Ищанова Рабиға Мұзаппарқызы,

М.Өтемісұлы атындағы облыстық

сауықтыру мектеп-интернатының

математика пәнінің мұғалімі

Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын қолдану тәжірибесі қазіргі мекктептердегі қарама-қайшылықтарды шешуге көмектеседі.

Оқу мәтіндерімен жұмысты түрлендіруде мүмкіндік беретін стратегияларды іс жүзінде қолданамын, оқуға деген қызығушылықты тудыратын әрі түсінікті, әрі қолдануға жеңіл тәсілдерді қолданамын. Бұл технология әр оқушының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сол арқылы оқытудың тиімділігі артады.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын қолдану арқылы оқу-танымдық әрекет кезінде оқушының субъектіге айналуы үшін қазіргі өмірге сай баланың ойлау қабілетін дамыту, ақпараттарға сыни тұрғыдан қарай білу, өз өз бетімен шешім қабылдап, қорытынды шығару үшін жағдай жасаймын.

1.      «Білеміз», «Білгіміз келеді», «Жаңа нәрсені білдік» стратегиясы.

Білемін

Білгіміз келеді

Білдік

1

2

3

1

2

3

1

2

3

Тағы білгіміз келеді

1

2

«Білдім» бағанасын толтырғанда оқушылар өз білімдерінің тізімін құрады. «Білгіміз келеді» бағанасын толтырғанда оқушылар өздерінің танымдық сұраныстарын көрсетеді, сол арқылы олардың қызығушылықтары оянады. «Білгіміз келеді» бағанасын толтыра отырып, оқушылар өз  бетімен оқылатын тақырыптың бағыттары мен негізгі ұғымдарын анықтайды. Дәрісті тыңдап, мәтінді оқып, оқушылар тақырыпқа байланысты ақпаратты іріктеп алады. Бұл дәрісті тыңдау кезінде және мәтінді оқығанда олардың белсенділіктерін арттырады.

Дәрісті тыңдай отырып, оқушылар «Білемін» бағанасына жазған білім тізбесіне түзетулер енгізе алады. «Жаңа нәрсені білдік» бағанасына олар өздері үшін жаңа алынған білім деп есептелетін ақпаратты жазады. «Тағы білгім келеді» бағанасына өзіндік зерттеу жұмыстарына арналған бағыттарды жазады.

Сабақтың тақырыбы : «Қарапайым бөлшектерді қосу және алу»

Білемін

Білгіміз келеді

Білдік

Ауданды өлшеу бірліктері:

мм2, см2, дм2, м2, км2

S?= a+a

S2= a+b

Үшбұрыштың ауданын, параллелограмның, трапецияның, ромбтың ауданын  есептеуге арналған формулалар

Ауданның анықтамасы

Ауданның қасиеттері S=a+ b

Формуласының дәлелдеуі

S параллелограм =a+ h

Білу керек:

S трапеция

S ромб

Формулаларды түрлі жағдайларда қолдануға жаттығу

2. «Ақпаратты кластерде ұсыну» тәсілі. Сабақта суреттерді қолдану сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі, біз өзімізді және не оқитынымызды жақсы түсінетін боламыз. Кластер – ортасына тақырыпқа немесе  идеяға қатысты тірек сөз немесе сурет салынған, ал жан-жағынан тақырыпқа қатысты сөздер немесе суреттер тараған суретті форма.

3.«Инсерт» тәсілі.  «Инсерт» тәсілі – мәтінді оқу кезіндегі белгі қою әдісі. Бұл тәсіл «Жүзеге асыру» кезеңінде қолданылады.(мәтінмен жұмыс). Ынтамен оқуға қызығушылығын арттыру үшін қолданылады. Оқу қызықты саяхатқа айналады.

1.Жекелей оқу. Оқи отырып, оқушы мәтінге белгілер қояды.

Y-бұрын білдім,

+ - жаңа нәрсе,

-басқаша ойладым,

?-түсінбедім, сұрақтарым бар.

2.      Екінші рет оқи отырып, материалды жүйелейді, кесте толтырады.

(Y)бұрын білдім

(+)жаңа білдім

(-)басқаша ойлаймын

(?)сұрақ бар

Жазбалар қысқаша тірек сөздері, фразалар түрінде болады. Кестені толтырған кезде, оқушыларда шағын мәтін пайда болады. Оқушылар кестені толтырғаннан кейін, мұғалім әңгіме түрінде жұмыс нәтижелеріне қорытынды жасайды. Бұл жерде мұғалім оқушыларға қиындық тудырған сұрақтар бойынша түсіндіріп кете алады. Тақтадағы ИНСЕРТ кестесін көрсете отырып, қиын сұрақтарға жауап береді. Белсенді оқу, жаңа ақпаратты жүйелеу, жіктеу, жаңалықты ажырата білу дағдыларын дамытуға көмектеседі. «ИНСЕРТ» стратегиясы жаңа материалды түсіндіру кезінде оқушылардың бұл саладан біраз білімі бар, бірақ оны кеңейту, нақтылау қажет болған жағдайда қолданылады.

Геометрия. Сабақ тақырыбы: «Көпбұрыштар». Оқушылар оқиды, оқулықта керек жерлерін қарындашпен белгілейді, дәптерлеріне керек жерлерін қарындашпен белгілейді, дәптерлеріне кесте толтырады. Жеке жұмыстан кейін талқылау үрдісі жүреді, оқушылардың нұсқалары тақтада көрсетіледі.

(Y)бұрын білдім

Көпбұрыш

Көпбұрыштың төбесікөпбұрыштың диагоналы. Көпбұрыштың бұрышы, қарама-қарсы жақтары, төртбұрыштың төбесі

(+)жаңа білдім

Көпбұрыштың ішкі және сыртқы ауданы(облысы)

Шығыңқы?

Көпбұрыш (n-2)*180

(-)басқаша ойлаймын

Көпбұрыштың анықтамасы

(?)сұрақ бар

Формуланы қайдан шығарғанымызды түсінбедім

4. «Синквейн құрастыру» тәсілі.

Өз сезіміңді, ойыңды, көңіл-күйіңді қағазға түсіру өте қиын. Ішкі қобалжуын жеткізу үшін адам әркез өлеңге сүйенген.  Америкалық педагогтардың, психологтардың пікірінше, поэзия – рефлексияның ең тиімді формасы. Кез келген адам өлең жаза алмайды. Алгоритмді қатаң сақтай отырып, жазылатын өлең формасын пайдалануды ұсынамыз, бұл артық қиындық туғызбайды. «Синквейн» сөзі – француз сөзі, «5 жол» дегенді білдіреді. Бұл тәсілді көбінесе рефлексия үшін қолданады. Синквейннің мұғалім үшін оқушылардың тақырып бойынша маңызды ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру кезінде көмегі зор. Синквейнді жеке, топпен бірге, жұп болып, үй тапсырмасы кезінде де жазуға болады.

            Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау-өте күрделі құбылыс. Оны қолдану барысында оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші, ойлану дәрежесіне дейін көтеріледі.

            Қорыта келе айтарым, сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы қазіргі кезде білімді, дербес ойлай алатын, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде ерекше орын алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Развитие критического мышления. – Школьные технологии, №2, 2004

2.      Селевко Г.В. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998.