Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы,
№25 ЖОББМ
бастауыш сынып мұғалімі
Доскалиева Айслу Амантаевна
Бастауышта
оқыту әрекетін жетілдіру жолы орта мерзімді жоспарлаудың
тиімділігі
ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның
ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру –
қазіргі өзекті мәселердің бірі. Сондықтан да осы
салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Осындай игі
істердің бірі – Қазақстан
Республикасының педагог
қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі)
деңгей бағдарламасын зерделеу. Бұл бағдарламада оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырады, оқуға қабілетін
жақсартады. Білім беру негізін түсіну, ойлануға
жүйелі білім беру, өзінің шығармашылық
жұмысын жетілдіріп отыру, кеңістіктік ойлау қабілетінің
болуы, ақпараттық – коммуникациялық технологияны дұрыс
меңгеру қажет. Орта білім
беру жүйесінде әлемдік жоғары
деңгейге қол жеткізген
анағұрлым
танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық
оқытуға негізделген тәсіл. Сондықтан
оқыту мен оқудың қазіргі
заманғы
әдістері мен мұғалімнің күнделікті тәжірибесі
және кәсіби мән – мәтінмен өзара
байланыста қарастырылады.
Сындарлы теориялық оқытуға негізделген
оқыту тәсілінің дәстүрлі оқытудан
ерекшелігі – тізбектелген сабақтар топтамасына орта мерзімді жоспар
құру.
Орта мерзімді жоспарлаудың
басты мақсаттары:
• Жұмыс кезеңдерінің
дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
• Сыныпта сабақ беру практикасына
жеті модульді ықпалдастыру;
• Оқытудың әрбір
кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің
болуын қамтамасыз ету;
• Барлық оқушыларды
қамту үшін асқан ептілікпен болуы қажет (МАН, 91 -
бет).
Орта мерзімді
жоспарлауды жасағанда әрбір сабақ мақсаты мен
күтілетін нәтиже арасындағы байланыс болуын ескеру. Жоспарда
Бағдарламаның 7 модуль идеяларын өзара ықпалдасуын
жүзеге асыру. Яғни оқушылардың әрбір іс -
әрекеттері мен бірлескен жұмыстарын жоспарлап, жас және жеке ерекшеліктеріне
сай әдістер мен формативті бағалау түрлері мен стратегияларын
енгізуді мақсат еттім.
Орта мерзімді
жоспарлауды дайындағанда тапсырмалар барлық оқушылардың
қажеттіліктерін қамтитындай болуы маңызды.
Тізбектелген
сабақтар топтамасын немесе ОМЖ кім үшін жасалып жатқанын,
оқушыларға нені үйрету керек екенін және оқытудың
әдіс - тәсілдері мен қандай түрлерін пайдалану
қажет екенін ескердім. Сол кезде ғана орта мерзімді жоспарлауда
Бағдарламаның жеті модуль идеяларының қаншалықты
ықпалдасқаны, мақсаттары айқын болғаны сабақтың мазмұнын
жүйелі құруға көмегі тиетіні сөзсіз.
Нәтижесінде:
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың
қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде
еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін,
ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі
дамыған, сандық технологияларда құзырлылық
танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын
жеті модульге сараланған.
1-модуль. Оқыту
мен оқудағы жаңа
әдіс – тәсілдері
оқу
бағдарламасының
басты мақсаты деп
білемін. Сыныпты топқа
бөліп оқыту, ережеге,
уақытқа
бағыну, постер қорғату. Біз
жаңа әдістер ретінде
«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу
керектігін үйренуді» ғана
қарастырамыз, себебі олар
әлеуметтік – сындарлылық
көзқарасымен
тығыз байланысты. Диалог
негізінде оқыту мен
оқу оқушылардың өзара
сұхбаттасуы
және мұғалім мен
оқушы
арасындағы
диалогтің шәкірттердің өзіндік ой – пікірін
жүйелеуі мен дамытуына
көмектесетін амал екенін
меңзейді. Мысалы; жүгірмелі ойын, бинго, өкіл
әдісі, Джиксо, «көршіңе әңгімелеп бер»,
«ыстық картоп», «айналмалы бекет» т.б.
2-модуль. Сыни тұрғыдан ойлау
модулі. Бұл жаңаша әдіс – тәсіл
арқылы
оқушының өз ойын
суреттеу арқылы ойлау
қабілеті, сөйлеу мәдениеті дамиды. «Сыни
тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты
қағидаларының бірі шәкірттердің әр
сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы.
3-модуль.
Оқыту үшін және
оқытуды бағалау. Бұл әр
сабақтың
соңындағы
оқушылардың
білімдерін тиянақтау жиынтығы.
4-модуль.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5- модуль. Талантты және дарынды балаларды
анықтау. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты
мен қабілетін ашып,
оларды оқыту барысында
дамыту өте маңызды.
6- модуль. Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
7-модуль. Оқытуды басқару және
көшбасшылық. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі
тұлға - мұғалім.
Бастауыш сынып
әр баланың білімін қалаушы болып келеді. Ол, ең бірінші,
оқушының ынтасына және ұстазының
кәсіби шеберлігіне байланысты деп ойлаймын. Ұстаздар еңбегіне
жаңа леп беріп, серпіліс енгізіп отырған
Оқытудағы жаңа тәсілдерінің теориялық
негіздері уақыт талабына сай қажеттілік екеніне көзіміз
жетті.
3 сынып.Дүниетану пәні бойынша күтілетін
нәтиже:туған жерінің табиғатына деген
сүйіспеншілігін қалыптасты;оқушыға қоршаған
ортаның әр алуандығын, тұтастығын,
құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге
мүмкіндік берілді және т.б
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне
деген сенімін арттыру,
өзін
тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін
тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда
өмірде өз жолын
таба алады.
Зерттеу
нәтижесінде Бағдарламаның
оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдерінің тиімділігі :
1.Бір -
бірінің пікірін тыңдайды,
ынтымақты қарым -қатынастың негізі
қаланады.
2.Өзін жеке
дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, бір – біріне
құрметпен қарауға ұмтылады.
3.Өз ойын
ашық, еркін айтуға , пікір алмасуға, бірін – бірі
бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырады .
4.Достарының
ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып ,
қиындықты шешуге көмектеседі .
5.Белсенді
шығармашылықты ойлауға негіз қаланады .
Сонымен қорыта
айтқанда, орта мерзімді жоспарлауда негізгі мақсаттары нақты
жүйелі болған кезде, нәтижесі жемісті болады.
Сындарлы оқыту
нәтижесінде
мұғалім мен оқушыда мынадай
жетістіктерді
байқауға болады:
ü Жұмысына қызығушылық танытады; жоғары
нәтижеге жетуге ұмтылады;
ü Озық ойлы оқушы қалыптастырады; шығармашылық
бағытта жұмыс жасайды;
ü Жеке қабілеттерін айқындап отырады; әр
оқушының ізденімпаздық қабілеті дамиды;
ü Жұпта, топта бірлесіп жұмыс істей алады;
ü Бір – бірінің сөзін тыңдап , құрметтеуге
үйренеді; оқушының жеке қабілеті айқындалады;
еркін қиялдайды, сергиді.
|
Алдағы уақытта, мүмкіндігімізше,
бұл жаңа зерттеушілік жұмысты өзіміз үшін
әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп,
тәжірибемізге енгізуді алдымызға мақсат етіп қойдым.
Білім мен ғылым жолында жаңа көзқараспен үлкен
жобаны іске асырып отырған елімізде білім ұяларындағы
кездесетін кейбір қиыншылықтардың жолын табар деген
үмітпен ертеңгі күнге қараймыз. Еңбек
сіңіріп меңгерген оқытудағы жаңа
әдіс-тәсілдерімізді
толықтай пайдалану үшін мектептерімізде жаңа заман
талабына сай АКТ құралдары жеткілікті болып, ғаламтор
желісіне қосылу мүмкіндігі барлық оқу кабинеттерінде
қол жетімді болса, талай арман мен мақсаттың орындалуына
сенеміз. Сондықтан да Абайдың «Ұстаздық еткен
жалықпас, үйретуден балаға» деген нақыл
сөзін өзіміздің ұстанымыз етіп жас
ұрпақты тәрбиелеуде ерінбей, талмай жұмыс
жасайық! |