Филологические науки
Кабанова Анар Бухарбековна (преподаватель Карагандинского государственного технического университета),
Казахстан
Мақалада қазақ және орыс
тілдеріндегі зат есімнің кейбір сөзжасам жүйесі
қарастырылады. Екі тілдегі зат есімнің жасалу жолдары мен
тәсілдері сөз болады. Мақала авторы салғастырылып отырған
тілдердегі зат есімнің жасалу жолдары мен жасалу тәсілдерінің
айырмашылығын нақты мысалдар арқылы көрсетеді.
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ЗАТ ЕСІМНІҢ СӨЗЖАСАМ
ЖҮЙЕСІ
Қазақ тілінде зат есімдер
лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге
байырғы зат есімдер, кірме зат
есімдер, субстантивтенген зат есімдер жатады. Синтаксистік тәсіл
арқылы жасалған зат есімдерге екі не одан да көп
түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруы арқылы және
лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге
басқа сөз таптарына жұрнақтар жалғану
арқылы жасалған туынды зат есімдер жаталы.
Қазақ тілінде зат есім зат есімнен,
сондай-ақ өзге сөз
таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы жасалады. Зат есім жасайтын
өнімді
жұрнақтар төмендегідей: 1. Кәсіп иелерінің,
мамандықтардың атауларын, адамның белгілі бір
дағдыға айналған іс-әрекеті мен
қабілет-қасиеттерінің аттарын білдіретін зат есімдер -шы,
-ші жұрнағы
арқылы жасалады: тарихшы, әнші, жұмысшы, күйші. 2.
-Шылық-шілік
жұрнағы: адамшылық, тіршілік т.б. Кейде -шылық, -шілік жұрнағы
жеке-жеке бөліне алатын дара жұрнақтар ретінде жұмсалады:
-шы-лық, -ші-лік: егін-ші-лік, бас-шы-лық т.б. 3. Абстракт
ұғымды атау сөздер, деректі зат есімдер, мекендік, мезгілдік,
сандық, мөлшерлік мағыналарды білдіретін зат есімдер -лық,
-лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары
арқылы жасалады: туысқандық, өсімдік,
жүздік т.б. 4. –ыл, -іл, -л жұрнағы арқылы: қаңқыл,
гүріл т. б. 5. –ғар, -гер, -қар, -кер жұрнағы
арқылы: айлакер, саудагер т.б.
Есімдерден зат есім жасайтын өнімсіз жұрнақтарға
мыналар жатады: 1. -дақ, -дек, -лақ, -лек, -тақ,
-тек: тоқылдақ, шіңкілдек т. б. 2. -кеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -стан жұрнақтары:
өнерпаз, жемқор, арбакеш,
шайхана, Тәжікстан т. б. 3.
-т, -ат, -іт, -айт, -ейт, -паң, -қал жұрнақтары:
қырат, шатқал, шөлейт т.б. [1, 56].
Төмендегідей өнімді жұрнақтар арқылы етістіктерден
зат есімдер жасалады:
1. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағы арқылы: аударма, тапсырма, көмбе, үйме, көрме т. б.
2. -м,-ым,-ім жұрнағы
арқылы: білім, бие сауым т.б.
3. -қы, -кі, -ғы, -гі жүрнағы арқылы: сүзгі,
шапқы, т.б. 4. -ыс, -іс, -с жұрнағы арқылы: ұрыс,
айтыс, бекініс, т.б. 5. -у
қосымшасы арқылы: байқау, ауру т.б. 6. -қ, -к, -ық, -ік,
-ақ, -ек қосымшалары арқылы: тарақ,
бұйрық, т.б.
7. -ынды -інді –нды, -нді қосымшалары -ын және -ды
қосышаларынан құралған құранды
жұрнақ: жуынды, ерітінді т.б. 8. -ғыш, -гіш,
-қыш, -кіш (-қаш,
-кеш, -ғаш, -геш) жұрнақтары арқылы: сыпырғыш,
басқыш т. б. 9. -ыш, -іш, -ш жұрнақтары арқылы: өкініш,
жұбаныш т. б. 10. -уыш, -уіш жұрнақтары
арқылы: туйреуіш, баяндауыш т. б.
Етістіктерден мына өнімсіз жұрнақтар
арқылы да зат есімдер жасалады: -мақ, -мек,
-бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы арқылы: піспек,
қыспақ т.б.; -сын, -сін жұрнағы арқылы: бөгесін,
бұрқасын т. б.; -мыс, -міс, -мыш, -міш: қылмыс, жазмыш
т.б.; -мал-мел жұрнағы: үйемел, орамал т.б.; -ман, -мен,
-бан, -бен: аларман, шабарман т.б.; -р, -ыр, -ір, -ар, -ер:
үңгір, шұңқыр, көмір т.б.; -ыт, -іт, -т: бөгет, шабыт т.б.;
-уыл -уіл формасы: -у және -ыл қосымшаларынан
құралған: қарауыл, шабуыл т. б.; -қын, -кін, -ғын, -гін:
тасқын, шалғын т. б.; -асы -сі: шығасы, бересі т.
б.; -ын, -ін, -н: серпін, жиын, қорған т. б.; -шақ -шек: бөлшек,
мақтаншақ т. б.; -ашақ, -ешек: алашақ, берешек т. б.; -пақыл,
-пекіл, мақыл, -мекіл, -уыр, -уір, -а, -е: шымшыуыр, сүңгуір, жара, күйе т. б. [2,
83-93].
Қазақ тілінде жаңа сөз тудырмай, сөздерге
әр қилы эмоциялық әсер, экспрессивтік рең
үстейтін, қосымша семантикалық мағыналар жамайтын төмендегідей жұрнақтар бар: -еке,
-ке: апеке, шешеке т.б.; -й: апай, әкей т.б.; -тай: ағатай, қалқатай т.б.;
-жан: көкежан, атажан т.б.; -қан: балақан, ботақан т.б.; -шақ, -шек: інішек,
құлыншақ, т.б.;
-шық,- шік: төбешік,
қалашық т.б.; -ша,
-ше: кітапша, өгізше т.б.; -ш: Сәулеш, Төлеш т.б; -сымақ:
ақынсымақ, күйеусымақ т.б.
Орыс тілінде зат есім көбінесе
жұрнақ арқылы жасалады. Орыс тілінде сөзжасам
жүйесі тек категориясы, септік категориясы,
жекеше, көпше формалар сияқты грамматикалық категориялармен
тығыз байланысты. Мысалы, спутник -ник жұрнағы ер
тегі (м.р.), жекеше форма, атау септіктің (именительный падеж)
көрсеткіші, ал спутница – әйел тегі (ж.р.), жекеше
формадағы, атау септіктегі (именительный падеж) -ница жұрнағы
арқылы жасалған. Осыған байланысты орыс тілінде зат есімдер ер
адамдар мен әйел адамдардың атауын білдіретін болып екі топқа бөлініп, әрқайсысының
жасалу жолы төмендегідей топтастырылады:
І. 1. Кәсіп иелері мен мамандық атауларын, жалпы адамға
байланысты атауларды білдіретін зат есімдер былайша жасалады: -щик, -щица,
-чик, -чица, -ник, -ница, -ичка, -ец,
-к, -телъ, - ница, -ист, -ка жұрнақтары арқылы. Мысалы: летчик
– летчица, комсомолец – комсомолка, учителъ – учительница,
связист, идеалист – идеалистка т.б. 2. Мекенжайға байланысты
адам атауларын білдіретін зат есімдер -ец,
-ка жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: алмаатинец – алмаатинка
т.б. 3. -тор -атор, -ор, -ер кірме жұрнақтары
арқылы. Мысалы: диктатор, прокурор. Бұл жұрнақтар
арқылы жасалған зат есімдер ер тегінде (мужской род)
қолданыла береді, бірақ кондуктор+ша, лифтер+ша деген зат
есімдерді есте сақтаған жөн. 4. -ик, -к кірме
жұрнағы арқылы. Мысалы: техник, физик, академик, кейбіреулері
ғана әйел тегінде (женский
род) қолданылады. Мысалы: химичка, техничка т.б. 5. -ак, -як, -анин, -янин,
-чанин, -ин, -ач, -арь, -енок, -чонок, -ыш, - еныш, -ич, -ович өнімсіз жұрнақтары
арқылы. Мысалы: парижанин,бедняк т.б. Әйел тегіндегі (женский род) зат есім -ка жұрнағы
арқылы жасалады. Мысалы: москвичка, беднячка т.б. 6. -ач, -яч, -ак, -як жұрнақтары
арқылы: ткач, рыбак т.б. Әйел тегінде (женский род) -ка,
-иха жұрнақтары қосылады. Мысалы: прачка, портниха т.б. 7. -енок, -чонок жұрнақтары
арқылы. Мысалы: ребенок, мальчонок т.б. [3, 98].
II. Жан-жануарлар атауларын білдіретін зат есімдер жасайтын
жұрнақтар: 1. -ица, -иха. Мысалы: курица, медведица,
зайчиха. 2. -ок, -ек, -ик, -чик, -ак, -як,
-ец. Мысалы:
хорек, гусак, хомяк т.б. Бұл жұрнақтар арқылы
жасалған зат есімдердің әйел тегінде (женский род) -ыня формасы көбінесе кездеспейді,
бірақ гусыня деген зат есім формасын есте сақтаған
жон. Кейбір әйел тегі (женский род) формасындағы зат есімдер -ка
жұрнағы арқылы жасалады: белка, чернобурка, курсантка т.б.
3. -онок, -чонок; -ыш: зайчонок,
верблюжонок, гаденыш т.б. 4. -юк, -арь, -ух: индюк, глухаръ, петух т.б. 5. -ко, -ка, -енка, -анка, -янка. Мысалы: буренка, гнедко т.б.
III. Заттың атауын білдіретін
сөздер төмендегідей
жұрнақтар арқылы жасалады. 1. -ник, -лъник, -щик, -чик, -тель, -лка, -ло, -тор, -атор: будильник,
передатчик, двигатель, веялка, косилка, ингалятор т.б. 2. -ик, -ник, -овик, -ница: грузовик,
салатница, чайник т.б. 3. -ня,
-лъня, -ка, -(н)ица, -ник: читалъня, красилъня, темница, телятник
т.б. 4. -ок, -ек, -ие, -ъе:
переулок, перешеек, взморъе, подножие т.б. 5. -ина: долина,
перекладина т.б. 6. -ище,
-лище, -бище, -ъе, -ие: сборище, пастбище, кочевъе т.б. 7. -ов (ник), -ина, -ика, -ица: шиповник, клубника,
смородина т.б. 8. -ина,
-атина, -ятина – ет атауларын
білдіретін зат есімдер: баранина, телятина, конина, баранина,
говядина т.б. 9. Іс-қимылдың аяқталуы нәтижесінде
пайда болған зат атаулары -ок жұрнағы арқылы
жасалады. Мысалы: огрызок, остаток т.б. 10. Іс-қимыл атауын
білдіретін ырықсыз есімшеден (страдательное причастие) жасалған зат
есімдер -ка жұрнағы аркылы
жасалады. Мысалы: клеенка, стеганка т.б. 11. Топталған, ұсақталған зат атауларын
білдіретін сөздерден жасалған зат есімдер -ина жұрнағы
арқылы жасалады. Мысалы: горошина, льдина т.б. 12. Заттың
шығу тегін, сапасын білдіретін зат есімдер -ник, -анка жұрнақтары
арқылы жасалады. Мысалы: сырник, овсянка т.б. 13. Ғылыми
терминдер -ит кірме жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: бронхит,
метеорит т.б. 14. Сан атауларын білдіретін зат есімдер -ка жұрнағы
арқылы жасалады. Мысалы: двойка, двадцатка т.б.
IV. Дерексіз зат есімдер жасайтын
жұрнақтар төмендегідей: -ние, -нье, -ание, -ение, -ование,
-анье: хождение, просвещение, умничанье т.б.; -ка,
-ба: варка, рубка, резьба т.б.;
-овка: грунтовка, фасовка т.б.; -тие (чье, -тьё): мытъе, открытие т.б.;
-еж, -ёжка: грабеж, дележка т.б.; -ня, -от, -ет, -отня: брехня, шепот, трескотня, лепет т.б.; -тельство:
свидетельство, доказателъство т.б.;
-ация, -яция, -фикация: акклиматизация, электрификация т.б.; -ость, -естъ, -емость: старостъ, смелость,
сплоченностъ т.б.; -ство:
упрямство, детство т.б.; -ие, -ье: веселье, остроумие т.б.; без-,
не- сөз алды қосымшасы (приставкасы) мен -ица жұрнағы арқылы. Мысалы: безработица, небылица; -ота, -ина: вышина, высота т.б.; -изна (-изна): крутизна,
дороговизна т.б.
V. Рухани, саяси көзқарастар,
әлеуметтік мәртебені білдіретін зат есімдер мен ғылыми
терминдерді білдіретін зат есімдер жасайтын
жұрнақтар: -ство (-ианство, -янство, -чество): кантианство,
гегелъянство, народничество т.б.; -изм: футуризм,
империализм, планеризм т.б.; -щина:
казенщина, Черниговщина т.б.
VI. Топтау
мағынада қолданылатын зат есімдерді жасайтын жұрнақтар: -ство,
-ество: человечество, правителъство т.б.; -ъе, -ня:
бабье, родня т.б.; -ура: профессура,
магистратура т.б.; -ат:
деканат, секретариат т.б.
VII. Зат есімнің реңк мәнін тудыратын
жұрнақтар: -ка, -енка, -енька, -онъка, -очка, -еночка, -оночка,
-ушка, -юшка, -ица, -ичка, -урка:
ножка, реченъка, девонъка, кадоч-ка, матушка, дядюшка, водичка, водица, дочурка
т.б.; -ок, -ек, -ик,
-чик, -ец, -шек, -шок, -ышек, -очек, -ечек, -еночек: глазок, чаек, часик,
малъчик, супец, камек, воробы-шек, ребеночек т.б.; -ко-ко, -ечко-ечко,
-це, -цо, -ышко-ушко: ушко, крылечко, зеркальце, словцо, перышко т.б.; -ёнко, -онка, -ушка, -юшка, -шика, -ашка, -ешка,
ёшка, -ка, -ишко: девчонка, лошадёнка, избушка, картишки, рыбёшка, Ванъка,
голосишко т.б.; -тца, -ища, -ина,
-ице: силища, холодина, носище т.б.
[4, 115-125]. Алайда бұл
жұрнақтар жаңа зат есімдер жасамайтынын, тек реңк
мәнін тудыратынын ескерген жөн. Бұл ойды К.С.Аксаков,
А.А.Шахматов сиякты тіл білімінің белгілі ғалымдары өз
еңбектерінде ерекше атап еткен.
Қазақ
және орыс тілдеріндегі грамматикалық құбылыстарды
салыстыра-салғастыра оқыту – орыс тілді мектептерде
қазақ тілін оқып-үйрену үшін қажет, оларды
қазақша сөйлеуде қолдана білу жолдарын
түсіндіреді.
Тілдерді
салыстыра-салғастыра зерттеу олардың бір-бірімен
ұқсастық, бір-бірінен айырмашылық
заңдылығын анықтауға, тілдің ұлттық
қасиеттерін тереңірек түсінуге, жалпы және жеке аударма
теориясының қалыптасуына зор мүмкіндіктер береді.
Әдебиеттер тізімі:
1 Ысқақов А.
Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991. – 382 б.
2 Исаев
С.М. Қазақ тілі. – Алматы, 1993. – 254 б.
3 Бейсенбаева К. А. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. –Алматы, 1994. – 243 с.
4 Янко-Триницкая Н.А. Русская морфология. – М.: Русский язык, 1982. – 246 с.