтамасыз етеді. Сондай- ақ транспорттықинтерфейс үғымы бар, ол дегеніміз процестердің өзара әсерлесу ережесі. Транспорттық интерфейс процестер мен порттарды адрестеу жүйесін жолын желіде орнатады. Ол процестер арасында жүретін мәліметтердің формасын қадағалайды.

Транспорттық интерфейс транспорттық протоколмен анықталады, соған сәйкес транспорттық модульдер құрастырылады және есептеу желісінде өзара әсері бар процестер құрылады.

Интерфейстер.Деректер берілуін басқару функциясын жасау үшін техникалық және бағдарламалық жабдықтар қолданылады. Ереже бойынша 1 және 2 - ші деңгейде негізінде техникалық жабдықтар, 1 -ші деңгейде электронды схемалар, ал 2 -ші деңгейде бағдарламаны бақылаушы 3 және 6 -шы деңгейде бағдарламалық жабдықтар, яғни терминалды және негізгі компьютерді желілік бағдарламамен қамтамасыз ету қолданылады.Бір жүйедегі деңгейлер арасындағы өзара әсер интерфейс көмегімен орындалады. Интерфейс деректер архитектурасын және деңгей арасында деректер алмасқан әдіс (алгоритмін) жасайды. 1-ші және 2-ші басқарушы деңгейлер өзара 3 –ші схемалықинтерфейс көмегімен байланысады, бұл интерфейсі деп аталады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әсерін реттеу, бағдарламалық жабдық көмегімен орындалады. Бұл дегеніміз яғни процедуралар жиынтығы бағдарламалық интерфейс деп аталады.Мұндай процедуралар бағдарламалық көрші деңгей және функциясын басқару деңгейімен қамтамасыз етеді.

Протоколдар.Желінің бейімділігі мен қарапайымдылығы бір деңгейдегі процестер арасындағы деректерді хабарлауды алмастыру есебінен тұрады. Бұл қолданбалы процесс тек қана қолданбалы процеспен өзара әсерлесе алады дегенді білдіреді, ал 1 және 2 деңгейдегі хабарлаудың берілуін басқару процесі бірдей деңгей процесімен әсерлесе алады. Бұл схема процестердің өзара әсерлесуі, яғни хабарлау процедураларын жаңарту, желі деңгейінің логикалық тәуелсіздігінің қажеттігін білдіреді.

Транспорттық интерфейстің процедуралары. Процедураның құрамы транспорттық протоколмен анықталады, ол транспорттық интерфейсті қамтамасыз ету үшін жасалған. Өзара әсері бар процестер мен процедураны салыстыратын болсақ, екеуінің де жұмысы бірдей, яғни хабарлауды жіберу, қабылдау, желіде жалғастыру кызметін атқарады. Процедуралар жүейедегі транспорттық модуль арқылы желіде таратылады. Процедураның орындалуын команда ретінде қарастыруға болады, ол транспорттық желіде транспорттық қызмет арқылы жүзеге асады.

Ақпаратты есептеу жүйесінде транспорттық модульдер хабарлауды формаға келтіретін деректердің берілу жүйесіне жіберуге дайындайды. Нәтижесінде желінің транспорттық қызметі транспорттық интерфейс процедураларын таратады.

Ақпараттты есептеу жүйесін ұйымдастырудағы қойылатын талаптаркелесідей:

1) Ашықтылық -әсерлесу компоненттердің бағдарламалық және техникалық жабдықтарын өзгеріссіз байланыс линиясында, терминалдарды, басты немесе негізгі компьютерде қосымша пайдалану мүмкіндігі.

2) Бейімділік - компьютер істен шығуының нәтижесінде кұрылысының өзгергендегі жұмысқа жарамдылығын сақтау.

3) Тиімділік - минимальді шығын кезінде пайдаланушыны сапалы көмек беруді қамтамасыз ету.

Транспорттық протокол.Транспорттық протокол функциясының негізгі жүмысы, деректер берілу жүйесі істен шыққан кезде оны тұрақты режимге келтіру болып табылады.

 C:\Users\tima1\Desktop\ebf86d5de68c.jpg

Сурет4. Транспорттық желі

 

Мұндағы А...F –негізгі терминалды ЭЕМ,ТМ-транспорттық модуль, БТ -байланыс түйіндері, ДБЖ-деректер берілуінің жүйесі.

Ережеге сәйкес деректерді бірнеше есептеу машинасында параллель өңдеуге болады. Сол себепті күрделі ақпараттық құрылымпайда болды. Пайдаланушылар арасындағы ақпараттық байланыс күрделі жүйенімодельдеу (жаңарту) есептерін шешуге мүмкіндік беруі және де желілік деректерді сақтау мен өңдеу -сапалы түрде жаңаша өңдеуді ұйымдастырады. Егер де пайдаланушылар саны көбейген жағдайда есепті шешудегі жылдамдықтөмендеп қиындық көбейеді.

Ақпаратты есептеу жүйесінің сипаттамасы.Ақпаратты есептеу жүйесінің негізгі сипаттамасына операциялық мүмкіндіктер, хабарлауды жеткізу уақыты, деректердің өңделуінің құндылығы жатады.

Желінің операциялық мүмкіндіктері дегеніміз - ол деректерді сақтау мен өңдеудегі негізгі әрекеттер.

Ережеге сәйкес желі құрамына кіретін негізгі немесе басты компьютерлер келесідей кызметтер көрсете алады:

1)    Файлдардыжелікомпьютерлерарасындатасымалдау (деректер).

2)    Компьютердегісақталғаннемесежойылған, өңделгенфайлдар,
деректербазасы, қолданбалыбағдарламапакеттерінеқайтажұмысістеу.

3)    Терминалды, яғнипайдаланушыларарасындаөзаратекстікхабарлама.

4)    Бірнешекомпьютергедеректербазасыненгізу, орналастыру.

5)    Бастыкомпьютердепакеттернемеседиалогтырежимдетапсырма
орындау, енгізу, жою.

6)    Ресурстар мен деректердіқорғау.

7)    Бағдарламалықресурстаржәнеақпараттартуралыанықтама беру.

8)    Бірнешекомпьютердеесептерді параллель орындау.

 Осылайша ақпаратты есептеу жүйесін ұйымдастыру логикасын көбінесе протокол көмегімен жасайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.      Якубайтис Э.А. Информационные сети и системы. Справочная книга. –М.: Финансы и статистика, 1996.

2.      Компьютерныесистемыисети.Под редакции В.П.Косарев и Л.И.Еремина. Москва: финансы и статистика. 1999 г.

3.      Башлы П. Н. Современные сетевые технологии: учебное пособие, - М.,2006. 

4.      Дженнингс Ф. Практическая передача данных: модемы, сети и протоколы
Москва : Мир. 1989 г.

5.      Қазақ тiлi терминдерiнің салалық ғылыми түсiндiрме сөздiгi: Информатика және компьютерлiк техника, Алматы "Мектеп", Жалпы редакциясын басқарған А.І. Құсайынов, 2002.