Право/4.Трудовое право, и право социального обеспечения

 

Саулебек Н.А., з.ғ.к., аға оқытушы

Халмуратов Н.Р., Ю-13 с/к тобының ст.

 

Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ БАР ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қазақстан өзінің сыртқы саяса­тының басымдығы ретінде әлем­дік қоғамдастықпен интеграцияны анықтады. Әлем елдерінің көпші­лігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық деклара­циясында (2000 ж.) ерлер мен әй­елдердің теңдігін көтермелеу, әй­ел­дердің құқықтары мен мүмкін­діктерін кеңейту үшінші мың­жыл­дықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде айқындалған.

Тәуелсіздік  жылдары ішінде Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында да белгілі бір дәрежеде ілгеріледі. Қазақстан Рес­публикасының Конституциясы мен Қазақстан қосылған халық­аралық актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларына тең жағдайда қатысуы Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің «Қазақстан Республика­сында 2006-2016 жылдарға арнал­ған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының басты мақсаты болып табылады.

Еңбек рыногында әйелдерге сұ­­ра­ныс аздау. Осыған орай, әйел­дер арасындағы жұмыссыздық ерлерге қарағанда жоғары.

Қазіргі кезде, жалдамалы жұ­­мыс­пен қамтылған тұлғалардың ішінде әйелдер жартысынан көбін құрай­ды. Бірақ олардың жалақысы ерлер­дің жалақысының тек 66%-ын құрай­ды. Мұның себебі, әйел­дер әдетте өз­деріне тән денсаулық сақ­тау немесе білім беру салала­рын­да бол­сын, тө­мен төленетін лауазым­дарда жұмыс істеуіне бай­ланысты қалыптасуда.

Ерлер мен әйелдердің гендерлік теңдігіне қол жеткізуге және жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікті жоюға бағытталған тұ­жырымдамаларды, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру мақсатында 2009 жыл­дың 8 желтоқсанында «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» ҚР Заңы қа­былданды. Заңға сәйкес, ананы, ба­ла­ны және әкені, әйел­дерді жүкті­лігіне және босануына, сондай-ақ ерлердің өмір сүру жа­сының ұзақ­тығын ұлғайтуға бай­ланысты қор­ғауға бағытталған шаралар жы­ныс­тық белгісі бойынша кемсітушілік шаралары деп санал­майды.

Халықтың өмір сүруінің сапа­сы мен деңгейін арттыру негізд­е­рінің бірі ана мен баланы лайықты әлеу­меттік қолдау болып табыла­ды. «Халық денсаулығы және ден­сау­лық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, ана болуды қор­ғау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, ұр­пақты болу жасындағы әйелдер­ге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңбе­рінде медициналық тексеріп-қарау, олар­ды динамикалық байқау және сау­ықтыру, сонымен қатар 1 жасқа дейінгі баланы емізетін ана ба­ланы күтіп-бағу үшін медицина­лық ұй­ымда болған барлық ке­зеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Қандай да блмасын, бала мен әйелдердің құқықтарын қорғау, демографияны жалғастыру мемлекетіміздің ұлттық мүддесіне жатады. «Ұлттық мүдделер» ұғымы ұлттық қауіпсіздікті немесе оны іс жүзінде қамтамасыз ету жөніндегі қызметті зерттеу проблемаларына қатысты жалпы, сондай-ақ жеке мәселелерді қарау кезінде өте жиі пайдаланылады. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздіктің көптеген анықтамалары осы ұғымды пайдалану арқылы беріледі. Оның үстіне, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің зерттеушілік және практикалық әралуан аспектілерін жария ету көп ретте «ұлттық мүдделер» ұғымының аясында жүргізіледі.

Әдетте, ұлттық қауіпсіздік үрдісін жасау схемасы әдістемелік жағынан бірнеше (тізбектес) операцияларды жүзеге асыруды көздейді: әуелі ұлттық мүдделер, сонан кейін – осы мүдделерге нақты және әлеуетті қатерлер анықталып, осыдан кейін ғана қатерлерді болдырмау немесе бейтараптандыру, яғни ұлттық қауіпсіздік саясаты қалыптастырылады [1, 149 б]. Сонымен, ұлттық мүдделерді анықтау тек теориялық - әдістемелік маңызға ғана ие емес, сондай-ақ маңызды практикалық роль атқарады.

Осының бәрі «ұлттық мүдде» түсінігі ұлттық қауіпсіздіктің жекелеген және жалпы проблемаларын жасауда, сондай-ақ оны практикалық жағынан қамтамасыз етуде де маңызды болып табылады. Осы жағдаят ұлттық мүдденің мәні мен мазмұнын және олардың өзара қатынасын егжей-тегжей қарауды қажет етеді. Мұның өзектігі осы проблеманы шешу тәсілдері ғылыми әдебиетте де, Қазақстан Республикасының тиісті ресми құжаттарында әр түрлі болуында.

Тұтастай алғанда ұлттық мүдделерді қорғау қажеттілігі, әдетте, іс жүзінде әлемнің барлық мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде жатыр. Осы екі ұғымның мұндай даусыз өзара байланысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларына да өзінше бір «ескертушілік» көзқарасты туындатты. Қауіпсіздіктің мәнін анықтаудағы мұндай көзқарас қазақстандық саяси әдебиетте де басым екендігін атап кеткен жөн. Аталмыш жағдайда барынша еске алынатын анықтама Қазақстан Республикасының 1998 жығы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңында берілген, сондықтан ол негізгі болып табылады. Бұл Заң Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі – елдің ұлттық мүдделерінің нақты және әлеуметті қауіптерден қорғалу жағдайы дегенді айтады [2, 3б.]. Қаралып отырған анықтамада қауіпсіздік ұлттық мүдделерді қорғаумен шендестіріліп, іс жүзінде толығымен сол ұғыммен «түйінделеді». Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, содан өрбитін ел мүдделерін қорғау мақсаттары нақтыланбайды. Заңның кіріспесінде «ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дамуының басты шарты болып табылады деп қана көрсетілген.

Біздің ойымызша ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық мүдденің қатынасы туралы қазақстандық заңнаманың қағидаларының мазмұндық мардымсыздығы кездейсоқ емес. Ол «ұлттық мүдде» және оған байланысты проблемалар түсінігінің жеткіліксіз деңгейде зерттелуінде.

Заң – бұл тұжырымдама немесе стратегия емес екендігін назарға ала отырсақ та, «ұлттық мүдде» түсінігін анықтауда бұл сияқты механикалық тәсілдің негізгі кемшілігі көзге ұрып тұрады.

Халықты гигиеналық оқыту, от­басын, ананы, әкені және бала­ны қорғау тәулік бойы меди­ци­налық бақылауы болмайтын, дә­рі­герге дейінгі немесе білікті меди­циналық көмек деңгейінде және адам, от­басы және қоғам деңге­й­інде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әйел­дің ана болу туралы мәселені өзі ше­шуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақса­тын­да, өзі қала­май­тын жүктіліктен сақтанудың қазір­гі заманғы әдіс­те­рін еркін таң­дауға құқығы бар.

Егер жұмыс күнінің ұзақтылығы сегіз сағыттан асатын болса, жүкті әйелдерге жұмыс уақытының (жұмыс ауысымының) жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді [3, 60 б.].

Әйелдердің және отбасылық мін­деттері бар өзге адамдардың ең­бегін реттеу ерекшеліктері бұрынғы Ең­бек Кодексінің келесі нормаларында 17-тарауымен реттелген:

1) жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-бала­ны) тәрбиелеп отырған жалғыз­бас­ты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отыр­ған өзге де тұлғалармен еңбек шар­тын жұмыс берушінің баста­масы бойынша, ҚР заңнамалық актілерімен көзделген теріс жағ­дайларды қоспағанда, бұзуға жол берілмейді;

2) егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүк­тілігі туралы медициналық қоры­тын­ды ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күті­міне байланысты демалыс аяқтал­ған күнге дейін ұзартуға міндетті.

3) әйелдердің еңбегін ауыр жұ­мыстарда, еңбек жағдайлары зиян­ды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады;

4) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан аса­тын жүкті қолмен көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады;

Заңнамада зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстарда, сондай-ақ ауыр жүктерді қолмен көтерумен және жылжытумен байланысты жұмыстарда әйелдердің және 18 жасқа толмаған жастардың еңбегін қолдануға шектеу салынған. Сонымен қатар, екіқабат әйелдерді жұмыстарда пайдалануға тйым салынған [4, 306 б.].  

Жаңа еңбек кодексінің нормаларына сәйкес, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты қалыпты босану кезінде 126 күнтізбелік күн­ге, ал қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 140 күнтізбелік күнге дейін демалыс беріледі. «Семей ядролық сынақ полиго­нын­дағы яд­ролық сынақтардың салда­рынан зардап шеккен азаматтарды әлеу­меттік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, қалыпты босану жағдай­ын­да 170 күнтізбелік күн және ауыр босанған жағдайда 184 күн­тізбелік күн қарастырылған.

Сонымен қатар, жаңадан қабылданылатын еңбек кодексінің жобасында аяғы ауыр әйел адамдардың жұмыс  орындарының сақталмайтыны нақтылы айтып кеткен. Яғни аяғы ауыр әйел адамдарға орташа айлық көрсеткіштері бар басқа жұмыс орнын беретіні, келіспеген жағдайда жұмыстан шығарылатыны айтылған. Ол дегенімен конституциялық құқыққа қайшы әрекеттер екендігін ұмытпаған жөн.

Жалпы алғанда, бұрынғы еңбек құқығына қарағанда, жаңадан қабылданылатын еңбек кодексі адам және азаматтардың, әсіресе әйел адамдардың еңбек құқықтарын әдеуір шектеп көрсеткен. 

Республикадағы балалы отба­сы­ларды әлеуметтік қолдау ке­зе­гі­мен дамуда. 2006 жылы «Ба­лалы от­­ба­сы­ларға арналған мемлекеттік жәр­­демақылар туралы» ҚР Заңы қол­да­нысқа енгізілді және оған сәй­кес 2006 жылдан бастап бала тууы­на байланысты бiржолғы мем­ле­кеттік жәрдемақы мен отба­сының табы­сына байланыссыз бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтi­мiне байланысты мемлекеттік жәр­демақы, сондай-ақ аз қамтыл­ған отбасылардағы он сегіз жасқа дейiнгі балаларға мемлекеттік жәр­демақылар төлеу қарасты­рылған. Алайда мемлекет берілетін жәрдемақыны инфляциямен салыстырмайды және жәрдемақының сомасы жылдар бойынша сол соммада сақталып қала береді. Нәтижесінде берілетін жәрдемақының сомасы баланы асыруға жетпейді.

Сонымен қатар, жеті жасқа дейінгі баласы бар әйелдерді, жеті жасқа дейінгі баланы анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғаларды, отбасының ауру мүшесін күтуді жүзеге асыратын немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаны, егер үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек балалар немесе обасының ауру мүшелері, медициналық қорытынды нәтижесі бойынша үнемі күтімді қажет ететін болса, оларды қызметтік іс-сапарларға жіберуге, үстеме жұмыстар атқаруға, түнгі жұмыстарға тартуға, вахталық әдіспен атқарылатын жұмыстарға тек өздерінің жазбаша келісімдері арқылы ғана жіберуге болады. мұндай тұлғаларды демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға өздерінің келесімінсіз тартуға болмайды [5, 443 б.]. Алайда мемлекеттік құқық қорғау органдарында көбінесі бқл нормалар сақталмайды және жеті жасқа толмаған балалары бар әйел адамдар іс-сапарға шығумен қатар, түнгі жұмыстар атқарады.  

Сонымен қатар, үш жасқа дейінгі баланы күту бойынша демалыста болған кезең ішінде қызметкерлердің жұмыс орыны сақталады [6, 452 б.].

Жұмыспен қамтылу – азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық акілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі [3, 146 б.].

2008 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап ана мен жаңа туған баланы қорғауға байланысты міндетті әл­еу­меттік сақтандыру енгізілді. Мін­детті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып жұмыс берушілердің және (немесе) өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ет­кен тұлғалардың ай сайынғы әл­еуметтік аударымдар төлеген ең­бек шарттары бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар болып табы­лады. Осыған байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйе­сі­нің қатысушысы болып табылатын еңбек ететін әйел жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ал­ғаннан кейін жұмыс орнында жүк­тілігіне және босануына байла­ныс­ты демалысқа шығып, тұрғы­лықты жерінде орналасқан Зей­нет­ақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне ба­рып Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорынан (МӘСҚ) тағай­ындалатын жүктілігіне және бо­са­нуына, жаңа туған баланы (бала­ларды) асырап алуына байла­ныс­ты табысынан айырылу жағ­да­йына бір реттік әлеуметтік төлем алуға құжаттарын өткізе алады.

Ана мен баланы әлеуметтік қор­ғау еңбек ететін әйелдермен қа­тар еңбек етпейтін әйелдерге де көрсетіледі. Бұл орайда, жүктілі­гіне және босануына бай­ла­нысты тағайындалатын әлеу­мет­тік төлем­дерден басқа жәрдем­ақыларға жа­ңа туылған баланың әкесі немесе шешесі құжаттарын өткізе алады.

2005-2010 жылдары Қазақ­стан­да балалардың туылу көрсет­кіш­терінің және МӘСҚ-дан жүктілі­гіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы­на байланысты табысынан айы­ры­лу жағдайына бір реттік әлеумет­тік төлем алушылардың санының өсу қарқыны байқалады.

2011 жылдың 1-ші желтоқ­са­нына дейінгі МӘСҚ-дан төленген әлеуметтік төлемдердің 93%-ы жүк­ті­лігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айы­­рылу жағдайына бір реттік және бала бір жасқа толғанға дей­інгі оның күтіміне байланысты та­бысынан айырылған жағдайға ай сайынғы төленетін әлеуметтік төлемдер болып табылады

Сонымен қатар, егер бұрын декреттік демалыста болған әйел­дер­ге зейнетақы жарналары жүргізіл­месе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі, босануы және ана­лық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байла­нысты әйелдің бала күтімі бой­ынша демалыста болған кезінде әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталынып, алушының жинақтаушы зейнет­ақы қорына жолданады.

Ана мен баланы қолдау халық­тың өмір сүру сапасы мен дең­гей­ін, мәдениетін, білімін, эконо­ми­ка­лық жағдайын нақты баяндайтын көрсеткіш болып табылады. Сон­­­дық­тан жүктілікті, босану мен аналықты міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу ана мен бала өмірі маңызды орын алатын қоғам құруға жетелейді.

Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау мемлекеттік еңбек инспекторларына жүктелген. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін тұлғалар Қазақстан Республика­сының заңдарына сәйкес жауапты болады. Ал ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздік­терді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды. Сондай-ақ, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық бақылау жүзеге асырылады. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор, ал кәсіподақ болмағанда – қызметкерлердің жалпы жина­лысында (конференциясында) сайланады.

Еңбек заңнамасының негізгі қағидалары ретінде:

·                        адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шекте­луіне жол бермеу;

·                        еңбек бостандығы;

·                        кемсі­тушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

·                        қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамта­ма­сыз ету;

·                        өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда, қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

·                        еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақы алу құқығын қамтамасыз ету;

·                        демалу құқығын қамтамасыз ету; қыз­мет­керлер құқықтары мен мүмкіндікте­рінің теңдігі; қызметкерлер мен жұмыс беруші­лердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;

·                        еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәсе­лелерін мемлекеттік реттеу;

·                        әлеуметтік әріп­тестік; қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауға қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету бекітілген.

Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті анықталған. Осыған сәйкес, Үкімет:

·                        еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;

·                        еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың әзірленуін және орындалуын ұйымдасты­рады;

·                        еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастырудың және жүргізудің тәртібін белгілейді;

·                        еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды; шетелдік жұмысшы күшін тартудың тәртібін белгілейді;

·                        әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін, оларды тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды;

·                        екі айдан астам еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекітеді;

·                        орташа жалақыны есеп­теудің бірыңғай тәртібін белгілейді;

·                        акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйақы беру шарттары туралы үлгі ережені бекітеді;

·                        азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшінің бос лауазымына тұруға конкурс өткізу тәртібін;

·                        азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды;

·                        жұмыс берушілердің республи­калық бірлестіктерімен және қызметкер­лердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;

·                        тиісті уәкілетті орган­дардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді және нормативтерді әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді.

Аталмыш кодекске сәйкес еңбек шартын тек жасы он алтыға толған адамдар­мен жасасуға жол беріледі. Кодекспен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері белгіленген. Олар мыналар:

он сегіз жасқа толмаған қыз­мет­керлердің; әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың;

·                        қоса атқара жұмыс істейтін қызметкерлердің;

·                        ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, ерекше зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің;

·                        маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлердің;

·                        вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызмет­керлердің;

·                        жұмыс берушіжеке тұлғаларда жұмыс істейтін үй қызметкерлерінің еңбегін реттеу;

·                        үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеу;

·                        мүгедектердің еңбегін; азаматтық қызметшілердің еңбегін реттеу; шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкер­лерінің;

·                        заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің еңбегін;

·                        мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және мәслихат депутатта­рының, Қазақстан Республикасы судьяла­рының, әскери қызметтегі адамдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында еңбек қатынас­тарында тұрған жалдамалы қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері.

·                        Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестіктің, әлеуметтік, еңбек және осы­лармен байланысты экономикалық қаты­настарды реттеудің тиімді тетігін қалыптас­тыру;

·                        қоғамның барлық топтарының мүдделерін объективті ескеру негізінде әлеу­­мет­тік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

·                        қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;

·                         барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу;

·                        ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;

·                        әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мәселелерін шешуге бағытталған міндеттері анықталған.

Қорыта келгенде, келесідей ұсыныстарды енгізуге болады: Еңбек кодексінің мәні Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) қосылуы кезеңінде арта түседі, өйткені, БСҰ мүшесі ретінде Қазақстан, халықаралық стандарттар мен тәжірибеден туындайтын әртүрлі факторлар мен жағдайлардың әсерінде болады.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.                     Митрохин С.С. «Политика государства и ценности общества» политические исследования. - 1997. - №1. - С. 34.

2.                     Бэттлер А. Национальные интересы, национальная и международная безопасность // Полис. - 2002. - №4. - С.149.

3.                     Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. – Алматы: ЮРИСТ. 2007. – 108б.

4.                     В.Н.Уваров. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы, оқулық. – Алматы: ҚазГЗУ, 2002. – 545 бет.

5.                     Нургалиева Е.Н. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне түсініктеме. – Қарағанды, «Болашақ-Баспа» РББ, 2012. – 878 бет.

6.                     Жанпейісов Д.Ә., Жанпейісов Д.Ә. Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. – 664 бет. **